Аудан бойынша жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды жер иелену құжаттарымен қамтамасыз ету туралы



Дата25.02.2016
өлшемі34.89 Kb.
#23077
Аудан бойынша жер телімдерінің

меншік иелері мен жер

пайдаланушыларды жер иелену

құжаттарымен қамтамасыз ету туралы

Аудан бойынша жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды жер иелену құжаттарымен қамтамасыз ету туралы мәселені тыңдап, талқылай келе аудандық әкімдік отырысы аудан көлемінде аз да болса жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтеді.

Зайсан ауданының жалпы жер көлемі 1044424,0 га құрайды, оның ішінде барлық егіндік 34595 га, оның ішінде суармалы егіндік 28562 га, шабындық 53865 га, жайылымдық 747949 га.

Бүгінгі күні 1249 шаруа қожалығының құжатпен бекітіп алған жердің жалпы көлемі 446384 га, оның ішінде егіндік 28721 га, яғни 83 пайызын құрайды, шабындық 34598, жайылымдық 365148 га.

2011 жылы жер пайдаланушылардың өз өтініштері бойынша жалпы көлемі 1607 га ауыл шаруашылық масатындағы жер учаскелері иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

Қазіргі уақытта аудан бойынша 1249 шаруа қожалығы жер учаскесін алған, бірақ олардың саны бар да сапасы жоқ. Алғашқы жылдары қосалқы үй шаруашылығындағы малдың азығына шөп шабуға арналған жерлерін алу үшін де азаматтар шаруа қожалығын құрған болатын. Түсіндіру жұмыстар жүргізу арқасында 96 азамат шаруа қожалықтарын жауып, жер пайдалану құжаттарын шөп шабу мақсатына деп ауыстырып алды. Қазіргі уақытта 198 адамға шөп шабу мақсатында 2051 га жер учаскесі бекітіліп берілді.

Жер учаскелерін сату бойынша 2011 жылы 16 келісім-шарт жасалып, 1,7 га жер учаскелері 7 млн 178 мың теңгеге бағаланып сатылса, биыл 20 келісім-шарт жасалды. Оның ішінде 5-і ауыл шаруашылығы мақсатына, 15-і кәсіпкерлер құрылыс салу объектілерінің жер учаскелері.

Жасалған келісім-шарттар бойынша жалпы ауданы 1,6 га болатын 15 жер учаскесінен аудан бюджетіне 6 млн 400 мың тенге түседі. 2011 жылдың қорытындысы бойынша 9.969 мың теңге түсіп отыр.

2012 жылы 5 айда жер сатудан аудан бюджетіне 5 млн 975 мың теңге түсіру керек болатын. Түскені 2 млн. 566 мың теңге, яғни 43 пайызын құрайды. Бюджетке түсетін қаражат азайған, себебі кейінгі жылдары қала тұрғындарының 10 соткадан артық жерлерін сатып алу орнына бау бақшаға жалға берілген. Зайсан қаласының бас жоспары бойынша бау бақшаға жер беру қаралмаған. Кейбір жер учаскелері 49 жылға жалға беріліп кеткен. Жер сатудан түсетін түсімдерді бақылаудан тыс қалған. Бүгін бұл жұмыс қолға алына бастады. Мысалы кәсіпкерлер Ахметжанова Алмагул 494 мың теңге, Жапсарбаев Болат 1.074 мың теңге, Иржанова Самал 949 мың теңге, Майжеров Серік 1.139 мың теңге, жиыны 3,653 мың теңге келісім шарттарының мерзімі бітседе берешектерін төлемей жүр. Бұл жөнінде жер қатынастары бөлімінің атқарып отырған жұмыстары жеткіліксіз.

Ауданда жерлерді аукцион, конкурс арқылы сату өте нашар. «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы №1297 қаулысын орындау мақсатында 2011 жылы аудан көлемінде ауыл шаруашылық жерлерді түгендеу жұмыстары жүргізілді, 27 жер учаскелері иесіз мүлік ретінде тіркеуге алынды, 26 жер учаскелері бойынша пайдаланбай отырғаны анықталып, иелерінің учаскелерін қайтарудан бас тартқандықтан мәліметтер ШҚО бойынша Жер Инспекциясына жолданды, түсіндірме жұмыстары жүргізуден кейін 27 жер учаске бойынша иелері өз еріктерімен шарттарын бұзса да жұмыс толығымен аяқталған жоқ.

Аудан бойынша жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды жер иелену құжаттарымен қамтамасыз ету туралы атқарылып жатқан жұмыстардың қорытындысын қарай келе, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 31-бабының 1) тармағының 5,10) тармақшаларына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудандық жер қатынастары бөлімінің (Ж.Жапарқұлов) аудан бойынша жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды жер иелену құжаттарымен қамтамасыз ету туралы жөніндегі есебі назарға алынсын. Осы бағыттағы қабылданған бағдарламалар мен шараларды толық қамтамасыз ету аудан орынбасары Д.Тожыбаевқа, жер қатынастары бөлімінің бастығы Ж.Жапарқұловқа, қала, ауыл округтерінің әкімдеріне міндеттелсін.

2. Қала, ауыл округтері әкімдеріне, аудандық жер қатынастары бөліміне жерлерді тиімді пайдалану және пайдаланылмаған егістік жерлерді айналымға тарту бойынша жұмыстарын жандандыру тапсырылсын.

3. Аудандық ауыл шаруашылық және ветеренария, жер қатынастары бөлімдеріне (С.Әндірбаев, Ж.Жапаркулов), қала, ауылдық округ әкімдеріне суармалы егістіктің тиімділігін көтеру мақсатында 2012 жылдың 1 тамызына :

1) Суармалы егістік жерлерді мемлекеттік есепке алуды жүргізу жұмыстарын, берілген жер телімдеріне құқықтық құжаттармен агроқұрылымдардың басшыларын қамтамасыз етуге бақылау жасауды күшейту, жер телімдерін сатуды немесе бекітілген ережеге сәйкес, тәртіп ретінде саудалауды (конкурстарды, аукциондарды) күнделікті іс-тәжірибеге енгізсін.

2) Агроқұрылымдардың пайдаланбайтын егістік жерлерін анықтау жұмыстарын жандандырсын, белгіленген заңнама тәртібінде оларды мемлекет меншігіне қайтару бойынша уақытында шара қабылдансын.

4. 2012 жылдың 1 тамыз айындағы аппараттық кеңесте «Аудан бойынша жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды жер иелену құжаттарымен қамтамасыз ету туралы» мәселе қайта қаралсын.

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Тожыбаевқа жүктелсін.



Аудан әкімі С.Зайнулдин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет