Аудан әкімі Ә.Далбағаевтың 2013 жылы атқарылған жұмыстары бойынша аудан халқы алдындағы ЕСЕБІ
Қадiрлi жерлестер!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 06 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың ауданда іске асырылуы, аумақтың әлеуметтік экономикалық дамуы және оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары жөнінде есеп беру уақыты да келді.
Осы мүмкіншілікті пайдалана отырып, сіздерді келген жаңа жылқы жылымен құтттықтауға рұқсат етіңіздер! Ауылдарыңызға тыныштық, еңбектеріңізде табыс, отбасыларыңызға амандық, жаңа жыл тек елімізге береке-бірлік, татулық, молшылық әкелсін деп тілегім келеді.
Еліміздің Тәуелсіздігінің 22 жылдығы аталып өткен, бағыты бекем, тірлігінде берекесі бар Қазақ елі үшін мәртебелі 2013 жылы ауданымызда атқарылған істер барысы туралы баяндамақпын.
Әр жыл өз жаңалығын ала келеді ғой. Міне, алғашқы рет аудан әкімі ретінде халық алдында есеп беруім заман талабынан туындаған оң үрдіс деп бағалаймын.
Алғашқы айта кететін жағдай Елбасымыздың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы.
Жолдауда айтылғандай «Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет! 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді. Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс» деген сөздерді ақсулықтар қызу қолдап, Жолдауды іске асыруда аянбай ететіне кәміл сенемін.
Сонымен қатар, Елбасымыз егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалғанын айтып, олардың көктен түспей, уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі екенін жеткізді. Ол құндылықтар:
Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы;
Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;
Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият;
Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім;
Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;
Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы:
Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Құрметті жерлестер !
Бүгінгі есепті кездесуге дейін ауылдық округтертердегі елді мекендерде барлығы 49 кездесу өткізілді. Әрбір кездесуде тұрғындарды толғандыратын мәселелер ортаға салынып, оны шешудің дұрыс бағыты әрі тиімді жолдары талқыланды. Бұндай кездесулердің біздің береке-бірлігімізді арттырып, ертеңге сеніммен, болашаққа байыппен қадам басуға көмектесетініне сенімім мол.
Өткен жыл еліміз үшін тың бастама, тынымды әрекеттерге толы, қиындығы да зор, жетістіктері де мол кезең болды.
Біздің жұмысымыздың басты өлшемі - халықтың берер бағасы. Сондықтан да, тұрғындар алдында жүзеге асырылған істер бойынша есеп беру дәстүр болып қалыптасты. Атқарған жұмысымызды саралап қана қоймай, алда тұрған міндеттерді межелейміз.
Аудандағы атқарылған және атқарылатын барлық жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, сондай ақ, ауданның орта мерзімді әлеуметтік – экономикалық дамуының жоспары мен мемлекет басшысы, облыс әкімі жергілікті атқарушы органдарға берген тапсырмаларға сәйкес ұйымдастырылып, жүзеге асырылады.
Елбасының Жетісу еліне жасап жатқан қамқорлығына және облыс әкімінің белгілеген міндеттері мен межелі мезгілге жоспарланған жұмыстарына сәйкес Ақсу ауданында көптеген игілікті істер жүзеге асуда. Барлығы да кезең-кезеңімен орындалып келеді.
Дегенмен, ауданда қордаланған проблемалар да жетерлік, оны мен тұрғындармен жеке кездесу барысында сараптама жасап отырамын.
Бұл - жер алу, пәтер мәселесі, жарық, су, жұмысқа орналасу сынды күнделікті қадағалауды қажет ететін проблемалар.
Енді өткен жыл барысында атқарылған жұмыстардың бағыттарына тоқталып өтейін.
2013 жылы аудан жұртшылығымен өткізілген есепті кездесулеріндегі түскен ұсыныстардың орындалуы жөнінде
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 06 сәуіріндегі «Жергілікті атқарушы органдары басшыларының есепті кездесулерін өткізу туралы» №1546 Жарлығына сәйкес аудан әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстар туралы есепті кездесулер 18 округтерде және аудандық қорытынды есебі барлығы 19 кездесулер өткізілді.
2012 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан барлығы 7 ұсыныс түскен. Оның ішінде: білім, денсаулық, мәдениет ғимараттарын салу және жөндеу – 1, тұрғын үй мәселесі – 2, ауыз су мәселесі – 3, басқа да экономикалық сипаттағы ұсыныстар – 1.
Ұсыныстарды орындау мақсатында аудандық іс-шаралар жоспары жасалып, аудан әкімі аппараты, ауылдық округтері әкімдері аппараттары, тиісті аудандық қызметтер мен мекемелері бойынша жауапты қызметкерлер бекітіліп, ұсыныстардың орындалуы бақылауға алынды.
Атқарылған шаралардың арқасында 2013 жылдың 31 желтоқсанына 7 ұсыныстың барлығы іс жүзіне асты.
Атап айтсақ:
1.Алажиде ауылының тұрғыны С.Хаймулдановтың тұрғын үйіне жапсарлас (қосалқы) құрылыс салу үшін аудан әкімдігінің қаулысы шығып, құжаттары рәсімделді.
2.Жансүгіров поселкесінің Жансүгіров көшесі №2 үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын «Шымыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 9 млн. 489 мың теңгеге жоспарланып, бұл үйдің пәтер иелерімен отырған келісім шартқа сәйкес шатырын айырбастау, дәліздерін күрделі жөндеуден өткізу, әр пәтерге қосымша темір есік қою, сыртын сылау, фундаментін жаңғырту, су және электр жүйелерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар жөндеу жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға беріп, жұмысты өткен жылдың мамыр айында толығымен қабылдады.
3.Көшкентал орта мектебінің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 27 млн. 360 мың теңге бөлініп, «Жетісу Сервис А.Н.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тиісті жұмыстарды атқарды.
4.Қызылағаш ауылында мал өлексесін тастайтын арнайы орын 3 млн.теңгеге ашылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
5. Жансүгіров, Матай, Қопа елді мекендерінің ауыз су құбырларына қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық, облыстық бюджеттен барлығы 658 млн.529 мың теңге бөлініп, қажетті жұмыстар жүргізілді.
Өнеркәсіп
2013 жылы өнеркәсіп саласында 2 млрд. 980 млн. теңгенің өнімдері өндірілді, өнімнің нақты көлем индексі 101,6 пайызды құрады. (2012 ж -2 млрд. 625 млн тг).
2014 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 3 млрд 200 млн.теңге жоспарлануда. 2013 жылмен салыстырғанда өсім 102 пайызды құрайды.
Өнеркәсіп саласында ағымды жылы қыркүйек айында «Николай и К» шаруа қожалығының басшысы И.Кузнецов өндіріске сүт өңдейтін цехты енгізуді жоспарлауда. Жобаға өз қаражаты есебінен 12,0 млн. теңге салынып, 6 жаңа жұмыс орны ашылады.
Инвестиция:
2013 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің жоспары 2 млрд. 100 млн. теңге болса, жоспардың орындалуы 2 млрд. 800 млн. теңге немесе 133,3 пайызды құрады.
Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 562,3 млн.теңге.
Жергілікті бюджеттен – 484,9 млн. теңге;
Өз қаражаты есебінен – 750,9 млн.тенге;
Заемдық қаражаты есебінен – 1001,9 млн.тенге.
Шағын кәсіпкерлік:
Шағын кәсіпкерлер субьектілері өндірген өнімдерінің көлемі - жоспар бойынша 1 млрд. 256 млн.300 мың теңге, орындалғаны – 1 млрд.300 млн.теңге немесе 103,5%.
Бюджетке түсетін салық, басқада төлемдер жоспар бойынша – 50 млн.400 мың теңге, нақты түскен салық түсімдері 50 млн 800 мың теңге 100,8% орындалды.
2014 жылы шағын кәсіпкерлер субьектілері өндірген өнімдерінің және көрсетілген қызмет көлемі жоспар бойынша - 1 млрд 369 млн. 300 мың теңгені құрайды, 2013 жылмен салыстырғанда өсім – 105,3% жоспарлануда.
Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлер субьектілерінен бюджетке түсетін салық, басқада төлемдер – 51 млн.400 мың теңге жоспарлануда, 2013 жылмен салыстырғанда өсім -102 пайызды құрайды.
Жоғарыдағы Жолдаудағы жеті басым бағыттардың бесінші бағытында көрсетілгендей: «Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі» деген Елбасының тұжырымдамасы бұл саланың дамуы еліміз үшін аса маңыздылығын айқындап тұр.
Сауда:
Аудан бойынша 2013 жылы бөлшек сауда тауар айналымының жоспары 824 млн.400 мың теңге, орындалғаны 880,0 млн.теңге немесе 106,8% құрайды.
2014 жылы бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 945 млн. теңге немесе 2013 жылмен салыстырғанда өсім 107,4 пайызды құрайды.
2013 жылы да сауда және қызмет көрсету саласы бойынша көзделген 5 нысан ашылды. Олар: дүкен - 2, асхана – 1,шаштараз - 1, ломбард – 1. Биылда 5 нысан ашу жоспарлануда.
«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы:
Ақсу ауданы бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бірінші бағытта «Ақсу ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 27,2 млн.теңге несиеге арнайы техника алу үшін «БТА» банкісінен оң бағасын алды.
Сондай-ақ 2013 жылы маусым айында Жансүгіров ауылында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» кәсіпкерлердің қатысуымен «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша жеделдетілген курстар өткізілді. Барлығы 40 адам оқытылып сертификат алды.
2013 жылдың қараша айында аудан орталығындағы жеке кәсіпкердің «Кәусар» ағаш өңдеу цехы іске қосылды. Жаңа 3 жұмыс орны ашылып, 3,6 млн.теңге инвестиция тартылды.
Баға мониторингі:
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру штабы өз жұмысын жүргізуде.
Бақылауда тұрған 33 түрлі азық-түлік тауарларының бағалары сауда орындарында ұдайы тексеріліп отырылады.
Қазіргі уақытта ауданда 145 азық түлік дүкендері бар, оның 80-і Жансүгіров ауылында орналасқан.
5 әлеуметтік сауда орындары ашылған – аудан орталығы Жансүгіровте - 3, Есеболатов ауылында - 1 және Матайда - 1. Осы аталған дүкендерге «ЖетісуАгроСауда» ЖШС-нен тұрақты түрде бағасы төмендетілген азық-түлік тауарлары жеткізіледі,
Жансүгіровте, Матайда және Қапал ауылында әр сенбіде ауылдық округтердің қатысуымен әлеуметтік азық-түлік тауарлары ет, сүт өнімдері, ұннан жасалған өнімдер және көкөніс, жеміс-жидек өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеге Үштөбе, Талдықорған, Сарқан қалаларының тауарөндірушілері және «Жетісу Агро Сауда» ЖШС-гі де қатысуда.
Осы бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғастырылуда.
Инвестиция тартуда, шағын және орта бизнесті, өнеркәсіпті дамытуда, бағаның өсуін тұрақтандыруда, ауданымызда қолға алынбай жатқан индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жобаларын дайындауда нақты жұмыстар атқаруын әр саланы басқарып отырған орынбасарларыма, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Нұрпеисовке және ауылдық округ әкімдеріне тапсырылады.
Бюджеттің кіріс, шығыс бөлігінің орындалуы.
Аудан бюджетінің 2013 жылғы кірістерінің болжамдық жоспары 4 млрд.279 млн. 068 мың теңге, орындалғаны 4 млрд.282 млн. 471 мың теңге немесе 100,1 пайыз.
Есепті кезеңге қаралған шығындар жоспары 4 млрд. 316 млн. 558 мың теңге, орындалғаны 4 млрд. 315 млн. 338 мың теңге немесе 100 пайыз.
Салық және басқа да бюджетке төленетін төлемдердің жоспарының орындалуы.
Жергілікті салықтар мен алымдар, жалпы мемлекеттік салықтардан түсетін кірістер жоспары болжамдағы 496 млн. 027 мың теңгенің орнына 728 млн. 581 мың теңгеге немесе 146,9 пайызға орындалды. Оның ішінде жергілікті бюджет болжамы 454 млн.040 мың теңге болса, түскені 674 млн.739 мың теңге немесе 148,6 пайыз, республикалық бюджет болжамы 41 млн.987 мың теңге болса, орындалғаны 53 млн.842 мың теңге немесе 128,2 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы
Ауданымызда басты сала болып есептелетін ауылшаруашылығы саласына келетін болсақ, ауылшаруашылығының өнім көлемі - 13 млрд 362 млн.800 мың теңгеге жетіп, 2012 жылдың деңгейінен 107,1 пайызға артығымен орындалды. (2012 ж – 12 млрд. 477 млн).
Оның ішінде: егін шаруашылығы – 5 млрд. 006 млн. 500 мың теңге, мал шаруашылығы – 8 млрд. 316 млн.300 мың теңге, қызмет үшін – 40 млн.теңге.
Ал, 2014 жылы өндірілген жалпы өнім көлемін 16 млрд. 362 млн. теңгеге жеткізу жоспарланған, оның ішінде:
- мал шаруашылығы өнімдері – 9 млрд. 632 млн. теңге;
- егін шаруашылығы өнімдері – 6 млрд. 665 млн.1 мың теңге;
- қызмет үшін – 65 млн. тг.
Қайта өңдеу саласы
Бүгінгі күнге маңызды мәселе - өңдеу саласын дамыту. Болашақта халық тұтынатын азық-түлік түрлерін шеттен алуды қойып, өзімізде өндіру керек. Оған біздің жерде мүмкіндік молынан бар.
Аудан бойынша барлығы 43 қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Олар 18 дана диірмен, 11 дана наубайхана, 1 кондитерлік цех, 10 дана май сығатын цехтер, 1 дана кеспе шығаратын цех және 1 дана май сыр зауыты. Былтыр осы кәсіпорындар 6205 тонна ұн, 140 тонна нан, 1,9 тонна кондитерлік өнімдер, 395 тонна сұйық май, 8,4 тонна кеспе және 625 тонна сүт өнімдерін шығарды.
Өткен жылы олар жалпы өнімі барлығы 1 млрд.324 млн.700 мың теңгені құрады.
Егін шаруашылығы
Ауданымызда Елбасымыздың қамқорлығы мен Үкімет, облыс тарапынан көрсетіліп отырған көмектің арқасында жылдан-жылға егіс көлемі үлкейіп, өнім түсімі де көбеюде. 2013 жылы 53 мың 910 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары себілді. Оның ішінде 30 мың 650 гектар жерден 15,5 центнерден 47 мың 653 тонна астық жиналды. 2012 жылмен салыстырғанда 1828 тоннаға көбейген. 29 мың 950 тоннасы бидай, 17 мың тоннасы арпа және 675 тоннасы дәндік жүгеріні құрады.
Себілген 780 гектар қант қызылшадан 180 ц/га өнімділікпен 14 мың тонна тәтті түбір жиналды. Жиналған қант қызылшасының 1095 тоннасы «Көксу-Шекер» АҚ-нің қант зауытына өткізілді. Қалғаны 12 мың 945 тоннасы мал азығына кетті.
11238 гектар майлы дақылдар жинау жұмыстары жүргізіліп, 1710 тонна күнбағыс, 16000 тонна май бұршақ және 870 тонна мақсары жиналды. Барлығы 18385 тонна майлы дақылдар жиналды.
Қәзіргі күнге майлы дақылдарды, әсіресе сояны себу шаруа қожалықтары үшін өте пайдалы болып отыр. Жинайтын техника жеткілікті, сатып алушылармен келіс-шартқа отырып, тиімді бағамен өткізуге мүмкіндік бар.
2014 жылдың өніміне 15000 гектар күздік бидай себіліп, себілетін жаздық ауыл шаруашылық дақылдарға 15500 гектар сүдігер жыртылды.
2014 жылы барлық егіс көлемін 54 мың 910 гектарға жеткізіп, 2013 жылмен салыстырғанда 1000 гектарға артық ауыл шаруашылығы дақылдарын себу жоспарланған.
Оның ішінде: дәнді дақылдар – 30750 гектар (15000 га күздік бидай, 3700 га жаздық бидай, 11900 га жаздық арпа, 150 га дәндік жүгері), қант қызылшасы – 780 гектар, майлы дақылдар – 12238 гектар (1650 га күнбағыс, 9488 га май бұршақ, 1100 га мақсары), картоп, көкөніс, бақша – 2226 гектар (1600 га картоп, 350 га көкөніс, 276 га бақша), мал азығы дақылдар – 8916 гектар. (300 га жүгері, 8616 га көп жылдық шөп).
«Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек. Болашақ – аграрлық секторда» деп Жолдаудағы екінші басым бағытында келтіргендей, бұл саланың болашағы зор екенін білдіріп, үлкен серпіліс беретіні анық.
Ауданда барлығы 3 тұқым шаруашылығы бар. 300 тонна күздік бидай, 150 тонна жаздық арпа, 100 тонна жаздық бидай және 260 тонна май бұршақ дақылдарының тұқымдарын аудан шаруашылықтарына арзан бағамен сатты.
Сондай-ақ, жаңа технология енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге ауданда 60 гектарға алма ағаштарын тамшылатып суару, 2850 гектарға нолдік технология дәнді дақылдар, 7150 гектар майлы дақылдарға интенсивтік технология енгізілді.
Ауылшаруашылық техникалар
Егін шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу, жеке қаражат пен лизинг әдістерін пайдалана отырып жаңа техникалар сатып алу қарқын алуда. Инвестициялық жобамен «Агрохолдинг Ақсу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 54 млн. теңгеге инвестиция құйып, оның 40 млн. теңгесіне 12 дана ауылшаруашылығына қажетті техникалар мен агрегаттар әкелді.
Сонымен қатар, «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы 134 млн. 937 мың теңгеге 22 дана ауыл шаруашылығы техникалары лизингке алынса, 20 млн. 400 мың теңгеге 4 трактор шаруашылықтардың өз қаражатына сатылып алынды.
Осыдан 10 жыл бұрындары ауданымыздың техникалық паркін 100 пайызын кеңес өкіметі кезінде шығарылған ескі техникалар құрайтын. Кейінгі жылдары лизингі арқылы және шаруашылықтарының өз қаражаттарына алынған техникалардың көбейуіне байланысты, ауданымыздың техникалық паркі қазіргі таңда 25-35 пайызға жаңа техникалармен қамтамасыз етіліп отыр.
Биыл ауданға жаңадан 30-дан астам ауыл шаруашылығы техникалар лизингі арқылы алу жоспарланған. Оның 20 данасы тракторлар, 3 дана астық оратын комбайндар және 7 дана ауыл шаруашылығы техникаларының тіркемелер.
Мал шаруашылығы
Аудан бойынша 57 шаруашылық ақпараттық талдау жүйесі бағдарламасымен жұмыс жасап, ірі қара малдарының тұқымын асылдандырып, етті бағыттағы мал өсірумен айналысуда. Осы шаруашылықтардың ішінен «Сыбаға» бағдарламасымен 13 шаруашылық 96 млн. 600 мың теңге несие алды. Оның ішінде: «КазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдинг Акционерлік Қоғамының «Аграрлық Несие Корпорациясы» арқылы 1 шаруашылық 2 млн. теңге несие алса, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 12 шаруашылық 94 млн.600 мың теңге несие алды. Алынған несиеге 136 бас асыл тұқымды құнажын мен 8 бас бұқа барлығы 144 бас ірі қара малдарын сатып алынды.
Осы бағдарлама басталғаннан бері қарай аудан бойынша 35 шаруашылық 380 млн. 520 мың теңге несие алынып, оған 65 бас асыл тұқымды бұқа, 1261 бас құнажын, барлығы 1326 бас мал сатып алынды.
Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары да жолға койылды. Аудан бойынша асыл тұқымды мал өсірумен 5 шаруашылық айналысады. Ірі қараның сүтті бағыттағы «Алатау» тұқымын «Николай-К» шаруашылығы, етті бағыттағы «Әулиекөл» тұқымын «Амирова Ш.С», «Амина» шаруашылықтары өсірсе, қойдың «қазақтың биязы жүнді» тұқымын «Николай-К» шаруашылығы, жылқының «Жабы» тұқымын «Мұрагер-Д» шаруа қожалығы өсіреді. Осы шаруашылықтар ауданға қажетті асыл тұқымды мал төлдерімен қамтамасыз етіп отыр.
Мал нәсілін жақсарту мақсатында ірі қараны қолдан ұрықтандыратын 25 пункт жұмыс жасайды. Былтыр 10645 бас мал ұрықтандырылды.
Мал шаруашылығының жалпы өнімін өндіру
Мал шаруашылығы өнімдері 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы ет 100 пайызға өсіп, 11679 тонна, сүт 100 пайызға жетіп, 28028 тонна болды. Сол сияқты жүн 100,2 пайызға артып, 574 тонна болса, жұмыртқа 100,0 пайыз құрап, 3 млн.275 мың данаға жетті.
Мал басы, оның азығын дайындау
Аудан бойынша ірі қара - 66574, оның ішінде 27565 сиыр, қой-ешкі – 283650, жылқы – 19550, түйе – 65, шошқа – 173, үй құстары – 193701 басты құрады.
Мал азығы өнімдері толық дайындалды. 143 мың 100 тонна шөп, 3700 тонна пішендеме, 13500 тонна сабан, 4000 тонна сүрлем, 12700 тонна жем жоспарға сәйкес әзірленді.
Мемлекет тарапынан берілген қаржылай көмектер туралы
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге кеткен шығындарды ішінара өтеу мақсатында үкімет тарапынан субсидиялау арқылы үлкен көмек көрсетілеуде. Осының нәтижесінде 2013 жылдың қортындысы бойынша мемлекет тарапынан 197 млн. 317 мың теңге субсидия ауданның шаруашылықтарына берілді.
Тұқым шаруашылығын дамытуға 3 тұқым шаруашылықтарына барлығы 2 млн. 245 мың теңге субсидия берілді.
2010-2013 жылдар аралығында алма көшеттерін отырғызғаны және отырғызылған көшеттерді күтіп баптауға 3 шаруашылыққа 3 млн. 279 мың теңге субсидия төленді.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған бағдарлама бойынша 39 млн. 560 мың теңге субсидия игерілді.
Мал шаруашылығы бойынша барлығы 152 млн. 233 мың теңге субсидия төленді.
Аудан әкімінің орынбасары М.Жұмағалиевқа, ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Ә.Жақыпбековке және ауылдық округ әкімдеріне көктемгі егін жұмыстарын ұйымдасқан түрде өтуін, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруды, мал азығын толығымен дайындауды, мал басын асылдандыруды, субсидия тарату, жылыжай салу, жаңа ауылшаруашылық техникаларын алу шаруаларын қатаң бақылауға алып, оларды іс жүзіне асыруда барлық мүмкіншілікті пайдаланып, жұмыстарды өз деңгейінде атқару тапсырылады.
Ветеринариялық іс-шаралар
Ветеринария саласына жылдан жылға Үкімет тарапынан бюджеттік қаражатарды бөлу көбейтілуде.
Мемлекет тарапынан жануарлардың ауруларына байланысты оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған мақсатты іс-шаралар қабылдануда.
«Эпизоотиялық ауруларға қарсы іс шаралар» бағдарламалар бойынша 2013 жылға 126 млн. 644 мың теңге, «Энзоотиялық ауруларға қарсы іс шаралар» бағдарламалар бойынша 3 млн. 371 мың теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.
Аудан бойынша жылдық есеп бойынша 67 мың 200 бас ірі қарадан, 221 мың 510 бас қой ешкіден қан алынып бруцеллезге тексерілді. Нәтижесінде 33 бас ірі қарадан, 422 бас қой ешкі бруцеллезге шалдыққаны анықталды. Ірі қара малы барлығы санитарлық сойыс ретінде өткізілді, ұсақ малдар эпизоот отряд және арнайы құрылған комиссия арқылы Республиалық бюджет есебінен жойылды.
2012 жылмен салыстырғанда ауру мал саны 34 бас ұсақ, 10 бас ірі қараға азайды.
Иесіз, босқын иттерді аулап жою үшін жергілікті бюджеттен 1млн 120 теңге қаржы бөлініп, аудан бойынша 1154 бас иесіз иттер жойылды.
Жансүгіров, Матай, Қапал, Сырттанов, Қызылағаш ауылдық округтерінде 17 млн.735 мың теңгеге мал өлексесін тастайтын орындары ашылды.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін былтыр 480 мың бас ұсақ мүйізді малға, 36 400 бас мүйізді ірі қара малдарына сырға мен ветеринариялық паспорттар беріліп, бүгінгі күнге жұмыстар жалғасуда.
Қазіргі таңда ветеринария саласына аса көңіл бөлінуде, бүгінде 17 ауылдық округінің ветеринариялық пункттеріне «Нива» автокөлігі, ауданға 1 «ДУК» машинасы, аудандық ветеринариялық станцияға 1 «Джип» автокөлігі берілді. Оған қоса ветеринариялық атрибуттар оның ішінде: малды қолдан ұрықтау, хирургиялық және акушерлік құралдарымен толық қамтылуда.
Аудан әкімінің орынбасары М.Жұмағалиев, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы С.Исапанов және ауылдық округ әкімдері мал арасындағы бруцеллезге қарсы шараларын күшейту, бөлінген қаражатты тиімді, әрі мақсатты пайдалану мақсатында жұмысты ары қарай күшейтіп, жалғастыруды қатаң бақылауда ұстаулары тиіс.
Жер ресурстары
Жалпы ауданымыздың жер көлемі 1 млн. 259 мың 293 гектар. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер көлемі 578 мың 252 гектар, оның ішінде: 32 мың 797 гектар суармалы жер, 45 мың 645 гектар тәлім жер, 21 мың 692 гектар шабындық жер, 544 мың 659 гектар жайылым жер.
Аудан бойынша 2432 шаруа қожалықтары, 38 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 2 өндірістік кооператив тіркелген.
Шаруа қожалықтарының пайдалануында жалпы 532 мың 290 гектар жер, елді мекен жерлері 104 мың 660 гектар.
17 ауылдық округтеріндегі пайдаланбай жатқан жерлер тексерілді, қортындысында 249 шаруа қожалықтары, 6 заңды тұлға, 1 өндірістік кооператив, 1 басқадай мемлекеттік емес мекеме жерлерін пайдаланбағаны анықталды. Игерілмей жатқан жердің көлемі – 18 мың 333 гектар, оның ішінде суармалы – 2989 гектар, тәлім – 5165 гектар жер, шабындық – 556 гектар, 8971 гектар жайылым, 652 гектар тыңайма (залеж).
Жер учаскелерін пайдаланбаған үшін 21 шаруа қожалық басшыларының және 2 заңды тұлғаның жер телімдері иесіз мүлік ретінде Әділет басқармасына тіркелді, Алматы облысы өңіраралық жер инспекциясына 10 шаруа қожалық басшыларының құжаттары шара қолдану үшін жіберілді, нәтижесінде 3 шаруа қожалықтарының басшыларына айыппұл салынды.
2013 жылы ауылшаруашылығы жер телімдерін беру үшін 2 конкурсі өткізілді, барлық берілген жер - 64 мың 106 гектар, оның ішінде: суармалы - 3630 гектар, тәлім - 2468 гектар, шабындық - 286 гектар, жайылым - 57722 гектар. Жанадан 192 шаруа қожалығы және 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерін алды.
Жер – ел байлығы, ұлт қазынасы. Олай болса ұлт мәселесі ретінде жердің толыққанды игерілуі мәселесіне дұрыс қарауымыз керек. Бұл мәселе үстіміздегі жылы да назардан тыс қалдырылмайды, ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін біз барлық бос, иесіз жатқан жерді қолданысқа енгізілуін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Жерлерді оның ішінде суарамалы жерді алып алып, өздері еліміздің басқа үлкен қалаларында тұрып, алған жерлерін игермей жатқан жерлестеріміз баршылық. Осындай жағдайлармен қолданыстағы заңдылыққа сәйкес жұмыс істеуіміз қажет.
Ауылшаруашылық жерлер көлемін нақтылау, жер мәселесі бойынша түскен арыз-шағымдарға толық қанды, әрі уақытында жауап беру, жер телімдерін беру конкурстарды қолданыстағы ережеге сәйкес ұйымдастыру, игермей жатқан жерлерді анықтап, аудандық жер қорына заң аясында өткізу жұмыстарын күшейту, аудан әкімінің орынбасары М.Жұмағалиевқа аудандық жер қатынастары бөліміне және ауылдық округ әкімдеріне тапсырылады.
Су шаруашылығы
Ауданымызда суару жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. «Ақсуирригация» кәсіпорыны күшімен, 2013 жылғы вегетациялық суару науқанына дайындық кезінде, шаруашылық аралық тоғандарды, 14 гидротехникалық құрылғыларға, 26 гидротехникалық су өлшеу нысандарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осымен қатар, 500 метр темір бетон канал, 1000 метр жерасты құбыры жөнделіп, 1,3 мың.м3 механикалық жолмен тазалау жұмыстары жүргізілді.
2013 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен Қарашілік және Жансүгіров ауылдық округтерінде орналасқан 44 шақырым ішкі шаруашылық тоғандарға 1 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ Қаракөз және Жаңалық ауылдық округтеріндегі 960 га суармалы егістік жерге су жеткізетін 19 шақырым тоғанды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2 млн.800 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттар жасалынып, биыл облыстын 40 млн.теңге бөлінген жағдайда аталған тоғандарға тазалау жұмыстары жүргізіледі.
Биыл күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық сметалық құжаттарды әзірлеу үшін Арасан, Суықсай ауылдық округтеріндегі орналасқан «Ақтоған», «Мыңжасар» тоғандарға 4,0 млн.теңге, Жансүгіров ауылдық округіндегі «Емелелі», «Шоқан арал», «МР-1» каналдарына барлығы 7 млн.400 мың теңге облыстық бюджеттен бөліну жоспарлануда.
Осы жерде айта кететін жағдай, ауылшаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалық иелерінің су жеткізу қызметі үшін берешегін уақтылы төлемеуі салдарынан, «Ақсуирригация» мекемесінің қаржылық жағдайы қиын. Еңбек ақы және бюджеттік төлемдерді төлеу, тоғандарды және гидротехникалық құрылғыларды жөндеу жұмыстарын толық жүргізуге мүмкіндік жоқ. Бүгінгі таңда дебиторлық қарыздар 3 млн. 795 мың теңгені құрауда.
«Судың да сұрауы бар демекші» ауылдық округ әкімдері осы қарызды қайтаруда мақсатты түрде шаралар қабылдау қажет
Құрылыс, күрделі жөндеу
Аудан бойынша 2013 жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі 417 млн. 400 мың теңгені құрады.
Матай ауылындағы орта мектеп құрылысына 270 млн.теңге бөлініп, қажетті жұмыстар жүргізілді.
Еңбек ауылындағы негізгі мектептің құрылыс жұмыстарын аяқтауға 9 млн. теңге бөлінген, құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталды.
Көлтабан ауылындағы орталау мектептің жылу жүйелерін күрделі жөндеу және жылу қазандығын сыртқа шығару жұмыстарына 9,0 млн. теңге бөлінген, бұл қаражат толығымен игеріліп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай Көшкентал орта мектебінің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 27 млн. 360 мың теңге бөлініп, «Жетісу Сервис А.Н.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тиісті жұмыстарды атқарды.
Сағабүйен ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне 70,0 млн.теңге берілді. Жұмыстарын «Жетісу сервис А.Н.» ЖШС жүргізіп, құрылыс жұмыстары 2013 жылдың қазан айында аяқталды.
Кеңжыра, Есеболатов, Ақсу ауылдық округіндегі ауылдық амбулаториялардың күрделі жөндеу жұмыстарына 34 млн. 550 мың тг қаржы бөлініп, «Сур МАК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік ұйымы құрылыс жұмыстарын былтырғы жылдың қазан айында аяқтады.
Тұрғындардың өз қаражаты есебінен 1660 шаршы метр тұрғын үй салынды, 2012 жылмен салыстырғанда 114,1 пайызды құрады. (2012ж- 1650 ш/м),
Өткен жылы 38820 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, оның ішінде: мемлекеттік меншіктегі үйлер 37170, тұрғындар мен кәсіпкерлердің қаражатына 1650 шаршы метр салынған.
2014 жылға тұрғын үй салу бағдарламасы бойынша Жансүгіров ауылындағы:
-10 жалгерлік тұрғын үй салуға және оған инженерлік коммуниациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға жобалық сметалық құжаттамасын даярлауға барлығы 9 млн.169 мың теңге берілді, сараптама қортындысы дайын. Құрылыс монтаждау жұмыстарына барлығы қажетті 106 млн.600 мың тенге тиісті облыстық мекемелерден сұралды.
50 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй салуға жобалық сметалық құжаттамасын даярлауға барлығы 12 млн. 680 мың теңге берілді, сараптама қортындысы дайын, құрылыс монтаждау жұмыстарына 261 млн тенге бөлініп отыр
1 арендалық тұрғын үйді қайта жаңартуға жобалық сметалық құжаттамасын даярлау үшін барлығы 2 млн. тенге қаражат бөлініп отыр.
Е.Сиқымов орта мектебін 300 орындық мектеп және 100 орындық интернат ретінде қайта жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттамасына қосымша 3,0 млн.теңге бөлінді, «Компания строй капитал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әзірлеуде, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды, құрылыс монтаждау жұмыстарына қәзіргі таңда 500 млн тенге бөлініп отыр.
Аудан әкімінің орынбасары Қ.Исаевқа, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Беркімбаевқа аудандағы құрылыс жұмыстарының сапалығына назар аударып, олардың белгіленген уақытында тапсырылуы міндеттеледі.
Аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету
2013 жылы Жансүгіров ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен 285 млн 400 мың. теңге, жергілікті бюджеттен 28,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын Алматы қаласынан «АВА» ЖШС-гі жүргізіп, 304 млн 304 мың теңге қаражат игерді.
Копа ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарына 91 млн.500 мың теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын Алматы қаласынан «АВА» ЖШС жүргізді.
Энергетик ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары 2012 жылдан ауыспалы кезеңмен жүргізілді. 2012 жылы 52 млн. 291 мың қаражатқа тиісті жұмыстар атқарылса, 2013 жылы 64 млн.719 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Құрылыс жұмыстарын Алматы қаласынан «Баймен» ЖШС гі жүргізді.
Матай ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарына барлығы 217 млн. 969 мың теңге қаражат бөлінді, Алматы қаласынан «Көлсай Строй» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізіп, 2012 жылы 19 млн. 963 мың теңге, 2013 жылы 198 млн теңге қаражатты игерді.
Осы нысандар толығымен пайдалануға қабылданды.
2014 жылға Сағабүйен, Алтынарық ауылдарының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарына тиісінше 194 млн. және 80 млн. теңге қаражат бөлінді.
Бұл жұмыстар ағымды жылдың сәуір айында басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |