Аудан әкімі
Б. Абдулдаевқа
Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің
2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмысы туралы
АҚПАРАТ
2013 жылдың 9 айында спортпен шұғылданатын адамдар саны 44209 халық санына шаққанда 22,8% ды құрайды. 2013 жылға аудандағы дене тәрбиесімен шұғылданатын спорттық құрылымдар саны 283 олар: 1 стадион, 42 спорт залы, оның 38 мектептерде, 1 атыс орны, 4 жүзу бассейні (3 ашық), 220 спорттық құрылымдар, оның 146 әртүрлі спорт алаңдары, 3 синтетикалық қапталған, 1 спорттық ядро. Аудан бойынша 2009-2010 жылдар аралығында «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 36 спорт алаңы салынды.
Жыл сайын өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық шаралардың саны өсуде, 2013 жылдың 9 айында дене шынықтыру және спорт бөлімі аудан бойынша бекітілген жоспарға сәйкес өткізілген іс-шаралардың саны 10 ден асты.
Аудан көлемінде бұқаралық спорт түрлерінен аудан тұрғындары арасында жарыстар, жүгірістер ұйымдастырылып өткізіледі, атап айтсақ Президенттік сынақ тапсыру және 22 Наурыз, 1 мамыр, 6 шілде Астана күнінің мерекелеріне орай ауылдық кенттік округтарда балалар және жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді, олар жаяу көкпар, асық ойыны, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, т.б.
Ауданда «Болашақ» тәуелсіз қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді, 11 ауылдық, кенттік округтарында жасөспірімдер клубы бар, онда ауданның балалары мен жасөспірімдері шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы үйірмелеріне 4200 адам қатысады.
Аудан спортшыларының облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысқан жетістіктеріне келетін болсақ. Қазіргі уақытта жағажай волейболына 6 спортшысы Қазақстан Республикасының жағажай волейболының құрама командасына кіреді.
«Іле ауданы Футбол Федерациясы» үкіметтік емес қоғамдық бірлестігі 2007 жылы аудандағы ауылды мекендердің 9 футбол алаңдарының жер телімдері «Іле ауданы Футбол Федерациясы» қоғамдық бірлестігі меншігіне заңдастырылды, 34 футбол алаңдарында аудандық футбол біріншілігі ойындары өткізілуде.
Ауданда футболды дамытып, оны насихаттап елге таныту ісінің нәтижесінде «Іле ауданының Футбол Федерациясы» қоғамдық бірлестігі ауылдық, кенттік әкімдермен облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебімен бірлесе отырып, өткен жылы аудан Чемпионатына 42 ересек команда және «Coca Cola - Былғары доп» республикалық турнирінің шеңберінде үш жас аралық топта білім беру мекемелерінің 80 командасының арасынан аудандық жарыс өткізілді. Аталған ойынның жеңімпаздары облыстық ойындарға қатысып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. «Іле ауданы Футбол Федерациясы» қоғамдық бірлестігі құрылғаннан бері аудан жасөспірімдер командалары Алматы облысы Чемпионатында қатысып
2005-2010 жылдар аралығында аудан командалары 1-ші орынды -18 рет; 2-ші орынды -24 рет; 3-ші орынды -11 рет иеленді.
2013 жылы футболмен шұғылданатын адамдар саны 10000 жуық.
«Іле-Сәулет» футбол командасы Қазақстан Республикасы Чемпионатының жоғарғы лигасында төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізді:
- 2008 жылы 4 орын;
- 2009 жылы 5 орын,
- 2010 жылы 5 орын;
- 2011 жылы 3 орын;
- 2012 жылы 1 орын;
-2013 жылы аудан командасы Қазақстан Республикасы Чемпионатының бірінші лигасының 1 айналымында 31 ұпаймен 6 орында келеді.
Бүгінгі таңда гандболмен «Іле» клубында 90-ға жуық спортшы шұғылдануда.
- клубтың 16 спортшысы ҚР Супер лигасында,
- 16 адам ҚР Жоғарғы Лигасының құрамыда,
- 6 спортшы ҚР Ұлттық құрамасында,
- 9 адам ҚР Жастар құрама командасының құрамына,
- 9 адам ҚР Жасөспірімдер құрама комадасының қатарына кіреді.
Жуырда Қазақстан Республикасының Президентінің кубогіна өткізілген турнирдің жеңімпазы атанды.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 912 оқушы жаттығуда.
ОБЖСМ-де спорттың 15 түрі қамтылған: қазақ күрес, самбо, дзюдо, бокс, футбол, гандбол, грек-рим күресі, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, таеквондо. Байдаркамен каноеда есу үстел теннисі, каратэ.
Төменде көрсетілгендей спорттық топтар жұмыс істейді:
Спорттық-сауықтыру тобы - 1 жылдық - 14 топ-252 адам,
Арнайы дайындық тобы-1 – 1 жылдық -6 топ – 108 адам,
Арнайы дайындық тобы-2 – 2 жылдық -11 топ -144 адам,
Оқу-жаттығу тобы-1 – 1 жылдық -22 топ -236 адам,
Оқу-жаттығу тобы-2 – 2 жылдық -10 топ -106 адам.
Оқу жаттығу сабақтары келесі орындарда өтеді:
Қазақ күрес, самбо, дзюдо– Өтеген батыр кентіндегі №13 М.Мақатаев атындағы орта мектебінің спорт залында, гандбол - Өтеген батыр кентіндегі №7 орта мектебінде, №19 орта мектебінің спорт залында, футбол – жазғы уақытта орталық стадионда, орта мектептердің футбол алаңдарында: №7, №13, №38, №10, №41, №31, №9. Ал қысқы уақытта Энергетикалық аймақтың, Комсомол, Чапаев, Ақши, Байсерке ауылдарының жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарында, таэквондо Өтеген батыр кентіндегі № 7 орта мектебінде, грек-рим күресі – Ащыбұлақ ауылындағы «Батыр» спорт клубында, ОБЖСМ-де, тоғызқұмалақ- №30 орта мектебінде, бокс № 26 орта мектебінде.
Мектеп оқушылары аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға белсене қатысуда:
Дене шынықтыру және
спорт бөлімінің басшысы Д. Конурбаев
Достарыңызбен бөлісу: |