Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы бойынша Парламент Сенатында таныстырылымына баяндамасы
Астана қалаасы, Парламент Сенаты, 2014 ж. 19 қараша
Құрметті депутаттар!
Сіздердің қарауларыңызға ұсынылып отырылған 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы түзетілген 2015-2019 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әзірленіп, Мемлекет Басшысының «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауларында айтылған тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.
Ең алдымен, республикалық бюджеттің негізгі параметрлеріне көшпес бұрын, қысқаша мынаны айтып кетуге рұқсат етіңіздер.
Сіздер білетіндей, үш жылдық бюджет жобасына Парламент Мәжілісінде – 2015-2019 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамының түзетілуіне байланысты өзгерістер енгізілді.
Осымен бірге, біздің алдымызда өткізілген бюджетті нақтылауды, 2015-2017 жылдардың шығыстарын қысқартуды және Ұлттық қордан нысаналы трансфертті тартуды ұйқастыру бойынша оңай емес міндет тұрды.
Сіздердің қарауларыңызға ұсынылған республикалық бюджет жобасы «қолайсыз» өзгерген сыртқы жағдайларды, сонымен қатар Үкіметтің Мемлекет басшысы алдымыздағы жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асыруға шақырған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жүргізуге қабылдаған жаңа бағытын ескереді.
Мароэкономикалық болжамның өзгеруі үшжылдық республикалық бюджеттің параметрлеріне едәуір деңгейде әсер етті.
Республикалық бюджеттің түсімдері 2015 жылы 6 858,0 млрд. теңге көлемінде ағымдағы бюджетпен салыстырғанда 750,6 млрд. теңгеге өсумен, 2016 жылы – 6 982,7 млрд. теңгені, 2017 жылы – 6 971,1 млрд. теңгені құрады (слайд 2).
Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттердің түсімдерін есепке алмағанда) 4 159,5 млрд. теңге деңгейінде 219,1 млрд. теңгеге ағымдағы жылғы бюджеттен жоғары болып болжанып отыр, 2016 жылы – 4 606,2 млрд. теңгені және 2017 жылы – 4 971,7 млрд. теңгені құрады (слайд 3).
Кірістерді болжау кезінде тиімді емес ұйымдар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемесінің төмендеуі, сонымен қатар мұнай өндіру көлемінің (тоннасына 83 млн.теңгеден тоннасына 81,8 млн.теңгеге дейін) және экспорт пен импорттың өсу қарқынының төмендеуі ескерілген (слайд 4-5).
Өз кезегінде, мынадай – ЖІӨ-ң және ЖҚҚ (Жалпы қосылған құн) қарқынының өсуі, салықтық әкімшілендіруді жақсарту, алкогольдық және темекі өнімдеріне және басқа бірқатарларына мөлшерлеменің өзгеруі кірістер болжамына оң әсерін тигізді.
Мемлекет басшысы Инфрақұрылымдық даму жоспарын іске асыру мен экономиканың өсуін қолдау үшін 2015 жылдан бастап 2017 жылды қоса алғандағы кезеңге жыл сайын 3 млрд. АҚШ долларына (540 млрд. теңге) дейін Ұлттық қор қаражатын тарту бойынша шешім қабылдады, оның ішінде 2015 жылы 347,5 млрд. теңге және 2016 жылы 372,5 млрд. теңге республикалық бюджетке нысаналы трансферттермен берілетін болады.
Сонымен қоса, басталған жобаларды аяқтау және неғұрлым өткір мәселелерді шешу үшін Ұлттық қордан қаражаттың 500 млрд. теңге мөлшеріндегі екінші траншы, оның ішінде 360,0 млрд.теңге республикалық бюджет арқылы жіберілетін болады.
Жалпы алғанда, Ұлттық қордан бюджетке тартылған нысаналы трансферттер көлемі 2015 жылы 707,5 млрд. теңгені және 2016 жылы 372,5 млрд. теңгені құрады (слайд 6).
Ұлттық қордан кепілденген трансферт 1 702 млрд. теңге мөлшерінде анықталды, бұл оны қалыптастыру мен пайдалану Тұжырымдамасында белгіленген шектеулерге сәйкес келеді, атап айтқанда 8 млрд. АҚШ долларына 15%-ды қосқанда.
2015 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары ағымдағы жылдың бюджетіне 664,8 млрд. теңгеге өсе отырып 7 855,1 млрд. теңге, 2016 жылға – 8 042,2 млрд. теңге, 2017 жылға 7 943,6 млрд. теңге көлемінде жоспарланады.
Бюджет тапшылығы мынадай деңгейде анықталды:
- 2015 жылы - 997,1 млрд. теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,3% ;
- 2016 жылы - 1059,4 млрд. теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,1%;
- 2017 жылы - 972,5 млрд. теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 1,7 %.
Республикалық бюджет шығыстарының негізгі бағыттарына көшпес бұрын, республикалық бюджет шығыстары ағымдағы жылдың көктемінде лимиттерді бастапқы айқындау кездің өзінде-ақ ескерілген қатаң шектеулер жағдайында жоспарланғанын айта кеткен жөн.
Негізгі мақсат бұл ретте әлеуметтік нықтылық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын бұдан әрі дамыту бойынша бастамаларды іске асыру болды. Осы мақсатты іске асыру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы шығыстары 10% (251 млрд. теңге) қысқартылды.
Осылайша, бюджет процесінің ең басында мемлекеттік органдарға бюджет қаражатын шектеуді ескере отырып, стратегиялық басымдылықтарды анықтау талаптары қойылды.
Осындай тәсіл Парламентте Заң жобасын талқылауды айтарлықтай шамада жеңілдетуі тиіс, өйткені әкімшілердің бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде қолдау көрсетілмеген шығыстарды, оларды мемлекеттік органдардың қайта негізсіз сұрауларына жол бермейді.
Жалпы алғанда, жақын арадағы үш жылдық кезеңде бюджет рөлі орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін шектелген, бірақ жеткілікті көлемде мұнай жинақтарына инвестицияларды іске асыру бойынша жүктемені жылжыта отырып, әлеуметтік құрауышты қамтамасыз етуге негізделетін болады.
***
Енді бюджет шығыстарының негізгі бағыттарына толығырақ тоқталуға рұқсат етіңіздер (слайд 7):
Әлеуметтік саладағы мемлекеттің жаңа міндеттемелері Мемлекет Басшысының тапсырмасына және Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес 2017 жылы 600 млрд. теңгеге дейін ұлғая отырып, 2015 жылы 194 млрд. теңге көлемінде бағаланады және мыналарға бағытталған:
- 2015 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін енгізуге – 2015 жылы 157 млрд. теңге және үш жылдық бюджетте 719,7 млрд. теңге; (слайд 8)
Анықтама ретінде:
Бұл үлгі шамамен 1 410 мың азаматтық қызметшілерді қамтиды және бұл білім беру жүйесі қызметкерлерінің жалақысын 29%-ке, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын 28%-ке дейін, ал басқа салалардағы азаматтық қызметшілердің жалақысын 40%-ке дейін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
- «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақы деңгейін 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 15%-ға және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап тағы да 15%-ға арттыру. Оған үш жылдық кезеңде жалпы сомасы 94 млрд. теңге көзделген (2015 жылға - 13,3 млрд. теңге).
Анықтама ретінде:
- жергілікті бюджеттерге нысаналы трансферттер түрінде
40 млрд. теңге (2015 жылға 4,7 млрд. теңге);
- орталық мемлекеттік органдарға 55 млрд. теңге (2015 жылға 8,6 млрд. теңге).
- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендияларды 25%-ға арттыруға қосымша шығыстармен – 23 млрд. теңге;
- 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақыларды 25%-ға ұлғайтуға – 23 млрд. теңге;
- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - күш құрылымдары қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз етуді реформалауға 30 млрд. теңге (күш құрылымдарының барлық қызметкерлерін ортақ зейнетақы жүйесіне ауыстыру).
Анықтама ретінде: Бюджетке қайтарылатын 50% зейнетақы жинақтаулары және ақшалай ырыздықақының 20%-ы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарына көзделген бюджет қаражатын қайта бөлу есебінен.
- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап – базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгертуге – 137 млрд. теңге.
Анықтама ретінде: Бүгінгі күні зейнеткерлікке шыққан барлық азаматтарға бірдей мөлшерде берілетін базалық зейнетақыны зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты азаматтар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана тағайындау ұсынылады.
Осыған дейін айтылып кеткендей, осы бастамалар лимиттерді қалыптастыру барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарын 250 млрд. теңгеге оңтайландырғанның арқасында мүмкін болды. Қазіргі қысқарту мемлекеттің әлеуметтік саладағы бұрын қабылданған және жаңа міндеттерін қозғамады.
Тұтастай алғанда енгізілген түзетулерді есепке ала отырып, 2015-2017 жылдары әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар 5 884 млрд. теңгені, оның ішінде 2015 жылға – ағымдағы жылмен салыстырғанда 183 млрд. теңгеге өсіммен 1 712 млрд. теңгені құрады (слайд 9).
Әлеуметтік саладағы жоғарыда көрсетілген бастамалармен қатар бюджет жобасында:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 9%-ға (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып), сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды 7%-ға ұлғайтуға - 129 млрд. теңге;
2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту және әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салу бойынша мүгедектерді қолдаудың қосымша шараларын қабылдауға - 4 млрд. теңге;
3) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарын қосымша әлеуметтік қолдау шараларына 5,7 млрд. теңге ескерілді. (слайд 10)
Анықтама ретінде: Осы шығыстар мыналарға бағытталатын болады:
- мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңмен анықталған 209 мың азаматқа қосқан үлесі үшін біржолғы материалдық көмекті төлеуге – 5,7 млрд. теңге;
- Астана және Мәскеу қалаларындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға 272 Ұлы Отан соғысы ардагерінің және оларға ілесіп жүретін адамдардың қатысуын қамтамасыз етуге (бару және қайту жолына және тұруға арналған шығыстарды төлеу) – 47 млн. теңге.
Халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем көрсету мақсатында Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жалғастырылатын болады. Осы мақсатқа 2015-2017 жылдары 295 млрд. теңге бағытталатын болады. Оның ішінде 2015 жылы – 90 млрд. теңге шамамен 28 мың жұмыс орнын ашуға, оқыту арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге және шамамен 50 мың адамды қоныстандыруға көзделеді. (слайд 11)
Анықтама ретінде: Жалпы алғанда Жұмыспен қамту 2020 жол картасы қатысушыларының саны болжам бойынша 78 мың адамды құрайды.
Денсаулық сақтау жүйесін дамыту.
2015-2017 жылдары денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2 066 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 2015 жылға – ағымдағы жылмен салыстырғанда 49 млрд. тенгеге өсе отырып, 683 млрд. теңгені құрады (слайд 12).
Анықтама ретінде:
- халыққа бірегей технологияларды, диагностикалық қызметтерді көрсетуді қолдана келе, әртүрлі скрининг зерттеулерін жүргізе отырып, амбулаториялық-емханалық, арнайы және жоғары мамандандырылған көмек ұсыну жолымен ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге, сондай-ақ дәрілік заттарды және сирек және онкологиялық ауруларды емдеу үшін медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға 574 млрд. теңге;
- медицина кадрлары даярлау мен біліктілігін арттыруды қаржыландыруды жалғастыруға - 29 млрд. теңге. Көзделген қаражат шеңберінде орта, жоғары және жоғары оқудан кейінгі медициналық білім берумен шамамен орташа 32 мың адам даярланады.
- «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының жанындағы Республикалық трансплантология және онкология орталығының медициналық әлеуетін дамыту үшін әлемдік дәрежедегі онкология орталығын салуға – 9,2 млрд. теңге;
- жергілікті және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 10 млрд. теңге;
- Халықаралық Қайта құру және Даму Банкімен ратификацияланған Келісім шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарын басқару үшін инфрақұрылымды дамыту және бірыңғай ақпараттық жүйені кеңінен ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру – 9,3 млрд. теңге;
- өңірлерде 24 денсаулық сақтау объектісін салуға – 38,3 млрд. теңге (слайд 13).
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 77 млрд. теңге көзделген (слайд 14).
Осы қаражаттан, 2015–2017 жылдары Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға 15,2 млрд. теңге жоспарланған. 2015 жылы шығыстар 1,6 млрд. теңгені құрады. Осы қаражат Қостанай қаласында онкодиспансерді аяқтауға және Тараз, Павлодар, Петропавл қалаларында 3 объектінің құрылысын салуды бастауға көзделеді.
Анықтама ретінде: Осы бағдарлама шеңберінде Семей қаласында Радиологиялық орталық салынғанын атап өту қажет, 2016 жылы Көкшетау, Қызылорда, Шымкент және Алматы қалаларында 4 жаңа онкологиялық диспансер салынады.
Ұлттық экономика министрлігінің шығыстары шеңберінде 2015 -2017 жылдары 102 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы 33 млрд. теңге халықтың санитариялық-эпедемиологиялық салауаттығын қамтамасыз етуге және халықты міндетті вакцинациялаудан өткізуге, оның ішінде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы 9 айлық балаларға арналған бір реттік вакцинациялауды жүргізуге көзделген.
Білім беру және ғылым.
Бұл мақсаттарға 2015 – 2017 жылдары 1 712,9 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр, оның ішінде 2015 жылы ағымдағы жылмен салыстырғанда 62,7 млрд. теңгеге өсе отырып 510,7 млрд. теңге құрады.
Осы қаражаттан білім беру объектілерін салуға 105,4 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан нысаналы трансферттер есебінен 30 млрд. теңге бөлінеді (слайд 16).
Анықтама ретінде: Осы қаражат апатты жағдайдағы және үш ауысымды оқыту мепктептерінің мәселелерін шешуге, мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын қысқартуға, кәсіптік-техникалық лицейлер салуға бағытталатын болады.
Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуын кадрлық қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордың нысаналы трансферт есебінен республиканың 10 жоғары оқу орнының жанында мұнай-химия, геологиялық, инженерлік және ауыл шаруашылығы бағыттарындағы зертханалар ашу жоспарланып отыр (слайд 17).
Осы мақсаттарға 2015 - 2016 жылдарға 3 млрд. теңгеден, жалпы 6 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген.
«Балапан» бағдарламасының шеңберінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім тапсырысын іске асыруды жалғастыруға, сондай-ақ Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес балабақшалардың жетіспеуін жою мақсатында «Балапан» бағдарламасы шеңберінде 2015-2017 жылдары – 342,8 млрд.теңге көзделеді. Оның ішінде 2015 жылы – балабақшалар құрылысына Ұлттық қордан нысаналы трансферт есебінен 6,5 млрд. теңгені қоса алғанда 25,8 млрд. теңге көзделеді (слайд 18).
Мәдениет пен спортты дамыту.
2015-2017 жылдары шығыстар сомасы 207,9 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 2015 жылы ағымдағы жылмен салыстырғанда 7,9 млрд. теңгеге өсе отырып 77,9 млрд. теңге болады (слайд 19).
Анықтама ретінде: Осы қаражат мыналарға жұмсалады:
- мәдениет ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге – 14 млрд. теңге. Аталған қаражат шеңберінде өзінің мәні жағынан бірегей Астана Опера және Ұлттық мұражай сияқты ұйымдарды қаржыландыру жалғастырылатын болады;
- бұқаралық спортты, ұлттық спорт түрлерін және жоғары жетістіктегі спортты қолдауға және дамытуға – 15 млрд. теңге;
- ұлттық фильмдерді шығаруға - 5 млрд. теңге. Аталған қаражат 29 фильмді аяқтауды қамтамасыз етуге және жаңа ұлттық фильмдер шығаруды бастауға мүмкіндік береді;
- спорттағы дарынды балаларды оқытуға және тәрбиелеуге, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге – 4 млрд. теңге. Аталған шығыстар 1 365 дарынды баланы оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ 5 колледжде 200 студент қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шараларды өткізу (имидждік жобалар, ұлы мәдениет қайраткерлерінің мерейтойларын мерекелеу және тағы сол сияқты) –2 млрд. теңге.
Мәдениет және спорт объектілерін салуға 2015-2017 жылдары 49,2 млрд. теңге бағыттау жоспарланып отыр, одан 2015 жылға – 19,5 млрд. теңге.
Анықтама ретінде: Аталған шығыстар 4 спорт объектісінің құрылысын жалғастыруға, Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің құрылысын аяқтауға және 28 объектінің, атап айтқанда 27 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастауға және Таңбалы мұражай қорығының таныстыру орталығын салуға көзделген.
Мемлекет Басшысының Қазақ хандығының 550-жылдығына, сондай-ақ Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге қатысты берілген тапсырмасын іске асыруға, депутаттардың ұсыныстарына сәйкес үш жылдық бюджетте шамамен 3,0 млрд. теңге қосымша көзделген.
Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады. Осы мақсатқа жыл сайын 3 млрд. теңге жұмсау жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығы.
2015-2017 жылдары шығыстар 553 млрд. теңгені, оның ішінде 2015 жылы – 206 млрд.теңгені құрайды (слайд 20).
Негізгі шығыстар мыналарды дамытуға бағытталған (слайд 21):
- су шаруашылығы – 39 млрд. теңге;
- орман шаруашылығы – 14 млрд. теңге;
- балық шаруашылығы – 1 млрд. теңге.
Енгізілген түзетулерді ескере отырып, «ҚазАгро» холдингіне агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау бойынша іс-шараларға кредит беруге жыл сайын 60 млрд. теңге көзделеді.
«Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыруға жыл сайын 67 млрд. теңге шамасында қаражат көзделеді. Қаражат агроөнеркәсіп кешенін қаржылық қолдау шараларын жалғастыруға, өсімдік шаруашылығын, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті және ғылыми салалардың дамуына бағытталатын болады. (слайд 22)
Өңірлерді дамыту бағдарламасына 2015-2017 жылдары 1 043,1 млрд. теңге сомасында қаражат көзделеді (слайд 23).
Оның ішінде 2015 жылы 368 млрд. теңге мынадай бағыттарға:
Біріншіден, «Ақ-Бұлақ» бағытын іске асыруға 2015-2017 жылдары 317 млрд. теңге көлемінде қаражат көзделген. Оның ішінде 2015 жылы – 108 млрд. теңге (слайд 24).
Анықтама ретінде: Осы қаражат мыналарға бағытталады:
- ауылдық елді мекендердегі, облыс орталықтарындағы, ірі және шағын қалалардағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 87 млрд. теңге;
- топтық су құбырын реконструкциялауға – 11 млрд. теңге;
- ауылдық елді мекенді жерасты су қорымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуге – 10 млрд. теңге.
Жыл сайын бөлінетін қаржыландыру көлемі «Ақ бұлақ» бағыты бойынша қалалар мен ауылдық елді мекендерде қажетті көлемде ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Екінші – «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағыты.
Осы бағытқа 2015-2017 жылдары 395 млрд. теңге бөлінеді, оның ішінде 2015 жылы - 142 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан нысаналы трансферт есебінен 17,5 млрд. теңге (слайд 25).
Анықтама ретінде:
-тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға - 27 млрд. теңге;
-кезектегілер мен жас отбасылары үшін жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй салуға – 33,4 млрд. теңге;
-инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға – 81,3 млрд. теңге, оның ішінде: Алматы қаласының серіктес қалаларын дамытуға - 7 млрд. теңге.
Бұл жерде айта кететін жәйт, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жалға берілетін тұрғын үйді салуға 2015-2016 жылдары 145,0 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы – 92,5 млрд. теңге облигациялық қарыз түрінде бөлінеді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға 2015-2017 жылдары 217 млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде 2015 жылы 80,2 млрд. теңге, сонымен қатар Ұлттық қордан нысаналы трансферт есебінен 2015 жылы – 60 млрд. теңге және 2016 жылы – 100 млрд. теңге жылу-, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуды несиелеуге көзделіп отыр (слайд 26).
Анықтама ретінде: қаражат мыналарға бағытталатын болады:
- электр, жылу, газбен жабдықтау объектілерін дамытуға –
15 млрд. теңге;
- комдоминиум объектілерін жөндеуді жүргізуге – 4,5 млрд. теңге;
- жылумен жабдықтау желісінде инвестициялардың негіздемелерін әзірлеуге – 1 млрд. теңге;
- әлеуметтік сала және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің энергияны үнемдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге- 150 млн. теңге;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға – 150 млн. теңге;
жылу-, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту үшін «Қазақстандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ кредит беруге – 60 млрд. теңге
Өңірлерді дамыту бағдарламасының төртінші блогы – моноқалаларды дамыту (слайд 27).
Осы мақсатқа 2015-2017 жылдары 69 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген. Оның ішінде 2015 жылға - 23 млрд.теңге кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға, кәсіпкерлерге микрокредит беруге, сондай-ақ ағымдағы жайластыруға және инженерлік инфрақұрылымға бағытталады.
Сондай-ақ 2015-2017 жылдары Өңірлерді дамыту шеңберінде іс-шараларды іске асыруға 45 млрд. теңге, жыл сайын тұрғын үй құрылысын дамыту, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларын кешенді шешуге және жұмыс орындарын құру мақсатында өңірлерді қаржылық қолдауды ұлғайтуға 15 млрд. теңгеден көзделген.
Индустриялдық-инновациялық даму және өнеркәсіптік инфрақұрылым (слайд 28).
2015-2017 жылдары Индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін іске асыруға жалпы сомасы 233 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы –
132,1 млрд. теңге, одан, Ұлттық қордан нысаналы трансферттер есебінен 81 млрд. теңге шығыстар көзделді.
Осы қаражат инвестицияларды тартуға, оның ішінде арнайы экономикалық аумақтар инфрақұрылымын салуға, техникалық реттеуді және метрологияны қамтамасыз етуге, оның ішінде еліміздің бес өңірінде сынақ зертханаларын құру және олардың жұмыс істеуіне, инновацияларды дамытуға және металлургия, химия, мұнай химиясы, машина жасау, құрылыс материалдары, тамақ өнеркәсібі сияқты өңдеу өнеркәсібінің 6 басым бағытына жұмсалады.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2015-2016 жылдары Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңінің ірі инвестициялық жобаларына 2-деңгейдегі банктер арқылы кредит беруге Ұлттық қордан облигациялық қарыз түрінде жыл сайын сомасы 100 млрд. теңге қаражат қосымша бағытталатын болады.
Бизнестің жол картасы–2020-ны іске асыруға 2015-2017 жылдары 146 млрд. теңге көзделген, одан 2015 жылы - 51 млрд. теңге жаңа бастамаларды субсидиялауға және оларды кепілдендіруге, кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды дамытуға және тағы басқаларға көзделеді (слайд 29).
Осылайша, 10 мыңнан астам жобаны, оның ішінде 1,5 мың жаңа жобаны іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелер субсидияланатын болады, оларды іске асыру нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады және бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлемі ұлғаяды.
Бұдан басқа, шағын және орта бизнесті дамыту үшін «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына 2015-2016 жылдары Ұлттық қордан жыл сайын сомасы 100 млрд. теңге облигациялық қарыз тарту жоспарланып отыр.
ЭКСПО–2017 халықаралық көрмесін дайындау және өткізу үшін келесі үш жылға 435 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінеді, одан 2015 жылы - 164 млрд. теңге көрмені ұйымдастыруға және көрме кешенін салуға көзделеді (слайд 30).
Сондай-ақ, ЭКСПО–2017 –нің тұрғын үй және сауда-ойын-сауық объектілерін салуды қаржыландыруға 2015-2016 жылдары Ұлттық қордан облигациялық қарыз түрінде сомасы 55,0 млрд. теңге, одан 2015 жылы – 40 млрд. теңге қаражат тартылатын болады.
Ғарыш саласын дамыту (слайд 31).
2015-2017 жылдары осы мақсаттарға 16,5 млрд. теңге, одан 2015 жылға – 6,1 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.
Осы қаражат «Ғарыш аппараттарын жинақтау-сынау кешенін құру» және «Ғылыми-технологиялық сипаттағы ғарыш жүйесін құру» жобаларының іске асырылуын жалғастыруға, ғарыш аппараттарын басқаруды, сондай-ақ ғарыш қызметі саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Көлік жүйесін дамытуға 2015-2017 жылдары 1 525,9 млрд. теңге бөлу, одан 2015 жылы – 590 млрд. теңге, оның ішінде жолдарды салуға және реконструкциялауға Ұлттық қордан нысаналы трансферт есебінен 178 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр (слайд 32).
Осы қаражат есебінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» сияқты, сонымен бірге «Орталық-Оңтүстік» «Астана-Қарағанды-Балқаш-Қапшағай-Алматы» және Орталық-Шығыс «Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен» дәліздерін салу, сондай-ақ басқа да: «Бейнеу-Ақтау-Түрікменстан шекарасы», «Омбы-Павлодар-Майқапшағай», «Астана-Қостанай-Челябі» және «Астана-Петропавл», «Алматы-Өскемен» халықаралық транзиттік дәліздерді салу сияқты ірі жобаларды іске асыру және жаңа жолаушылар терминалы мен Астана қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жалғасатын болады.
Республикалық маңызы бар жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу (барлығы жөндеу жұмыстарымен 2 100 км қамтылатын болады, оның ішінде 358 км пайдалануға енгізу) және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту, тұрақты ішкі авиатасымалдарды субсидиялау, өзен және су көліктерін дамыту бойынша жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.
Бұдан басқа, осы бағыттың шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, атап айтқанда «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл», «Боржақты-Ерсай» темір жол желілерінің, Шу-Алматы 1 учаскесіндегі екінші теміржол бағыттарын, Құрық кентінде паром өткелін салу мен «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының жолаушылар вагондарын сатып алу үшін «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға және кредиттеуге 87,1 млрд. теңге бағыттау жоспарланып отыр (слайд 33).
Қорғаныс қабілеттілігін және жалпы мемлекет қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғау мен ішкі тұрақтылықты қолдау, халықты қорғау мен дағдарыс жағдайларында басқару тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Осы мақсаттарға 2015-2017 жылдарға 3 092,6 млрд. теңге, одан 2015 жылы – ағымдағы жылдың деңгейіне 38,2 млрд. теңгеге өсіммен 970,3 млрд. теңге көзделді.
Анықтама ретінде: Оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қамтамасыз етуге 2015-2017 жылдарға 1 364,7 млрд. теңге, одан 2014 жылға қарағанда 25,7 млрд. теңгеге немесе 6,9%-ға өсіммен 2015 жылы - 398 млрд. теңге көзделді. Осы қаражат есебінен қару-жарақ паркін жаңарту, жаңғырту жүргізу, заманауи әскери техниканы қалпына келтіру және сатып алу қамтамасыз етіледі.
Құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар органдарының құқық тәртібін күзету мен халық пен экономика объектілерін төтенше жағдайлардан қорғау мен олардың алдын алудың тиімді инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған шығыстары 2015-2017 жылдары 1 727,9 млрд. теңгені, одан 2015 жылы 572,2 млрд. теңгені құрайды.
Сонымен қатар, 2015 жылы шығыстарды – Мемлекет Басшысының «Нұрлы Жол–Болашаққа бастар жол» жолдауына сәйкес, Ұлттық қордан нысаналы трансферт есебінен «Проблемді кредиттер қоры» АҚ-н капиталдандыруға 250 млрд. теңге көлемінде ұлғайту жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, Мемлекет Басшысының «Нұрлы Жол–Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, Үкімет пен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде Қазақстанды дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасының жобаларын бірлесе қаржыландыруға үш жылдық бюджетте 91,5 млрд.теңге, одан 2015 жылы – 39,2 млрд.теңге көзделді.
Республикалық маңызы бар қала Алматы мен елордасы Астананың бюджеттік инвестициялық жобаларын іске асыруға республикалық бюджеттен үш жылдық кезеңде 565,6 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы Астана қаласы бойынша –
151 млрд. теңге және Алматы қаласы бойынша –
106,6 млрд. теңге бөлу көзделеді.
Айтылған шығыстарда, өңірлер бойынша инвестициялық жобалардың бөлуі болмағандықтан Ұлттық қордан берілетін қаражат ескерілмеген.
Осы шығыстар көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын, денсаулық сақтау және білім беру саласында объектілер құрылысын дамытуға және де басқа маңызды іс-шараларға бағытталатын болады. (34-35 слайд).
Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінде Заң жобасына толық дайындығы мен келісімділігі бар мемлекеттік органдар бойынша мемлекеттік басқару деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ажыратуға байланысты түзетулер енгізілді.
***
Құрметті депутаттар!
Республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары осындай.
Ол мемлекет басшысының Қазақстан халқының жолдауында қойған міндеттерді және мемлекеттің басқа да басым міндеттерін ескере отырып қалыптастырылды және теңгерімді және нақты болып табылады.
Сенатта бюджетті талқылауға берілген тығыз уақытты ескере отырып, біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге және қажетті түсініктемелер мен ақпаратты толық беруге барынша тырысатынымызды жеткізгім келеді.
Сіздердің тараптарыңыздан сындарлы диалогқа және қолдау көрсетеді деп үміттенеміз.
Назарларыңызға көп рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |