Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»



Дата01.07.2016
өлшемі70.14 Kb.
#171169
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттерді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын», «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес аудан көлемінде әлеуметтік маңызы бар мәдени-көпшілік жұмыстар ұйымдастырудағы мәдениет ұйымдарының шығармашылығын дамыту, халықтық ұжымдар шығармашылығын тұрақтандыру, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда жүйелі жұмыстар атқарылып отыр.

Аудан көлеміндегі 21 кітапхана, 18 мәдениет үйлері мен клубтарда 2008 жыл бойына халыққа мәдени-ақпараттық қызмет көрсетуде 1390 мәдени шара өткізіліп, оған 291153 мың адам қамтылса, кітапханалар бойынша 15299 оқырман қамтылып, оларға 330578 кітап берілді.

2008 жылға жергілікті бюджет есебінен мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жобалық-сметалық құжаттары негізінде Ақсуат мәдениет үйін күрделі жөндеуге 1 млн мың теңге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 474 мың тенге , музыкалық аспап алуға 1 млн теңге, Ақжар мәдениет үйіне 634 мың теңгенің қаржысына музыкалық аспаптары алынды. Сондай-ақ , ауыл кітапханаларының күнделікті жұмыс орнын жабдықтауға 160 мың тенгенің үстел-орындықтары алынып пайдалануға берілді.

Аудан кітапханаларының қоры жылдан-жылға аз да болса жаңа әдебиеттермен толығып келеді. 2008 жылға аудан кітапханаларының кітап қоры 256329 дана құраса, мазмұны ескірген және көнерген 10345 дана әдебиеттер қордан шығарылды. Жыл бойына кітап қорына 3343 дана жаңа кітаптар алынды. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2367 дана кітап келіп түсті

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы мен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын аудан кітапханаларында жүзеге асыруда аудан көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

Кітапханашылардың оқырмандармен жұмыс істеу әдістемесін жетілдіру, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында аудан көлемінде «Патриоттық тәрбие берудегі кітапхананың рөлі» - атты Сатпаев, «Ауыл жастарына құқықтық, адамгершілік тәрбие берудегі кітапхананың рөлі» атты аудандық семинар – кеңес Қарасу ауылдық кітапханасында өткізілді.


Ауыл кітапханалары рухани тәрбие беруде қазіргі оқырманның сұранысын қанағаттандыру, оқу материалдарын игерудің сан түрлі әдістерімен жұмыс істеу мақсатында үстіміздегі жылы кітапханаларға 3 компьютер алынады. Сондай-ақ Ақжар ауылдық кітапханасын интернет жүйесіне қосуды және аудандағы кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру, кітапхана қорына электрондық каталог құруға байланысты облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасы арқылы Ресейдің ғылыми-техникалық кітапханасының бағдарламалық құны 600 мың тұратын «ИРБИС-64» бағдарламасын ауыл кітапханаларының қызмет көрсету жүйесіне енгізуді көздеп отырмыз.

Қазіргі таңда «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шаралары аясында ауданымыздың мәдениеті мен әдебиетіндегі жаңалықтарды қамтитын және ауданның мәдениет тарихын зерделейтін мәдени танымдық «Мәдениет және әдебиет» атты журнал шығару жұмысы кітапханашыларға үлкен міндет жүктейді

2008 жылдың қысқы маусымына мәдениет мекемелерін жылумен қамтамасыз етуде кітапханаларға 248 мың тенге, мәдениет үйлері мен клубтарға 4 млн.857 мың тенге бөлінді Алайда аудандағы мәдениет құрылымдарының толыққанды қызмет көрсетуінде олардың жылу жүйелеріндегі жетімсіздіктердің көп екендіктеріне көзіміз жетіп отыр. Осыған орай алдағы уақытта Сәтбаев, Қарғыба тағы сол сияқты кітапханаларға электрлі жылумен қамтамасыз етудің жолдарын қарастырып отырмыз.

Қазіргі уақыттың басты талабы мамандардың кәсіби біліктілігін көтеру болып табылады. Мемлекет басшысының қазақстандық қоғамды кәсібилендіру міндетін жүзеге асыруда, жыл басынан мәдениет қызметкерлерінің білімін жетілдіру және мамандарды қайта даярлау курсына 11 адам жіберу жоспарланып, оның 7-і білімдерін көтеріп келді. Алдағы уақытта да мәдениет қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мен білімін көтеру, іс тәжірибелерін жетілдіру мақсатында әр түрлі тақырыптарда семинар- кеңестер өткізіліп, облыстық семинарлар мен республикалық курстарға жіберіліп отырады.

Халық шығармашылығын дамыту мен жетілдіруде жыл сайынғы көркемөнерпаздар байқауына қатысушы өнерпаздардың саны өткен жылдармен салыстырғанда 30 пайызға артып келеді. Аудандағы 13 халықтық ұжымның халық шығармашылығын дамытумен қатар, халықтық ұжымдардың шығармашылығын тұрақтандыруда ілкімді жұмыстарды үзбеуді қалыптасырумыз керек.

Ауданымыздың барлық елді-мекендерінде Жаңа жыл, ұлттық салт-дәстүрімізді паш ететін 22 -Наурыз мерекесі, 8- Наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесі тағы да басқа кәсіби мерекелер, биылғы Шәкәрімнің 150 жылдық мерейтойы, «Алаш» қозғалысының 90 жылдығы және Астана қаласына 10 жыл толу мерейтойлары арнайы жасалған іс-шаралар жоспары негізінде бұқаралық сипатта әр ауылдық округтерде халықтың топтасқандығын, бірлігін қамтамасыз еткен мерекелер ретінде аталып өтті.

Әртүрлі топтағы ауыл тұрғындарының мәдени сұранысын қамтамасыз мақсатында 1-маусым Бүкілдүниежүзілік балаларды қорғау күні аудан орталығында балалар шығармашылығына арналған суретшілер байқауы мен «Әнші балапан» балалар әндерінен конкурс ретінде аталып өтсе, 1-30 сәуір аралығында аудан әкімшіліктері бойынша «Үш бақытым» атты көркемөнерпаздардың байқауы өткізілді. Ауыл тұрғындарының мәдени иммунитетін көтеруге арналған бұ бұқаралық іс шараға 17 әкімшіліктен 3000 –ға жуық өнерпаз қатысып, 7000 –ға тарта көрермен қамтылды. Байқауға 19-35 жас аралығындағы 1200 жастар тартылды. Байқау аудан орталығы мен Ақжар ауылында үлкен өнер фестивалі ретінде қорытындыланып, 100-ден аса көркемөнерпаздарға қолдау көрсетілді.

Жыл көлемінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірқатар арнайы жобалары бойынша аудандық деңгейдегі мәдени-көпшілік шаралар өткізіледі. Аудандық «Қолаң шаш-2008» әйелдерге арналған бағдарлама, «Ауылдың айтқыштары» әзілкештер байқауы, тілдерді дамытуға арналған «Тіл-халық жанын танудың кілті» атты өзге ұлт өкілдері арасында аймақтық байқау, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге арналған «Сөз өнері» жүргізушілердің байқауы, өткен жыл бедерінде республика бойынша еске алынып, жер-жерлерде аталып өткен «Алаш» қозғалысының 90 жылдығына арналған аудандағы тарих, әдебиет, өнер өкілдері қатысқан «Тарих тағылымының қастерлі беттері» атты «дөңгелек үстел», шығармашылығ ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен Шәкәрімнің 150 жылдығына орай жеке жоспар бойынша өткен көптеген шаралар мен қатар «Кетермін артымда сөз, әнім қалар...» атты жыр мүшәйрасы, ақынның шығармашылығын қайта тануға арналған кітап көрмелері мен беташарлары, поэзия кештерін өткізу арқылы Шәкәрімтануға үлес қостық деуге болады.

Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді халық арасында насихаттау, ел арасында ел басының саясатын түсіндіруде де игі істер атқарылды. Оған мысал ретінде аудан көлеміндегі шығармашыл жастарды қамтыған «Қазақстан-жастар көзімен» атты жазба ақындар мүшәйрасы, Қ.Қайсеновтың туғанына 90 жыл толуына арналған патриоттық әндерден өткен конкурстар жастарымыздың мемлекетшілдігін, қазақстандық патриотизмді көрсеткен маңыздылығымен ерекшеленді. Сондай-ақ жастар мен жасөспірімдердің эстетикалық танымын арттыру, олардың қоғамдық пікірлеріне құлақ асу мақсатында жылына екі рет аудандағы көңілділер мен тапқырлардың кездесуі өткізіледі.

Ауданның 80 жылдық мерейтойына аудан көркемөнерпаздары үлкен үлес қосты. Облыстық ақындар айтысы, жыр мүшәйрасы, өнер шеберлерінің Гала-концерті, «Қазақстан- атажұртым аңсаған» атты оралман ағайындардың өнер фестивалі, аудандық кітапхананың 70-жылдық мерейтойы өз деңгейінде аталып өтті.

Жыл басынан Елбасының Жолдауын насихаттауға байланысты мәдени-ақпараттық насихат тобының 14 елді-мекендерге концерттік гастрольдер мен көшпелі кітапхана жұмыстары ұйымдастырылды.

Ауданымыздағы шығармашылық иелерін , олардың өнер істерін қолдау мақсатындағы жұмыс назардан тыс қалған емес. Осы орайда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Жаңа-ауыл ауылдық округінде халық оркестрінің жетекшісі Ш.Черияздановтың, Ақсуат мәдениет үйі жанынан құрылған Б.Саятүлеков атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижері Ә.Мағзұмовтың, әнші Н.Сақпанбаевтың шығармашылық кештері өткізілсе, арнайы жоба бойынша Шығысқа танымал әнші Е.Қыдырмолдановтың ән кеші Өскемен қаласында өтті.

Мәдениет пен өнерге еңбегі сіңген өнерпаздарға қолдау көрсету мақсатында өтетін облыс әкімінің жыл сайынғы өнер мен мәдениет саласындағы арнайы сыйлығына Ә.Мағзумов ұсынылып, «клуб ісі» номинациясы бойынша марапатталды. /120 мың теңге/

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысының бір парасы тіл саясатын жүзеге асыру. Осы бағытта да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының ”Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңына сәйкес аудандағы барлық мемлекеттік органдардың, мекеме-ұжымдардың іс қағаздары тек мемлекеттік тілде жүргізіліп, мәжілістер мен жиындар, мәдени-көпшілік шаралар да мемлекеттік тілде өткізіледі. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» туралы 21 бабының талаптарына бүкіл көрнекі ақпараттарды сәйкестендіру және оның дәлме-дәл орындалуына қол жеткізу мақсатында 22 наурыздан - 22 сәуір аралығында аудан көлемінде «Тілге құрмет – елге құрмет» атты айлық өткізіліп, қорытындыланды.

2008 жылы аудан бюджетінен тіл саясатын іске асыруға 176 мың тенге қаралса, 2009 жылға 300 мың тенге бөлініп отыр.

«Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында өткен облыстық «Тілдарын -2008» олимпиадасына ауданнан А.Болысбаева қатысып, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталса, Шәкәрімнің 150 жылдығына арналған республикалық Шәкәрім әндерінен өткен конкурста А.Бөлекжанова 1-орын , Ә.Қашаубаев атындағы облыстық әншілер байқауына М.Ахметов /2-орын/, Е.Құжиманов, М.Әбуғазиндер/арнайы сыйлық/ қатысып жүлделі орындар иеленді. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен облыстық көркемөнерпаздар фестиваліне ауданнан Ж.Сахариев, Г.Төлеубаева, М.Демежановалар қатысып жүлделі 3-орынды иеленіп келді.

Жуықта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылығы 23 желтоқсандағы №1204 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Бұл мемлекет тарапынан мәдени салаға жасалып отырған үлкен бетбұрыс деп қабылдауға болады. Әрине, аудан көлемінде мәдение инфрақұрылымды дамытуда атқарылатын жұмыстар да аз емес.

- қазіргі заман талабына сәйкес мәдениет мекемелерінің жүйесін әрі қарай дамыту;

-ауданның алыс елді-мекендеріне қызмет көрсетудің жылжымалы түрлері автоклубтың жұмысын дамыту;

-мәдениет мекемелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу;

-материалдық-техникалық жабдықтау;

-кітапханалардың кітап қорларын көбейту;



Мекемелердің әртурлі бағыттағы қызметінде мемлекеттік тілді дамыту және қолдау жұмыстарын ұйымдастыру нәтижесінде мәдениет және өнер мекемелерінің қазіргі қоғам талап етіп отырған дамуын қалыптастыруға қызмет ететін боламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет