«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мм ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, санаты d-о-3 (06-1-10, 1 бірлік) Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін



Дата08.07.2016
өлшемі76.32 Kb.
#185512
«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 56-67-83, факс: 8(7132) 55-21-75, e-mail: aktobesport@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, санаты D-О-3 (06-1-10, 1 бірлік)

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасау, басқарманың аппарат ішілік және оның құрылымдық бөлімдерінің, алқалық органдарының жұмыстарын ұйымдастыру, басқарманың ағымдық және болашақ жұмыстарын жоспарлау, өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу, басқармада еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, мемлекеттік қызметшілердің ҚР «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңы талаптарын сақтауы жөнінде іс-шаралар жоспарын дайындау, құрылымдық бөлімдер қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауға қатысу, кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру, басқарма басшысына оларды көтермелеу, ынталандыру бойынша ұсыныстар енгізу, дене тәрбиесі қозғалысы және спорттың дамуы туралы ақпараттар әзірлеу, дене тәрбиесі және спорт мекемелерінің бөлімге қатысты қызметіне талдау жасау, ақпараттық технологияларды қолдануды жүзеге асыру, басқарманың құрылымдық бөлімшелері жасақтайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындауға қатысу, басшылық тапсырмаларының, басқарма қызметіне және құрылымдық бөлімшелеріне байланысты дене тәрбиесі және спорт саласындағы заңнамалық, нормативтік, бағдарламалық және басқа да актілердің орындалуын үйлестіру, ақпараттардың уақытылы орындалуына, берілуіне бақылау, дене тәрбиесі және спорт саласындағы қызметкерлердің біліктілігін көтеру, қайта дайындықтан өту жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік рәміздердің Ережеге сәйкес орналастырылуы және ұлттық стандарттарға сәйкестігіне мониторинг жүргізу. Тәртіптік, аттестациялық, конкурстық, аккредитациялық, қызмет өтілін бекіту комиссияларының жұмысына қатысу. ҚР мемлекеттік наградаларына беру үшін бекітілген тәртіппен құжаттарды дайындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары - экономикалық, заңгерлік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

3 осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерін білуі.



«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қаржы-экономика бөлімінің жетекші маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі үшін демалыстағы кезеңіне), санаты D-О-5 (05-4-9, 1 бірлік)

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 57657 теңгеден 78157 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Бюджеттік инвестициялық жобаларды дамытуды іске асыруға бағытталған, бюджеттік бағдарламаларды дамыту бойынша бөлімнің құзыреті шегінде бюджеттік ұсыныстарды әзірлеу, инвестициялық жобаларға, оның ішінде бюджеттік, спорт саласына техникалық-экономикалық сараптама жүргізу, ТЭН және ЖСҚ әзірлеуді жүзеге асыратын жобалаушы ұйымдармен және мекемелермен өзара әрекеттесуді жүргізу, құрылыс объектілерін жобалау үшін техникалық тапсырмалардың жобасын дайындау, облыстық маңызы бар құрылыс объектілері және кешендері жобалары бойынша салалық қорытындыларды дайындау, спорт ғимараттарының статистикалық есептері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, облыстағы спорт инфрақұрылымының жай-күйіне, оны дамытудың перспективалық жоспарына сараптама жүргізу және әзірлеу, өз қызметінің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша аналитикалық мәліметтерді дайындау, басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне қосу үшін спорт объектілері бойынша құжаттарды әзірлеу (түсініктеме хат және әр спорт объектісі бойынша салалық қортынды), инвестициялық жобалар бойынша деректер базасын қалыптастыру, жергілікті атқарушы органдармен басым инвестициялық жобалармен өзара әрекет жасау, өз құзыреті шегінде бұйрық жобаларын, методикалық және нұсқаулық хаттар әзірлеу, семинарлар өткізу. Басқарманың қызмет аясына кіретін мекемелерге материалдық құндылықтар алу үшін сенім-хат береді және оны растайды. Сондай-ақ, қаржыландырудың жеке жоспарларын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын және түсімдер жоспарларын жасау, бекіту жұмыстарын жүргізу, қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу, кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімді жасау, ұсыну, мәслихат сессиясына материалдар дайындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім - дене тәрбиесі және спорт.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. нысанға сәйкес өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

  3. білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген ) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

  7. Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалдық көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда Тізімнің 4 тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын Тізімнің 3 және 4 тармақшасында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әнгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әнгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпараттық құралдарының, басқа мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанда дейін кешіктермей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының келесімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Казақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн.

Құжаттар «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, ұйымдастыру жұмыстары бөлімі, №639 кабинетіне қағаз түрінде қабылданады немесе электрондық поштаға жолданады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әнгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Құжаттардың тұпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әнгімелесуден өтуууге жіберілмейді.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

D-О-3 санаты үшін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасына мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тест (10 тапсырма), Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңы (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкімет туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетен қызметтер туралы» (15 сұрақ) «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді.

D-О-5 санаты үшін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасына мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тест (10 тапсырма), Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңы (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетен қызметтер туралы» (15 сұрақ) «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет