Жауап: Саяси қақтығыс



бет1/3
Дата01.11.2023
өлшемі23.47 Kb.
#482051
  1   2   3
f6087aa9a5577f


Студент: Өтепберген Жанганым Комсомолқызы
Тақырыбы:
Саяси қақтығыстарды реттеу технологиялары?
Жауап:
Саяси қақтығыс - саясат субъектілерінің саяси мәртебе мен институттарды, әлеуметтік тәртіпті сақтау немесе өзгерту, түрлендіру мақсатындағы билік үшін теориялық және іс-жүзіндегі күресі. Саяси қақтығыс ұғымы әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің теке-тірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді. Сонымен бірге, саясат әлемінің ажырамас бір бөлігі, оның қозғаушы күші. Бұл тек саясаттану ұғымы емес, сонымен бірге саясат теориясының тілі, саясаткердің ойлау үлгісі. Саяси қақтығыстар саяси-мемлекеттік билікті жүзеге асыру мен бөлісу үрдісіндегі әр түрлі әлеуметтік-кәсіби, этноконфессиялық және басқа да топтар мүдделерінің сан алуандылығынан туындайды. Саяси қақтығыстардың шығуы саяси саладағы мәртебелік-рөлдік құрылымның сатылығымен байланысты; саяси құқықтар мен бостандықтарды бөлудегі теңсіздік; саяси өмірге қатысу деңгейлері мен түрлері; саяси мәдениеттегі айырмашылықты көрсетуімізге болады. Саяси қақтығыстар пәні - билік, өкілеттілік, т.б.
Саяси қақтығыстар өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңде қақтығыстарға негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Саяси қақтығыстарды шешудің жолдары: қақтығысты мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп даужанжалға қатысушы тараптардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады; зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болып, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Тараптарды татуластырудың ең кең тараған түрі - келіссөздер. «Қақтығыс» сөзі латын түбірінен тура аударғанда қақтығыс деген мәнді білдіреді.Энциклопедиялық сөздіктерде қақтығыс атауы қарама қарсы күштердің ,мүдделердің, пікірлердің , көзқарастардың қақтығыстары терең келіспеушілік туғызатын күрделі қатынастар және күрес деп түсіндіріледі.Ал пәлсафада бұл тұжырыммен қайшылықтардың даму түрі, болмаса кезеңі көрініс тауып отырған қайшылықтар құбылысы өзінің бірін бірі жоққа шығару және қайшылықтарды шешу шеңберіне жеткенде белгіленеді, яғни қақтығыс деген анықтама қатынастар түрімен , ондағылардың өздерінің талпынастарына қарай бір біріне қарсы шығумен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет