Аудан аумағының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша ауданның санэпидқызметінің жұмысы туралы хабарлама



Дата01.07.2016
өлшемі87.07 Kb.
#171004
Аудан аумағының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша ауданның санэпидқызметінің жұмысы туралы хабарлама
Көкпекті ауданында 2013 жылдың 6-айының қорытындысы бойынша бақылауда тұрған нысандардан табылған кемшіліктерге байланысты 1088496 теңгеге 145 айыппұл салынды, оның ішінде 124 айыппұл, 948285 тенге өз еркімен төленді, 21 – айыппұлдың төлеу уақыты келген жоқ, 1-айыппұл уақытында төленбегендіктен өндіру үшін сот орындаушылырына жіберілді. 9- адам медициналық тексеруден өтуге жұмыстан уақытша аластатылды, анықталған санитарлық-гигиеналық ақауларды жою бойынша 49 санитарлық ұйғарым берілді . Санитарлық ереженің талаптарының өрескел бұзылуының анықталуына байланысты және анықталған кемшіліктерді жою үшін 14 – нысан бойынша ақпарат экономикалық сотқа жіберіліп, 10-нің шешімі алынды, 4- іс қаралуда.
Жұқпалы аурулар
2013 жылдың 4-айында вирустық гепатиттің «А» түрімен ауырған сырқат тіркелген жоқ. Вирустық гепатиттің «В» созылмалы түрімен ауырған 5 жағдай, «С» созылмалы түрімен ауырған 3- жағдай тіркелді/ 2012 жылдың 6-айында ВГ ауруы тіркелген жоқ/. Вирустық гепатит ауруларымен қарым-қатынаста болған 5 – бала егілді, 3-адамның қанының маркерлік құрамын анықтау үшін тексеруге жіберілді, қортындысы әлі түскен жоқ.

ҚР ДСМ 2010 жылы 27 мамырда шығарылған № 11 және № 12 Қаулысына сай вирустік гепатитке қарсы тексеру үшін медициналық қызметкерлердің базасы әзірленіп, 157 қызметкерді тексеруден өткеру анықталды. 2013 жылдың 6-айында Көкпекті орталық ауруханасы бойынша 77 қызметкер, аудан аралық Самар ауруханасы бойынша 80 қызметкер тексеруден өткізілді, « оң» нәтиже көрсеткендер анықталғн жоқ.

2013 жылдың 6-айында жіті ішек аурушаңдығы тіркелген жоқ, 2012 жылмен салыстырғанда 1-жағдайға төмендеген.
Иммунопрофилактика
Ауданда «Иммунопрофилактика» бағдарламасы бойынша балалардың иммунитеттарын көтеру мен алдын-ала 5 жасқа дейін қойылатын егілу жұмыстарын қамтамасыз ететін алдын-алу шаралары жүргізіледі.

Ай сайын ауыл орталықтарында пайыздық көрсеткіштегі «Егумен қамтамасыз ететін ақпараттық иммундық бюллетень» шаралары өткізіледі. Аудан бойынша егу жұмыстарын 7- дәрігерлік амбулатория, 34-медициналық пункт, Көкпекті орталық ауруханасы, Самар аудан аралық ауруханасы жүргізіп,қадағалайды. 2013 жылдың 6-айында жоспарлы тексерумен 5- дәрігерлік амбулатория, 16-медициналық пункт,Самар аудан аралық ауруханасы қамтылды. Тексеру барысында анықталған санитарлық ереженің талаптарының бұзылуына байланысты 22 хаттама толтырылды.Ай сайын егумен қамтыу жайлы есеп беріледі. Барлық егу пункіттері тоңазытқыштармен, термоконтейнерлермен, суықтату элементерімен жабдықталған. Бұл өз кезегінде вакцинаның дұрыс сақталуына әсер етеді. Вакцинамен қамтамасыз ету Көкпекті орталық ауруханасы арқылы жүргізіледі.

Екі жастағы және 14 жасқа дейінгі балалар егу төлқұжатарымен 100 пайызға қамтамасыз етілген. Жасөспірімдерде 2340, 19-дан жоғары жасқа толған 6310 адамда егу төлқұжатары бар.

2013 жылдың 6-айында балаларды алдын алу екпе жұмыстары ең төменгі-ең жоғарғы көрсеткіштер аралығы 47,4-49,9 пайыз облыстық көрсеткіштер бойынша:




Вакцинация

%

Ревакцинация

%

АКДС

50,0

АКДС

49,9

ОПВ

50,0

АДС (6-7 жас)

36,6

ВГВ

50,0

ККП 6 жас

57,6

КОРЬ

50,0

АД-М (12 жас)

47,3

ПАРОТИТ

50,0

АДС-М (16-17 жас)

49,9

КРАСНУХА

50,0






ХИБ

50,0








Коммуналдық бөлім
Көкпекті ауданында 2013 жылдың 6-айы бойынша 31124 адам тұрады, оның 49 пайызы (15030 адам ) ауыз сумен ауылдық су құбырынан қамтамасыз етіледі, ал 51 пайызы ( 15608 адам) құдықтардан ішеді. Яғни аудан халқы 100 пайызға таза ауыз сумен қамтылған. Ауданда 5-ауылдық ауыз су құбыры бар. Олар келесі ауылдарда орналасқан:

1. Көкпекті ауылы

2. Самар ауылы

3. Ново- Тимофеевка ауылы

4.Палатцы ауылы № 1

5.Палатцы ауылы №2

Көкпекті мен Самар ауылында суды тазарту жұмыстары бактерицидтік жолмен жүзеге асады. 2013 жылдың 6-айында су құбырларынан алынған ауыз судың 75 сынамасы бактериологиялық және 75 сынамасы санитарлық-химиялық тексеруден өтті, оның ішінде санитарлық нормаға сәйкес келмейтін сынма анықталған жоқ. Көкпекті ауыз су құбырында көктемгі және жазғы жұмыстарға дйындық кезінде ревизиялық жұмыстар жүргізіліп, көктемгі жуу және залалсыздандыру өткізілді. Көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізу туралы КМКК басшыларына 4 санитарлық ұйғарым берілді.Ауданда МСЭҚКД Көкпекті аудандық басқармасының қадағалауында 9- қоғамдық құдық бар:

1. Егін-Бұлақ ауылы - мектеп ауласында орналасқан ортақ құбырлы құдық

2. Қарғалы ауылы – бастау

3. Егін-Бұлақ ауылы - ортақ құбырлы құдық

4. Кіші-Бөкен – бастау

5. Романовка ауылы – ортақ құбырлы құдық

6. Самар ауылы Совет көшесі -299 – қоғамдық құдық

7. Самар ауылы Фонов көшесі -37 – қоғамдық құдық

8. Самар ауылы Школьная көшесі- 123 – қоғамдық құдық

9. Самар ауылы – бастау.


Балалармен жасөспірімдер гигиенасы

Көкпекті ауданында 42 мектеп бар, оның ішінде 28 типтік, ал 14 ыңғайлы. Барлық оқушылар саны 4401, ыстық тамақпен 4187 (96 %) қамтылған

Ауданда 1 балалар үйі, 2 мектеп интернаты және 3 мектепке дейінгі бала-бақша жұмыс жасайды. Көкпекті ауданында 42 мектепте 57 компютерлік класс жүмыс істейді, барлық компютерлер саны 930, оның ішінде 550 « Пентиум» компютері, 380 компютер 2001 жылы шығарылған, алмастыруға жатады. Сыныптар бойынша бір оқушыға 5-6 шарш метрден келеді, бастауыш сынып оқушылары компютермен 15-20 минуттан, жоғарғы сынып оқушылары 30 минуттан жұмыс жасайды. 30 мектепте медициналық кабинет бар, медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілген.Барлық мектептерде жеке бас гигиенасын сақтауға жағдай жасалған.Санитарлық ереженің талаптарына сай дәретханаларда,қоқыс төгу алаңдарына,қалдық су төгетін шұңқырларға ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілген. 2013 жылдың 6-айында жоспарлы түрде 16 мектеп тексерілі,ережелерді бұзуға байланысты 40 хаттама құрылып, 266271 теңге көлемінде болатын айыппұл салынды. 10 санитарлық ұйғарым берілді.
Тамақ гигиенасы

Көкпекті ауданында 222 нысан есепте. 2013 жылдың 6-айында жоспарлы түрде 2-қоғамдық тамақтандыру нысаны тексерілді, берілген санитарлық ұйғарым – 1, 1- нысан бойынша материал әзірленіп экономикалық сотқа жіберілді, 2- айыппұл 20772 тенгеге салынды. Жоспарлы түрде 44 дүкен тексерумен қамтылып, анықталған кемшіліктер бойынша 19-санитарлық ұйғарым берілді, 44 хаттама толтырылып 387744 теңге көлемғнде айыппұл салынып,өндірілді. Санитарлық ереженің талаптары өрескел бұзылған 6-нысан бойынша материалдар экономикалық сотқажіберілді. Медициналық тексеруден өтуге 10-адам уақытша жұмыстан аластатылды.

Көкпекті ауданында балаларға арналған сүт асханасы жоқ.

Көкпекті ауданы бойынша 515 бала емізіледі, ал жасанды түрде емізілетін балалар саны – 17. Педиатормен осы балаларға орташа түрде кететін бала тамағы есептеліп, Облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұрау хат жіберіліп, балалар 100 пайызға қосымша қоспа тамақтармен қамтамасыз етілген.

Әр апта сайын құрылған жоспарға сәйкес азық-түлік мониторингі өткізіледі.
Паразиттік аурулар
2013 жылдың 6-айы бойынша қотырдың-1, тері ауруларының – 6,энтеробиоздың 10-жағдайы тіркелген. Қарым –қатынаста болған 12 адам байқауға алынып, толық дәрігерлік тексеруден өтті. Ошақтарда эпидмияға қарсы санитарлық-гигиеналық және санитарлық –ветеринарлық іс-шаралар өткізілді.
Бруцеллез
Сарып ауруының алдын алу іс-шаралары 2011-2013 жылдарға арнап жасалған аудан әкімімен бекітілген кешенді іс жоспарына сай өткізіледі. Сарып ауруының алдын алу бойынша медицина қызметкерлерінің қатысуымен малшыларды профилактикалық тексеруден өткізу туралы семинар өткізілді. Тұрақты малшылар отбасы мүшелерімен 136 адам, терапевтің тексерумен серологиялық тексеруден 136 адам өтті. Күзгі диспансеризацияға 40 адам, қараша айына жоспарланған.

Ағымдағы кезең бойынша «Жедел сарп» ауруының дәлелденген түрінің 4-жағдайы тіркелді, Көкпекті,Преображенка және Мамай ауылдарының тұрғындары. Көкпекті ауылының тұрғыны 17 жасар жасөспірім. Адам ауруы және мал арасында анықталған ауру ошақтары бойынша қарым-қатынаста болған 248 адам дәрігерлік және зерханалық тексеруден өткізілді. Оның ішінде 8- адамда диагностикалық титр 1.25,1:50 мөлшерінде «оң» нәтиже көрсетіп, дәрігерлік бақылауға алынды. Халық арасында санитарлық ағарту іс-шаралары жүргізіледі, сарп ауруының профилактикасы бойынша 2-айлық өткізілді. Нәтижесңнде 6-лекция оқылды, 187-әңгіме кеңес өткізілді, 11 – санитарлық бюллетень шығарылды,17- денсаулық бұрышы ұйымдастырылды, аудандық «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетіне мақала берілді, 2012 оқушы диктант жазуға қатысты, мал төлдету кезінде жеке бас гигиенасын сақтау туралы ескерпе парақтар таратылды.


Құтырма
Құтырма ауруының алдын алу іс-шаралары 2011-2013 жылдарға арнап жасалған аудан әкімімен бекітілген кешенді іс жоспарына сай өткізіледі. Аудан бойынша 3-зақты бүйрық шығарылып құтырма ауруының алдын алу іс-шаралары бойынша медициналық қызметкерлер арасында семинар және тестілеу жүргізілді. Медициналық қызметкерлер 99,5 пайызға білімдерін көрсетті. Оқушылар арасында диктантық жазба жүмыстарыөткізіліп, 2400 бала қамтылды. Ата-аналар арасында түсніктеме жұмыстары және жиналыстар жүргізілді, бұл шараға 1250 ата-ана қатысты, аудандық «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетіне мақала берілді.

Ауданда босқын иттерді жоюға 2013 жылы 1 млн.755000 тенге бөлінген, 2012 жылы- 500000 тенге. 6-айда барлық жойылған иттер саны – 272, 2012 жылы -200. Ауданда тұрақты бір бригада ғана құрылған, басқа ауылдық округтерге бригада тапсырыс бойынша ғана шығады. Ит қабу бойынша медициналық көмекке жүгінгендер саны өсіп келеді. 2012 жылы 6-айда 29 – адамға антирабикалық вакцина тағайындалып, жасалса, 2013 жылдың 6-айында 44-ге жетіп отыр.


Туберкулез
Аудан бойынша 6-айда 11 туберкулез ауруы тіркелген, демалу жолдарында – 9. Соның ішінде (БК+) жағдай 2, 14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру тіркелген жоқ. Анықталған ошақтарда профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, қарым-қатынаста болған 124 адам дәрігерлік тексеруден өткізілді, оның ішінде 14 жасқа дейін 4-бала. Өте қауыпті туберкулез аурулар тіркелген жоқ. Көкпекті ауданында туберкулезге қарсы аурухана аурулардың созылмалы түрімен жатқан 25 ауруға емдеу жұмысын өткізеді. Туберкулездің диагностикасымен 2 лаборатория шұғылданады. 6-айда байқау жоспары бойынша флюорографиялық әдіспен- 4911 адам қаралған, микроскопия тәсілімен 291 адам тексеруден өтіп, 1 адамда « оң» нәтиже анықталды. 6-айда 59 адам әлеуметтік көмек 445мың450 тенге мөлшерінде алды, бір ауруға 7550 тенге бөлінеді. Туберкулез ауруының алдын алу іс-шаралары бойынша 23 ақпан – 23 наурыз аралығында айлық өткізілді.Айлық өткізуге медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен оқушылар,аграрлық-техникалық колледж қызметкерлері,кітапхана, ауылдық әкімшілік қызметкерлеі өз үлестерін қосты. Мектеп директорларының , аурухана басшыларының, СӨС филиалының қызметкерлерінің, ішкі істер мекемесінің мамандарының, СЭҚБ қызметкерлерінің, СМИ мамандарының қатысуымен дөңгелек стол өткізілді. Нәтижесңнде 6-лекция оқылды, 1214 - әңгіме кеңес өткізілді, 28- денсаулық бұрышы ұйымдастырылды, аудандық «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетіне мақала жарияланды, жеке бас гигиенасын сақтау туралы ескерпе парақтар таратылды, медицина қызметкерлеріне семинар өткізілді.

Санитарлық ағарту іс-шраларын өткізу туралы жоспар жасалған.


АҚТҚ/ЖҚТБ
АҚТҚ/ЖҚТБ ауруының алдын алу іс-шаралары 2011-2013 жылдарға арнап жасалған аудан әкімімен бекітілген кешенді іс жоспарына сай өткізіледі. Көкпекті ауданында 44 емдеу мекемесі есепте. Ағымдағы кезеңде 12 нысанда тексеру жүргізілді, 15 хаттама толтырылып, 126363 теңге көлемінде айыппұл салып, өндірілді. Медициналық қалдықтарды жою ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген 2012 жылы 17 қаңтардағы №87 санитарлық ережеге сай жүргізіледі. 2011 жылдың 01.06 №1 Көкпекті аудандық медициналық бірлестік базасында анонимдік тестілеу және психологиялық әлеуметтік кеңес беру кабинеті ашылды. АҚТҚ/ЖҚТБ – мен күрес күніне арналған медициналық қызметкерлермен орта және кіші бизнес өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді. « Почему мы должны говорить о ВИЧ и СПИД - е » атты мақала аудандық « Жұлдыз » - « Новая жизнь» газетіне берілді, тираж 5000 дана. Жоспарлы тексеру барысында білім беру мекемелерінде 5- лекция оқылды.Көкпекті ауылында орналасқан Раев атындағы балалар үйінде денсаулық бұрышы ұйымдастырылды.

ҚР ДМ МСЭҚК Департаменті

«Көкпекті ауданы бойынша МСЭҚ

басқармасы» ММ басшысы Г.Қ.Әбдрасұлова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет