Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»



Дата15.06.2016
өлшемі108 Kb.
#136618
Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы
Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есеп беру жиналыстары өтуде.

Ауданымызда 11-20 қаңтар аралығында ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің есебі, 24 қаңтар - 5 ақпан аралығында аудан әкімінің тұрғындар алдындағы 18 кездесулері өтті. Бұл кездесулерге 4 мыңға жуық адам тікелей қатысты. Кездесулер соңынан 150-ден астам тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылданды.

Бұл кездесулер:


  • біздердің халық алдындағы жауапкершілігіміздің артуына,

  • тұрғындардың атқарушы билік органдарының қызметін ашық талқылауға,

  • жергілікті жердегі маңызды мәселелердің анықталуына,

  • күрделі мәселелерді шешудің жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республика Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы тұрғындар арасында кеңінен қолдау тауып, біздің атқаратын жұмыстарымызға тың серпін алып, іске жаңаша қарауымызға бағыт-бағдар берді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. М. Сапарбаев Ел басының Жолдауына орай селекторлық кеңес өткізіп, оның орындалуына байланысты нақты тапсырмалар берді.

Менің есепті баяндамамның тезисі «Ұлан таңы» газетінде жарияланған болатын, онымен танысқан да боларсыздар. Сондықтан, экономика, ауыл шаруашылық, шағын және орта бизнес, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, білім және денсаулық, халықты әлеуметтік қамту, спорт, мәдениет, қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық саяси ахуал бағытындағы атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараттар төменде жазылған.


ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ БОЙЫНША

Ауданның бюджеттік көлемі 2010 жылы 2 млрд. 469 млн. 823 мың теңге болды, оның ішінде трансферттер 1 млрд. 906 млн. теңге және меншікті кіріс 551 млн. 759 мың теңге.

Меншікті кіріс түсімі бойынша бюджет 104 пайызға орындалды, болжамдағы сомадан 21 млн. 159 мың теңге артық түсті. 2009 жылмен салыстырғанда өсімі 17 пайызды құрады.

Салық және салық емес төлемдердің түсімдері 100 пайызға орындалуы қамтамасыз етілді.

Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 99,6 пайызға орындалды. Игеру сомасы 2 млрд. 465 млн. 359 мың теңгені құрады.

2011 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің шотында 31 млн. 463 мың 800 теңге қалдық қаржы қалды. Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбек ақылары толық көлемде төленді.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ БОЙЫНША

Агроөнеркәсіп кешені 1 акционерлік қоғамнан, 1207 шаруа қожалықтарынан және 21 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден, 2 өндіріс кооперативінен құралады.

Аудан аумағында барлығы 962481 га жер бар, оның 527877 га ауыл шаруашылығына арналған жерлер.

2010 жылы 39965 га дәнді дақылдар, 25321,8 га күнбағыс, 1074 га картоп, 243 га көкөніс, 1604 га сүрлемдік жүгері, 27293 га бір жылдық және көп жылдық шөп егілді.

Аудан шаруашылықтарын жоғары сапалы және аудандастырылған тұқымдармен қамтамасыз ету мақсатында 6 тұқым шаруашылықтары және 2 элиталық тұқым өндіретін шаруашылықтар жұмыс істеуде. Ауданның үлкенді-кішілі шаруашылықтары жоғары сапалы тұқымдармен толықтай қамтамасыз етілді. Барлығы 2010 жылы 8800 тонна бидай қамбаға салынды, оның 4303 тоннасы тексерілді.

2010 жылы ауданда жаңа технология енгізуде нақты жұмыстар ұйымдастырылып, ылғал үнемдеу технологиясы бойынша 37 мың га егістік егілді.

Аудан шаруашылықтарына көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 88 млн. теңге субсидия берілді.

Өткен жылы құны 290,1 млн. теңге құрайтын 58 дана ауыл шаруашылық техникалары алынды.

2010 жылы дәнді дақылдардан 43,8 мың тонна өнім жиналып, түсім 1 гектарынан 11 центнерді құрады.

Өткен жылы минералдық тыңайтқыштардың бағасын арзандату бағдарламасы бойынша 331 тонна минералдық тыңайтқыштар алынды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 235 тоннаға артық.

Малдарды қыстан шығару үшін 230 тонна шөп, 6,4 тонна сенаж, 49,4 тонна сүрлем және 27,1 тонна сабан дайындалды.

2011 жылдың 1 қаңтарына ірі қара 42764 басты, қой және ешкі 97234 басты, жылқы 13416 басты, шошқа 7916 басты және құс 996038 басты құрады. Қой және ешкі 0,3 пайызға, жылқы малы 3,9 пайызға, шошқа 1,9 пайызға өсті, марал және түйенің басы 100 пайызды құрады.

2011 жылдың 1-ші қаңтарына 23 мың 439 тонна ет, 49 мың 456 тонна сүт, 17 млн. 179 мың дана жұмыртқа өндіріліп, ет 106,0 пайызға, сүт 101,1 пайыз, жүн 107,1 пайызға өсіп, жұмыртқа 99,8 пайызды құрады.

2010 жылы 6 шаруа қожалықтарына асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық мәртебесі беріліп, олардың саны 22-ге жетті. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы ірі қара мал бойынша 8,0, жылқы 11,4, ұсақ мал 9,6, шошқа 16,2 пайызды құрайды, бұл облыс көрсеткіштерінен ірі қара бойынша 2,5, ұсақ мал бойынша 3,6, жылқы 8,2, шошқа 15,0 пайызғы артық.

Бүгінгі күні «Құнжыра», «Екимбаев» шаруа қожалықтары қазақтың ақ бас сиырларын өсіретін, «Қайрат» шаруа қожалығы сүтті симментал сиырларын өсіретін, «Көрпебай» шаруа қожалығы қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алу үшін құжаттарын тапсырды.

Малдарды бордақылайтын 25 алаңшаларда 3435 бас ірі қара және 5 алаңшада 2750 бас шошқа бордақыланып, онда өндірілген 687 тонна ірі қара малдың еті, шошқаның 220 тонна еті сауда орындарында сатылды. Осы өткізілген ірі қара етіне 69 млн. теңге, шошқа етіне 21 млн. теңге субсидия алынды. Асыл тұқымды жылқы шаруашылықтарында өткізілген 21 тонна етке 2 млн. теңге, қымызға 1 млн. теңге субсидия алынды. Өткізілген 81 тонна қой етіне 2,2 млн. теңге субсидия алынды.

«Шығыс Сүт» корпорациясы, «Багратион Ұлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі елді мекендерде 33 орталықтандырылған сүт жинау пункттерін құрды, 10 сүт тауарлы фермалардан өткізілген сүтке 43 млн. теңге субсидия алынды.

Бүгінгі күні ірі қара малын қолдан ұрықтандыратын 12 пункт, мал союға арналған 21 пункттер мен алаңшалар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 59 кәсіпорын жұмыс істеуде. 2010 жылы 5 мал сою алаңы, 2 мал қорымы салынып іске қосылды.

Құнсыздану үдірістерін тежеу мақсатында, Ұлан ауданы мен Өскемен қаласы әкімдерінің меморандумы негізінде, ауыл шаруашылық құрылымдары күнделікті «Жәрдем», «Шығыс Таңы», «Заречный» базарларының сату орындарына және апта сайын өткізілетін жәрмеңкелерде 413 тонна ірі қара, 205,9 тонна шошқа, 14,25 тонна қой және 1,57 тонна жылқы еттері сатылды.

Ауданда Айыртау ауылдық округіндегі «Колос» шаруа қожалығының негізінде құрылған «Ұлан машина технологиялық станциясы» және «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі» негізінде құрылған «ҰланАгросервис» машина технологиялық станциялары тұрғындарға, ауыл шаруашылығымен айналысатын қожалықтарға қызмет көрсетуде.



Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 2011 жылға төмендегі істерді атқаруды жоспарлап отырмыз:

- ауылшаруашылық дақылдарының егістік жерін 105000 гектарға ұлғайту;

- «Екимбаев» ШҚ базасында I, II, III репродукциялық картоп және астық өндіретін асыл тұқымды шаруашылық құру;

- Аблакет, Егінсу, Тарғын ауылдық округтерінде картоп және көкөніс салатын суармалы жерлерді ұлғайту;

- Каменка ауылдық округінде 500 бас ірі қара малын бордақылайтын бордақылау алаңын салу;

- Украинка ауылында 1000 және Тарғын ауылында 100 бас сауын сиырға арналған сүт тауарлы фермасын салу;

- Өскемен, Каменка, Саратовка ауылдық округтерінде асыл тұқымды ірі қара мал өсіретін шаруашылықтар құру;

- Егінсу ауылдық округінде асыл тұқымды қой өсіретін шаруашылық құру;

- Саратовка, Гагарин ауылдық округтерінде және Молодежный кентінде 3 мал қорымын салу;

- Аблакет, Егінсу ауылдық округтерінде тұтынушы кооперативтерін құру;

- Аблакет ауылдық округінде және Асубулак кентінде жылыжайлар салу;

- Егінсу, Тарғын ауылдық округтерінде, Асубулак кентінде наубайханалар ашу.




ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ,

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША

Аудан экономикасының дамуына үлкен үлес қосатын шағын кәсіпкерлікті қаржылық, инвестициялық қолдауда, оларды кәсіпкерліктің негізін үйретуде бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Салық комитетінің ақпараты негізінде 2011 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша 1013 шағын кәсіпкер субъектілері тіркелген, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Олардың 108 заңды тұлғалар, 905 жеке кәсіпкерлер. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 2537 адам жұмыспен қамтылды. Жергілікті бюджетке 185,0 млн.теңге салық түсімі түсті, яғни 22 пайызға артты.

Өткен жылы шағын және орта бизнес саласында 36 нысан ашылып, халыққа қызмет етуде. Олар қатарында: 8 дүкен, 2 кафе, 1 шаштараз, 2 аяқ киім жөндеу пункті, 1 автомобиль дөңгелектерін және тұрмыстық техника жөндеу пункттері, 1 шағын наубайхана, 2 сүт тауарлы ферма, 3 жылыжай, 1 мал сою пункті, 1 қымыз сату орны, 7 мал сою алаңы, 1 ЖЖМҚС, 2 мал бордақылау алаңы және 1 демалу базасы.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының, ауыл шаруашылық өндірушілерінің қатысуымен 49 рет аудандық деңгейде жәрмеңкелер өткізілді.

Нан және ұн өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру, өнім өндірушілерді қолдау мақсатында 2010 жылы облыстық тұрақтандыру қорынан 70,7 тонна ұн бөлініп берілді.



Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 2011 жылға төмендегі істерді атқаруды жоспарлап отырмыз:

- Сағыр ауылында инвестициялық құны 250,0 млн. теңгені құрайтын, «Өскемен полиэтилен трубалары зауытының» үшінші линиясын іске қосу;

- Герасимовка ауылында инвестициялық жобалық құны 30,0 млн. теңгені кұрайтын, «Остметал ЛТД » жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің металлопрокат және құю цехін ашу;

- жобалық құны 905,0 млн. теңгеден тұратын, «Украинка» шаруа қожалығының мың басты сүт-тауарлы фермасы құрылысын бастау;

- «Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамындағы жобалық құны 2 млрд. 455,0 млн. теңгеден тұратын, 20 мың тоннаға дейін құс етін өндіретін өндірісті ұлғайту;

- «Өскемен-Самар» тас жолында сауда қатарларын ашу;

- Молодежный кентінде шағын муниципалдық базар ашу.
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША

Ауданның елді мекендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарының сыртқы келбеттерін жақсарту мақсатында, визуалды зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 163 объектіге нұсқаулық хаттар жіберілді.

Бүгінгі күнге 10 сәулеттік-жобалау тапсырмасы беріліп, 6 жобалық құжаттар келісілді, соның ішінде:

- Төртқара көлінің жағалауындағы саяжай үй құрылысына;

- Молодежный кентіндегі, № 24 үйдегі 22 тұрғын пәтерінің бір бөлмесін дүкен етіп қайта құрастыруға;

- «Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамындағы балапандарды өсіретін үш цех құрылысына;

- Молодежный кентіне қарасты 41 жайылымдағы жеке тұрғын үй құрылысына;

- Гагарино ауылындағы тұрғын үйдің екі бөлмесін дүкен етіп қайта құрастыруға;

- «Аюда» демалыс базасындағы типтік коттедждердің құрылысына.

2010 жылы жалпы алаңы 4000,0 шаршы метр құрайтын, 41 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Сонымен қатар, ауданда полиэтилен құбырлар зауыты мен 13 саяжай үйлері, 4 дүкен, 1 дәмхана, 1 нотариус, 3 жазғы үй және 1 мал сою алаңы пайдалануға қабылданды.

2010 жылы Таврия ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта құрастыру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға қабылданды. Бас мердігер «Мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған 410 колонна» ЖШС-і. Жалпы сметалық құны 115521,98 мың теңге.

Молодежный кентін электр тоғымен қамтамсыз ету мақсатында «инженерлік инфроқұрылым салу» құрылысының жұмыстары толық аякталды. Бас мердігер «Энергостройсервис» ЖШС-і. Жалпы сметалық құны 26102,0 мың теңге.

Молодежный кентіндегі 600 орындық мемлекеттік тілде оқытатын мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамасының оң қорытындысы алынды. Бас жобалаушы РГП на ПХВ «Еңбек-Өскемен» ИУКУИС ӘД ҚР. Жобалық-сметалық құжаттың бағасы 4,5 млн. теңгені құрайды және 2010 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылды.

2011 жылы ауданда құрылыс жұмыстары жоспарлануда:



Су құбырлары:

1) «Ново-Азовое ауылындағы су құбыр желілерін қайта құру». Жобалық-сметалық құжаттарын жасаушы «Востокагропромпроект» ЖШС-і. Жалпы құны 161883,74 мың теңге;

2) «Ұлан ауылындағы су құбыр желілерін қайта құру». Жобалық-сметалық құжаттарын жасаушы «Востокагропромпроект» ЖШС-і. Жалпы құны 161883,74 мың теңге;

3) «Донское ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құруға» жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу;

4) «Привольный ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құруға» жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу.

Білім беру объектілерінің құрылысы және қайта құру:

1) Молодежный кентіндегі 600 орындық мемлекеттік тілде оқытатын мектептің құрылыс объектісінің жобалық-сметалық құжаттарын түзету (жобаны қайта қолдану);

2) Молодежный кентіндегі 600 орындық мемлекеттік тілде оқытатын мектептің құрылыс объектісің құрылысы;

3) Ново-Одесское кентіндегі 220 орындық мектептік құрылыс объектісінің жобалық-сметалық құжаттарын түзету;

4) Тарғын ауылындағы мектептің жұмсақ жабындысын шатыр етіп қайта құруының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу;

5) Тарғын ауылындағы мектептің жұмсақ жабындысын шатыр етіп қайта құру жұмыстарын жүргізу.




ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ, КӨРКЕЙТУ МЕН КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

2010 жылы ауданның елді мекендеріндегі көшелерді жарықтандыруға, санитарлық тазалауға және көркейту мен көгалдандыруға бюджеттен 20 млн. 409 мың теңге бөлінді, 2009 жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға артық.

2011 жылы бюджетте елді мекендерді санитарлық тазалауға – 2 млн. 580 мың теңге, көркейту мен көгаландыруға – 4 млн. 400 мың теңге, көшелерді жарықтандыруға – 8 млн. 459 мың теңге қаржы қарастырылды.
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ҰСТАУ ЖӘНЕ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫ БОЙЫНША

Аудандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 707 шақырымды құрайды, соның ішінде, республикалық маңыздағы жолдар 152 шақырым, облыстық мыңыздағы жолдар 162 шақырым, жергілікті маңыздағы жолдар 393 шақырым.

2010 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және ағымды жөндеуге 59 млн. 995 мың теңге бөлінді, соның ішінде жолдар және көшелерді қыста тазалауға - 19 млн. 382 мың теңге, ағымды жөндеуге - 39 млн. 24 мың теңге.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 28 млн. 241 мың теңге бөлінді, бұл қаражатқа ауданы 5,6 шаршы метр көшелерге және 3 көпірге ағымды жөндеу өткізілді. Осы жұмыстарға 29 адам тартылып, оның ішінде 19 адам жұмыспен қамту мекемелерімен жіберілгендер.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 58 жол белгілері және ақпараттық көрсеткіштер орнатылды. «Ұлан жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының жарғы капиталын өсіруге 11 млн. 295 мың теңге қаражат бөлініп, оған 2 тиегіш және шнекороторға құралдар сатып алынды.

Аудан бойынша 47,4 пайыз тұрғындар орталықтандырылған сумен қамтылған. Қалған елді мекендеріндегі тұрғындары жеке скважиналар мен құдықтардың суын пайдаланады.

2010 жылы сумен қамтамасыз ету және су қайтару жүйелерінің қызмет етуіне 7 млн. 408 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа қоғамдық скважиналарды бұрғылау, сумен жабдықтау және канализация жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Молодежный кентінің жылу жүйелерін ағымды жөндеуге 3 млн. 370 мың теңге қаражат бөлініп игерілді, 615 метр құбырлары ауыстырылды. «Жол карта» бағдарламасы бойынша 50218,0 мың теңге бөлініп, Молодежный кентінің жылу және сумен жабдықтау желілерінің ағымды жөндеу жұмыстары өткізілді. Жалпы 59 адамға жұмыс орны ашылып, соның ішінде 36 адам жұмыссыздар санатынан.

2011 жылға аудандық бюджеттен автомобиль жолдарын ұстау және ағымды жөндеуге 45 млн. 925 мың теңге, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін – 1 млн. 200 мың теңге қарастырылды.

«Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі» бағдарлама бойынша 14 млн. 923 мың теңге бөлінді. Бұл қаражатқа Митрофановка, Привольное ауылдарында, Огневка және Молодежный кенттерінде сумен жабдықтау жүйесін ұстау және ағымды жөндеу, сондай-ақ Бозанбай ауылында скважина бұрғылау және Молодежный кентінің канализациялық сорап станциясына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ БОЙЫНША

Ауданда 39 білім беру мекемелері жұмыс істейді. 35 мектепте 4411 оқушы білім алады, 4 балабақшада 315 бала және 30 шағын-орталықта 923 бала тәрбиеленеді.

Білім беру мекемелерінде оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Манат ауылындағы Қ. Ақжолов атындағы орта мектебі оқушы санының азаюына байланысты, негізгі мектеп болып ауыстырылды.

Ұлттық Бірыңғай тестілеуге мектеп бітірген 365 түлектің 241-і қатысып, аудан бойынша орташа балл 80,6 құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 9,3 балға жоғары (71,3 балл).

Жоғары оқу орындарына 134 түлек, колледждерге 289 түлек түсті. Облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарына әртүрлі мамандықтарға 15 түлек жіберілді, оның 10-і мұғалім, 5-і дәрігерлік мамандықтары бойынша түсті.

1-4 сынып оқушыларды және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамту мәселесі толығымен шешілді. Бұл үшін бюджеттен 2010 жылы 34 млн. 740,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күні 12 жылдық оқытуға көшу жұмыстары жүргізіліп, 1200,0 мың теңгеге мектеп жиһаздары алынды.

Ауданның барлық мектептері интернет жүйесіне қосылған. 9 мектептің спутниктік жүйесі бар, бұған 2010 жылы 3 млн. 999,0 мың. теңге бөлінді.

Өткен жылғы жаз уақытында 215 оқушы қала сыртындағы лагерлерде демалды. Осы іс-шараға жалпыға білім беру қорынан 1 млн. 998,0 мың теңге бөлінді.

2010 жылы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында төмендегі жұмыстар атқарылды:

- 3 нысанды күрделі жөндеуден өткізуге – 97 млн. 574,0 мың теңге бөлінді;

- білім беру мекемелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізуге 42 млн. 998,0 мың теңге бөлінді;

- 22 млн. 25 мың теңгеге пәндік және мультимедиялық кабинеттер алынды;

- оқулықтар алуға бюджеттен 10 млн. 256,0 мың теңге жұмсалды.

Мұғалімдерді әлеуметтік қорғау бағдарламасы шеңберінде: ауылды жерлердегі мектеп қызметкерлеріне 25 пайыз қосымша үстемақы төленуде, білім беру мекемелерінің мамандарына көмір сатып алу үшін, 4 млн. 575 мың теңге көлемінде жәрдемақы берілді. 2010 жылы білім саласындағы қызметкерлерге 47,71 млн. теңгені құрайтын бір лауазымдық еңбек ақы мөлшерінде еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысы төленді. Аудан мектептеріне 25 жас маман келді. 729 мұғалім тегін медициналық тексеруден өтті.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 162 млн. 252 мың теңге қарастырылды, соның ішінде республикалық бюджеттен – 106 млн. 739 мың теңге және жергілікті бюджеттен – 55 млн. 513 мың теңге. Бөлінген қаржының 162 млн. 248,4 мың теңге игеріліп, 3,6 мың теңге үнемделді.

Білім беру саласында жұмыс орындары ашылып, жұмыспен қамту мекемелерінің жолдамасы бойынша 181 адам жұмысқа орналасты. Орташа еңбек ақылары 30-35 мың теңгені құрады.

2011 жылы салынатын мектептер:

1) Жобалық құны 550 млн. тенгені құрайтын, Молодежный кентінде 600 орындық қазақ орта мектебінің құрылысын бастап, қолданымға 2012 жылы енгізу;

2) Ново-Одесское ауылында 220 орындық орта мектептің құрылысын бастап, қолданымға 2012 жылы енгізу;

3) Жаңа Қанай ауылында 130 орындық орта мектептің құрылысын бастап, қолданымға 2012 жылы енгізу.

«Бизнестік жол карта» бағдарлама бойынша:

1) Бозанбай орта мектебінің ғимаратының беткейін 19 млн. 554 мың теңгеге күрделі жөндеу жүргізу;

2) «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 19,466 млн. теңге бөлу;

3) Бозанбай ауылындағы «Росинка» балабақшасының ғимаратын 50,711 млн. тенгеге қайта күрделі жөндеуден өткізіп, 100 орындық «Айгөлек» балабақшасын көшіру.

2011 жылы білім беру сапасын көтеру мақсатында арнайы кабинеттерді жабдықтауға 19 млн. 276 мың теңге қаржы қарастырылды. Денсаулығына байланысты үйден оқуға мәжбүр балаларды қашықтықтан оқытуға 3 млн. 64 мың тенге бөлінді.

Жалпы білім беру саласына 2011 жылы бөлінген қаражат соммасы 1566382,0 мың тенгені құрады.


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ БОЙЫНША

«Аудандық медициналық бірлестік» құрамына орталық аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана және 11 дәрігерлік амбулаториялар кіріп, халыққа дәрігерлік қызмет көрсетуде.

2010 жылы ауданға 4 дәрігер және арнайы-орта медициналық білімімен 8 жас мамандар келіп жұмысқа орналасты. Оларға 98910 теңге мөлшерінде көтерме ақы берілді. Сонымен қатар, Бозанбай ауылдық ауруханасының терапевт дәрігеріне тұрғын үй сатып алуға, 890 мың 190 тенге көлемінде жеңілдетілген несие берілді.

Қаржыландыру жоспары бойынша бюджеттен 381 млн. 729,5 мың теңге бөлініп игерілді. Стационарлық науқастарды емдеуге 146 млн. 420,6 мың теңге, жедел жәрдеммен емдеуге 41 млн. теңге, проф. қараумен емдеуге 6 млн. теңге, алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетуге 180 млн. 258,5 мың теңге бөлінді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер дәрілерді жеңілдетілген бағамен сатып алу үшін 1 млн. 399 мың. теңге және диспансерлік науқастарды 50 пайыздық жеңілдікпен емдеуге 12 млн. 65 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, Республикалық трансферттен 829 мың 500 теңгеге (Таврия ауылындағы зертхана үшін спектро-фото калориметр, фото–электро калориметр, Молодежный кентіндегі ЖДА үшін медициналық кептіру шкафы, алты каналды электро кардиограф) медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.

Таврия ауылындағы жас маман терапевт дәрігерге аудандық бюджеттен 300 мың теңгеге 2 бөлмелі пәтер сатып алынды.

2010 жылы аудандық орталық ауруханада өрт сөндіру сигналдарын жөндеу, І. Айттықов, Тарғын және Жаңа-Канай ауылдарындағы денсаулық сақтау мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы Мамай батыр ауылындағы фельдшерлік пунктың шатырын, Сағыр ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ғимаратын жөндеу және Асубұлақ кентіндегі аурухананың жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарын жүргізу, аудандық медициналық кадрларды толықтыру мақсатында 9 медициналық академияның түлектерімен келісім шартқа отырып, оларды көтерме ақымен және тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сондай-ақ, жас мамандарды оқыту мақстында жеңілдетілген несие беру мәселесі қарастырылуда.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ БОЙЫНША

Аудан бойынша 2010 жылы 41 спорт зал, 36 баскетбол мен волейбол алаңдары, 7 хоккей қорабтары, 33 футбол алаңдары халыққа қызмет көрсетуде.

Ауданда 56 дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істеуде. Онда 7160 адам спортпен шұғылданады, яғни 17% құрайды.

Спорттың он түрінен аудан спортшылары республикалық және облыстық командаларының құрамына кіреді.

Облыс әкімінің жүлдесіне ХІV облыстық халықтық спорт ойындарында ауданның құрама командасы төртінші орынды иеленсе, мемлекеттік қызметкерлердің арасындағы облыстық жарыста ауданның құрама командасы жалпы есепте бірінші орынға шықты.

Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған облыстық V-ші жазғы спартакиадасында мектеп және колледж оқушыларының арасындағы жарыстарда Ұлан ауданының құрама командасы ІІ орынды иеленді.

2010 жылы ауданда 110 шақырымдықтағы халықаралық велоспортшылар жарысының VІІ кезеңі өтті.

Ауданда қысқы спорт түрлерін дамытуда үлкен көңіл бөлінуде. 35 мектепте шаңғы спортымен 915 оқушы, шайбалы хоккеймен 260 оқушы шұғылданады. Мектептер арасында жарыстар өткізілуде.

2010 жылы жергілікті жерлерде «Денсаулық Фестивалі» акция аясында «Дұрыс тамақтан, спортпен шұғылдан, денсаулығыңды сақта» ұранымен жарыстар ұйымдастырылып, 4500 аса адам қатысты.

2011 жылға көпшілік спорттық іс-шаралар жоспарлануда:

Аудан әкімінің жүлдесіне арналған ХV халықтық ойындар, «Саулетай» атты жасөспірімдер арасында ІХ спорттық ойындар, Ұлы Отан Соғысының батыры Т. Тохтаров жүлдесіне мұғалімдер спартакиадасы, Совет Одағының батыры Н. Лутты және ауған соғысының жауынгері М. Қожановты еске алу шайбалы хоккейден турнирлер, сондай-ақ «Шаңғы тебуге шақырамыз», «Президенттік қысқы жарыстар», «Қыстық спорттық бағыт» атты қысқы спорт түрлерінен жарыстар өткізу.


МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ БОЙЫНША

Аудандық мәдениет мекемелерінің жүйесіне 1 аудандық мәдениет үйі, 2 ауылдық мәдениет үйі, 18 ауылдық клубтар және 9 кітапхана кіреді.

2010 жылы мәдениет мекемелеріне 77906,0 мың теңге бөлінді, оның 5275,0 мың теңгесі бөлім аппаратына, 55803,0 мың теңге клуб мекемелеріне және 15799,0 мың теңге қаржы кітапханаға бөлінді. Оның ішінде:

- баспасөз басылымдарына жазылуға - 820,0 мың теңге;

- мәдени – көпшілік шараларды жақсартуға – 4040,0 мың теңге;

- материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 522,0 мың теңге;

- тілдерді дамытуға – 1180,0 мың теңге.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында Бозанбай ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын жөндеуден өткізуге 12268,0 мың теңге, Молодежный кентіндегі аудандық мәдениет үйінің электр жүйелерін жөндеуге 3500,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Клуб мекемелерінің жұмыстарын жақсарту және материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында 56,0 мың теңгеге аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарына сахналық киім алынып, 150,0 мың теңгеге музыкамен жарықтандыру аппараты сатып алынды. 8 ауылдық клубтар домбыра аспаптарымен, Бозанбай ауылдық мәдениет үйі бас домбырамен, прима музыкалық аспаптарымен қамтамасыз етілді. Жаңа Қанай ауылдық клубына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жергілікті бюджеттен 200,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 42,0 мың теңгеге электрлі каллорифер алынды.

2010 жылдың 23 маусымында аудан көлеміндегі «халықтық» атағы бар 5 ұжым және «Үлгілі» атағы бар 1 ұжым атақтарын қорғады. 3 шығармашылық ұжым жаңадан «халықтық» атағына ие болды. Сондай-ақ, ауданның клуб мекемелерінде 82 ұйымдастырылымдары бар. Оған 880 адам қатысуда.

2010 жылы 2059 мәдени шаралар өткізіліп, 72065 көрерменді қамтыды. Олар: демалыс кештері, халықтық мерекелер, тақырыптық кештер, кездесулер, байқаулар, концерттер, жастар кештері, балаларға арналған іс-шаралар, концерттік сапарлар, театрланған көріністер мен сахна қойылымдары.

2011 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін жобалар тізіміне Таврия ауылдық мәдениет үйінің ғимараты енгізіліп, тиісті құжаттары жасалды.


ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫ БОЙЫНША

Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті, әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің қатарына қарай қадам басу жолыдағы негізгі басымдылықтың бірі, қазіргі әлеуметтік саясат, халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету, Елбасының Жолдауында айтылған.

Әлеуметтік салаға бөлінген қаржы жылдан-жылға артып келеді. Жәрдемақы мөлшерін өсіру, тұрмысы төмен отбасылары мен көп балалы аналарды қолдау тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Азқамтылған азаматтар мен көпбалалы отбасыларына әлеуметтік қолдау ретінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 160867,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмектер төленді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 2011 жылдың 1 қаңтарға 160 адамды құрайды, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 15 адамға кем.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 450 адамды жұмысқа орналастыруға жоспарланса, 1410 адам жұмыспен қамтылды, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 270 адамға артық. 505 жұмыс орнын ашу қаралған болса, нақты 747 жұмыс орны ашылды. 70 жұмыссыз тұлғаларды оқыту жоспарланса, аудан бойынша 76 адам оқуға жіберілді. Сондай-ақ, «Жастар-іс тәжірибесін өткізу» бағдарламасы аясында оқу орындарын бітірген 19 түлектерді келісім-шарт негізінде жұмысқа жіберіліп, оның 7 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 650 адам тартылды.

Аудан бойынша 2011 жылы «Жол карта» бағдарламасы аясында 38 жобаны жүзеге асыру, яғни 353 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

Жергілікті бюджеттен:

- білім беру бөлімінде (мектептерді ағымды жөндеу жұмыстары) 19 жоба бойынша 181 адамды жұмысқа тарту;

- 5 жоба бойынша жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізуге 28 адамды жұмысқа тарту;

- 5 жоба бойынша тұрғын үй коммуналдық жүйесін қайта құру және жөндеу жұмыстарына 55 жұмыс орнын ашу;

- 3 әлеуметтік жобаға 67 жұмыс орындарын ашу.

Облыстық бюджеттен:

- денсаулық сақтау бөлімі бойынша 4 жобаға 11 жұмыс орындарын ашу;

- Саратовка ауыл шаруашылық колледжі бойынша 2 жобаға 11 адамды жұмысқа тарту.

2010 жылдың «Жол картасы» бағдарламасы аясында жұмысқа 411 адам тартылып, олардың ішінде 260 адам жұмыссыздар санатынан.

Жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлауға 150 адам жоспарланған болатын. Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжіне және «Ұлан» кәсіптік лицейге «Тракторист», «Газбендәнекерлеуші», «Тас қалаушы», «Сылақшы», «Машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері», «Есепші» мамандықтары бойынша 157 жұмыссыз тұлға оқуға жіберіліп, 147 адам оқуларын аяқтады.

«Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы аясында 35 адам уақытша жұмысқа орналасып, оның 19 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Жастар іс-тәжірибесі» бойынша 15 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, бүгінгі күнге 24 адам жіберілді.Оның 10 адам тұрақты жұмысқа тұрды.

2010 жылдың 3 наурызында Саратовка ауылындағы Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжінің түлектерімен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Бұл жиынға «Екимбаев», «Багратион-2», «Аулье-2» шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. 72 түлектердің 29-ы Ұлан ауданының тұрғындары, 8 адам шарушылықтарға жұмысқа орналасуға жолдама алды. Сондай-ақ, Таврия ауылында осындай жәрмеңке өткізіліп, 6 адамға жұмысқа орналасуға жолдама берілді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердыбек Сапарбаевтың тапсырмасына орай, 2010 жылдың 26 мамыр айында «Жол карта» бағдарламасы аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп, нәтижесінде 57 адамға жұмысқа орналасуға жолдама берілді.

2010 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 896 адам ұсыныс жасады. Оларға жалпы 13209,0 мың теңгеге көмек көрсетілді.

18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақыны алуға 2093 балаға ұсыныс беріліп, оларға 27097,0 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді. 2009 жылмен салыстырғанда 46 балаға азайды.

2010 жылы 1307 отбасына тұрғын үй көмегі ретінде 16891,0 мың теңге берілді.

Ұлан ауданында зейнеткерлердің жалпы саны - 5578 адам, олардың ішінде Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлер - 30 адам, Ұлы Отан соғысына қатысқан мүгедектер - 7 адам, 1 және 2 топтағы мүгедектер - 774 адам, 3 топтағы мүгедектер - 540 адам және мүгедек балалардың саны 81.

2010 жылы мүгедектерге 1440,0 мың теңге бөлініп, 1-топтағы мүгедектерге 72 калоприемник, 36 мочеприемник, 14615 памперс таратылып берілді. Сондай-ақ, «Уба» санаториясына 8 мүгедек, 25 зейнеткер, Ұлы Отан соғысының 1 ардагері, 10 тыл еңбеккері және «Бура» санаториясына 1 мүгедек санаториялық-курорттық емделуге жіберілді.

2010 жылы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінен мүгедектерге 14 серуендеуге арналған арбалар және 1 бөлмелі арба бөлініп, 15 мүгедекке берілді. Сонымен қатар, көздері нашар көретін мүгедектерге 5-тифломагнитола, 4-тифлоплеер, 3-диктофон, 3-сағат, 5-телефон, 5-таяқша және құлағы естімейтін мүгедектерге арналған 2 сағат берілді.

2010 жылы жеке оңалту бағдарламасы бойынша протез – ортопедиялық көмекке мұқтаж 9 мүгедек азаматтардың құжаттары даярланып, облыс Департаментіне жіберіліп қанағаттандырылды.

Үйден тәрбие алатын және үйден оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілуде. 2010 жылы жағдайлары шектеулі, үйден оқитын 17 балаға 1400,0 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Ұлан ауданында 2004 жылдың 25 ақпанындағы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің № 368 қаулысына орай, қызмет көрсететін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) жұмыс істейді. Онда 5-ұстаз, 1-есепші, 2-психолог- дефектолог, логопед, тифлопедагог мамандары жұмыс атқарады.

Аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінде жалғыз басты зейнеткерлердің және мүгедектердің үй қызметіне көмек көрсететін бөлім жұмыс істейді. Аудан бойынша 37 әлеуметтік жұмыскер 33 мүгедекке және 188 жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсетеді.

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мүгедек-балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері құрылып, 6 әлеуметтік қызметкерлер 33 мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Бюджеттен «Күміс–Алқа», «Алтын–Алқа», «Материнская Слава» бойынша 1 және 2 дәрежелерімен марапатталған, сондай-ақ 4 және одан жоғары 18 жасқа толмаған балалары бар көп балалы аналарға Халықаралық әйелдер күніне және балаларды қорғау күніне арналған мерекеге 483 анаға 10000 теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Жалпы соммасы 4830,0 мың теңгені құрады.

2010 жылы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-III «Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек» туралы шешімі бойынша берілетін көмектен 137 адамға 7375,0 мың тенге берілді.

14 желтоқсандағы № 3/41-IV 2007 жылғы облыстық мәслихаттың шешімі бойынша қосымша соғыс мүгедектеріне теңестірілген мүгедектерге, Чернобыль АЭС- дағы апат зардабын жоюға қатысқан 88 адамға жалпы 2180,0 мың теңге берілді.

Аудан бойынша Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңген 3 зейнеткерге және облыстық дәрежесі бар 28 зейнеткерлерге 744,0 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Жыл басынан Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға 33 комиссия мәжілісі өткізіліп, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға 184 азаматтың сұранысы тіркелді. Солардың ішінен МЗТО-на 184 азаматтың іс макеті тапсырылды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2007 жылы 26 шілдедегі № 184 «Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек туралы» қаулысына сәйкес, 2010 жылдың басынан 53 студенттерге жатақханада тұру үшін және стипендияға 15994,0 мың теңге бөлініп игерілді. Олардың ішінде 42 оқушы Шығыс Қазақстан мемелекеттік университетінде және 11 оқушы Семей медициналық университетінде оқиды.

1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін анықтау үшін, аудандық комиссияның 60 отырысы өтіп, 361 өтініш қаралды.

Ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлердің отбасына берілетін материалдық көмек аясында 2 отбасына 120,0 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Материалдық көмек бөлу және төлеу туралы арнайы аудандық комиссияның шешімі бойынша 1453 адамға 6256,0 мың теңге мөлшерінде қаржылай көмек берілді.

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдық мерекесіне орай, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Мерекені өткізуге бағдарлама әзірленіп, барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, оған теңестірілген азаматтардың және тыл еңбекерлерінің тізімдері толық анықталды. Қазіргі кезде ауданда Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлер саны 30 адам, Ұлы Отан соғысына қатысқан мүгедектер саны 7 адам, Ұлы Отан соғысына теңестірілгендер саны 71 адам, тыл еңбеккерлері 1353 адам.

Әрбір Ұлы Отан соғысының ардагерлері аудан басшыларымен, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлермен бекітілген. Барлық тұрмыстық жағдайлары тексерілді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары әрбір Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйіне барып, қал-жағдайларын сұрастырып, мұң мұқтаждарымен бөлісті. Әлеуметтік қызметкерлер керек жарақтарына көмектесіп тұрады. Тұрмыстық жағдайларын тексере келе, 24 соғыс ардагерінің үй-пәтерге мұқтаж екендері анықталып, 9 Ұлы Отан соғысының ардагеріне Молодежный кентінен жаңа пәтерлер берілді. Сондай-ақ, 14 ардагерлерге Молодежный кентінен пәтерлер және 1 үй Алмасай ауылынан сатып алынды. Бұл игі шараға республикалық бюджеттен 20,400 мың теңге және жергілікті бюджеттен 20,400 мың теңге бөлінді.

Ұлы Отан Соғысының ардагерлері тегін тәуелсіз мемлекеттік елдерге, Астанаға және Москваға парадқа баруға, сондай-ақ қала маңындағы көлікпен жүруге 1634,0 мың теңге қаражат бөлінді. Осы қаражат есебінен 62,3 мың теңге Ұлы Отан Соғысының ардагері Гудков Георгий Андреевичке Астанаға парадқа баруға берілді.

Республикалық бюджеттен 15915,0 мың теңге бөлініп, 43 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 65,0 мың теңгеден, 71 Ұлы Отан соғысына теңестірілгендерге 25,0 мың теңгеден және 1175 тыл еңбеккерлеріне 10,0 мың теңгеден төленді.

Сонымен қатар, сәуір айында 2 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 100,0 мың теңге, 11 Ұлы Отан соғысына теңестірілгендерге 25,0 мың теңге және 6 тыл еңбеккерлеріне 10,0 мың теңге біржолғы сыйақы берілді. Бұл шараға жергілікті бюджеттен 2135,0 мың теңге бөлінді.

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына орай, аудан бойынша 1288 адам медальмен марапатталды. Барлық ауылдық округтер мен кенттерде мерекелік концерттік бағдарламалар көрсетілді. 2010 жылдың 6 мамырында аудандық Мәдениет үйінде 80 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған «Көгілдір от» өтті.

Барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барынша көмек жасалуда. Мектеп оқушылары Тимуровцы командасы жалғыз басты тыл еңбеккерлеріне, ардагерлерге барып үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын, бақшада жер қазу, үйдің маңайын тазартуға көмектесті.

2010 жылы 2 маусым күні Молодежный кентінде Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. Ұлан ауданы бойынша барлық округтардан Молодежный кентіне мерекеге мүмкіндіктері шектеулі 35 мүгедек балалар шақырылды. Шақырылған балалардың барлығына сыйлықтар берілді. Оларға концерттік бағдарлама көрсетілді. Мәдениет үйінде сурет салудан жарыс өтті. Барлық қатысушыларға жүлде беріліп, мерекелік дастархан жайылды. Мереке қайырымдылық қорының есебінен 24,0 мың теңгеге ұйымдастырылды.

Бұл күні барлық ауылдық округтер мен кенттерде «Көгілдір эстафета» атты спорт ойындары, сондай-ақ ән айту, би билеу, сурет салудан байқау өтті. «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік концерт, артынан мерекелік дастархан жайылды. Барлық 71 мүгедек балаға 5000 теңгеден материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 7 мүгедек бала «Алтайская бухта» демалыс базасына ата-анасымен бірге 10 күн дем алуға жіберілді.

Тамыз айында «Берегиня» қоғамдық бірлестігі Сағыр ауылында мүгедек балалары бар ата-аналарға арнап, көшпелі кеңес беруді ұйымдастырды. Осы іс-шарада заңгер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігер –массажистер қабылдап, кеңес берді.

2010 жылы 31 тамызда «Берегиня» қоғамдық бірлестігі Өскемен қаласында мүгедек балалармен кездесу өткізді. Ұлан ауданынан 14 мүгедек бала қатысты. Барлық балаларға сыйлық берілді, мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама көрсетілді. Сонымен қоса 5 мүгедек бала ата-анасымен бірге атқа мініп дем алатын жерге шақырылды. Онда балалар атқа мініп, табиғатта дем алды.

Айыртау, Таврия және Сағыр ауылында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары мен «Берегиня» қоғамдық бірлестігі көшпелі кеңес беруді ұйымдастырды. Кеңес беруді психикалық дамуы жетілмеген мүгедек балалары бар ата-аналарға арнады. Ата-аналардың көптеген сұрақтарына психолог, логопед, заңгер, қосымша білім беретін мұгалім, әлеуметтік қызметкерлер жауап берді. Осындай біріккен кеңестер Аблакет және Таврия округтерінің әкімдерінің белсенді жәрдемдесуімен өткен болатын.

Мүгедек, азқамтылған, жетім және қамқоршысынан айырылған 330 балаларға барлығы 825,0 мың теңгеге жаңа жылдық сыйлық берілді.


ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕ

Қылмыспен күрестің өңірлік бағдарламасын орындау барысында, жоспарлы жұмыстар жүргізілді.

Жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу оң нәтижелер беруде. 2010 жылы ауыр қылмыстар саны 28,6 пайызға (35-тен 25-ке), аса ауыр қылмыстардың саны 28,6 пайызға (7-ден 5-ке), денсаулыққа әдейілеп ауыр зақым келтіру 54,5 пайызға (11-ден 5-ке), тонаушылық 63,6 пайызға (11-ден 4-ке), топ ішінде жасалған қылмыстардың саны 33,3 пайызға (39-дан 26-ға), алкоголь және есірткіден мас болып жасалған қылмыстардың саны 36,4 пайызға (22-ден 14-ке) төмендегені байқалды.

Дегенмен де, аудандағы қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыс түрлерінің азаюына, оларды болдырмауға бағытталған ішкі істер органдарының жұмыстарында олқылықтар жоқ емес.

Мәселен, қылмыстардың саны 26 пайызға (254-тен 320-ға), алаяқтық 75,0 пайызға, орта ауырлықтағы қылмыстар 38 пайызға (212-ден 290-ға), ұрлық 37,3 пайызға (161-ден 221-ге), оның ішінде мал ұрлығы 71,4 пайызға (42- ден 72-ге), автокөліктерді айдап кету 33,3 пайызға (6-дан 8-ге), қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 22, 2 пайызға (9-дан 11-ге), кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың саны 14,3 пайызға (14-тен 16-ға) өсті.

Нашақорлықтың таралуы және есірткі заттарының таратылуы аландатушылық тудыруда. Есірткіні пайдаланушылардың қатарында кәмелетке толмағандар және жастар саны арта түсуде. 2010 жылы 14 есірткі қылмысы айқындалды (2009 жылы - 14).

Құқықбұзушылықты жасауға мүмкіндік туғызатын себептерді зерттеу және алдын алу шараларын өткізу мақсатында аудан әкімі жанында және аудан көлемінде барлық ауылдық округ және кенттерде әкімдері, әкімшілік қызметкерлері, учаскелік инспекторлары, ардагерлер кеңесі төрағалары, ақсақалдар алқасы төрағалары, әйелдер кеңесі төрайымдары, мектеп директорлары және орынбасарлары, медициналық қызметкерлері құрамында жұмыстық топтар құрылды.

Ұлан ауданы көлемінде әр ауылдық округте жалпы саны 18 «Сарбаз» қоғамшылдарының құқық қорғау отрядтары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында әрекет етуде. Аудан тұрғындары санынан осы жұмысқа 37 адам қатыстырылды. Қазіргі уақытта «Сарбаз» қоғамшылдарының қатарына аңшыларды қатыстыру және аумақ көлемінде орналасқан шаруа қожалықтарынан жылқыларды бөлу арқылы атты отрядтарды құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Аумақтағы құқықбұзушылық жағдайы талқыланып, мал ұрлығының деңгейі аса жоғары ауылдық округтарға жылқы малын жаю бойынша кезекшілік тізімін жасау ұсынылды. Жасалған тізімдер бойынша «Сарбаз» қоғамдық отрядтары мен учаскелік инспекторлар бірігіп күн сайынғы рейдтер өткізу жоспарланып отыр.
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ЖАЙЫ

Ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы, ақпараттық-насихат жұмыстар, азаматтық қоғам институттарымен бірлескен өз-ара іс-қимыл, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың нығаюына, әлеуметтік ахуалды сақтауға әсерін тигізуде.

Аудан тұрғындары 2011 жылдың бірінші жартыжылдық басылымдарына жазылуда белсенділік көрсетіп, 13,5 мыңнан аса газет-журналдарға жазылды.

«Қазақстан Жастары ядролық қаруға қарсы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Мен Қазақстан патриотымын!», «Өткенді болашақ үшін сақтаймыз» атты «Жасыл Ел», «Таза жағалаулар» атты акциялар, мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын» атты аудандық білімдарлар сайысы өткізілді.

Рухани мұраны сақтауда діни бірлестіктермен тығыз байланыс қалыптасып, өз-ара түсіністік жағдайында жұмыстар жүргізілуде. Аудан аумағында орналасқан 9 мешіт, 5 шіркеу мен мінажат үйлері, дінге бет бұрған азаматтар мен азаматшыларға қызмет етуде.

Діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі Кеңес конфессияаралық келісімді нығайту бағытында мақсатты шаралар жүргізіп, мешіт, шіркеу, мінажат қызметкерлерімен, Құрбан айт, Рождество мерекелерін өткізді.

Ауданда құрылған 24 ақпараттық-насихат топ өткен жылы 648 кездесулер 302-ден аса дөңгелек үстел түріндегі кездесулер мен семинарлар өткізді.

Елбасының «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауынан бастап, «Қазақстандық патриотизімді нығайту», «Астанада өткен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммитінің қорытындысы және маңыздылығы», «Кәсіпкерлікті дамытуға несие беру», «Ұлтаралық келісім мен дінаралық татулық», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» т. б. тақырыптардағы мәселелерді түсіндіріп насихаттады.

Ақпараттық-насихат бағытындағы жұмыстарымызға республикалық, облыстық АНТ-мүшелері де тұрғындармен кездесулер өткізіп, өз үлестерін қосып келеді. Аудан аумағында тұрғындар арасында көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалану арқылы насихат жұмыстарын жүргізуде біраз жұмыстар істелді.

Үстіміздегі жыл тарихта қомақты орны, қоғамдық - саяси мәні бар оқиғалар жылы.

Ол, елімізде VII Қысқы Азия ойындарының өтуі.

Ол, Қазақстанның Ислам Конференциясы ұйымына төрағалық етуі.

Ол, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңындағы ауқымды жұмыс атқаратын кезең.

Ел шежіресіндегі ерекше бұл белеске біз ерекше дайындықпен баруымыз қажет. Сондықтан, әрбір мемлекет қызметшілерінің, басшының, тұрғынның жауапкершілігі арта түсуі керек. Ақпарат-насихат топ мүшелері елді мекендерге жиі шығып, еңбек ұжымдарымен, халықпен жиі кездесіп, қарапайым адамдардың көмекшісі, кеңесшісі болуға тиісті.



Мемлекет, облыс, аудан көлемінде қолға алынып жатқан шараларды түсіндіріп, адамдарды біріктіру, олардың проблемаларды шешуге жұмылдыру бағытында жұмыстар атқару қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет