Ауаны және отынды беру және пайдаланылған шығару приборларының құрылымы



Дата02.01.2022
өлшемі12.91 Kb.
#452669
Зертхана 18


№18 Зертханалық жұмыс

Ауаны және отынды беру және пайдаланылған шығару приборларының құрылымы.

Жұмыс мақсаты: Ауаны және отынды беру және пайдаланылған шығару приборларының құрылымын түсіндіру.

Жұмыс орнының құрал-жабдықтары: Қолғап, Кілт, Көтергіш, Тістеуік, бұрағыш т.б жатады. Блок-картер,гилза,цилиндір,дизельдің бас головкасы,блок-картер головкасы,поршен саусағы,сақиналар мен шатун,шатундық вал, микрометр, қысқыштар,поршен сақиналарын шешетін бұрғылар жиынтығы.

Жұмыс барысы:

Қозғалтқыш қаңқасы – механизмдер мен жүйелерге тиянақ (база) болатын қозғалмайтын бөлшектер тобы. Оған картер блогы, цилиндрлер, иінді білік подшипниктерінің қақпақтары, картер блогының алдыңғы және артқы беттері, сондай-ақ май құйылатын астау мен бірқатар ұсақ бөлшектер жатады. Қозғалыс механизміне цилиндрдегі газ қысымын қабылдайтын және сол қысымды қозғалтқыштың иінді білігінің айналдырушы моментіне түрлендіретін қозғалмалы бөлшектер жатады. Оның құрамына поршень, шатун, иінді білік пен маховик кіреді. Газ тарату механизмі жанғыш қоспаны тиісті цилиндрге дер кезінде беру және пайдаланылған газды сыртқа шығару қызметін атқарады. Бұл механизм құрамына жұдырықшалы білік, итергіш, штанга, клапанды ашатын күйенте мен оны жабатын серіппелер жатады. Майлау жүйесі үйкеліске түсетін беттерге жағар май жеткізетін агрегат пен арналар жүйесінен тұрады. Суыту жүйесі сұйықты немесе ауалы болуы мүмкін. Сұйық арқылы суытқыш сұйықпен (су, антифриз) толтырылған цилиндр астарларынан, сорғыдан, радиатордан (сұйық желдеткіш тудыратын ауа ағынымен суытылып отырады) және су температурасын реттеп отыратын құрылғыдан құралады. Ауамен суыту цилиндрлерді желдеткішпен не ауа ағынымен (мотоциклде) үрлеуге негізделген. Бұл жүйе отын багынан, айдамалау сорғысынан, сүзгіден, түтіктер мен карбюратордан құралады.



Қорытынды: Ауаны және отынды беру және пайдаланылған шығару приборларының құрылымын түсіндік.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет