Аудан әкімі Ә. Мұхтархановтың өткен 2010 жылдың қорытындысы бойынша есепті баяндамасы Құрметті қауым, жерлестер!



Дата03.07.2016
өлшемі104.5 Kb.
#173589


Аудан әкімі Ә.Мұхтархановтың

өткен 2010 жылдың қорытындысы

бойынша есепті баяндамасы
Құрметті қауым, жерлестер!
Аудан әкімінің халық алдындағы дәстүрлі есепті кездесуіне қош келдіңіздер! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың

2010 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа он жылдық –жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындаған облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың нақты міндеттері мен тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бағдарламар аясында өткен жылы ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды.

Ауданымыз үшін өткен жылдың қорытындысы жаман болған жоқ. Нәтижесінде аудандардың әлеуметтік- экономикалық дамуының облыстық рейтингінде белгіленген көрсеткіштер бойынша біз бюджеттің игерілуінен басқа 24 көрсеткіштің барлығын орындадық. Аудандық білім бөлімі мен қала әкімшілігінің жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты және республикалық трансферттерді уақытында игермеуі осыған себеп болды.
Ауыл шаруашылығы
Ауданда өндірілетін ішкі жалпы өнімнің 68%-ын ауылшаруашылық саласы құрайды, оның 84 %-ы мал шаруашылығы өнімдері, 16% өсімдік шаруашылығы еншісінде.

2010 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 8 млрд. 209 млн. теңгені құрап, өткен жылғыдан 5,8%-ға артты.

2011 жылдың 1 қаңтарына барлық категориядағы шаруашылықтарда ірі қара 60782 бас, қой мен ешкі – 270264 бас, жылқы – 19226 бас, құс – 30372 бас өсірілуде. 2010 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда қой мен ешкі 1%-ға, жылқы 3%-ға, құс саны 8 %-ға артты. Былтырғы жылы қыстаманың өте ауыр болып, ауыл тұрғындарының қажетті мөлшерде қатаң мал азығын дайындамауына байланысты ірі қара малы 12 %-ға кеміді. Сондықтан осы жылдың қыстамасына 202750 тонна шөп 135 пайыз, 450 тонна сабан 112 пайыз мен 1000 тонна жем 142 пайыз дайындалды.

Халықты жергілікті жерде өндірілген етпен қамтамасыз ету үшін 2010 жылы 8 ірі қара, 4 қой және 2 жылқы малын бордақылау алаңдары ашылды. Олардан 226,3 тонна сиыр еті, 44,0 тонна қой еті, 7,7 тонна жылқы еті өндіріліп, халыққа сатылды. Осы өндірілген өнімге Республикалық Бюджеттен сиыр етіне 27 млн 390 мың теңге, қой етіне 3 млн 021 мың теңге, жылқы етіне 704,600 мың теңге субсидия бөлініп, шаруашылықтарға берілді.

Алайда, өндіріліп жатқан мал өнімдері өңделмей арзан бағаға сатылуда. Ауданда бірде бір мал өнімдерін өңдейтін кәсіпорын жоқ деп айтуға болады, жалғыз ғана «Ақбота» өндірістік кооперативінің шағын сүт өңдейтін цехы бар. Оның қуаттылығы аз, шығаратын өнім түрлері шектеулі болғандықтан сырттан әкелінген жартылай жасанды сүтті пайдалануға мәжбүр болып жүрміз.

Сонымен қатар, Баршатас ауылдық округінде «Аягоз-Суырлы» ауылдық тұтыну кооперативі құрылып, жүн өңдейтін цех ашылды. Инвестициялық құны 35 млн. теңгені жеткілікті мөлшерде несиеленбеуінен толық күшінде жұмыс жасай алмай отыр.

Өздеріңізге белгілі, кейінгі жылдарда малдың сапасы да төмендеп кетті. Асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтардың дамуына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Жылдан жылға осы мақсатқа бөлінген қаржы көлемі өсіп келеді. 2010 жылға асыл тұқымды мал сатып алуға ауданға 41,5 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. Оның 19,2 млн. теңгесіне асыл тұқымды мал сатып алынды.

Бүгінгі таңда Қосағаш, Бидайық, Тарбағатай, Сарыарқа, Ақшатау, Мәдениет ауылдық округтерінде 8 асыл тұқымды қой шаруашылығы, 4 асыл тұқымды жылқы шаруашылықтары ашылды. Сонымен қатар, Тарлаулы ауылдық округіне қарасты «Озат» шаруа қожалығы Бородулиха ауданының «Новая Заря» асыл тұқымды шаруашылығынан 56 бас қазақтың ақ бас сиырын, Ұлан ауданының «Богратион» шаруа қожалығынан 4 бас асыл тұқымды бұқа, «Шалабай» асыл тұқымды заводынан 4 бұқа әкелінді. Ал Қопа, Ақшаулі, Байқошқар, Емелтау, Нарын, Айғыз, Қарағаш, Баршатас ауылдық округтерінде бірде-бір асыл тұқымды шаруашылық ашылған жоқ.

Мал сапасын жақсартудың тағы бір жолы малды қолдан ұрықтандыру. Осы орайда, мал тұқымын асылдандыру үшін Майлин және Тарбағатай ауылдық округтерінде ірі қара малын қолдан ұрықтандыратын пункт ашылды. Өкінішке орай, бұл жұмысты басқа ауылдық округ әкімдері қолға алмай, жауапсыздық танытып отыр.

Аудан бойынша адаммен малға ортақ аса жұқпалы аурулардың алдын алу үшін республикалық бюджеттен 63 млн 181 мың теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді. 2010 жылы 583 бас ірі қара, 331 бас қой малы бруцеллез ауруына оң нәтиже беріп, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда ірі қара бруцеллезі 2 есе, ұсақ мал бруцеллезі 1,4 есе азайды.

2010 жылдың 1 шілдесіне 1-қала және 22-ауылдық округінде 8 -мал дәрігері болса, қазіргі уақытта 22 ауылдық округтері дәргерімен толық қамтамасыз етілді.

Жер көлемі жағынан Республикада 3 орын алғанымен, құнарлылығы төмен болуына байланысты, егін шаруашылығы 4 ауылдық округте жүргізіледі. Былтырғы 2010 жылы егістік жер көлемі 14550 га-ға жеткізілді. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 1620 га-ға немесе 8 пайызға артық. Егістік жерлердің 8835 гектары дәнді дақылдар, 700 га картоп, 300 га көкөніс және басқалар. Егін орағы мерзімде аяқталып, 8835 га дәнді астықтан 9100 тн астық алынып, әр гектардан 10,3 цн өнім алынды. Әр га өнімділігі 2009 жылмен салыстырғанда 2,6 цн артық.

Өткен жылы көктемгі егіс, күзгі жиын-терінге, мал азығын дайындауға 240 тн арзандатылған жанар-жағар майы бөлінді.

Мұның сыртында, егіншілікпен айналысатын егін, картоп, күнбағыс еккен 33 шаруа қожалығына 11,7 млн. теңге көлемінде жанар-жағар майдын өтемі үшін субсидия бөлініп, толық игерілді.

Ауыл шаруашылық техникаларының 80 пайызының тозуы, агротехникалық шаралардың толық сақталмауы егін шаруашылығынан мол өнім алуға кері әсерін тигізуде.

Аудан халқының картоппен көкөніске деген сұранысы небәрі 79 пайызға ғана қамтамасыз еткендіктен, барлық ауыл әкімдеріне бұл дақылдардың егістік көлемін ұлғайту жөніңде тиісті тапсырма, жоспарлар беріле отырып, аудан бойынша картоптың жалпы өнімін 7500 тоннаға, көкөністі 6000 тоннаға жеткізу тапсырылды. Осы мақсатта ЖК «Смагулов Е.» Аягөз қаласына сыйымдылығы 2,5 тонна көкөніс қоймасын салып, алдағы уақытта пайдалануға беруін жоспарлап отыр. ЖК «Мұхаметжанов. Х» жылыжай салуға және 30 гектарға тамшылатып суғару технологиясын енгізу үшін Даму қорынан 15 млн.теңгенің көлемінде несие алуға құжаттарын дайындауда.

Аудан халқын өзімізде өндірілген көкөніспен қамтамасыз етуде Қанай су каналы бойындағы суармалы жерлерді толықтай игеру басты міндеттеріміздің бірі болып табылады.

Республикалық бюджеттен бөлінген мал шаруашылығын дамытуға 41 млн. теңге, дала шаруашылығына 11,7 млн. теңге субсидия игерілді. 100 гектар жерге тозғанаққа, 1 мың гектар жерге у кекірегіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.



Өнеркәсіп
Аудан өнеркәсібінің көлемі 2008 жылы 7241 млн. теңге болса, дүниежүзілік дағдарысқа орай мыс бағасының күрт төмендеуінен осы саланың аудандағы негізгі өндірістері «Ақбастау», «Құсмұрын» кен орындары консервацияға жабылып, өндіріс көлемі 2009 жылы небәрі 3578 млн. теңгені құрап, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі үлесі 53,6 пайыздан 2,7 пайызға күрт түсіп, машина құрау жөніндегі ең үлкен өндіріс орыны «Аягөз вагон жөндеу депосы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірілген өнімнің көлемін азайтып алды.

Таукен өндірісі саласының күрт төмендеуін мыс бағасына сайсақ аудан орталығындағы «Аягөз вагон жөндеу депосы» ЖШС- і (Е.Траисбаев) тапсырыс ала алмай өндіріс көлемі түсіп кетті. Бұл кемшілік кәсіпорындағы жұмысшылар санының азаюына, олардың орташа еңбекақы көлемінің төмендеуіне әкеліп соқты.

Осындай олқылықтар жергілікті кен орны «Алина Д» (М.Исабеков) ЖШС-да да орын алып отыр. Кәсіпорынның өндірген өнімі 2009 жылмен салыстырғанда 94 пайызға төмендеді.

Осы олқылықтардың орнын жабу мақсатында, бұл мәселе аудан әкімдігінің отырыстарында, әкім аппаратының арнайы комиссияларында тыңдалып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Өнеркәсіп өнімін беретін әр мекеме басшысымен тікелей жұмыстар жүргізіліп, есеп жұмыстары кайта нақтыланды. Нәтижесінде 2010 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында аудан өнеркәсіптері бойынша қолданыстағы бағамен 3943,9 млн. тенгенің тауарлық өнімдері өндіріліп, 2009 жылмен салыстырғанда 153,4 млн. тенгеге немесе 104 пайызға артты. Өнеркәсіп өнімдерінің негізгі үлес салмағының 49,5 пайзын құрайтын теміржол кәсіпорындарының ішіндегі «Аягөз локоматив жөндеу депосы» (К.Нашанов) 1258,0 млн. тенгенің өнімдерін өндіріп, өткен 2009 жылдан 108,8 пайызға арттырды. Жалпы өнеркәсіп өндірісінің 15,5 пайыз үлесін құрайтын электрмен қамтамасыз ету саласы алдағы жылдан 138,8 пайызға артық өнім берді.

Бүгінгі күні өнеркәсәп көлемін арттырудың нақты шаралары белгіленді және оны іске асыруға толық мүмкіндіктер бар.

Инвестициялар
2009 жылы небәрі 1211,0 млн. теңге болып, жеке көлем индексімен есептегенде облыста ең соңғы көрсеткішті көрсеттік. Инвестициялардың жылдан жылға төмендеуі, негізінен қаржы дағдарысынан деп түсіндіріледі. 2007 жылы 12700,0 млн. теңге мол инвестицияның енуі сол жылдары «Атасу Алашанькоу» мұнай құбырының іске қосылуымен, Ақтоғай кен байыту комбинатының ірі жұмыстарының орындалып, олардың тоқтауы кері әсерін тигізген. Дегенмен, былтыр атқарылған жұмыстардың нәтижесінде негізгі капиталға инвестиция құю былтырғы жылмен салыстырғанда 116,8 пайызға артып, 1414,8 млн. теңгені құрады.

Бұл көрсеткіш одан да жоғары болуына мүмкіндіктер бар, алайда құжаттары дұрыс болмағандықтан бірталай нысандар бойынша атқарылған жұмыстар көлемі статистикалық есепке кіргізілмей қалды. Тек қана ауылдық округтердің өзінде 350,0 млн. теңгені құрайтын мал қоралары, малшылар үйлері, тағы басқа ғимараттар жер актісі болмай, заңды тіркеуден өтпеген соң инвестицияға енбей отыр. Көптеген ғимараттар, нысандар салықты аз төлеу мақсатында төмендетіп бағаланғаны анықталып отыр.

Алдағы уақытта осы кемшіліктерді орнын толтыру үшін нақты іс-шаралар жоспары жасалынды және оны іске асыру міндеті тұр.
Кәсіпкерлік, сауда және баға саясаты
Ауданда 2010 жылы 2969 кәсіпкер тіркеліп, оларда 6401 адам жұмыс істеді. Өткен 2009 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 109% өскені байқалады.

Кәсіпкерліктің ішінде заңды тұлғалары жыл басына 127 бірлікті құраса олардың белсенді жұмыс істегендері небәрі 48 немесе 37,8 пайыз болды. Қалған 54 кәсіпорын алды сонау 1997-1998 жылдары тіркеліп бірақ жұмыс істемегендер болған. Осы мәселе жөнінде арнайы штаб құрылып, нәтижесінде жұмыс істейтін белсенді кәсіпорындар 57 болды немесе 51,4% пайзға жетіп 13,6% артты. Бюджетке шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 178,1 млн.теңге салық түсті бұл 2009 жылғыдан 109% артық. Жылдың басына ауданда 4 сауда базары, 12 сауда үйі, 90 сауда бөлімі, 74 тамақтандыру орыны (кафе, мейрамхана, асхана), 28 ЖҚС, 29 дәріхана, 1 нан зауыты, 20 наубайхана, 50 халыққа қызмет көрсетуде. Жыл сайын олардың саны көбеюде.

2010 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымы 4505,9 млн.теңгені немесе 2009 жылғыдан 896 млн.теңгеге артық болып отыр.

Аудан әкімшілігі азық-түлік және күнделікті қажет өндіріс тауарларының бағасына жыл басынан қатаң көңіл бөліп, күнделікті мониторинг және азық-түлік бағаларын реттеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы барлық дүкендермен, жанар-жағар май құю орталықтарымен, дәріханалармен азық-түлік, жанар-жағар май және дәрі-дәрмек бағасын 10 пайыздан асырмай сату жөнінде барлығы 245 меморандумдарға қол қойылған. Осы жоғарыда аталған меморандум шарттарының орындалуы ұдайы бақылануда болды. Бұл жұмыс биылғы 2011 жылы қайта жалғасын таппақшы.

Аудан орталығында әр жексенбі сайын «Жақсылық» сауда базарында жәрмеңке өткізіліп ауылдық округтер кестеге сәйкес арзандатылған ауылшаруашылық өнімдерін әкеліп сатуда. Олардан сауда орындарына төлем алынбайды. Нәтижесінде қалалықтар арзан ет алып, ауыл халқы өзінің өндірген өнімін саудалау мүмкіндігін алды. Былтыр 90 млн. теңгеден аса ауылшаруашылық өнімдері сатылды. Оның ішінде 27 млн. теңге – жылқы еті, 23 млн. теңге сиыр еті, 12 млн. теңге қой еті, 10 млн. теңге сүт және сүт өнімдері, 18 млн. теңге жеміс-жидек құрап отыр.

Кәсіпкерлік, сауда және баға саясаты бойынша алдағы уақытта үнемі бақылауда болады.
Құрылыс , тұрғын- үй коммуналдық шаруашылық
2010 жылы Ақши орта мектебінің құрылысы, Тарбағатай ауылының су жүйесін қайта жаңарту жұмыстары, (500 млн., 81,2 млн.) қаладағы жасөспірімдер спорт мектебінің күрес залы, Майлин (63,6 млн.), Емелтау ауылдары су жүйелерінің ағымдағы жөнделері аяқталып, іске қосылды.

Жалпы аумағы 4024 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6%-ға артты.


Өткен қыс төтенше жағдайда өтіп, 90 күн қыстың 56 күні боранды болды. Осы жағдайда 1180 шақырым маңызды жолдарда жолшылардың және әскери бөлімдердің арқасында автокөліктердің үздіксіз жүрісі қамтамасыз етілді.

Аудан көлеміндегі жолдардағы 442 суағар, 43 көпір көктемгі қар еру маусымына дейін жол мекемелерімен, ауыл тұрғындарының көмегімен тазаланды, аудандағы 62 елді мекенге, 391 қыстаққа баратын 1100 шақырым жол ашылып, шаруа қожалықтарына 605 тонна шөп, 1618 тонна жем жеткізіліп берілді, оған қаланың кәсіпкерлері мен әскери құрамалар көмек көрсетті.

Облыстан бөлінген 6 700 мың теңге қаржыға 51 мың литр жанар май алынып, осы жұмыстарға пайдаланылды.

Облыс көмегімен республикалық бюджеттен жағалаулардың қауыпты жерлерін бекітуге 6 490 мың теңге бөлініп, Тарлаулы ауылында және Аягөқз қаласында жаға бекіту жұмыстары атқарылды, осының арқасында 17-18-19 сәуір күндері Аягөз өзенінің деңгейі 3,5 метрге көтерілген кезде Аягөз қаласының № 7 кварталын, Тарлаулы, Қопа ауылдарын су басу қаупының алды алынды.

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың көмегімен Аягөз қаласын судан қорғайтын 21 237 мың теңге тұратын жаңа бөгет салынды.

Су тасқынына ұшыраған 5 елді мекенде (Аягөз қаласы, Сарыарқа, Қопа, Тарлаулы, Ақтоғай), 114 тұрғын үйді су басып, оған облыстық «Парыз» қорынан Ақтоғай кентінде 49 400 мың теңге тұратын жаңа 11 пәтер салынды. 103 үйді жөндеуге 16 530 мың теңгеге құрылыс жабдықтары алынып берілді. 395 адамға әрқайсысына 5 мың теңгеден 1 975 мың теңге бір жолғы қаржылай көмек көрсетілді.


Әлеуметтік қорғау және еңбекақы
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 440889,0 мың теңге қаражат бөлінді, ол аудан бюджетінің 10,7 % құрайды.

Жұмыспен қамту бағдарламаларына бойынша 580 жұмыссыз төлемді қоғамдық жұмысқа, 151 жұмыссыз кәсіптік оқу, қайта даярлауға, 9 жұмыссыз жастар іс тәжірибесіне, 7 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына қатысты.Осыған 38308,0 мың теңге қаражат бөлінді және 100 % игерілді.

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 38172 адам, жұмыссыздық деңгейі 0,7 процентін құрады.

630 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 556 уақытша жұмыс орындары.

Әлеуметтік төлемдер бойынша 4215 адамға атаулы әлеуметтік көмек, 7532 балаға балалар жәрдемақысы, 2563 отбасына тұрғын үй жәрдемақысы және басқа да әлеуметтік төлемдерге 333624,0 мың теңге бөлінді және 100 % игерілді.

Әлеуметтік қызмет көрсету саласында 128 мүгедек балаларға және 160 жалғыз басты қарттар мен мүгедек азаматтарға қызмет көрсетеді. Осыған 45606,0 мың теңге қаражат бөлінді және 100 % игерілді.

Жас мамандарды ауылдық жерлерге жұмысқа орналастыру мақсатында аз қамтылған отбасылардан шыққан 47 студент Семей медициналық университетінде, 18 студент Семей педагогикалық институтында және 2 бала Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде облыс әкімінің гранты негізінде оқиды.

Аудан бойынша 7609 зейнеткер, 3661 мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар және 5615 арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатындарды құрайды. 2010 жылы осы мақсаттарға 3720,0 млн. теңге төленді.

Аудандағы 74 600 халықтың 31 116- сы (42 пайызы) мемлекеттен (4 млд.160 млн. тенге) әр- түрлі әлеуметтік көмектер алып отыр. Олардың уақытында төленуі әкімшіліктің бақылауында.
Спорт және білім саласы
Өткен жылы спортты дамытуға бюджеттен 8 млн. 707 мың тенге қаржы игерілді. Бөлінген қаржы көлемінде тиісті спорттық шаралар атқарылды, қосымша штаттар бөлініп, спорттық секциялардың саны артты. Ат спорты, қол күресі, гір көтеру, жеңіл атлетика ауданда дамымай отыр. Осыған көңіл бөлуіміз қажет.

Ауданның білім саласында 50 мектеп, 4 мектепке дейінгі бір мектептен тыс мекемелер жұмыс істейді, олардың материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға нығаюда.

Өткен жылы білім саласына 2 млрд 128 млн 775 мың теңге қаржы бөлінді.Ол аудан бюджетінің 57,2 % құрады. Міндетті білім беру қорына 16 млн 950 мың теңге бөлініп, бөлінген қаржының 1 пайызын құрады. (облыс 2 %). Ауыл мұғалімдеріне, мәдениет әлеуметтік қызметкерлерге 5 мың теңгеден коммуналдық төлемдер шығынын өтеуге төленді. Мектептер әр түрлі 22 пән кабинеттермен жарақтандырылды.

Өткен ғасырдың 90 жылдарынан бергі уақытта алғаш рет Ақши ауылында мектеп салынды. «Жол картасы» бойынша 119,2 млн теңге қаржы бөлініп, 20 білім нысандарына ағымдағы жөндеу жасалды.

Жалпы білім саласына бюджеттен қарастырылған қаржы бағдарламасына сай сапалы білім тәрбие беруге толық мүмкіндік береді.

Ұзақ жылдар бойы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мәселесі шешімін таппай келеді. 2-4 жас аралығындағы балалардың тек 38,1 % балабақшалармен қамтылған. Бұл облыстағы ең төменгі көрсеткіш (72%). Бұрынғы басқаларға өтіп кеткен ғимараттардың қайтарылмауына сәйкес республикадан берілген 39,3 млн теңге игерілмеген. 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 4638 оқушыға 24,3 млн теңге қаржы бөлінді. Осы қаржы үнемсіз жұмсалуда. Талдау барысында көптеген мектептер жыл көлемінде азық-түлікті қымбат бағамен сатып алып отырған. Мәселен №7, Есімжанов орта мектептері балаларға етті 550-600 теңгенің орнына 850 теңге бағамен сатып алып отырған. Басқа азық-түлік түрлеріне де осындай жағдай қалыптасқан.

Бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытындысы да облыс көрсеткішінен 9,3 пайызға төмен. Соңғы үш жылда №8, Бабатай, Ж.Жабаев, Т.Есімжанов, №6 орта мектеп ең төменгі көрсеткіштерге жол берді. Аталған мектеп басшаларына қатаң тәртіптік шаралар қолданылды.

2010 жылы 63 зейнеткерлердің 49 –ы қызметінен босатылып, орнына жұмыссыз жүрген жас мамандар орналастырылды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 10 жас маман ауыл мектептеріне жіберіліп, котерме ақы, тұрғын үймен қамтамасыз етуге қаржы қаралды. 15 маманға келер жылдарға сұраныс жасалды.

Жалпы аудандық білім бөлімінің тарапынан мекеме басшыларына ұйымдастыру, басқару принципті түрде талап қою мәселесі кемшілік танытуда. Оларды жою білім саласы басшыларының міндеті екенін еске саламыз.

Мәдениет саласы
Ауданда 1 аудандық, 1 ауылдық мәдениет үйлері, 20 ауылдық клубтар, 1 аудандық, 22 ауылдық кітапханалар мен 1 мұражай халыққа қызмет көрсетуде.

Өткен жылы «Туған ел – алтын бесігім» атты акция аясында аудандық көркемөнерпаздар ұжымы концерттік бағдарламалармен Тарбағатай және Зайсан аудандарында болып қайтты. 12 халықтық атағы бар өнер ұжымдары «Халықтық» атағын қайтадан қорғады.

2010 жылдың қорытындысымен «Туған жер алтын бесігім» акциясының аясында біздің аудан бірінші орын алса, жастарымыз Квн ойындарынан үздік болып, облыс әкімінің жүлдесін еншіледі. Облыстық байқауда Аягөздің кигіз үйі 1 –ші орын алды.

Өткен жылы 4 ауылдық клубқа (Қопа, Бидайық, Қосагаш, Қарагаш) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 17 млн.900 мың тенге жүмсалды.

Өкінішке орай бақылаудың жоқтығынан жөндеу жұмыстары сапасыз орындалды. Жыл өтпей жатып, бірінің төбесі, бірінің қабырғаларының сылағы түсіп жатты. Кемшіліктер медігерлердің есебінен қайта жөнделді. Соңғы жылдары қаржы бөлінбеуіне байланысты мәдениет саласына сахналық киімдер, музыкалық аспапатар алынбаған, көптеген клубтарда орындықтар жоқ. Бір сөзбен айтсақ, материалдық- техникалық базаға көңіл бөлінбеген, ол халққа қымет көрсетуде оң әсер бермеуде.

Денсаулық сақтау, демография
Өткен жылы медицина саласына бекітілген бюджет көлемі мемлекеттік тапсырыс негізінде 875 781,6 мың тенгені құрады, оның ішінде ауруханаларға 446411,5 мын тенге, емханаларға 375 219,6 мың теңге, жедел жәрдем бөлімдеріне 32701,0 мың теңге бөлінді. 2009 жылдың мемлекеттік тапсырысымен салыстырғанда 2010 жылдын бюджеті 23 пайызға өскен.

Аягоз аудандык аурухананың ғимараты ағымдағы (33613,0 мың теңге), Шұбартау ауылдық ауруханасын күрделі жөндеуден 17929,7 мың теңге өтті.

Мемлекеттік тапсырыстан тыс тегін дәрілік фонд арқылы балаларға (1-5 жастағы) 1412,9 мың тенге, әйелдерге 4595,8 мың тенге ( йод, қан толтыратын), тағы басқа аса қатерлі аурулардың алдын алуға 12150,0 мың тенге бөлініп, толық игерілді.

2010 жылы жалпы 1659 бала туып 32 бала шетінеген (19,2 %).

Балалар өлімінің көрсеткіші 2010 жылы- 38 пайызға азайған.

2010 жылы аналар өлімі болған жоқ. Алдағы жылы осы саладағы жақсы жаңалықтардың бірі, ол Аягөз қаласында кіші деагностикалық орталық, жүкті әйелдерге арналған периноталдық орталық ашылмақ. Алдағы жылдары денсаулық саласына дұрыс көңіл бөлініп, біраз жақсылықтар болады деп күтілуде.


Қоғамдық тәртіпті сақтау
2010 жылдың 12 айында 444 қылмыстық іс тіркелген. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 27,2%-ға көп. Ашылу деңгейі 65,6% құрап, өткен жылдан 2,8%-ға жоғары.

29 ауыр және аса ауыр қылмыс жасалып, өткен жылдың деңгейінде қалыптасты.

Бөтен мүлікті ұрлау дерегі бойынша 232 іс қозғалды. Ұрлықтар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,8%-ға көбейген. Оның ішінде: 63 пәтерлерден ұрлау, 27 мал ұрлау оқиғалары тіркелді. Пәтер тонау оқиғаларының 72,3%-ы, мал ұрлау оқиғаларының 45,5%-ы ашылды.

Бұрын сотты болғандар жасаған қылмыстар саны 5-тен 10-ға, топпен жасалған қылмыстар саны 57-ден 60-қа дейін артқан.


«Жол картасы»
Өткен жыл «Жол картасы» бойынша ауданға 34 жобаға 450,6 млн теңге қаржы бөлініп, жаңадан 517 жұмыс орындары ашылып, тіркеудегі 354 адам жұмысқа орналастырылды. Жоғарыда айтылғандай білім саласында 20 мектептер мен балабақшалар Қопа, Қосағаш, Бидайық, Қарағаш ауылдарының мәдениет үйлері, қаладағы Ә.Тәңірбергенов және Б.Момышұлы көшелеріне орташа жөндеу және Майлин, Емелтау ауылдарының су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қаладағы политехникалық колледж ғимаратын ағымдағы жөндеуге 5,2 млн теңге және балалар психоневрологиялық емдеу мекемесіне 8,3 млн теңге көлемінде жұмыстар жүргізіліп, қаржылары толығымен игерілді.

80 адам кәсіптік мамандық алды, 25 адам жұмысқа орналасты. 92 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. 45 жас маман жастар іс-тәжірибесіне жіберіліп, 13 жас маман тұрақты жұмысқа орналасты.
Бюджет
Өткен жылдары бюджеттің жетіспеуі автомобиль жолдарының, су құбырларының тозуына, кәсіпорындардың мардымсыз жұмыс жасауына әкеліп соқты, қала, ауылдарды көркейтуге, абаттандыруға, алдағы жылдарға перспективалық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар жасауға мүмкіндік бермеді.

Биылғы жылы біз облыс әкімшілігімен, басқармалармен тығыз байланыса отырып осы кемшіліктерді жойдық деп толық айта аламыз. Тек қана «Жол картасы» бағдарламасы бойынша облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен 475 млн. тенге біздің ауданға берілді. Ол қаржы ауылдарды жарықтандыруға, қала, ауыл су жүйелерін, мектеп, аурухана, клуб ғимараттарын жөндеуге жұмсалады.

Биылғы бюджет көлемі былтырғыдан 44,8 пайызға артып, 4340,9 млн.теңгені құрады. Мұның ішінде жергілікті жерден түсетін салық түсімдері 1347,7 млн.теңге немесе 36,6%, бекітілген субвенция көлемі 2336 млн.теңге (63,4%).

Бюджеттің басым бөлігі білім саласы мен әлеуметтік қолдауды құрайды (68%).

1-4 класс оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 78,6 млн.теңге әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларын қамтамасыз етуге 31 млн.теңге (1,5%), ауылдық жерлерде тұратын мамандарға отын сатып алуға 8,6 млн.теңге (әр адамға 7200 теңге).

Ақши, Бозай ауылдарының су құбырларын, қаладағы контрреттеуішті ағымдағы жөндеу жұмыстарына 142 млн., Бозай кіреберісінің автожолын күрделі жөндеуге 132 млн., Дөненбай ауылындағы орта мектепті күрделі жөндеуге 20 млн., Айғыз ауылдық клубын ағымдағы жөндеуге 4,7 млн., қаладағы және 15 ауылға мал қорымдарын салуға 15,4 млн., 15 ауылдың көшелерін жөндеуге 29,6 млн.теңге бөлінді.

Ауданның әрі дамуына бағытталған құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге 89,5 млн.теңге, мемлекеттік коммуналдық мекемелердің жарғылық капиталын ұлғайту арқылы техникалар сатып алуға 73,7 млн.теңге қаралды, Аягөз қаласының көшелерін жөндеуге, жарықтандыруға, абаттандыруға, санитариясын қамтамасыз етуге 70,6 млн. тенге жоспарланды.

Медицина саласы бойынша Мамырсу, Айғыз және аудандық орталық ауруханалары ғимараттарын күрделі жөндеуіне 156,5 млн. тенге қаралды.

Сөйтіп жаңа бюджеттік жоспарлау заңдылығына сәйкес алдағы 3 жылда бюджеттің осы көлемі тұрақты сақталып, ауданның экономикалық дамуына оң әсерін тигізетін болады.

2010 жылдың есептік кездесулер кезінде тұрғындардан барлығы 88 ұсыныстар мен пікірлер түссе, оның 68 жауап беріліп, 20 сұрақ бақылауға алынды. Бүгінгі күнге бақылауға алынған 20 ның 17 –сі толығымен орындалды. Сонымен қатар Аягөз ауданы әкімінің аппаратына 2010 жылдың 12 айында 989 өтініш жеке тұлғалардан, 67 өтініш заңды тұлғалардан түсті.

Жалпы жеке тұлғалардан түскен өтініштердің құрамы – 12-ұсыныс, 19-шағым, 5-сұраныс, 1-пікір, 952 -өтініш болып отыр. Заңды тұлғалардан 3- ұсыныс, 64-өтініш ретінде жазылған.

Жеке тұлғалардан түскен өтініштердің басым көпшілігі, яғни 608 өтініш дербес бөлімдерге жолданып, 381 өтініш аудан әкімі аппаратында қаралды. Оның ішінде, 305-өтініш түсіндіріліп, 39-ы қанағаттандырылмай, 30-ы қанағаттандырылды. Жыл аяғына 6 өтініш қарауда қалды.



Аудан әкімі аппаратына 2010 жылдың 12 айында ауылдық округтері тұрғындарынан түскен өтініштерге келетін болсақ, барлық түскен өтініштер саны-458, оның ішінде:

Мамырсу ауылдық округінен: жер мәселесі -26, тұрғын үй құрылысы-14, коммуналдық шаруашылық-4,баспана мәселесі-4, жылу жүйесі туралы-3, еңбекпен қамту-2, мемлекеттік награда-1, білім-1, басқадай сұрақтар-2, барлығы -57 өтініш түскен.

Ақтоғай кенттік округінен: тұрғын үй құрылысы-20, жер мәселесі-18, баспана -6, білім-3, коммуналдық шаруашылық -2, жылу жүйесі—1, электр желісі-1, басқадай сұрақтар-1, барлығы -52 өтініш түскен.

Айғыз ауылдық округінен: жер мәселесі-26, ауылшаруашылығы-2, тұрғын үй құрылысы-2, мемлекеттік басқару-2, еңбекпен қамту-1, зейнетақы-1, ғимарат жөнінде-1, басқадай сұрақтар-4, барлығы 39 өтініш түскен.

Ақшәулі ауылдық округінен: жер мәселесі-16, ауылшаруашылығы-8, мемлекеттік басқару-5, еңбекпен қамту -5, баспана мәселесі -1, қаржылай көмек -1, басқадай сұрақтар-1, барлығы -37 өтініш түскен.

Тарбағатай ауылдық округінен: жер мәселесі-24, ауыз су мәселесі-3, тұрғын үй құрылысы-3, білім-2, ауылшаруашылығы-2, мемлекеттік награда-1, барлығы -35 өтініш түскен.

Сарыарқа ауылдық округінен: жер мәселесі-25, тұрғын үй құрылысы-1, төтенше жағдай -1, барлығы 27 өтініш түскен.

Тарлаулы ауылдық округінен: жер мәселесі-15, баспана-2, төтенше жағдай-2, денсаулық-1, бұқаралық ақпарат құралдары-1, әлеуметтік көмек-1, мәдениет-1, білім-1, ауылшаруашылығы-1, басқадай сұрақтар-1,барлығы 25 өтініш түскен.

Нарын ауылдық округінен: жер мәселесі-20, электр желісі-2, баспана-2, барлығы -24 өтініш түскен.

Баршатас ауылдық округінен: жер мәселесі-7, еңбекпен қамту-5, білім-4, әлеуметтік көмек-3, мемлекеттік награда-1, тұрғын үй құрылысы-1, несие-1, барлығы 22 өтініш түскен.

Мыңбұлақ ауылдық округінен: жер мәселесі-12, тұрғын үй құрылысы-1, жол құрылысы-1, әлеуметтік көмек-2, білім-2, ауылшаруашылығы-2, барлығы 20 өтініш түскен.

Ақши ауылдық округінен: жер мәселесі -14, баспана мәселесі-2, еңбекпен қамту-1, ауылшаруашылығы-2, барлығы -19 өтініш түскен.

Майлин ауылдық округінен: жер мәселесі -11, баспана мәселесі-1, мемлекеттік награда-1, ауылшаруашылығы-4, әлеуметтік көмек-1, барлығы -18 өтініш түскен.

Ақшатау ауылдық округінен: жер мәселесі-9, тұрғын үй -1, әлеуметтік көмек-4, басқа сұрақтар-1, барлығы 15 өтініш түскен.

Малкелді ауылдық округінен: жер мәселесі-5, тұрғын үй құрылысы-3, еңбекпен қамту-3, жол жағдайы-1, ауылшаруашылығы-1, төтенше жағдай-1, барлығы 14 өтініш түскен.

Мәдениет ауылдық округінен: жер мәселесі-5, еңбекпен қамту-3, мемлекеттік басқару-1, байланыс-1, материалдық көмек-1,барлығы 11 өтініш түскен.

Бидайық ауылдық округінен: жер мәселесі-5, еңбекпен қамту-3, ауыз суы-1, басқа сұрақтар-1 барлығы 10 өтініш түскен.

Қарағаш ауылдық округінен: мектеп құрылысы – 5, жер мәселесі-3, салық төлемі-1, басқадай сұрақтар-1, барлығы 10 өтініш түскен.

Өркен ауылдық округінен: жер мәселесі-3, тұрғын үй -1, көше атауын өзгерту-1, еңбекпен қамту-1, ауылшаруашылығы-1 басқадай сұрақтар-1,, барлығы 8 өтініш түскен.

Қосағаш ауылдық округінен: жер мәселесі-3, еңбекпен қамту-2, мемлекеттік басқару-1, басқадай сұрақтар-1, барлығы 7 өтініш түскен.

Қопа ауылдық округінен әлеуметтік көмек-3, тұрғын үй құрылысы-1, барлығы 4 өтініш түскен.

Байқошқар ауылдық округінен , коммуналдық шаруашылық -1, жер мәселесі-1, білім-1, еңбекпен қамту-1, барлығы 4 өтініш түскен.

Емелтау ауылдық округінен: жер мәселесі-2, тұрғын үй құрылысы-1, барлығы 3 өтініш түскен.

Аудан әкімі аппаратына түскен өтініштердің барлығы да бақылауға алынады.

Құрметті жерлестер!

Жыл басы барлық салалар бойынша атқарылған жұмыстарымызды қорытындылап, алдағы уақытқа мақсат- міндеттерімізді айқындайтын кезең. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес бүгін біз жыл ішінде атқарылған жұмыстарға, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына тоқталып, Сіздерге баяндап бердік.

Өткен жыл егемен еліміз үшін, жемісті жетістіктер мен жарқын жаңалықтарға толы болды.

Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі еліміздің абыройын әлемдік деңгейде асқақтатып, Елордасы Астанадағы 55 мемлекет өкілдерінің басын қосқан Саммитке жалғасты.

Өткен жылдың негізгі оқиғасына айналған тағы да бір басты шара Елбасы Н.Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін ұзарту референдумын өткізу туралы ұсыныстың Шығыстан бастау алуы.

Оған Аягөздіктер зор белсенділік танытып, 26 мың адам қол қойып қолдау көрсетті.

Жаңа 2011 жыл да ел тарихынан елеулі оқиғалармен орын алмақшы. Атап айтатын болсақ, жыл елімізде өтетін «Қысқы Азия ойындарымен» басталып, Ислам мемлекеттері ұйымына мемлекіміздің төрағалық етуімен жалғасын таппақ. Сондай - ақ Қазақстан Республикасының ең ұлы мерекелерінің бірі - ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы кең көлемде аталып өтеді.

Мен баршаңызды халықтың игілігі жолында жасалып отырған осы шараларға белсене қатысып, аянбай еңбек етуге шақырамын.



Елімізде атқарылып отырған барлық игі істер Елбасы Н.Назарбаевтың саясатының нәтижесі.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет