Ақтөбе облысының Статистика департаменті



Дата23.02.2016
өлшемі32.39 Kb.
#9284



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

Ақтөбе облысының Статистика департаменті

Баспасөз хабарламасы

13-07/94

05.10.2015 жылғы






2015 жылдың қаңтар-тамыздағы Ақтөбе облысындағы

демографиялық ахуал
Ағымдағы деректер бойынша 2015 жылдың 1 қыркүйегіне облыс халқының саны 830,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде – 518,4 мың (62,4%), ауылдық жерде – 311,8 мың адам (37,6%).

2015 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 7,7 мың адамға немесе 0,93%-ға көбейген.


Халықтың табиғи өсімі
2015 жылғы қаңтар-тамызда облыс халқының табиғи өсімі 9,3 мың адамды құрады, туылған балалар саны 13 мыңға жетті. 2014 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда табиғи өсім 0,6%, туылғандар саны 0,8 %, өлгендер саны 1,2%-ға көбейді. Некелер саны 10,5%-ға, ажырасулар саны 2,6%-ға азайды.

адам





2014 жылғы

қаңтар-тамыз



2015 жылғы

қаңтар-тамыз



2015 жылғы қаңтар-тамыз

2014 жылғы қаңтар-тамызға,



(+,-)

%

Туылғандар саны

12 935

13 037

102

100,8

Өлгендер саны

3 651

3 696

45

101,2

Табиғи өсім

9 284

9 341

57

100,6

Некелер саны

4 935

4 419

-516

89,5

Ажырасулар саны

1 608

1 566

-42

97,4

2015 жылғы қаңтар-тамызда халық санын 1000 адамға шаққанда:

– туылғандар саны – 23,64 сәби (2014 жылғы қаңтар-тамызда – 23,81);

– өлгендер саны – 6,70 адам (2014 жылғы қаңтар-тамызда—6,72);

– табиғи өсім коэффициенті 16,94 промилле құрады (2014 жылғы қаңтар-тамызда – 17,09 промилле).

Халықтың көші-қоны
Облыс ішінде тұрғындардың көшуін қосқанда, келгендердің жалпы саны 8867 адамды құрады, кеткендер саны – 10520 адам (2014 жылғы қаңтар-тамызда 12749 адам келген, 12678 адам кеткен). Көші-қон сальдосы 2015 жылғы қаңтар-тамызда - -1653 адамды, 2014 жылы – 71 адамды құрады.

Республикадан тыс жерлерден облысқа 179 адам келген, ал 494 адам кеткен. (2014 жылғы қаңтар-тамызда Ақтөбе облысына келгендер саны 304 адам, ал облыстан кеткендер саны – 319 адам).

2015 жылғы қаңтар-тамызда шетелден Ақтөбе облысына 111 қазақ, 29 орыс, 13 украин. Осы кезеңде облыстан Қазақстаннан кеткендер саны – 39 қазақтар, 283 орыстар, 75 украиндер.

Өңіраралық көші-қонда есеп беру кезеңінде келгендер саны 2014 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 22,5% азайды (2015ж. - 2679 адам, 2014ж. – 3456 адам), кеткендер саны 19,2 % көбейді (2015. – 4017 адам, 2014ж. – 3370 адам), көші-қонның сальдосы - -1338 адамға құрады (2014ж. - 86 адам).



2015 жылғы қаңтар-тамызда облыс шегінде мекен-жайын өзгерткендер саны 6009 адамды құрады, 2014 жылғы қаңтар-тамызда - 8989 адам, немесе 33,2 % аз.

Орындаған:

Департамент басшысы

Мекен-жайы:

Жаналина Л..

Жекеев Қ.С.

030020, Ақтөбе қ.

Тел. (7132) 542907

Тел. 544221

Әбілқайыр хан д. 25










© Ақтөбе облысының Статистика департаменті



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет