Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Е. Ж.Құрмаштың «2014 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2015 жылға арналған міндеттері» туралы есебі



Дата03.07.2016
өлшемі101.66 Kb.
#175528
Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Е.Ж.Құрмаштың «2014 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2015 жылға арналған міндеттері» туралы есебі.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясында баяндалған мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы бойынша ауқымды жоспарларды нақты іске асырудың кезеңдері мен бағыттарын айқындап берді. Жолдауда мемлекет пен қоғамға осы ғасырдың бірінші жартысында елімізді әлемде ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр. Осы жолдаудың жалғасы 11 қараша 2014 жылғы Елбасының «Нұрлы жол- Болашаққа бастар жол» атты Жолдауы еліміздің дамуына үлкен серпін беріп отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауларын басшылыққа ала отырып, 2014 жылы округ көлемінде даму, әлеуметтік жағдайдың көтерілуі бағытында төмендегідей жұмыстар атқарылды.

Жолдау кең көлемде насихатталып, Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталды. «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес есеп беріліп отыр.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148-ІІ Заңының 35 бабына толықтырулар енгізіліп ауылдық округ әкімінің атқаратын міндеттері 97 бөліммен толықтырылды. Мұның өзі жергілікті әкімдердің атқаратын міндеттерін көбейтіп, жауапкершілігін күшейтті. Салық Кодексіне толықтырулар енгізіліп, 2015 жылдан бастап жергілікті салыққа түсетін жер, мүлік, көлік, кәсіпкерліктен түсетін түсімдер жергілікті әкімдерге берілетін болды. Бұл да жергілікті әкімшілікке түсетін қосымша қаражат. 2014 жылдан бастап ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдері жергілікті қоғамдастық жиындарында, жергілікті қоғамдастық өкілдері ауылдық округ алдында тұрған міндеттерді бірлесіп шешетін болды. Бүгін сіздер «2014 жылда округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алда тұрған міндеттері» туралы есебімді тыңдау үшін жиналып отырсыздар. 2014 жыл біздің округке қандай ерекшеліктерімен есте қалды дейтін болсақ әрине ол бірінші кезекте еліміздің өркендеуі, жетіп жатқан жетістіктері, ал біз үшін ол ғасырда бір болатын жаңалық біздің елді мекенге газдың келуі.

2014 жылы округ көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтетін болсам:



1.Әлеуметтік сала. Округімізде үш елді мекенде, Қотыртас, Ақтан батыр, Қорғанжар, халық саны 915 адамды қамтиды. Оның ішінде экономикалық белсенді тұрғындар саны - 486 адам, зейнеткерлер- 89, мүгедектер- 22, дүниеге келгендер- 21, қайтыс болған- 4 адам. 4 отбасы 18 жасқа дейінгі берілетін жәрдемақы алады. Жәрдемақы алушылар да азайып келеді, ол да тұрғындардың тұрмыс деңгейінің жоғарылап келе жатқандығын көрсетеді. Осы жылы аз қамтылған отбасылар мүшесінен 2 адам жұмысқа тұрақты, 1 адам әлеуметтік жұмысқа орналасты. Нотариалдық қызмет бойынша 55 рет нотариалдық қызмет түрі көрсетілді. Тылда жұмыс жасаған- 9 адам қазіргі күнге тиесілі жәрдемақыларын (жеңілдіктерді) алуда. Биылғы басты жаңалығымыз елді мекенге көгілдір отынның келуі болса, қазіргі күнге ауылдың 92 пайызы көгілдір отынмен қамтылды. Әкімшілік балансындағы 2 тұрғын үйге газ желісі тартылып, ішкі жылу жүйесі жүргізілді. Оның біреуі 1 топ мүгедегі Қайрат Алиевке берілді. Сонымен бірге әкімшілік ғимараты мен мектеп қазандығына проекталық-сметалық құжаттама дайындалып, жылу жүйесі жүргізілді. Осы проекті бойынша осы жылға Клуб пен Кітапхана ғимараттарына да орталықтандырылған жылу жүйесі қосылатын болады.

2. Ауыл шаруашылығы. Округ бойынша 01.01.2015 жылға мал басы МІҚ- 753, жылқы- 150, қой-ешкі -3054, түйе- 10 бас тіркеліп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда мал басының сол қалпында қалып отырғандығын көрсетеді. Қой –ешкі саны едәуір өсті. Жұмыс жасамайтын бірнеше шаруа қожалықтары сот шімімен жабылды, олар «Нұрымғали», «Баубек» шаруа қожалықтары. Аудандық жер бөлімімен бірлесіп жұмыс жасамайтын шаруа қожалықтарының тізімдері жасақталып, сотқа құжаттары дайындалуда. Округ бойынша 19 шаруа қожалығы, 1 селолық тұтыну кооперативі тіркеліп, жұмыс жасауда. 2014 жылы 35000 центнер шөп дайындалып, 25000 ц. шөп сатылды. Округ тұрғындарының бойдақ малдарын жаз айларында күтіп-бағу үшін 3 нүктеде, Сартөбе, Қаражар, Төкеш жерлерінде мал бағылды және ауылдан сауын сиырлар бағылды. Мал бағу құны округте аудан бойынша төмен баға болды. Жазғы науқандық жұмыстарда мал күтімін ұйымдастырып, бағуда «Қонысбай» шаруа қожалығы және кәсіпкер А.Тілеужанов, С.Маханбетов И.Құрманалин жақсы жұмыстар жасады. Мал азығын дайындауда «Ынтымақ», «Байжан», «Қонысбай» шаруа қожалықтары және Б.Маханбетов жақсы жұмыстар атқарды. Елбасының бағаны тұрақтандыру тапсырмасын орындау мақсатында облыс, аудан көлемінде өткізілген 5 жәрмеңкеге қатысып, шаруа қожалықтарының өнімдері сатылды. Мал басын бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу 100 пайыз көлемінде атқарылды. Бірдейленген мал бастарының құлақ жапсырмаларын толық көлемде төленіп, ақшалары қайтарылды. Сонымен бірге мал бастарына сапалы ветеринарлық профилактикалық іс шаралар жүргізуде ауылдық ветеринарлық пункт, меңгерушісі М.Жантурин жақсы жұмыстар атқарды. Медицина адам баласын емдейді десек ветеринария адамзатты емдейді деген, профилактикалық шараларға аса көңіл бөлініп, қан жүз пайыз алынып, округ бой ынша Бруцелез ауруы тіркелген жоқ. Туберкулез, Сібір жарасы, Қарасан, Құтыру ауруларына қарсы жоспарланған мал бастары түгел егілді. Биылғы жылы округ бойынша «Қонысбай» шаруа қожалығы шаруашылығын түзетіп, мал басын өсіру үшін 800 мың теңге несие алып, 1-2 жасар жылқы малдарын алды. Қазіргі күнге несие алып шаруашылығын түзетуге мүмкіншілік бар, бірақ несие алуға ниет білдірушілер істі аяғына дейін апармай жарты жолдан тоқтап қалуда.Сонымен бірге Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы лизингке 2014 жылы «Ынтымақ» шаруа қожалығы МТЗ -82 тракторын алды. Осы бағытта басқа шаруа қожалықтарын да жұмыс жасауға шақырамын. Лизингке техника алуға, мал басын өсіру үшін несие алуға облысымызда арнайы «Даму» қоры жұмыс жасауда, ауданда өкілдері бар және кәсіпкерлерді қолдау палатасы жұмыс жасайды. Сонымен бірге төрт түлік малдың үш түлігіне арнайы бағдарлама қабылданған, қой ешкі малын өсіру үшін «алтын асық», МІҚ үшін «Сыбаға», жылқы малы үшін «Құлан» бағдарламалары жұмыс жасауда. Айта кететіні өткен жылдары лизингке техника алғандағы үстеме пайызы 14 болса, оның 7 пайызын үкімет субсидиялап қайтарады. Асыл тұқымды мал басын алуға да үкімет тарапынан өтемақылар мен субсидиялар қарастырылған. 2014 жылы округ бойынша 5 бас асыл тұқымды МІҚ Қазақы ақ бас бұқашықтары «Береке» шаруа қожалығы арқылы алынып табынға қосылды.

3.Білім беру саласы. Округте 1 орта, 2 бастауыш мектеп жұмыс жасап, балаларға сапалы білім беруде. 2014 жылы Ақтоғай орта мектебі ҰБТ-ге қатысып аудан бойынша орташа көрсеткіш көрсетті. «Оқу сапасын арттыру және оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту» бағытында Ақтоғай орта мектебі нәтежелі жұмыстар атқарды. Мектеп мұғалімдері өз білімдерін ұдайы жетілдіре отырып, оқыту процесіне қазіргі заман талабына сай жаңа техналогияларды меңгеріп, өз тәжірбиелерінде үнемі қолдануда. 2014 -2015 оқу жылына мектептер толық дайындықпен кіріп отыр.Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектепке бөлек газ қондырғысына арналған қазандық икемделіп, іске қосылды. Соның арқасында дизель отыны үнемделді. Газ кіргізу жұмыстарын жүргізуге тікелей аудан әкімі көмек көрсетіп, талап қойып, мектеп басшылығы мен жұмысшыларының атсалысуының арқасында және де өз демеушіміз М.Өндіргеновтың қолдауымен аз қаражатпен жылу желісі іске қосылып кетті. Мектептердегі 1-4 сынып оқушылары 100 пайыз, ал 5-11 сыныптың аз қамтылған отбасылардың балалары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылған. Оқу жылы басында «Мектепке жол» акциясы өткізіліп, «Емшан» компаниясы президенті М.Өндіргеновің, «Вираж» ЖШС, Ақтөбе филиалының директоры Ғ.Өндіргеновтің демеушіліктерімен 1 сынып оқушылары мен аз қамтылған мектеп оқушыларына оқу құралдары алынып және де жылу қазандығын кіргізуге демеушілік көрсетті. Көрсетілген көмектің жалпы көлемі 51700 мың тенге. Бастауыш мектептерді тамызық отынмен қамтамасыз етуде ПЧ-7 жол дистанциясының директоры М.Игісінов қолдау көрсетті.

Білім мен тәрбиенің бастауы балабақшадан басталады. Біздің бүлдіршіндер мектепке дейінгі талапқа сай мекемеде тәрбие мен білім алып, мектепке дайын болуы қажет. Осы жағдайлардың бәрі мектепке дейінгі балалар мекемесінде жасалынған. Ауылымыздағы «Қызғалдақ» мектепке дейінгі балалар мекемесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіп, қалыпты жұмыс жасауда. «Ел боламын десең бесігіңді түзе деген» бақа жерде балаларын қайда берерін білмей, бала-бақшаға орын таппай отырса, бізің елді мекенде бала саны жетпей отыр.



4.Денсаулық сақтау саласы бойынша бір дәрігерлік пункт жұмыс жасайды.Мед. персонал саны 2 адам. Бір медбике отбасы жағдайына байланысты басқа жаққа қоныс аударды. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде деген нақыл сөз бар. Дегенмен адам баласы ауырмай тұрмайды, ауырған кезде көмек сұрайтын орын ФАП. 2014 жылы профилактикалық шаралар жасау мақсатында жылжымалы флюро авто машина келіп тексеру жұмысын жүргізді және облыстық жылжымалы пункті профилактикалық шаралар өткізді. Қазақстан республикасының Денсаулық сақтау министрінің халыққа «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес округ тұрғындары дәрі-дәрмегімен тегін қамтамасыз етілді. 2014 жылы 21 бала дүниеге келді. Мектеп жасына дейінгі және оқушы балаларға профилактикалық егу жұмыстары жүргізілді. 2014 жылы туберкулезбен ауру, ана, бала өлімі болған жоқ, қайтыс болу 4 адам болды. Қыс мезгілінде пункт іші салқын болатын, пункт іші газ желісіне қосылып, қазір іші жылыды.

5. Мәдениет және спорт саласы бойынша округте клуб және кітапхана жұмыс жасайды. Қараша айында кітапханаға компютер алынып, телефон желісі, интернет желісіне қосылды. Модульдік кітапхана санатына қосу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Клуб, кітапхана үйлері ескірген, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Биылғы жылы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады. Округте мәдени шаралар өтікізіліп, ауданда өтетін іс-шараларға қатысып тұрады. Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі халыққа жолдауында халықтың тұрмыс-жағдайы, еліміздің өсіп-өркендеуі, болашақ жастардың тәрбиесі, білімі төңірегіндегі келелі мәселелер қозғап дамуға жаңа серпіліс, жаңа күш, жаңа бағыт беріп отырады. Клуб және Кітапхана халықтық яғни Наурыз, Құрбан айт, қарттар күні сияқты мерекелерге және Ел басының жыл сайынғы халыққа жолдаған жолдауын саяси ахуалдарға байланысты, кітап көрмелері, тақырыптық кештер, дөңгелек столдар т.б. жұмыс түрлері жүйелі түрде насихатталып отырады. Қазіргі таңда кітапхана молульный жүйеге көшіп, кітапханада 10300 кітап қоры бар, 2014 жылы 500 жаңа кітаппен толықты. 480 оқырманы бар.

6.Кәсіпкерлік саласы. Округте 2 дүкен жұмыс жасайды. 2020 бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер Ш.Құрмашева арнайы курста оқып, монша салу үшін 2 млн. теңге көлемінде несие алды. Монша салынып тұр, осы 2015 жылға қосу жоспарлануда. Сонымен бірге ауылымыздан тойхана ашам деген А.Дабыловқа ауыл ортасынан жер берілді, сыртын көтеріп қойды, биылғы жылға аяқтау жоспарлануда. Несие алу жөнінде жұмыстар жүргізуде.Сол сияқты басқа да кәсіп түрлерін ашам деген азаматтарға үкімет тарапынан қолдау көрсетілуде сол мүмкіншілікті пайдаланын кәсіптеріңізді ашып алыңыздар. Өркениетті елдерді салықтың 70-90 пайызын орта бизнес өкілдерінен түскен салық құрайды, әкімшілік тарапынан да жер бөліп, басқа да көмектер көрсетуге біз дайынбыз. Ауылымыздан бір мини маркер салу да бүгінгі күннің талабы. Тіркелмей жұмыс жасап отырған сауда орындары бар, оларды салық органдарына тіркетіп жұмыс жасатуымыз қажет, түсетін қаржы әкімшілік есебіне түседі. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келген әрбір азаматқа несие алып, немесе өз қаржысы есебінен кәсіпкерлік нысандарын ашуға мүмкіншіліктер мол. Осы жылға 2020 бағдарламасы бойынша тіркеу жұмыстары жүріп жатыр, программаға ілінгісі келген азаматтардың жолығуларын сұраймын. Бағаны тұрақтандыру бойынша да елді мекенге азық-түлік пен жем-шөп таситын кәсіпкерлермен мемарандум жасалынып, сататын тауарларын белгіленген бағадан асырмау жөнінде келісімдер жасалынды, жыл бойы айына екі реттен келіп қызмет көрсетті.

6.Инфрақұрылым. Округ орталығында және «Ақтан батыр», «Қорғанжар» елді мекендері ДАМА сымсыз телефон желісіне көшкен. Телефон желісі арқылы интернетке шығу мүмкіншілігі ұлғайды. Қазіргі күнге 27 отбасы интернет желісіне және мектеп, әкімшілік, кітапхана интернет жүйесіне қосылған. Округ елді мекендері телефонмен толық қамтемесіз етілген. Сонымен бірге округ көлемінде «Кисель», «Биллаин» ұялы телефон желілері жұмыс жасайды. Су жүйесі аудандық «Ұлы Борсық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басқаруында. Су қазіргі күнге дейін тұрақты беріліп келеді. 2014 жылы Қотыртас елді мекенін сумен толық қамтемесіз ету үшін Шахты жерінің аумағынан «Ақпан»ЖШС. 4 ұңғыма қазап су көзін анықтап кетті. Су қоры мол және өте сапалы су көзі табылды. Үкіметтің бағдарламаға енуіне байланысты жақын жылдары су желісі тартылатын болады. Шалқар газ шаруашылығы мекемесі ауылымызды газбен қамтемесіз етіп отыр.Электр қуатын беру бойынша да жұмыс тұрақты. Биылғы жылы елді мекендерді жарықтаныру бағдарламасы бойынша орталықта 7 нүктеде электр шамдары жұмыс жасап тұр, түн мезгілінде көшелерге жарық береді. Бөлінген қаржы көлеміне байланысты осы нүктелерде тұрақты жарық болатын болады.

7.Қоршаған ортаны қорғау. «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша 10 түп қарағай ағашы алынып мекеме алдарына егілді және де демеушіміз М.Өндіргеновтың қолдауымен 200 түп қарағай ағаштары алынып мекемелерге және ауыл тұрғындарына егу үшін таратылып берілді. Дегенмен су көзінің тапшылығына байланысты бұл отырғызылған ағаштың толық шығуына мүмкіншілік болмай тұр. Тұрғындар тарапынан үй жайларын жөнге келтіру, төбелерін көтеру, аулаларын дұрыстау жұмыстары жақсы жүруде. Биылғы жылы көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жалғастыруларын сұраймын. Округтегі мекемелер қатысуымен 8 рет сенбіліктер өткізілді. Саябақтар тазартылып, ағаштары әктелді. Көшелерге, белгіленбеген жерлерге күл-қоқыс төккен азаматтарға, учаскелік инспектормен бірлесе отырып рейдтер жүргізіліп, ескертулер жасалынды. Көпшілік тұрғындар бұған түсіністікпен қарап, тазалықты сақтауда. Тазалық жұмыстарына ат салысып, өз көмектерін көрсетіп отыратын азаматтар да баршылық. Керісінше жұмыс жүргізгендер заң талаптары бойынша жауап беретін болады.

8.Бюджет саласы. 2014 жылдық тапсырма, мүлік, көлік және жер салықтары толық төленді. Ал кейбір шаруа қожалықтары салықтарын уақтылы төлемей округ көрсеткішіне кері әсерін тигізуде, олар жер, салық мекемелеріне беріліп, шаралары алынатын болады.

9.Қоғамдық тәртіп. Аудандық ІІБ қызметкерлерінің және учаскелік инспектордың қатысуымен мектеп оқушылары арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады.. 2014 жылы округ бойынша қылмыстық іс тіркелген жоқ. Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу үшін, мектеп мұғалімдері, ата-ананалар, уч. инспектормен бірігіп құрылған кезекшілік жұмыстары жүргізілуде. Округ тұрғындарының шағымдары бойынша ауданнан арнайы ит ататын мекеменің адамдары ауыл көшелеріне шығып, иесіз жүрген 21 ит атылды. Биылғы жылы учаскелік инспекторға әкімшілік балансында тұрған бір пәтерлік тұрғын үй беріліп, газ желісіне қосылды.

10.Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:

1.Мектепке дейінгі балалар мекемесіне алдына балалар ойын алаңы мен қоршау салу.

2.Ақтан батыр ауылына газ желісін кіргізу жұмыстарын жүргізу

3.Клуб, кітапхана ғимаратына газ желісін кіргізіп, жылу жүргізу.

4. Спорт алаңы ашылуына қол жеткізу

5.Жұмыс жасамай тұрған шаруа қожалықтарының жерін қайтару.



6.Профилактикалық шараларды уақытылы жүргізіп, медициналық көмек көрсету сапасын арттыру.

Құрметті Ақтоғайлықтар: 2014 жылы біз, бүкіл дүниені дағдарыс буып тұрғанына қарамастан, өзіміздің жасампаздық жолымызды жемісті жалғастырдық, экономикамыз дамып, халықтың әл-ауқаты арта түсті.2015 жыл –ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Халқы –Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Паритотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан Халқы Ассамблиясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен тыныштығы ең басты назарда. Келіп жатқан қой жылы да мол табыстарға толы болады деген сенімдемін

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет