21 желтоқсан 2012 жыл 13-86-V
«2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңынының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №9/71-V «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №2172 тіркелген шешіміне сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сарыағаш ауданының 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
-
кірістер – 15 706 477 мың теңге, оның ішінде;
салықтық түсімдер – 2 168 970 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 13 239 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 15 000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 13 509 268 мың теңге;
-
шығындар – 15 706 477 мың теңге;
-
таза бюджеттік кредиттеу – -3 998 мың теңге, оның ішінде;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 998 мың теңге;
-
қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
-
бюджет тапшылығы (профициті) – 3 998 мың теңге;
-
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)– -3 998 мың теңге, оның ішінде;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 3 998 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары-0;
2
2. 2013 жылы облыстық бюджетке аудандық бюджеттен жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтан 50 пайыз мөлшерінде бөлу нормативтері белгіленсін.
3. 2013 жылы облыстық бюджеттен ауданның бюджетіне берілетін бюджеттік субвенция көлемі 10 798 156 мың теңге болып белгіленсін.
4. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2013 жылға арналған резерві 21 042 мың теңге сомасында белгіленсін
5. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық қорын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған, бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде 2013 жылға арналған аудандық даму бағдарламаларының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
6. 2013 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
7. 2013 жылға арналған әрбір қаланың, поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтерi бюджеттiк бағдарламалары тізбесі 6-қосымшаға сәйкес, бекітілсін.
8. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына сәйкес, 2013 жылға ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне, бюджет қаражаты есебінен қызметтің, осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
9. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Т. Жаңбырбаев
Аудандық мәслихат
хатшысы Б.Садыков
Достарыңызбен бөлісу: |