Ақтөбе облысы, Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясының



бет2/3
Дата06.09.2022
өлшемі35.23 Kb.
#460326
1   2   3
ЖАСЫЛ ДӘРІХАНА КАЛЕНДАРНЫЙ

Үйірменің мақсаты:
Оқушыларды жергілікті жердің дәрілік өсімдіктерімен таныстыру, өсімдіктерді емге қолдану ерекшелігі мен әдісін меңгерту , туған жер туралы білімін кеңейту, оны аялауға, сүйе білуге, қорғауға үйрету.
Үйірменің міндеттері:
-оқушылардың ғылыми ойлауын,танымын ,шығармашылық қабілетін қалыптастыру;
-ғылыми білімді өз бетінше игеру және қалыптастыру;
-оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін үш тілді қарым-қатынас әрекетінде қолданылу қажеттілігін тудыратын қолайлы атмосфера жасау;
-ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауға дағдыландыру.
-дәрілік өсімдіктерді жинап, кептіріп, оны практикада пайдалануға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
- Үйірменің барысында оқушылар дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру,сақтау арқылы жергілікті жер өсімдіктерімен танысып , қажетті мағлұматтар алады. Бөлме өсімдіктері, дәрумендер , «Қызыл кітапқа» енген дәрілік өсімдіктер жөнінде білімдері кеңейеді;
- Дәрілік өсімдіктердің қазіргі кездегі күйі мен болашағы туралы түсінік қалыптасады;
- Оқушылар дәрілік өсімдіктерге бақылау жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қадамдар жасайды.
Бағалау әдістері мен формалары:
Үйірме барысында оқушыларға шолулық әдістер беріліп, зертханалық және тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылады. Әрбір тақырыпты өткеннен соң оқушыларға реферат, баяндама, қосымша тапсырмалар беріліп, жұмыстары сабақта қорғалып, талқыланады. Бұл оқушылардың өзіндік ізденуіне, шығармашылық қабілетінің артуына, сөйлеу мәнерінің жетілуіне және ұжыммен жұмыс атқара білуіне өз септігін тигізеді. Оқушылардың білімі пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық, зияткерлік сайыстарда, ғылыми жоба қорғау байқауы мен конференцияларға қатысымы арқылы анықталады.
«Жасыл дәріхана» үйірмесі
6 – сынып

Апталық- 2,5 сағат, жылдық- 85 сағат.





р/с

Сабақ тақырыптары мен бөлімдері

Сағат саны

Уақыты

Теория

Практика

Барлығы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет