Ақтөбе облысы
Темір ауданы
Сарыкөл орта мектебі
Сулейменова Ляззат куанышовна
Педагог-психолог
Тақырыбы: «Өмір - бағасы жоқ сый »
Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін
байқау.Сонымен бірге өмір сүрудің қиын шақтарын шешуде өз күштеріне сене білуге,
өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей ,бағалай білуге тәрбиелеу.Өмірден өз
орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
Түрі : тренинг
Барысы:
1. Тренинг ережесімен таныстыру.
1.Сыйластық;
2. Тыңдай білу;
3. Белсенділік таныту ;
4. Шығармашылық ;
5. Төзімділік;
6. Түсіністік қарым- қатынас;
-
Тренинг жоспары:
1.Көңіл-күйді анықтау.
2.Ойланайық,пікірлесейік.
-
Топқа бөліну.
-
Топтарға тапсырма.
5.. “Керемет бақ” арт- терапиялық жаттығу.
6. “Мен өмірге ғашықпын” постер қорғау.
7. “Сенімділік” жаттығуы.
8. Бейнеклип
9. Жүректен жүрекке.
-
Көңіл-күйді анықтау.
-
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, оқушылар! Тренингке қош келдіңіздер!
Әрбір адам -өмірге ,осынау дүниеге келген қонақ екенін білеміз. Осынау өмірімізді мәнді де, сәнді өткізуіміз үшін бір-бірімізді ренжітпей,көңілімізге қаяу салмай жүргенге не жетсін!
Көңіл-күй –адамның ішкі жан дүниесінің құбылысы, адамның айнасы десек те болады.
Ендеше, барлығымыз алдымыздағы жатқан ақ параққа көңіл-күйімізді түсіріп көрейікші. Адам мен табиғат ұқсас, егіз ұғымдар. Біздің көңіл-күйіміз табиғат тәрізді бірде бұлттанып кетсе, бірде шайдай ашылып, күн сияқты жүреміз. Ал ібрде жауын болып түнереміз, т.б. , табиғат құбылыстарға теңестіре отырып , қағаз бетіне көңіл-күйлеріңді түсіріп көріңдер.
2. Ойланайық ,пікірлесейік.
-
Өмір ... Өмір қарапайым да ,тегіс немесе жылтыр емес.
Өмір – бұл жалын,ендеше отта бір нәрсенің жануы тиіс.
Өмір – бұл жарық сәуле, ендеше біреуді соқыр қылар,
Өмір –бұл күрес, ендеше күресте бірей жеңу керек.
Өмір бұл сөзде терең мән жатыр.
Өмір –бұл гүл бір маусымдық гүлдейтін
Өмір –бұл құс үш көктем ғана тіршілік ететін
Адам өмірі – бұл ел тағдыры .
Осы айтылған сөйлемде қандай сыр жатыр? Біз гүлсіз,құссыз тіршілік ете аламыз ба? Шынымен де өмір деген не? Адамға өмір сүруге ,ал сол тіршілік ету барысында өмірді елеусіз ,сұрықсыз өткеретіндер де болады. Ойланайықшы балалар, жақын арада сіздер ересектер сияқты өмірдің бір белестерімен араласасыз. Сол кезде өмірді қандай тәжірибемен алмастырасыздар? Отбасыңыздан алыста қалай өмір сүресіздер? Бұл сұрақты тек ата-аналар ғана қоймай ,сіздерге тәлім-тәрбие беретін ұстаздарыңды да толғандырады. Сонымен «Өмір» -деген не? Осы сұраққа жауап іздеп көрейікші.
( Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)
3.Топтарға бөліну. ( 1,2,3 болып санау арқылы бөліну)
4. Топтарға тапсырма.
1-топ . Өзің оқыған кіпатан немесе көрген киноларыңнан сүйікті кейіпкерге арнап хат жаз.
2-топ. «Менің өмірге құштарлығым» тақырыбын шығармашылықпен жеткізу. ( өлең оқу ән салу және т.б.)
3. «Әр күніңді мейірімді істерге арна»
-
«Керемет бақ» арт-терапиялық жаттығуы.
-
Қазір барлығымыз көзімізді жұмамыз. Енді өздеріңізді гүлге теңеңіздер. Егер сіз гүл болсаңыз, қандай гүл болар едіңіз? Жапырақтарыңыз қандай болар еді? Үлкен гүл ме , әлде кішкентай ма? Қанық түсті ме әлде ашық па? Ал енді елестетіп болсақ , осы оймйзды қағаз бетіне түсірейік.
( Салынған суреттерді қиып алып ,ілулі тұрған шүберекке орнатамыз)
Талқылау : Қарап отырсақ , барлығымыздың гүлімізге орын жетеді. Бәріміз де өз гүлімізді өзіміз таңдаған орынға орналастырдық. Осы гүлдер сияқты сіздердің де өмірде өз орындарың бар . Осы гүлдер сияқты сендер де құлпырып, жайқалып өмірден өз орындарыңды табуларыңа тілектеспін.
-
«Мен өмірге ғашықпын» тақырыбына постер қорғау.
( Үш топ постер дайындап, ортаға топ мүшелері шығып қорғайды . Дайындалу уақыты 3 минут)
-
«Сенімділік» жаттығуы.
-
Адам ең алдымен өзіне «Мен кіммін?» , «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап беруі керек. Содан кейін жан ,тән,ой тазалығына мән берген жөн. Тән тазалығы-денсаулық, жан тазалығы-пәктік, ой тазалығы- ақыл. Адам үнемі жақсы ой ойлап, жаман ойдан арылу керек. Себебі ,жақсы ой жан семіртеді, сенім ұялатады, сл сенім сезімді оятады. Сенім,сезім арқылы асыл қасиеттер көрініс алады. Демек ,адам өмірді сүюі керек. Сол арқылы өмірдің мәні ашылады.
-
Қазір сіздер алдарыңыздағы парақтың бір жағына жақсы қасиеттеріңді,екінші жағына жаман қасиеттеріңді жазасыңдар. Содан кейін жаман қасиеттер жазылған бөлігін қиып алып, умаждап жыртып ,қоқыс жәшігіне саласыңдар.
Жаман қасиеттеріңінен арылған қандай сезімде болдыңдар?
Өздеріңді қалай сезіндіңдер?
-
«Көнеміз ғой» бейнеклипін тамашалау.
-
Өмірдің қиындығына тап болған балалардың тағдыры туралы не айтасыздар?
-
Бейнебаянды көре отырып қандай ой түйдіңіздер?
-
Бақытты отбасы қандай болады?
-
Жүректен жүрекке.
Сұрашы сен өмірден , қай жолменен жүруге?
Мына әлемнің бұрышын,шарлап әлде кетсең бе?
Жарық берер күнге ме?
Бұл жолдың да торабы түсініксіз болады.
Сондықтан да сен достым.
Мейірімнің жолында, тура жүрші әрдайым!
Мен өмірді сүйемін!
Достарыңызбен бөлісу: |