Өмір теңіз,жүзем онда демеңіз-ізгіліктен жасалмаса кемеңіз



Дата04.03.2024
өлшемі41 Kb.
#494174
Өмір - теңіз жүзем онда демеңіз,ізгіліктен жасалмаса кемеңіз




Күні : 26.10.2023ж
Тақырыбы : Өмір теңіз,жүзем онда демеңіз-ізгіліктен жасалмаса кемеңіз
Мақсаты : Өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту,Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен қарауға,қадірлей,бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.Тәжірибе алмасу. Жаңа әдістерді көрсету.
Қолданылатын әдістер: Интерактивті әдіс.
Іс-шараның түрі : Тренинг
Ашылуы. І - Сәлемдесу: (Он бес минут)
Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр.. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.
Олай болса, өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.
Құрметті оқушылар сіздерді шеңберге шақырамын !
Шаттық шеңбері : (Тренинг әдісімен ) (Он минут)
Мен лайықпын:
Мысалы : Сәлем достар ! Менің аты жөнім ....Мен өзімді мақтан етемін,себебі соған лайықтымын.Мен өзімді сүйемін.сіз маған қатты ұнап тұрсыз..................... (жалғастырады басқа оқушы)
(Бес минут)
Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір өзен болса, ағысқа қарсы емес. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асу-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады. 
Дүние ай М.Мақатаев

Баспадым жардың шетін құлай ма деп
Ішпедім арықтан су лай ма деп
Қорқамын дос болуға жаманменiмен
Тар жерде ертоқынын сурай ма деп
Жақсылар жақсымын деп айталмайды
Жамандар жақсымын деп айқалайды
Жүрген соң бауырыңды күнде көріп 
Таулардың биіктігі байқалмайды
Өмірден ұн алмасын мендігіңмен
Атыңды байлармысың белдігіңмен
Аяқта аяқ киім тар болса
Не пайда дүниенің кендігінен
Ағаштың көзі қара көміріңдей
Мылтықтың бойы түзү теміріңдей
Өткізген жақсыменен жарты сағат 
Жаманың өтіп кеткен өміріндей
Жолықсаң біздің жақтын тентегіне
Өмірдің өкінбей дау келтегіне
Үйдегі жалғыс атын сойып беріп
Жүгенін ұстап қалады ертегіне

Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше
Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді. Осы кезде біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. 
Жүректен-жүрекке : (Он бес минут)
Құрметті оқушылар! Осы күнге жеткеніміз үшін қуанып,шүкіршілік етіп өмірімізді мәнді етіп өткізейік. Әрдайым жақсылық жасап,өмірде өз орнымызды таба білейік.Кез-келген қиындықтарды табандылықпен ,ақыл-ойымызбен жеңуге үйренейік.
Сіздермен пікір-таластырып ,тәжірибе алмасуға ардайым дайынбыз ! Назар аударып тыңдағандарыңызға шын жүректен рахмет айтамын.
Оқытушылар бір-біріне тілек тілейді.
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Өмір теңіз-жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»
Сынып жетекші: Азимханова А.Е.

2023-2024 оқу жылы




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет