Жақсылықтан жақсылыққа
Ешқандай жақсылық зая кетпейді.
Үнді нақалы
Мақсаты:Оқушылардың «жақсылық»құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері:
-жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
-имандылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа,оқулық,дәптер.
Шаттық, шеңбері.
Балалар шеңбер құрып тұрады.Үнтаспаға қосылып бәрі бірге көңілді ән шырқайды:
Достық Сөзін жазған Е.Елубаев
Әнін жазған И.Нүсіпбаев
Мұғалі сабақ тақырыбымен таныстырады:
-Бүгін «Адам болам десеңіз...» тарауының қорытынды сабағы.Біз бұл тарау арқылы еңбекқорлықты еріншектіктен ажырата білуді, ашуды ақылға жеңдіруді ,сабырлы болуды,қуаныш сыйлауды, талаптана білуді үйрендік,төзімділік,табандылық батылдық, өжеттік ұғымдарын түсіндік. Ал осы үйренгендеріміз бізді жақсылық жасауға жетелейді «Жақсылық» ұғымы
1-кезең. Ұғымға анықтама беру
/Мұғалім оқушылардан «жақсылық» дегенді қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылар өз ойларын білдіреді./
Оқушылар:
Жақсылық– адамдықтың белгісі.
Жақсылық – адамның сипаты.
/Мұғалім оқушылардың айтқанын тыңдап, жақсылық ұғымының анықтамасын өзі айтады./
-
Жақсылық– адамдықтың белгісі. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.
-
Өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларда басқаларға зиян келтірмей, ой мен істің бірлігін сақтай отырып, байыпты шешім қабылдай алу – жақсылықтың нышаны.
-
Жақсылық жасағысы келген адам ешкімнің сұрағанын күтпей,көмек етудің мүмкіндіктерін өзі іздейді.
-
Жақсылықты ақы мен мадақ үшін істемеу керек,басқаның мұхтаждығын өзінің қажетіндей сезініп істеу керек.
2-кезең. Ұқсас ұғымдарды табу
/Мұғалім оқушылардың жақсылыққа ұқсас ұғымдарды атап берулерін сұрайды./
Оқушылар:
Жақсылық –жанашырлық,қайырымдылық,мейірімділік,ізгілік,т.т.
Мұғалім:
– Бойында осындай құндылықтар бар адамды қалай атауға болады?
Оқушылар:
Жақсы,жылы жүректі,ақниетті,... .
3-кезең. Қарама-қарсы ұғымдағы сөздерді атау
/Мұғалім оқушыларға әсемдікке қарама-қарсы ұғымдағы сөздерді атауды тапсырады.
Оқушылар:
Жақсылық–жамандық.
Жақсылық–қатігездік.
Жақсылық–жауыздық ... .
Мұғалім:
–Жамандық,қатігездік деген нені білдіреді?
Оқушылар:
–... дегенді білдіреді.
4-кезең. Ұғымның басымдылық жағына анықтама беру
/Мұғалім оқушылардан «жамандық» ұғымын жағымды жағынан қарастырып, оның басымдылық, артықшылық жағын айтуларын өтінеді./
Оқушылар:
- Жақсылық бақытты сезіндіреді.
- Жақсылық шаттыққа кенелтеді.
- Жақсылық мақтанышқа бөлейді.
Мұғалім:
– Бұл қасиет несімен бағалы?
Оқушылар:
–жақсы істерімен,ақниеттілігімен,жылылығымен;
–адамның адамдық сипатын беретіндігімен.
Мұғалім:
– Осы қасиет адамға қажет пе?
Оқушылар:
Мұғалім:
– Егер осы қасиет өз бойыңнан табылса, сен қандай күйде болар едің?
Оқушылар:
Мұғалім:
– Осы қасиетті иеленген адамның қандай артықшылығы болады?
Оқушылар:
– Ол адам ақ жүректі,адал, сенімді, бақытты, қуанышты, т.т;
Мұғалім:
– Бойында осы қасиет жоқ адам қандай болады?
Оқушылар:
– көңілсіз, ренішті,қатігез,менмен,өзімшіл т.т;
5- кезең. Ұғымның кемшілік жақтарын табу
Мұғалім:
–Жақсылықта кемшілік бар ма?
/Тапсырма алдымен жекелей орындалады. Сосын топта талданады. Ортақ шешім жария етіледі/
Оқушылар:
–.
Мұғалім «әсемдік» ұғымының жағымды жақтарын және жағымсыз жақтарын атап жазуды тапсырады.
Жақсылық
жағымды жақтары жағымсыз жақтары
... ...
/Тапсырманы тақтада орындауға болады, парақ бетін ақ-қараға бөліп, ақ жағына жағымды, қара жағына жағымсыз жақтарын жазуға болады./
6- кезең. Өзара әрекеттестік рефлексиясы
/Оқушы осы технологиямен жұмыс жүргізу барысындағы өз әрекетіне талдау жасайды./
Мұғалім:
– Өз көңіл күйіңді айтып бер.
Оқушы:
– ... .
Мәтімен жұмыс
Оқушылардың жақсылық жасауға қызығушылықтарын арттыру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады.
Мәтінді мұғалім әңгімелеп береді.
Бұлақ сылдыры М.Көккөзов
Қиыршық қызыл құм жолаушының бетіне тиеді.
Керуеннің шыққанына бірнеше күн болған.Ұзақ жүрістен,ыстықтан,желден шаршаған керуендегілердің бірі ояу,бірі түйе үстінде мүлгіп келеді.Қанша күн жүргенін де есептемейді. Бір күні жолай аштықтан,шөлден әбден қалжыраған адам кездеседі.Ес-түссіз жатыр екен.Бірақ керуеннің алды бұл адамға назар аудармай өте берді. Сонда керуеннің соңындағы бір шал түйесінен түсіп , ессіз жатқан адамның қасына барады.Жатқан адам: «Су...»-дейді. Аспан айналып жерге түскендей ыстық,аңызақ желмен сапырылған қиыршық құм сексеуіл түбіне ұйлығады.
Шал торсығын алып ,жатқан адамның беті-қолын жуып,су ішкізеді.Әлгі адам есін жиған соң,шал оның алақанына қарап: «Сен менің жауым екенсің.Бірақ шөлде бәріміз туыспыз.Мен қартайдым. Сен жассың,су іште, өмір сүр»,-дейді де,түйесіне мінгізіп,керуеннің соңынан жіберіпті. «Өзіңіз қайтесіз?»-десе, «Менің демім санаулы»,-дейді шал. Жолаушы керуенді қуып жетуге ентелейді.Ұясына батып бара жатқан күн де адамның жақсылығы зая кетпесе екен дегендей, ұзақ аялдайды.Бұл кезде жолаушы керуенді қуып жетеді.
Шал ақ мақтаға оранып,құмға жата кетеді.
Күндер,айлар өтіп, керуен кері қайтады.Жолаушыларға шексіз құмның арасынан шалқыған су көрінеді.Таяп келсе,көл жиегі көкорай шалғын ,қамыс екен.Керуеншілер шал оранған ақ жамылғыны ғана байқайды.Бұлақтың нәзік сылдыры жүректі сипағандай сезіледі.Бұлақ адамға адамның жақсылық жасаған жерінен пайда болыпты.Нәзік сылдыры жақсылықтың өшпес үні тәрізді.
Балалардың пікірлері сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады.
-
Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар? Сендер солай жасай алар ма едіңдер?
-
Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?
Дәйексөз
Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.
«Ешқашандай жақсылық зая кетпейді»деп үнді нақылында айтылғандай, шалдың жасаған жақсылығы зая кетпеген екен.Ол өзінен жас адамға өмір сыйлады. Оның жасаған жақсылығына табиғат-ана да риза болғандай,бұлақты сыйға тартты.Сол бұлақтан қаншама адам сусынын қандырады, рақметін айтады. Шалдың бір адамға жасаған жақсылығы, осылайша көп адамға тарады,оған оның жақсылығы халықтың алғысы болып оралады.Жақсылықтан жақсылыққа жетесің, жақсылықтан жақсылық туындайды, жақсылық болған жерде жақсылық болады, жақсылық зая кетпейді деген осы.
Тапсырма
Мұғалім оқушылардың білім-біліктерін шыңдау үшін шығармашылық тапсырма береді. Тапсырма бойынша балалар көп нүктенің орына тиісті сөздерді қойып мақал-мәтелдерді оқиды.
Жақсы-... ,
Әлемге бірдей.
...үлгісі
Жанып тұрған... .
...-ортақ,...-ортақ,...-ортақ.
Жақсы келді дегенше,
...келді десейші
...нышанын
Алып келді десейші.
Керекті сөздер: жақсылардың,күн, ай, шамдай, жақсы,жарық, ай мен күндей, жақсылықтың.
Өзіммен өзім.
-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін...
Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.
Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.
Жаңа ақпарат
Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстыру арқылы әрбір адамның жақсылық жасауға ниетті екені,қолынан келетіні, тек соны көрсете білу қажеттігі туралы баса айтады.
Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді. Жылы жүрек, ақ ниет, нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды.Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа, игілікке жеткізеді.
Тапсырма
Оқушылардың білім-біліктерін бекіту үшін тапсырма беріледі.
Тапсырмада өздерінің жасаған жақсылықтарын айтып береді.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін байқау мақсатында тапсырма беріледі.
Тапсырма
Оқушылар тарау бойынша үйренген, ұғынған асыл қасиеттерді жақсылық жасауға қандай көмегі болатынын ойланып, дәптерлеріне жазады. Тапсырман орындап болған соң әр бала өз жазбасын жария етеді
Қортындылау
Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қортындылайды.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалімнің оң жанындағы тұрған бала қолдан жасалған «жүрекшені» жүрек тұсына ұстап тұрып «Мен мейірімді жүрегіммен айналама жақсылық жасағым келеді»деген сияқты лебіздерін білдіріп , келесі балаға береді. Осылайша барлық бала өз тілегін айтып шығады .Бәрі бірге қол ұстасып мына өлең жолдарын екі рет қайталайды:
Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға
Жасап жүргін жақсылық,
Қайырады саған да.
Балалар барлығы қосылып,ән шырқайды, үнтаспадан тыңдауларына да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |