Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2015 жылдың i-жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы м ә ліме т



Дата24.02.2016
өлшемі46.95 Kb.
#13737
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің

2015 жылдың I-жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы М Ә Л І М Е Т
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде I-жартыжылдығында 738 ұсыныстар, хаттар, тапсырмалар, 282 шығыс құжаттары тіркелсе, жоғарғы органдардан келген тапсырмаларға электронды пошта арқылы 82 мәліметтер берілді.

I-жартыжылдығында аудандық бюджетті нақтылау бойынша аудандық бюджеттік комиссияның іс-қимылын қамтамасыз етіп, 181 ұсыныстар енгізілсе, 143 ұсыныстар шешімін тапты. Қалған ұсыныстар бюджет заңдылығына сәйкес бағдарлама әкімшісі тарапынан бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарлама) нормативтік, сандық, құндық көрсеткіштер негізінде шығыстардың есебін, мақсаттарын, міндеттерін, күтілетін нәтижелеріне, орындау мерзімдеріне, ұлттық валютамен көрсетілген құнына толыққанды талдау жасай отырып, түсіндірме жазба қоса тапсырылмағаннан кейін, заңдылығы көрсетіліп кері қайтарылды.

Жергілікті бюджеттің түсімдерінің кемуін немесе шығыстардың артуын қарастыратын аудан әкімдігіне 6 қаулылар жобалары дайындалып, аудандық мәслихат сессиясына 1 рет бюджетті нақтылау туралы шешім жобалары ұсынылды. Осы нақтыланған бюджеттер мен аудан әкімдігінің қаулыларына байланысты бағдарлама әкімшілерінің қаржылық жоспарларды құрастырылуына және берілген есептердің дұрыстығына тексеру жүргізіліп, жылдық қаржыландыру жоспарын экономикалық сыныптамалар бойынша әзірлеп, бекітіп және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жіберілді.

Елбасының Қазақстан Халқына дәстүрлі жолдауына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқарудың әр түрлі деңгейінде орталық пен өңір арасында өкілеттіктерді нақты бөлінісін айқындау, жергілікті әкімдіктердің барлық құзыреттіліктерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқару органдары құзыретінің бірқатар бөлігін жергілікті өзін-өзі басқаруға беру, жергілікті мәселелерді шешу үшін қаражатпен қамтамасыз етілу тиімділігін арттыру мақсатында кент, ауылдық клуб үйлерін дербес кәсіпорын ретінде қайта құрылымдап, ақылы қызметтен түсетін табыс көлемін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Әр айдың 10-на облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ауданның даму бюджетінің, бюджеттің ағымдағы шығындары, жергілікті атқарушы органдар резервінің орындалуы, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарлама әкімшілерінің еңбекақы қоры мен штат саны туралы есептері және Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, көркейтуге қаралған қаржыларға атқарылған жұмыстар жөнінде мәліметтерді жинақтап тапсырылады.

Ай сайын жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген қаржыға байланысты мәліметтер тиісті басқармаларға беріліп отыр. Мұнан басқа салық комитетінің аудандық бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша түсімдердің ай сайынғы мәліметтері бойынша талдау жасалып отырады. Өңiрдiң бес жылға арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында қамтылған нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерге сәйкес өңiрдiң салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттары мен тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң негiзгi бюджеттік параметрлерiнiң болжамдарын әзірлеу және бағдарлама әкімшілеріне жеткізу, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, бюджеттiк және өзге де заңнамасына, мемлекеттiк қызметтiң қолданылып жүрген заттай нормаларына және стандарттарына сәйкестiгiн қарап, талдау жасалып отырады.

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын 142 мекемелер мен кәсіпорындардан бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржы жоспарларына бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша талдау жасалып отырады.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 қаулысына енгізілетін өзгерістерге байланысты, мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың азаматтық қызметкерлерінің еңбек ақы есептеудің жаңа ережесіне сай есептері жасалып тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі
№1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыруға байланысты ауданның әзірленген жоспарына сәйкес, аудандағы кент, ауылдық округтерде аудан әкімі мен кент, ауылдық округ әкімдерінің атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесу жиналыстары өткізілуіне байланысты көрсеткіштері әзірленіп беріледі және кент, ауылдық округтердің төлқұжаттары әзірленеді.

Ауданның ауылдық аумақтарын дамытуға бағытталған «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы мен «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасына байланысты атқарылған жұмыстары бойынша әзірленген мониторингі мен аталған бағдарламаларға байланысты 2014 жылы Республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржылардың есебі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсырылды.

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысы мен «Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 234/НҚ бұйрығына сәйкес Жаңақорған ауданы бойынша Тірек ауылдық елді мекендерді айқындалды. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №33 сессиясында тіректі елді мекендердің 2014-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді (Жаңақорған, Түгіскен, Ақүйік, Төменарық тірек ауылдық елді мекендері). Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жұмыстар жасалуда.

Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда Министрлігінің 2009 жылдың 27 тамызындағы №1251 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу Ережесі мен Министрліктің 2010 жылғы 1 наурыздағы №113 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысының тиісті жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері бойынша бірінші кезеңіндегі әзірленіп Министрлікке тапсырылған жобасы негізінде, ауданның тиісті жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы әзірленіп, кент, ауылдық округтер бойынша көрсеткіштері енгізілген жобасы облыс әкімі аппаратына тапсырылды. 2015-2019 жылдарға арналған облыстық аумақтық даму бағдарламасының әзірленген жобасына сәйкес, ауданның 2015-2019 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының жобасы әзірленіп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсырылды.



Жаңақорған ауданының 2015 жылдың I-тоқсан қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары аудан әкімиятында қаралды. 2015 жылдың I-жартыжылдық қорытындысы бойынша аудан акимиятына құжаттар әзірленуде.


Бөлім басшысы С. Асенов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет