Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №10/70 «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы



Дата23.02.2016
өлшемі22.17 Kb.
#4364


5 САЙЛАНҒАН БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ШЕШІМІ


28 тамыз 2013 жыл №17/112 Бейнеу селосы


Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы

20 желтоқсандағы №10/70 «2013-2015

жылдарға арналған аудандық бюджет

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу

туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 12/172 «Облыстық мәслихаттың «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2288 реттік санымен тіркелген) шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:



  1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/70 «2013-

2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2189 реттік санымен тіркелген, «Рауан» газетінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 5 (2080) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

шешімде:


1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемде:



  1. кірістер – 5555931,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1847544,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 9080,2 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4191,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3695116,3 мың теңге;

2) шығындар – 5620993,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 101977,0 мың теңге:


бюджеттік кредиттер – 115351,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 13374,0 мың теңге;


  1. қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;



  1. бюджет тапшылығы (профициті) – -167039,1 мың теңге;

  2. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

167039,1 мың теңге.»;

3 тармақта:

сегізінші абзацтағы «9773» сандары «10991» сандарымен,

тоғызыншы абзацтағы «8039» сандары «9289» сандарымен ауыстырылсын;

шешімде көрсетілген 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.



Сессия төрайымы Аудандық мәслихат

хатшысының м. а.
Л.Әжібаева Ө.Шығанбайұлы

«КЕЛІСІЛДІ»

«Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы:

_________________М.Нысанбаев

«28» тамыз 2013 жыл

Маңғыстау облыстық Әділет департаментіне 13 қыркүйек 2013 жыл №2294 санымен тіркелді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет