Аудан әкімі Асқар Жүсібалиевтің «Қобда ауданының 2014 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы» есебінің тезистері



Дата23.02.2016
өлшемі87.5 Kb.
#6278
Аудан әкімі Асқар Жүсібалиевтің «Қобда ауданының 2014 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы»

ЕСЕБІНІҢ ТЕЗИСТЕРІ
Құрметті қобдалықтар!

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа барар жол» атты Жолдауы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында халыққа жол тартты.

Көреген Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев биылғы жылы елімізде Жаңа Экономикалық Саясатты жариялады. Ол құрылымдық реформаларды одан әрі дамытуға бағытталған. Жолдауда бұған дейін жолға қойылған барлық реформаларды ілгері бастырып, әлеуметтік саланы қолдау, халықтың күнкөріс әлеуетін арттыру, жастарға жағдай жасау секілді көптеген стратегиялық қадамдар жасау жоспарланып отыр.

Жаңа Экономикалық Саясат халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты істерге негізделген жасампаз бағдарлама.

Есепті жылы барша қобдалықтардың берекелі тірлігінің нәтижесінде межеленген міндеттер орындалып, әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылып, қоғамдық – саяси тұрақтылық сақталды.

2014 жылдың 11 айы қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 559,6 млн теңгені құрап отыр.

Аудан экономикасына 9 386,1 млн теңге инвестиция тартылды немесе 7,1 есеге өсті . Бұлар ауданның елді мекендерін газдандыру, білім, мәдениет мекемелерін және автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге , денсаулық сақтау мекемесін салуға бағытталды.

Сонымен қатар жеке инвестициялар көлемі 739,8 млн теңге құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 54,4 пайызға көбейді.

Есепті мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 1364,3 млн теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 37,3 пайызға артты.

Жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс болжамына салықтардан, алымдардан және де басқа міндетті төлемдерден 445,4 млн теңге жиналды, оның ішінде жергілікті бюджетке 343,3 млн теңге түсіп, жоспар 101,0 пайызға орындалды.

Аудан бюджетінің игерілуі 99,4 пайызды құрады.
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу - жергілікті атқарушы органдар қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі. Әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында ауданда жұмыспен қамтуға көмектесу және «Жұмыспен қамту -2020» Бағдарламасы аясында еңбек нарығындағы ахуалды одан әрі тұрақтандыру жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асырылды.

Бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағыты бойынша ауданда есепті жылы жалпы құны 235,2 млн теңгеге 7 әлеуметтік нысанның күрделі жөндеу және Калиновка ауылында дәрігерлік амбулатория кұрылысы жұмыстары жүргізіліп, оларға 89 азамат жұмысқа тартылды.

«Жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыруды, тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамыту» бағытын жүзеге асыруға бөлінген 61,2 млн теңге толығымен игеріліп, ауданның 33 тұрғыны бизнес–жоспарларына сәйкес несие алды. Оның ішінде 5 азамат жаңа кәсібін ашса, 28-і кәсіпкерлігін кеңейтті. Несие алушылардың басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға, мал басын көбейту бағытына жұмыс жасауда. Сонымен қатар кәсіпкерлер тігін, ағаш өндеу, жиһаз өндеу және жасау цехтарын, монша ашып, дөңгелек жөндеу және техникалық қызмет көрсету орталығын ашып, мейрамхана ғимаратын салды, нәтижесінде 34 жаңа жұмыс орыны ашылды.Кәсіпкерлік саласындағы білімін жетілдіруге ниет білдірген ауданның 9 тұрғыны «LTD Бизнес Навигатор» ЖШС-і ұйымдастырған курстан өтті.

Осы бағыт шеңберінде жетіспейтін инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуына жалпы сомасы 9,9 млн тенгеге 5 шаруа қожалығына гибридті баламалы электрастанциялары қондырылды.

Аудан бойынша кәсіптік даярлауға 33 жұмыссыз және жастар тәжірибесіне 51 азамат жолданды.

Сонымен қатар 29 шаруа қожалығы ,15 жеке кәсіпкер және 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен әлеуметтік келісім шарт жасалынып , 75 азамат әлеуметтік жұмыс орындарындарына жолданды. Олардын орташа жалақы көлемі 40 000 теңге құрады.

Бағдарлама бойынша жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 424 адам, оның ішінде 22 адам аз қамтылған отбасынан, 25 адам мүмкіндігі шектеулі азамат, 29 жасқа дейінгі жастар – 180 адам, шартты мерзімге босатылғандар – 5 адам, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдар – 4.


Есепті жылы жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында 150 азамат қоғамдық ақылы жұмысқа жолданды, оның ішінде 14-29 жас аралығындағы жастардың cаны - 44.

2014 жылдың қорытындысы бойынша 25 азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызды құрады. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде мүгедектер техникалық көмекші, арнаулы жүріп-тұру, протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық, міндетті гигиеналық құралдармен, санаторлық-курорттық емделуге арналған жолдамалармен және кәсіптік оқумен қамтамасыз етілді.

2014 жылы 115 отбасының 316 баласына 4400,0 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.

Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар тіркелген жоқ.


Агроөнеркәсіп кешенін дамыту

Аудан ауыл шаруашылығы ауданы болғандықтан мал шаруашылығын дамытуға, соның ішінде мал басын асылдандыру шараларына ерекше назар аударылуда.

2014 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 245 бас ірі – қара мал сатып алу жоспарланды,бүгінгі күнге 7 ауылшаруашылық құрылымы жалпы сомасы 69,1 млн тенгеге 363 бас ірі қара алып, жылдық жоспар 141,2 пайызға орындалды.

Қой басын көбейту мақсатында «Алтын асық» бағдарламасы аясында 4 шаруа қожалығы 1210 бас қой және 40 бас қошқар сатып алды .

«Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы басын көбейту бағытында «Тайбурыл» ш/қ 28 бас жылқы, «Берік» ш/қ 20 бас жылқы сатып алды. Сонымен бірге «Ақназар» және «Белогор» шаруа қожалықтары 62 бас жылқы сатып алуда.

Ірі қара мал басын асылдандыру мақсатында 24 шаруашылық өз қаражаттарына 40 асыл тұқымды бұқа сатып алды, сонымен қатар жеке қосалқы шаруашылықтардағы тұрғындардың малын асылдандыру үшін «Марат» шаруа қожалығы 70 бас бұқа сатып алды. Жылдық жоспар 104,4 пайызға орындалды.

Биыл ауылшаруашылық құрылымдары 17800 гектар жерге дәнді дақылдар екті. Құрғақшылыққа бйланысты егілген өнімнің 17022 га есептен шығарылды. Орташа түсім 3,3 центнерді құрады.

Аудан бойынша қысқы мал азығын дайындау жоспары 110 пайызға орындалып, 146080 тн шөп дайындалды.

2014 жылы 29281 га пайдаланылмайтын жер аумағы анықталып, ауданның босалқы жер қорына қайтарылды. Анықталған жер учаскілерін қайта айналымға енгізу жұмыстары жалғасуда.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

Елбасы Н.Назарбаев «Отандық кәсіпкерлік - ұлттық экономиканың қозғаушы күші болып табылады»,- деп атап көрсетіп, кәсіпкерлік саласын өркендетуге айрықша қолдау көрсетуді тапсырды.

Елімізде бұл маңызды саланың дамуына қолайлы жағдай жасалып, бизнес Үкіметтің қолдауын әрдайым сезініп келеді. Алдымыздағы жылы Ұлттық қордан осы бағытқа 500 млрд теңге қаржы бөлінбек. Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеру тәртібі өзгереді. Әкімшілік, бюрократиялық кедергілерді азайту бағытындағы жұмыс қарқынды жүргізіледі.

Осы орайда біздің ауданымызда да кіші және шағын бизнесті дамытуға зор көңіл бөлініп отыр. Бүгінгі таңда аудан аумағында 826 кәсіпкерлік субъектілері қызмет етеді, оның ішінде 58 заңды тұлға, 311 шаруа қожалығы және 457 жеке кәсіпкер. Өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 54 бірлікке, кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтындар саны 100 адамға өсті. Кәсіпкерлік саласында 3,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 340,2 млн теңге салық түсірілді.

Шағын және орта бизнес өкілдеріне құқықтық қолдау көрсету мақсатында ауданда Кәсіпкерлік палатасының филиалы ашылып, сапалы бизнес жоспар құру , әкімшілік кедергілердің алдын-алу , құқықтық сауаттандыру бағытында қызмет көрсетуде.

Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 2 ірі бизнес-жоба қаржыландырылып, жол бойындағы қызметті дамытуға бағытталған кемпинг құрылысы 20 млн теңге, кондитер цехының қызметін ұйымдастыру 2 млн теңге көлемінде несиелендірілді.

Сонымен қатар облыстық «Аз қамтылған отбасыларды қолдау» қор арқылы мал шаруашылығын дамытуға 9 адам 1635,5 мың теңге көлемінде несие алды.
Білім беру

Аудан бойынша 2727 оқушыны қамтыған 33 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 20 орта, 7 негізгі, 5 бастауыш мектеп және мектеп-балабақша комплексі жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағытында 19 балабақша, 1 мектеп-балабақша комплексі және 20 шағын орталықтар қызмет көрсетеді.

2014 жылы бүлдіршіндерді балабақшамен және шағын орталықтармен қамту 99,0 пайызды құрады.

Аудан мектептерінің оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы №173 Қаулысы негізінде аз қамтылған, көп балалы, жетім, мүгедек балаларға оқулықтар тегін беріледі.

Жаңа оқу жылына жергілікті бюджеттен 11922 оқулықтарға тапсырыс беру мен алып келу үшін 9030,0 мың тенге қаражат бөлінді, ауданның барлық білім беру мекемелері 100% оқулықпен тегін қамтамасыз етілді.

2014 жылы аудан оқушыларының 94,7 % сауықтыру демалысы ұйымдастырылды.

Аудан бойынша 2014 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы былтырғы жылмен салыстырғанда 12,8 балға өсіп, 81,3 балды құрады.

4 түлек «Алтын белгі» төсбелгісін иеленіп, 2оқушы үздік аттестат алды, 45 мектеп түлегі мемлекеттік білім гранттарын иеленді.

Білім нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 3 мектепке бу қазандықтары , 9 мектепке интерактивтік тақталар алынып, 16 мектеп компьютерлермен жабдықталды.

Ауданның 29 мектебі Интернет желісіне қосылған.

Жаңа оқу жүйесі бойынша соңғы 3 жылда 72 мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтті: оның ішінде ІІ санатты 54 мұғалім үшінші деңгейлі, І санатты 9 мұғалім екінші деңгейлі , жоғары санатты 9 мұғалім бірінші деңгейлі.


Денсаулық сақтау саласы

Аудан бойынша халыққа 31 емдеу-алдын алу мекемесі, оның ішінде 1 аудандық орталық аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және 21 медициналық пункттер қызмет етеді.

Есепті жылы негізгі міндеттер - ана мен баланың денсаулығын қорғау, әлеуметтік маңыздылығы бар аурулардың таралуын қысқарту, ауданда демографиялық ахуалды жақсарту бағытында жоспарлы жұмыс жүргізілді

Аудан бойынша демографиялық көрсеткіштер жақсаруда. Туу көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға өсті , нәресте өлімі -7,6 пайызға төмендеді , жалпы өлім –жітім көрсеткіші 3,2 пайызға төмендеді, сонымен қатар ана өлімі тіркелген жоқ, туберкулезбен қайтыс болғандар жоқ,туберкулезбен аурушаңдық төмендеді.

Ауруларға кепілді көлемде тегін медициналық көмек көрсету барысында есепті жылы 24 860,0 мың теңгеге дәрілік заттар алынды.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында 2014 жылы жоспарланған 12 медициналық скрининг түрімен 13 744 аудан тұрғыны тексеруден өтті. Алғашқы анықталған 694 науқас диспансерлік есепке алынып, сауықтырылуда. 2015 жылға 10898 тұрғынды скринингтік тексерумен қамту жоспарлануда.

Медициналық көмектің сапасын және материалдық жағдайын жақсарту мақсатында 2014 жылы 98 256, 9 мың теңгеге медициналық құрал- жабдықтар мен құрылғылар алынды. Олар - жылжымалы флюоро автокөлігі, реанимобиль , жедел көмек автокөлігі. Сонымен қатар орталық аурухананың мамандырылған кабинеттері жаңа замануи құрылғылармен жабдықталды .

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы » бағдарламасы аясында Калиновка ауылында жалпы құны 30,0 млн теңгеге фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараты салынып, іске қосылды.

2014 жылы ауданға 4 орта буынды медицина қызметкері келді.

Мәдениет

Аудан тұрғындарының рухани сұраныстарына сай сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету бағытында 25 клуб, 23 кітапхана, 1 Жастар Үйі жұмыс істеуде. Сонымен бірге, аудан жұртшылығына облыстық «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығы, «Қобыланды батыр» мемориалдық кешені қызмет көрсетеді.

Есепті жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 63,9 млн теңге қаржы бөлініп, Ақырап ауылдық мәдениет үйі, Калиновка ауылдық клубы, Әлия ауылдық мәдениет Үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, Жиренқопа ауылдық клубына от жағу ғимараты салынып, іске қосылды. Калиновка ауылдық клубына және Ақырап ауылдық мәдениет үйіне тұрғындардың демеушілігімен от жағу ғимараттары салынып, жергілікті бюджет есебінен құралдармен жабдықталды.

Абат-Байтақ кесенесі және оның жанындағы Шырақшы үйінің аумағын абаттандыру үшін жалпы құны 40,1 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттар дайындалды.

Есепті кезеңде мәдениет мекемелеріне материалдық – техникалық базасын нығайтуға 20247,8 мың теңге бөлініп, Калиновка және Ақырап ауылдық кітапханаларына 1226,5 мың теңгеге жиһаз, клубтық мекемелерге 5163,4 мың теңгеге музыкалық аппаратура, 626,8 мың теңгеге компьютер, 1694,5 мың теңге жиһаз, 2963,9 мың теңгеге көреремендер залына отырғыштар және басқа да жиһаздар алынып , 2273,2 мың теңгеге сахналық киімдер тіктірілді.

Соңғы 5 жыл ішінде жергілікті бюджет есебінен кітапханалардың кітап қоры 1202,0 мың данаға толықтырылды , оның ішінде 2014 жылы- 243,3 мың дана. Ауданның 11 кітапханасы жаңа үлгідегі автоматтандырылған «РАБИС» бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқырмандар саны былтырғы жылмен салыстырғанда артып, жылдың қорытындысы бойынша 12357 оқырманды құрап отыр.

Есепті кезеңде мәдениет ошақтарында 61731 адамды қамтыған 1474 мәдени шара өткізілді,немесе 108,4 пайызға өсті.

Ойыл ауданында өткен облыстық «Ұлы Жібек жолында жаңғырған Көкжар жәрмеңкесі» этнофестивалінде ауданның өнерпаздары жүлделі І орынды жеңіп алды.


Дене шынықтыру және спортты дамыту

Ауданның 148 спорттық құрылғыларында (26 спорт зал мен 120 спорт алаңы, 2 стадион) 4295 адам дене шынықтыру және спортпен айналысады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шенберінде аудан орталығындағы балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің стадионы жалпы құны 104,0 млн теңге қаражатқа күрделі жөндеуден өткізіліп, арнайы жасанды төсенішімен футбол, волейбол, баскетбол, жүгіру алаңдарымен жабдықталды.

2014 жыл аудан спортшылары үшін жеңісті жыл болды. Облыстық оқушылар арасындағы спорттың 14 түрінен өткен спартакиадаға оқушыларымыз қатысып, нәтижесінде III – командалық орынды жеңіп алды. Ересектер арасындағы облыстық шаңғы жарысынан II -орын, ал жеңіл атлетикалық кросстан- I–орын алды.

Коммуникациялық инфрақұрылым

«Тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қобда ауылында жалпы құны 24,8млн теңгеге коммуналдық-арендалық 5 тұрғын үй салынып, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және зейнеткерлер және бюджеттік ұйым қызметкерлерісанатындағы отбасыларға пайдалануға берілді.

Барлық қаржыландыру көздері арқылы 4235 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Бұл 2013 жылмен салыстырғана 50,4 пайызға көп.

Салынып жатқан тұрғын үйлерге қажетті инфрақұрылым жүргізілді.

Ауданымыздың Қобда, Калиновка, Бегалы, Егіндібұлақ, Әлия, Сарыбұлақ, Қызылжар, Өтек, Ақырап және Жиренқопа елді-мекендері орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

2011-2020 жылдарға арналған «Ақ-бұлақ» бағдарламасын іске асыру мақсатында бүгінгі уақытта Білтабанов атындағы және Терісаққан ауылдарына су құбыры жүйелері нысандарының құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

«Ақ бұлақ» бағдарламасын тиімді іске асыру үшін жыл сайын жерасты суларының кен орындарына іздеу-барлау жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда, ауданның Жарсай және Калиновка елді-мекендерінде жерасты су қорларын іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі уақытта аудан бойынша 11 707 тұрғын таза ауыз суды пайдаланады және аудан тұрғындарының 62,5 % құрайды.

Ақтөбе облысының елді-мекендерді газдандыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына сәйкес Қобда ауданына жеткізуші жоғары қысымды газ құбыры магистралінің құрылысы және Қобда, Бестау, Талдысай, Әлия ауыл ішілік газ тарату желілерінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

Жолаушылар тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында «Қобда-Жарық-Ақырап-Қызылжар-Жиренқопа-Көк үй» бағытына жолаушылар және жүк тасымалдау қызметі көрсетілуде.

Аудан тұрғындарын облыс орталығына жеткізу үшін «Қобда-Ақтөбе» бағытына тұрақты облысішілік жолаушылар және жүк тасымалы ұйымдастырылды. Аудан орталығында ауылішілік такси қызметі жұмыс жасайды.

Қобда ауданы аумағымен 122 км республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» Орал-Ақтөбе, 167 км облыстық маңызы бар «Шұбарқұдық –Ойыл – Қобда – Тұз-Төбе» және 245,9 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары өтеді.

Өткен жылы облыстық маңыздағы «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Тұзтөбе» автомобиль жолының267-307 км. аралығындағы учаскесіне (Қобда-Жарық) қайта жаңарту жұмыстары басталды. 2013-2016 жылдарға жоспарланған жобаға сәйкес қайта жаңарту жұмыстарына 2 350 619,0 мың теңге қарастырылып отыр.

Аудан орталығының Алматы көшесіне 96 362,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында Қобда ауылының И.Құрманов, Ә.Молдағұлова, А.Иманов, И.Тайманов, С.Сейфуллин және М.Колесников көшелерінің жолдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 430,1 млн теңге бөлініп отыр.

Сонымен қатар, жыл сайын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 15 000,0 мың теңге қаражат бөлінеді.
Құқықтық тәртіп

Ауданда қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында ювеналдық полиция инспекторлары және білім бөлімі бірігіп «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Демалыс» және басқа профилактикалық шаралар өткізіді.
Жастар саясаты мәселелері

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыру, жастарды қолдауға, дамытуға көмек беру және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік жасау.

Аудан аумағында мемлекеттік органдардың, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өзара тығыз әрекеттестігі мен ынтымақтастығының негізінде мемлекеттік жастар саясаты жүзеге асырылып, жастардың жағдайын жақсартуға, жан-жақты қолдауға жағдай жасалуда.

Жастар арасындағы өзекті мәселелердің бірі - жастар жұмыссыздығы бойынша құзырлы мекемелермен бірлескен жұмыс жүргізілді. Есепті жылы жұмыссыз ретінде 231 жас тіркеліп, оның 220 жұмыспен қамтылды. Жастар тәжірибесі арқылы 83 жас маман жұмыспен қамтылып, оның 39 тұрақты жұмысқа тұрғызылды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде 9 мүгедек жас жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаның үшінші бағыты аясында 4 жас оқуға жолданды.

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Жасыл ел» жасақтары құрамында 64 жұмыссыз, студент және оқушы жас Қобда, Сөгәлі ауылдық округтерінде жұмыс жасады. Үздік еңбек еткен жастар аудан және облыс әкімдері тарапынан марапатталып, 2 үздік жасылелші Астана қаласына жолданды.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында ауданға ағымдағы жылы келген 28 маманға барлығы 3 млн 629 мың 900 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді, атап айтар болсақ, білім саласына - 17, денсаулық сақтау саласына – 5, мәдениет саласына –3, ауыл шаруашылық саласына - 2, спорт саласына - 1 маман келді.

19 жас маман жалпы құны 48 млн  350 мың 900 теңге көлемінде бюджеттік несие алып, білім саласының - 13маманы, денсаулық сақтау саласының – 3, ауыл шаруашылығының - 1, мәдениет саласының - 2 маманы баспаналы болды.

Жастар кәсіпкерлігін дамыту – мемлекеттік жастар саясатының басым бағыты. Аудан жастары «Даму» Қоры жанындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығы тарапынан семинарларға қатысып, сертификат алды. «Үркер» жастардың үкіметтік емес ұйымының бастамасымен «Бизнес-Навигатор» ЖШС басшысының қатысуымен «Ауыл жастары кәсіпкерлігі» тақырыбындағы оқыту семинары ұйымдастырылды.

Бүгінгі күні қоғамда орын алып отырған өзекті мәселе - жастарға рухани тәрбие беру, олардың дәстүрлі дін туралы түсінігін қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің ықпалынан қорғау мақсатындағы шараларға ерекше мән беріліп, аудан әкімі жанынан құрылған АНТ мүшелері, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы қызметкерлері тарапынан жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жеке кездесулер өткізілді. Аудан мектептерінде дін мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру Кеңестері қызмет етеді.

Жастар арасында құқық бұзушылықты және қылмысты болдырмау, тәртіп бұзушылыққа қарсы көзқарас қалыптастырып, жас буынның құқықтық сана-сезім қалыптастыру, жастардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында құзырлы органдар тарапынан бірлескен профилактикалық шаралар алынды.

Бүгінгі күні «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық» құрылып, өз қызметін атқаруда. Олар ауыл жастарымен, жұмысшы, мүгедек, жұмыссыз жастар өкілдерімен және жас отбасылармен әлеуметтік, ақпараттық және идеологиялық жұмыстар жүргізуде.
Елбасы «Нұрлы Жол - болашаққа жол» атты халыққа Жолдауында жастарды болашақтың тірегі деп ерекше атап көрсетіп, жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан зор мүмкіндіктерді жүзеге асыруға шақырды.
Қоғамдық-саяси жағдай

Ауданда қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Тұрақтылық тұрғындардың жұмыспен қамтылуына, аудан экономикасының динамикалық дамуына, партиялар өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестіктер, кәсіподақтар арасындағы келісім мен толеранттылыққа негізделген.

Аудан аумағында саяси партиялардың қызмет етуіне қолайлы жағдай жасалды, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, «Ауыл», «Ақжол», Қазақстанның халықтық коммунистік партиясының өкілдері өз қызметін жүзеге асыруда.

Елбасы Н.Назарбаев «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр»,-деп атап көрсетті. Осы орайда аудан аумағындағы діни ахуал бақылауға алынып, тиісті органдар тарапынан бірлескен қызмет үйлестірілді. Халықтың діни қажеттіліктерін өтеу бағытында аудан аумағында 4 діни бірлестік қызмет жасайды, олар мамандармен қамтылып, жалақыларын төлеуге және коммуналдық қызметтерін өтеуге қолдау көрсетілуде.

Ауданымызда Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында жоспарланған шаралардың барлығы алдағы уақытта да халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталады. Келер жыл да ауданымыз үшін тарихи маңызы бар жақсы оқиғалар жылы болады. Кеңес Одағының батыры, аты аңызға айналған жерлесіміз Әлия Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өту шаралары аясында Қобда топырағынан шыққан батырлардың ерлігін насихаттап, қастерлеуге бағытталған шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Еліміздің Негізгі Заңы - Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойлары да ауданда мерейлі істермен айшықталады.

Осындай айтулы оқиғаларды ел болып ауызбіршілік танытып, жас ұрпақтың жадында қалатындай игілікті істермен атап өту жоспарланып отыр.
Қорытынды

Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жылдағыдан ерте жариялап, Үкіметке оны іске асырудың жоспарлары мен тетіктерін жасауға мүмкіндік берді. Жаңа Жолдау еліміздің жаңаша өркендеуіне жол ашатынына сенім мол. Жолдауда берілген барлық тапсырмаларға қоғам белсенділері, барша қауым жауапкершілікпен қарап, алға қойылған ортақ міндеттерді бұлжытпай орындауға күш салуы қажет.



Болашақты болжай білетін басшымыздың сындарлы саясаты арқасында қазақстандықтар болашаққа сенімді отыр. Ең басты бағыт - ел іргесін бекіту. Ұлт ұпайы тыныштықта. Ендеше, бірлігіміз бекем, еліміз тыныш, болашағымыз жарқын болғай!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет