Ақтөбе облысы, Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясының



бет1/3
Дата06.09.2022
өлшемі35.23 Kb.
#460326
  1   2   3
ЖАСЫЛ ДӘРІХАНА КАЛЕНДАРНЫЙ


Ақтөбе облысы, Темір ауданы


Шұбарқұдық гимназиясының
Биология пәні мұғалімі
Ермекова Жанаргүл Ержанқызының
6-cыныпқа арналған
«Жасыл дәріхана» үйірмесіне
П І К І Р
Биологияны оқыту арқылы оқушылардың теориялық ойлауының, даму, мүмкіндігінің жоғары болуы жаңа білім мазмұнының негізінде қалыптасады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту арқылы таным белсенділігін арттыру бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Мұғалімнің ұсынылып отырған курс бағдарламасы оқушылардың базалық білімдерін дамытуға негізделіп жасалған. Курс бағдарламасында теориялық тақырыптар кең және ауқымды көлемде қамтылып, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың таным белсенділігін, білік дағдыларын арттыру көзделген. Сонымен қатар биологиялық құралдармен жұмыс жасау, семинарлар өткізу арқылы оқушылардың қызығушылығы, ойлау қабілеті артады. Оқушылардың жалпы дүниетанымын қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, заңдылықтарды негізге тірек ретінде пайдалана отырып, білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра алуға және жоғарғы оқу орнына түсуге көмектеседі деп сенемін.


Пікір жазған :
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университеті жаратылыстану
факультетінің декан орынбасары биология
кафедрасының оқытушыcы, магистр Б.А. Туралин


Түсінік хат

2018-2019 оқу жылы бойынша Шұбарқұдық гимназиясының оқу жұмыс жоспарының гимназия компоненті есебінен 6-сынып оқушыларына апталық 2,5 сағат, жылдық 85 сағат мөлшерінде «Жасыл дәріхана» үйірмесі енгізілді.


Табиғаттың адамзатқа сыйға тартқан байлығының бірі-өсімдік. Өсімдікті өсіру адамзатқа,біріншіден,өсімдіктің тіршілік ерекшеліктерін білу және сыртқы табиғаттың оларға тигізетін әсерін байқау үшін қажет болса,екіншіден,жасыл әлемнің өсу, көбею заңдарын үйрену оқушылар үшін сабаққа өте қажетті құрал.
«Жасыл дәріхана» үйірмесі оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына, биологиялық түсініктердің қалыптасуына,зерттеушілік ынтасының пайда болуына, тәжірибе жасап үйренуге негізделген.
Жасыл дәріхана үйірмесінің жоспары оқу материалын үш тілде (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде) оқытуға ұсынылып отыр. Бұл үйірмеде дәрілік өсімдіктердің түрлері, таралуы, олардан алынатын дәрілердің атаулары, құрамы, қолданылуын таныту ағылшын тілінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет