Сөж тақырыбы: Ұлы, Орта, Кіші жүздердің пайда болуы



бет1/3
Дата15.10.2022
өлшемі42.65 Kb.
#462763
  1   2   3
Жүздердің қалыптасуы


Алматы технологиялық университеті
СӨЖ


Тақырыбы: Ұлы, Орта, Кіші жүздердің пайда болуы


Орындаған: Әбілдаева Қ.Қ.
Тобы: ТПП 22-12
Қабылдаған: Досекеева Г.


Алматы 2022


Жоспар



  1. Қазақ жүздерінің қалыптасуы жайында

  2. Ұлы жүз

  3. Орта жүз

  4. Кіші жүз



Қазақ жүздерінің қалыптасуы
Қазақ жүздері ХV-ХVІ ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен «Жүз» атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір әлі жоқ. Кейбір зерттеушілер бұл атауды әлде бір бүтін нәрсенің, құбылыстың «бөлшегі», «саласы», «бір жағы» деп қарастырса, енді біреулер оны «жүз», «жүздік» сандарымен байланыс-тырады. Қайткен күнде де қазақ жүздерін «өзінің саяси, экономикалық, тілдік және мәдени тұтастығымен сипатталатын дербес халықтың жеке бөлшектері» ретінде қарастырған жөн болар.
Қазақ жүздерінің қашан, қандай жағдайларға байланысты шығуы туралы да дәлелденген ортақ пікір жоқ. Н. И. Гродеков, Г. Н. Потанин және Н. А. Аристов сияқты зерттеушілер қазақ жүздерінің шығуы туралы кейбір халық арасына кеңінен тараған аңыз- әңгімелерді келтірумен ғана шектелген.
Айталық, Н. Гродеков Алаштың Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы болған да, олар осы ретімен Ұлы, Орта және Кіші жүздердің арғы тектері болғандығы туралы аңызды келтіреді;
М. Шорманов шежіресінің негізінде Г. Н. Потанин, қазақ халқының арғы тегі Қотанның Юсун, Ақжол және Алшын атты үш ұлы болған да, олар осы ретімен қазақтың үш жүзінің негізін салғандығы туралы екінші аңызды келтіреді;
Диқанбай батыр шежіресінің негізінде Н. Аристов қазақ халқының арғы тегі Әбілқайырдың Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы, осы ретімен қазақтың үш жүзінің негізін салғандығы туралы үшінші аңызды келтіреді;
Біздің ел арасынан жинаған деректеріміз үш түрлі аңызға негізделген болжамдар туғызып отыр.

  • бірінші болжам бойынша Қазақтың (Алаштың) Ақарыс, Жанарыс және Бекарыс атты үш ұлы болған;

  • екінші болжам бойынша Қазақтан (Алаштан) Ақшора, Жаншора және Бекшора туады;

  • үшінші болжам бойынша Қарамендеден Байшора, Жаншора және Қарашора туады да, олардан сол ретімен қазақтың үш жүзі бастау алады.

Әрине, мұның бәрі тек аңыз ғана, өйткені әр түрлі атпен қазақтың әр жүзіне жеке-дара оның түп атасын, яғни тегін табу ешбір шындыққа үйлеспейтіндігі ғылым тарапынан әлдеқашан дәлелденген жайт.
Шығыстанушы ғалым В. В. Вельяминов-Зернов қазақ жүздерінің Хақназар ханның тұсында (XVI ғ.) қалыптасқандығы туралы халық аңыздары негізінде жүздердің XVII ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде пайда болғандығын баяндайды.
Ресей бас штабының офицері М. Красовский қазақ жүздеріпің қалыптасуын Қасым, Хақназар және Шығай сияқты қазақ хандарының заманындағы (XVI ғ.) олардың бір-бірінен алшаң орналасқан қоныстары қазақ жүздерінің шығуына негіз болғандығын дәлелдейді.
X. М. Әділгереев пен С. А. Аманжолов сияқты қазақ ғалымдары қазақ жүздерінің қалыптасуын монғол шабуылына дейінгі заманға, яғни б. з. VII-XI ғасырлардағы Батыс түрік қағанаты дәуіріне апарып тірейді.
Қазақ жүздерінің қалыптасу себептері жайында тарихи шындыққа недәуір жақын келетін ой-пікірді академик В. В. Бартольд айта келіп, табиғи және климаттық жағдайына қарай бір-бірінен ерекшеленген үш аймақта (Жетісу, Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталың Қазақстан және Батыс Қазақстан), қазақ жүздері мен қазақ хандығының қалыптасқандығын баян еткен.
Академик В. В. Бартольдтың бұл пікірін қолдай отырып, профессор М. П. Вяткин географиялық орта әсеріне қоса, ол аймақтардың экономикалық және саяси жағынан ерекшелене түсуі сол өңірлерде үш бірдей қазақ жүздерінің қалыптасуына негіз болғандығын дәлелдей түскен.
Бес томдық Қазақ ССР тарихының авторлары да көптеген этносаяси және кәсіби факторлардың әсерімен XV-XVI ғасырларда Қазақстан жерінде үш этноаумақтық бірлестік Ұлы, Орта және Кіші жүздер қалыптасқандығын атап көрсеткен.
XV ғасырдың 60- жылдарында Жетісудың батысында қазақ хандығы құрылды. Ол бұдан кейінгі жылдарда өз аумағын үздіксіз кеңейте берудің нәтижесінде Батыс, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстанның кең-байтақ атырабында мекендейтін көптеген түркі, түркіленген монғол және т. б. тайпалар мен руларды бағындырып, оларға өз үкімін жүргізді. Нәтижесінде осы кең өлкеде қазақ халқы қалыптасты. Оның құрамына негізінен Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер қоластында болған жергілікті тайпалар енді.
XV-XVI ғасырларда оның құрамына Көк және Ақ ордалар ыдырауынан кейін қалыптасқан Өзбек хандығы, Ноғай ордасы, Моғолстан және т. б. мемлекеттер енді. Хандықтың және біртұтас халықтың қалыптасуы көшпөлі қоғамда ру-тайпалық жікшілдікті, феодалдық бытыраңқылықты жоя алмады. Қазақ халқыпың қалыптасуымен бірге, үш жүзге бөліну шырғалаңы басталды. Бұл, әрине, жүздеген жылдарға созылған бұралаңы мол, өте ауыр да ұзақ даму кезеңі болды.
Сөйтіп, Қазақстан жерінде жүздердің құрылуы ондағы бір-бірінен оқшауланған үш табиғи географиялық және шаруашылық аймақта (Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан) саяси тұтастықтың әлсіздігіне байланысты еді. Жетісудағы Моғолстан мемлекетінің атырабында Ұлы Жүз бірлестігі; Орталық, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда Орта жүз бірлестігі; Батыс Қазақстандағы Ноғай ордасы атырабында Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Бұл бірлестіктердің арасында қарым-қатынас бір сәт үзілген емес, бірақ геополитикалық талқыға түскен елде саяси бірлік әлсірей берді, әр жүзде феодалдық ыдырау күшейе түсті. Жеке хандықтар, сұлтандар иеліктері XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Жоңғар шабуылына төтеп бере алмай, олар тез арада Ташкент, Түркістан қалаларына дейін басып алды. Мұның өзі қазақ жүздерінің саяси әлсіздігін көрсетті.
Ұлы жүз
Қазақ халқының құрамына енген көне тайпалардың тарихы тек қазақтың ғана емес, сонымен бірге басқа да көптеген Орта Азия және Еділ бойы халықтарының шығу тегін зерттеуде де маңызды. Жетісу өңірінде ежелгі үйсіндердің маңайына басқа тайпалардың топтасуы қазақ халқының қалыптасуынан көп бұрын болған. Мұндай бірігудің кәсіби себептерімен бірге сыртқы жаудан қорғану мақсаты да болғанға ұқсайды. Сөйтіп, күндердің күнінде Моғолстан құрамындағы бір топ тайпаларының тіл табысып шығысуының нәтижесінде олардың арасында пайда болған бірлік, ортақ мәдени дәстүр Ұлы жүз бірлестігін қалыптастырды. Ұлы жүз құрамына енген тайпаларды халық «Ұлы жүз үйсін» атандырған. Бұны кейбір архив, әдеби және ел арасынан өзіміз жинаған деректер де дәлелдей түседі. Ұлы жүз құрамына жалайыр, албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шапышқылы және қаңлы тайпалары енеді.
Үш жүздің басын қосып, бүкіл қазақ еліне хандық құрған Тәуке ханның заманында (1680-1718) Ұлы жүздің тікелей билеушісі Төле би болды. Тәуке хан, одан соң Болат хан өлгеннен кейін, әр жүзде хандықтар пайда болған кезде Ұлы жүзге Жолбарыс хан сайланды да, ол Ресеймен жақындасу амалын іздестірді. Бірақ, Жолбарыс хан 1739 жылы бәсекелестер қолынан қаза тауып, елді оның мұрагерлері басқарған. XVIII ғасырдың 40-жылдарында Ұлы жүз тайпаларының кейбір бөлігі Ресейге бодан болды. Бірақ бұл өңірдің Ресейден тым шеткері орталасуының нәтижесінде патша өкіметінің әмірі Ұлы жүз еліне шын мәнінде XIX ғасырдың ортасына дейін жүре қоймады.
Ұлы жүз жұртшылығы сан рет шетел басқыншыларының шабуылына душар болды. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында Жоңғар шабуылының зардабын шекті. XIX ғасырдың басында Ұлы жүз мекенінің недәуір бөлігі Қоқан хандығының өктемдігін мойындауға мәжбүр болса, осы ғасырдың ортасында Ресей патшалығына бодандыққа еріксіз мойынсынды.
1848 жылы патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін Батыс-Сібір генерал-губернаторының құрамында Үлкен орда приставствосын (басқармасын) құрды. XIX ғасырдың 70-жылдарында Түркістан генерал-губернаторының құрылуына байланысты, оның құрамында Жетісу және Сырдария облыстары құрылды да, олар уездерге, облыстарға және ауылдарға бөлінді. Ұлы жүз қазақтарын патшалы Ресей тарапынан осылайша басқару жүйесі Қазан төңкерісінің жеңісіне дейін созылды.
XIX ғасырдың соңымен XX ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтары негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерінде, Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент және Ташкент уездерінде мекендеген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет