Ақтөбе облысы ,Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы,
М.Тәжин атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі Мақашева Альмира Тюлегеновна
Тақырыбы:»Күздің кереметі»
Мақсаты:күзде істелетін жұмыс түрлері мен күздің адамға тигізетін әсерін дәріптеу.
Мұғалім:Күз дегеніміз жазира даланың дархан дастарқаны.Күз дегеніміз
қауыр еңбек кезеңі.Олай дейтініміз:бұл мезгілде жеміс-жидек,астық пісіп жетіледі
күзде мал да,аң мен құстар да қоңданып,семіреді.Күзде қыс қамы жасалады,
сондықтан адам да,жануарлар да,өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
Жүргізуші:
Нағыз»Алтын күз»-қыркүйек айы.Қыркүйек-ерекше ай.Жалпы алғанда біз үшін
күз дегеніміз мереке,күз дегеніміз береке.
1-оқушы
Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіледі,
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір таң көңілді.
2-оқушы
Дала біткен жайдары,
Құлпырыпты,түлепті.
Ақ бидайды айдарлы
Жапан түзге кім екті?
3-оқушы
Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қашпады.
Алдыңа әкеп төкті де,
Ақ нанды үйіп тастады.
Жүргізуші:
«Егінші мен қасқыр»грузин ерегісінен көрініс.
Авторы:Егінші таңсәріден егін орып,шаңқай түсте дем алады.аздан соң қолына
нан алып,жей бастайды.Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келеді:
Қасқыр:Адам,сен не жеп отырсың?
Егінші:Нан.
Қасқыр:Маған да наныңнан берші?
(Егінші нанынан үзіп беред.Қасқыр нанды жейді де):
Сенің тамағың дәмді екен.Менің де күн сайын тамақ жегім келеді.
Сен маған оны табудыңжолын үйретші......
Егінші:Алдымен жер жыртасың,одан соң тырмалайсың.
Қасқыр:сонан соң нан бола ма?
Егінші:Жо-қ,жоқ!Күзде қара бидай егесің.Ол көктемде көгеріп жер бетіне шығады,
Ал жаз ортасында піседі.
Қасқыр:Содан соң нанды жеуге бола ма?
Егінші:Қайда әлі!Қара бидайды ору,оны баулау керек.Ол баулауды жақсылап жел
қағып,кептірген соң,қырманға апарып,мялау керек.....
Қасқыр:Сонда нан бола ма?
Егінші:Жоқ қара бидайды жинап алған соң,бастыру керек,бастырып алған соң,
бидайды диірменге апарып,ұнғып тарту керек.
Қасқыр:Содан соң нанды жеуге бола ма?
Егінші:Жоқ әлі!Қамыр ашытып,оны илеп пісіру керек......
Қасқыр:Сонда нан бола ма?
Егінші:Иә сонда нан болып,жеуге жарайды.
Қасқыр:Бұл өте ауыр,әрі көп уақыт кететін жұмыс екен.Мен мұны кәсіп етпей-ақ қояйын.
ХОР:»АҚ БИДАЙ»
(Оқушылар Н.Жақаевтың «ЕҢБЕК»атты өлеңін орындайды.)
4-оқушы
Кесте тіксең,зерлеп,
Мұның аты -еңбек.
5-оқушы
Қырға шықсаң,өрлеп,
Мұның аты- еңбек.
6-оқушы
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең-еңбек.
7-оқушы
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР.
8-оқушы
Еңбек етіп ас ішсең,
Балдан тәтті болады.
9-оқушы
Істегенің еліңе жақсы,
Үйренгенің өзіңе жақсы.
10-оқушы
Еңбек еткен емді,
Еңбексіз не өңеді?
11-оқушы
Еңбегің қатты болса
Татқаның тәтті болады.
12-оқушы
Нағыз сары алтындай сары күзқыркүйек айы.Ол-еңбек айы.
13-оқушы
Күз маусымының екінші айы-қазан.Бұл ай-мереке басы.Диқандар сабан той жасайды.
14-оқушы
Күздің соңғы айы-қараша.»Қараша» десе дегендей,айнала тептегіс сүреңсіз.Жапырағынан
ағаш қара суықта қалтырап,жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
ХОР:»Менің Қазақстаным»
Қорытынды:
Бөлмеде ілінген суреттер жайлы оқушылардың әңгімесі,еңбек сабағында жасалған
жұмыстар көрмесі туралы түсінік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |