Үкімет Фракциясы 1 спикер
Бұл палата Қазақстанда атом электр станциясының құрылуын қолдайды.
Атом электр станциясы (АЭС)— атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы.
Қазіргі кезде әлемде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жай қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті.
Міне, сол энергия көздерінің бірі ретінде АЭС- пайдаланылуда. АЭС – атом электр станциясы, атом энергиясын электр энергиясына айналдырады. Әлемде қазіргі кезде өндірісте ядро электр энергиясын пайдалану бойынша АҚШ (836,63 млрд кВт·сағ/жыл), Франция (439,73 млрд кВт· сағ/жыл), Жапония (263,83 млрд кВт· сағ/жыл), Россия (160,04 млрд кВт· сағ/жыл), Корея (142,94млрд кВт· сағ/жыл) және Германия (140,53 млрд кВт· сағ/жыл) өндіріп отыр.
Осыған сәйкес атом электр станцияларын жылу электр станцияларының бір түрі деп те қарауға болады. Бұл аталған электр станцияларындағы бу-қазан агрегаты, бу немесе газ трубинасы және электр генераторлары сияқты негізгі элементтері бірдей. Әрине, АЭС – тердегі ядролық отындардың жылу бөлгіштік қабілеті кәдімгі органикалық отындардан бірнеше есе артық.
Абай облысының Курчатов қаласында атом электр станциясының құрылысы 2021 жылдан басталған. Оған дайындық жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Ал, еліміз атом энергиясын мөлшермен он жылдан соң пайдалануға мүмкіндік алады. Бұл туралы Курчатов қаласында Қазақстан және Жапон елінің ғалымдары арасында өткен халықаралық жиын барысында айтылды.АЭС туралы
«Бұл нысан бізде болса, Семей көркейеді. Өндірістік қала жанданатын еді. Шағын және орта бизнес инфрақұрылымы да алға басатын еді»,дейді - Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Оппозиция
Қазақстан республикасыда өз кезегінде Маңғыстауда және Балқашта АЭС салатындығын неше мәрте мәлімдеді, сонымен бірге бұл жобаны Ресеймен бірігіп жүзге асыратындығында айтты. Жапонияның «Фукусима-1» АЭС-да болған жарылыстар әлемнің алпауыт елдерінің өздерін әбігерге салып, АЭС-тен бас тартуына әкеліп соқтырғанда, бұл жағдайлар бізді алаңдатты. Қазақстанда АЭС салу мәселесіне әлі де терең зерттеулер жүргізілуі керек. Мәселен, Жапонияда бір ғана атом электр станциясында жарылыс болды. Оның зардабын жапон халқы әлі тартып келеді. Ал бірнеше АЭС-та жарылыс болғанда жағдай не болар еді?
Жапониядағы жарылыстан, Чернобыльде болған апаттан сабақ алуымыз керек. Беретін энергиясының көптігімен қоса, АЭС-тің өзіндік проблемалары жеткілікті. Радиацияның кесірінен көптеген тірі организімдердің құрылысы өзгеріп мутация ұшырауы баршамызға белгілі. Маңғыстау өңірі сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі, егер мұнда АЭС-салынса, тәбиғи зіл-зала бола қалған жағдайда, Жапонияның тағдырын тартуымыз әбден мүмкін. Ал Балқаштағы жағдай мүлде басқа. АЭС-суды өте көп қажет етеді, онсызда суы тартылып, құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған Балқаштың жағдайын АЭС-арқылы тіпті де ауырлатып жібереміз. Ал, АЭС-тен шыққан қалдықтарды бір жақтылы ету әлемде ешқандай елдің қолынан келмей отыр. Осы жағдайларды ескерсек, АЭС-тің бізге пайдасынан зияны көбірек. Сондықтан АЭС-тен бас тартып, энергияның басқа көздерін тапқанымыз әбден дұрыс болар.
Достарыңызбен бөлісу: |