Данара : Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Ерали :Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Біз нені үйрендік?
Оқуды,жазуды есеп шығарып,ән айтуды, би билеуді.Үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды.
Біз нені сүйеміз?
Отанды, ата-ананы,халқымызды,достарымызды, табиғатты, ұстаздарымызды,мектебімізді.
Біз нені ажырата аламыз?
Жақсылық пен жамандықты,ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты.
Бізді болашаққа не бастайды?
Ұстаздың көрсеткен жолы, ата-ананың ақылы,болашаққа деген сенім.
Біз кім боламыз?
Адал азамат, ақылды ару,оқымысты ғалым,елін сүйген ер.
Бұйрық оқиды.
2023 жыл.4 «В» сынып балдырғандары,бастауыш сатыдан орта буынға қабылдансын. Қабылданбас бұрын ант берілсін!
1.Бастауыштағы қызықты күндерді мәңгі естен шығармауға Ант етеміз!
2.Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін ақтауға Ант етеміз!
3.Орта буында оқитын басқа пәндерден қорықпауға Ант етеміз!
4.Бастауыш патшалығының атына кір келтірмеуге Ант етеміз!
Хормен: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің қоштасу кешімізге болашақ 1- сынып оқушылары да келіп отыр. Біз бүлдіршіндерге бастауыш сыныптың кілтін ұсынамыз. Білім кілтін сыныптың үздігі Жакежанова Айзере тапсырады
Айзере:
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі біздей азамат болғалы тұр.
Біріншіге келетін балаларға
Тапсырамын білімнің мен кілтін. (0 «А» кілт беріледі)
Алижан:- Күндіз-түні ойладыңыз бала қамын. Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын. Басқарып директор боп осы ұжымды Баршаны аялаған алақанын - дей келе білім ордамыздың басшысы сөз беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |