Пәні: Әдебиеттік оқу
19.02.2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Ш.Смаханұлы
Тәкаппар (мысал)
Сабақтың мақсаты: Мысалды саналы түсіне оқи отырып мәнерлеу.
Автордың негізгі ойын түсіну арқылы өз ойын дәлелдеу. Жақсыдан үйрену, жаманнан
жиренуге тәрбиелеу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру.
Оқушылардың бойында жақсы қасиеттерді дарыту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнекіліктер: Схема, сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық әзірлік .
Жақсылықтан үйреніп ,
Боламыз біз жақсы адам
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Оқушылармен амандасу:
-Бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені біздер бүгінгі сабаққа ата-аналарымызды қонаққа шақырдық. Сабаққа зиін қойып тыңдаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
Есентай Ерботин «Даңғой » мысалын мәнерлеп оқу, суретсалуға берілді.
Лездеме сұрақтар.1) Есентай Ерботин деген кім?
2) Мысал дегеніміз не?
3) Мысалды тұтас оқу
4) Шумақ бойынша оқыту
5) Үйден салған суреттерін ілу, әңгімелеу.
Әр кім өзінің салған суреттерін дәлелдейді.
Мысалдың мазмұнын сұрау.
Даңғой деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?(Мақтаншақ)
Жаңа сабақ.
Біздің бөліміміз қалай аталады?
Адам болам десеңіз.
Адамның бойында қандай жақсы және жаман қасиеттер болады?
Жақсы қасиеттер Жаман қасиеттер
Ақылды Өзімшіл
Талапты Мақтаншақ
Еңбеккор Жалқау
Дарынды Еріншек
Шона Смаханұлы .
Такәппар мысалымен танысамыз.
Авторға түсінік беру.
Ш. Смаханұлы 5.10.1924 жылы туған Жамбыл облысы , Талас ауданы, Ойық совхозында туған. Қазақ ақыны сынақшы. 1956 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай оқып бітірген.
Шығармалары: « Тотияын» сатиралық кітабы 1959 жылы жарық көрді .
«Шимайбек пен Шыңқкетпе » т.б.
Мысалды мұғалімнің оқуы
Сурет бойынша түсіндіру. Оқулықпен жұмыс (өз беттерімен оқу).
Сөздік жұмысын жүргізу .(жай карындашпен түсініксіз сөздерді түрту)
Даттапты- жамандау.
Тулады теңіз- қатты жел тұрды.
Шумақ бойынша оқыту.
Тауып оқу.
Мысалдан сусыз өмір сүргісі келген балықтың жайы суреттелген жолдарды тауып оқы.
-
Жел кептіріп денесін,
-
күн құрғатып өңешін
-
....................................
Мысалдағы қорытынды ой не? Ол қай жолдарда берілген.
-Тыңдамап еді ешкімді ,
Қателігін кеш білді.
Сергіту сәті.
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты- еңбек
Кесте төксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Дәптермен жұмыс. Дәптерге қорытынды ойды жаздырту.
Балықтар туралы кино фильмдер, мультсериалдар айту.
Балық адам . т.б.
Балықтың 1 сөзі
|
Балықтың 2 сөзі
|
Сусыз өмір сүремін деп мақтанады.
|
Мөлдір суым, мекенім
Енді қайтсем жетемін.
Қадіріңді білмедім, неге шалқып жүрмедім
|
Екі мысалды салыстыру.
Мақтаншақ
Балалар кім мақтаншақтық туралы мақал-мәтелдер біледі?
Мақтаншақ бар ақылын мақтануға тауысады.
Не үйрендік, не білдік ?
Сабақты қорыту ,бағалау.
Ембі қалалық № 1 орта мектебі.
Өткізген: А.К. Жанабаева.
2013-2014 оқу жылы.
Достарыңызбен бөлісу: |