Мазмұны
№3-зертханалық жұмыс. Компьютердің архитектурасы. Ақпараттарды сақтау. Санау жүйелері ………………………………………………………...…
|
4
|
№4-зертханалық жұмыс. Алгоритмдер. Алгоритмді әзірлеу негіздері. Блок-схемалар …………………………………………………………………………...
|
9
|
№5-зертханалық жұмыс. Операциялық жүйелердің негізгі элементтері (командалар, утилиталар) ………………………………………………………
|
18
|
№6-зертханалық жұмыс. Интернет. Негізгі түсініктер (сайт, IP-адрес, порт, сокет, сервер, клиент) …………………………………………………………….
|
25
|
№7-зертханалық жұмыс. Графиктік қосымшалармен жұмыс …………………
|
38
|
Әдебиеттер тізімі
|
|
№3 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Компьютердің архитектурасы. Ақпараттарды сақтау. Санау жүйелері.
Жұмыстың мақсаты: Дербес компьютердің құрылысын, ақпаратты сақтау әдістерін және компьютерде қолданылатын санау жүйелерін меңгеру.
Теориядан қысқаша мағлұматтар
Дербес компьютердің құрылысына оның логикалық ұйымдастырылуы, құрылысы және ресурстары жатады. Қазіргі заманғы дербес компьютерлердің құрылысы магистральдік-модульдік қағидаға негізделген. Модульдік қағида бойынша қолданушыға өзіне қажетті компьютер конфигурациясын жинақтау және оны қалауынша жаңарту мүмкіндігін береді.
Көптеген компьютерлердің құрылу негізі Джон фон Нейман (1949 ж.) қағидасына негізделіп құрылған.
Бағдарламалық басқару қағидасы – бағдарлама бір-бірінен соң нақты бір тізбекпен автоматты түрде процессор арқылы орындалатын командалар жиынтығынан тұрады.
Жадының біртектілік қағидасы – бағдарлама және берілгендер тек бір жадының ішінде ғана сақталады; берілгендерге орындалатын әрекеттерді командаларға да орындауға болады.
Адрестілік қағидасы – негізгі жады құрылымдық тұрғыдан нөмірленген ұяшықтардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |