Дебат ойыны жайлы білесіз бе? Дебат деген не? Бұл сұраққа әр түрлі анықтама табуыңыз мүмкін.Бірақ не екенін соның бір бөлшегі болғаныңызда ғана түсінесіз. Дебат – тәртіп пен тәрбие. Бұл ойында пікір таластыра,сөз жарыстыра отырып тәртіп сақтайсыз. Дебатқа қадам басқан күннен бастап сөйлеу әдебіңіз сыпайылыққа «сізге» ауысады. Тек бұл ғана емес айналаңыздағы адамдарға «ханым,мырза»-деп құрмет көрсетесіз. Бұл алғашында мен үшін жат болатын. Ханым,мырзаны тек кинодан естуші едім, ал дебатта өзіңді «Сымбат ханым...» -деп атағанда үнемі күлкім келетін. Уақыт өте келе бұл мен үшін әдетке айналды. Жай ғана әдет емес,мәртебеге айналды десем артық айтқаным емес. Дебат маған көптеген достар сыйлады. Өз достарымды жаңа қырынан таныдым. «Ойында қарсылас болсаңыздар, өмірде дос болыңыздар» - бұл төрешінің ойын соңында қортындылап,қол алыстыратын сиқырлы сөзі болатын. Ойын аяқталған мезетте қарсылас топпен танысуға асығатынбыз (үлкен жарыстарда). Бұл дебаттың маған берген ең үлкен сыйлығы. Бұл тек бір төбе. Ал дебат ойыны барысында сіз нақтылыққа, ойыңызды тура жеткізіп, жүйелілікке үйренесіз. Айтылған қарсы пікірге қарамастан өз ойыңыздың дұрыстығын дәлелдейсіз. Дебатта сіздің бойыңыздан табылуы керек қасиеттер: білімділік, батылдылық (көпшілік алдында сөйлеген кезде), әдептілік. Дебат – ұрыс алаңы емес Дебат дегеніміз – пікірсайыс. - Жарыссөз, айтыс десек те болады. Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын. Дәлелдер мен фактілерге сүйенеді. Дебат тәртіпке бағынады. Ойыншылар бір-бірін «ханым», «мырза» деп атап, құрмет танытады. Қарсыластың жеке басына тиісуге болмайды. Дебатта уақыт шектеулі. Сондықтан оны дұрыс жоспарлай білу керек. Қатысушы білімді, батыл және әдепті болуға тиіс. Ең бастысы, дебат – ұрыс алаңы емес, нақты тақырып аясында арнайы ережелер негізінде ой жарыстыру.
- Дебат жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ортаңыз өзгереді, достарыңыз көбейеді. Сөйлеу мәдениетіңіз қалыптасып, ойды тиянақты жеткізуге дағдыланасыз. Кез келген тақырыпта ойыңызды еркін, нақты жеткізе аласыз. Үнемі ізденісте боласыз. Айтылған қарсы пікірге қарамастан, ойыңыздың дұрыстығын дәлелдейсіз.
- Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзін-өзі басқару, білім беру процесін демократияландыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру және бар мәселені бірлесіп шешу сияқты салаларда пікірсайыстың оң ықпалы бар екенін айтып, дебатқа қолдау білдіріп жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |