Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қоғам институттарымен бірлескен өзара іс-қимыл жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
№
|
Іс-шаралар
|
Орындалуы туралы ақпарат
|
1
|
Әлеуметтік – экономикалық салалардағы мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындылық пен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізу
|
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 14 сәуірдегі №154 шешімімен «Мұғалжар ауданында бөлек қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешімі қабылданып, соның негізінде Қандыағаш қаласында а.ж. маусым айында аудандық мәслихат депутаттары Қ.Төкешов пен И.Пыхтеевтің, Жем қаласында аудандық мәслихат депутаты Г.Жұмабаеваның қатысуымен тыңдаулар өткізілді. Онда кәсіпкерлер, аудандық ішкі істер органдарының қызметкерлері және ТҮК, кондоминиум төрағалары қатысты. Сонымен бірге, Қайыңды ауылдық округінде босалқы жер телімдерін бөлу мәселелерін «Ақсақалдар» алқасымен талқылау жиналыстары тоқсан сайын өткізіледі.Ал, Мұғалжар селосы әкімі аппаратында Әлеуметтік – экономикалық салалардағы мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындылық пен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мәслихат депутаттарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты ауданның барлық деңгейлеріндегі әкімдерінің шешімдері мен әкімдіктің қаулылары міндетті түрде «Мұғалжар» газетінің бетінде жарияланып тұрады. Сонымен бірге, аудан бюджеті жөніндегі аудандық мәслихаттың шешімі аудан тұрғындарының назарына газет арқылы жеткізіледі.
|
6
|
Облыстық кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу
|
Аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен Мұғалжар ауданының Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе отырып ауданда кәсіпкерлерге қолдау мен жан-жақты әдістемелік көмектер көрсетіледі. Сонымен бірге, тамыз - қыркүйек айларында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастамасымен ауданның барлық қала, мен ауылдық округтерге сапарларға шығып, тұрғындармен кездесулер өткізілді. Ол кездесулерде негізінен ҚР Үкіметі тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мен жасалған жеңілдіктер жөнінде және де Елбасының тапсырмасы бойынша тексеруші органдары тарапынан тексеру амалдарына жарияланған мораторий мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптары көтеріліп, түсіндірілді. Елбасымыздың халыққа арналған Жолдауын ауданда жүзеге асыру мақсатында кәсіпкерлік саласына жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарымен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы а.ж. 10-12 қыркүйек аралығында Атырау қаласына іссапарға барып, тәжірибе алмасып , нәтижесінде ауданда «Бизнес-инкубатор» үкіметтік емес ұйымын ашу жөнінде ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізіліп, тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, аудандағы типография ғимараты бөлінді, үкіметтік емес ұйымның құқық беретін құжаттарды аудандық әділет басқармасына тіркеу үшін жолданды. Бұл жоба іске қосылғаннан кейін ауданда шағын және орта кәсіпкерлікпен айналусышар саны көбейеді деген үміт артамыз.
|
7
|
Азаматтық қоғам институттарымен бірлесе қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған түрлі (дөңгелек үстел, кездесулер т.б.) іс-шаралар өткізу
|
Сыбайлас жемқорлықтық болдырмау, оның алдын алу-аудан әкімінің төрағалығымен өткізілетін барлық аппараттық лездемелері мен жиналыстардың күн тәртібіндегі басты назардағы мәселелердің бірі болып табылады.
Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру мақсатында Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2011 жылдың 25 мамырында №198 «Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жаспарын Мұғалжар ауданында іске асыру туралы» қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жоспалы түрде жүргізіледі.
Ауданның дербес мемлекеттік мекемелері мен қала мен ауылдық округ әкімдері аппараттарында құқықтық мектебін жүргізу тәжірибесі енгізіліп, онда барлық ҚР заңдары түсіндіріледі, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы да үнемі талқыланып келеді. Сонымен бірге, аудандық деңгейде, бөлімдер мен қала, ауыл әкімдері аппараттарында «Сыбайлас жемқорлық деген не», «Жемқорлық –індет, күресу міндет», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлықтың жолын кесу-парыз» атты және т.с.с. тақырыптарында кездесулер мен әңгімелесу, дөңгелек үстелдер өткізілді.
Сонымен бірге, «НұрОтан» ХДП аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кеңесінің отырысы алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес өткізіліп тұрады. Мәселен, аталмыш Кеңестің кеңейтілген отырысы тамыз айында өткізіліп, онда «НұрОтан» партиясы аудандық филиалының 2015-2025 жыл аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасы тыңдалып, талқыланды. Талқылауға саяси бюро , саяси кеңес мүшелері, мемлекеттік органдарының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, «НұрОтан» бастамасымен қоғамдық өкілдер, құқық қорғау саласының басшылары «Stop қылмыс» атты жобаны іске асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссия отырыстары 2014 жылға бекітілген жоспарға сәйкес тоқсанда бір рет өткізіліп, нәтижесі хаттамамен рәсімделіп, тиісті органдарға тапсырмалар беріліп, бақылауға алынады.
|
10
|
Тиімді мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтердің жоғары сапасын мемлекеттік органдардың қоғам тарапынан бақылануы, яғни жариялылық, есептілік пен ашықтық арқылы қамтамасыз ету
|
Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік қызметтердің жоғарғы сапасын мемлекеттік органдардың қоғам тарапынан бақылануы, жариялық, есептілік пен ашықтық арқылы қамтамасыз ету үшін әрбір мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерде мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпараттық тағандар (стендтер) мен сенім телефондары орналас тырылған.
Қызмет алушылар қызмет берушілерге карточка толтыру арқылы баға беріледі. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында яғни, mugalzhar.aktobe.gov.kz веб-сайтына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар (ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептер, ішкі бақылау бойынша тексеру қорытындысының анықтамалары және мемлекеттік қызметтер паспорты, стандарттар немесе стандарттар жобалары, электрондық қызметтер регламенттері, мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат) тұрақты түрде енгізіледі.
«Мұғалжар» газетінен тұрақты айдар ашылып, қызмет алушылардың ұсыныстары мен пікір-ойлары және мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелер мен қалалар мен ауылдық округтері әкімдері аппараттары мамандарының мақалалары, сұхбаттары үнемі жарияланып отырылады.
«Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға өткізетін конкурстарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19-наурыздағы № 06-7/32 «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес сарапшылар мен байқаушыларды қатыстырады. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен партия өкілдері қатысуда. БАҚ-да аудан әкімі аппаратымен өткізілген конкурстар туралы мақалалар жариялануда.
Әр мекеме ғимаратының оңтайлы, көрнекі жерінде «Сенім телефоны» және жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған арнайы жәшіктер орналасқан. Бүгінгі күні, барлық «сенім телефондары» жұмыс атқарады, телефондардың нөмірлері аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланып тұрады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |