Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата25.02.2016
өлшемі89.37 Kb.
#21619
Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының



Ш Е Ш І М І

Жаңатас қаласы № 19- 1 19 тамыз, 2013 жыл

(кезектен тыс он тоғызыншы сессия)

Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8, 10-баптарының талаптарына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қоса беріліп отырған бесінші шақырылған Сарысу аудандық Мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Садуақасов _________Б. Дондаұлы

Сарысу аудандық Мәслихатының 2013 жылғы 19 тамыздағы №19-1 шешіміне қосымша


Бесінші шақырылған Сарысу аудандық

Мәслихатының кезектен тыс 19 - сессиясының

КҮН ТӘРТІБІ:

1.

Сарысу ауданының әкімі Қ.Мәдібектің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.

Есеп беруші: Сарысу ауданының әкімі

2.
Ауданның басқару схемасын бекіту туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты.

3.

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық Мәслихатының жиырмасыншы сессиясының төрағасы туралы.

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық Мәслихатының

кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының

Регламенті мен тәртібі
Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы 2013 жылдың 19 тамыз күні сағат 16.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.

Сессияның жұмыс регламенті
Сессияға мынадай жұмыс регламентi ұсынылады:

Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге – 5 минут, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша есеп берушіге 40 минут, қосымша баяндама жасаушыларға 10 минуттан, шешім қабылдау үшін – 5 минутқа дейін, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша шешім қабылдау үшін – 5 минутқа дейін, анықтама беру үшiн 7 минут.

Сессия жұмысы бір күн ішінде аяқталады.
Сессия жұмысының тәртібі


1.

Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiту және шешім қабылдау

16.00 - 16.05

2.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша есеп берушіге

16.05 - 16.45

3.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қосымша баяндама жасаушыларға

16.45 - 17.05

4.

Шешім қабылдау үшін

17.05 - 17.10

5.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша шешім қабылдау үшін

17.10 - 17.15

6.

Анықтамалар беру үшін

17.10 – 17.17

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

Ш Е Ш І М І

Жаңатас қаласы № 19- 2 19 тамыз, 2013 жыл

(кезектен тыс он тоғызыншы сессия)

Кезектен тыс он тоғызыншы сессияның редакциялық комиссиясының құрамы туралы

Сарысу аудандық Мәслихаты регламентінің 20-тармағына сәйкес кезекті он тоғызыншы сессияның қарауына ұсынылған мәселелерді талқылау барысында депутаттардың айтылған ұсыныс-пікірлерін есепке алу мақсатында және шешімдердің нақты мәтінін жасау үшін, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Редакциялық комиссия мына құрамда сайлансын:

Сұлтанбеков Нұраш

-

№ 9 Жаңаталап сайлау округінің депутаты, комиссия төрағасы;

Көкебаев

Бахыт Керімбайұлы






№4 Абылайхан сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі.

Абдималиков

Сейдмұхаммед Көпбосынұлы



-

№ 6 Құрылыс сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі;

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Садуақасов _________Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

Ш Е Ш І М І

Жаңатас қаласы № 19- 3 19 тамыз, 2013 жыл

(кезектен тыс он тоғызыншы сессия)

Сарысу ауданының әкімі Қ.Мәдібектің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі

«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының талабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сарысу ауданының әкімі Қ.Мәдібектің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындаудағы атқарып отырған жұмысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына сәйкес екені атап көрсетілсін.

2. Аудан әкіміне ұсынылсын:

1) «2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 Қаулысына сәйкес аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету;

2) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 Қаулысына сәйкес аудан тұрғындарын жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу;

3) қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін автокөлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын жалғастыру;

4) құрылысы басталған жобалардың сапалы жүргізілуін қатаң бақылауға алу;

5) ауданға инвесторлар тарту арқылы өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту шараларын қабылдау;

6) аудандағы егістік жерлерді өз мақсатында пайдаланбаған шаруа қожалықтарының жерлерін мемлекеттің жер қорына қайтару жұмыстарын қатаң бақылауға алу;

7) аудандағы білім және мәдени ошақтарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстарын жүргізу;

8) осы сессияда айтылған ұсыныстарды ескеріп, іс-шара жоспарын әзірлеу және орындалуын қадағалау.

3. Аудан әкімі аппараты осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әр жылдың 15 маусымына және жылдық қорытынды бойынша 15 желтоқсанына аудандық Мәслихат аппаратына уақтылы жолдап отыру ұсынылсын.

4. Сарысу аудандық Мәслихаттың 2012 жылғы 18 шілдедегі № 6-2 «Сарысу ауданының әкімі Ж.Омаровтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» шешімі жойылсын.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихат аппаратының басшысы Төлебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.

Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Садуақасов _________Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

Ш Е Ш І М І

Жаңатас қаласы № 19- 4 19 тамыз, 2013 жыл

(кезектен тыс он тоғызыншы сессия)

Ауданның басқару схемасын
бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:



  1. Қосымшаға сәйкес Сарысу ауданының жергілікті мемлекеттік басқару схемасы бекітілсін.

  2. Сарысу аудандық Мәслихатының 2012 жылғы 1 тамыздағы №7-3 «Ауданның басқару схемасын бекіту туралы» шешімі жойылсын.

  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Садуақасов _________Б. Дондаұлы

Сарысу аудандық Мәслихатының 2013 жылғы 19 тамыздағы №19-4 шешіміне қосымша


Сарысу ауданының жергілікті мемлекеттік басқару схемасы


1.

Аудан әкімі аппараты

2.

Аудан әкімдігінің білiм бөлiмi

3.

Аудан әкімдігінің ішкi саясат бөлiмi

4.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімi

5.

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі

6.

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

7.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi

8.

Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімi

9.

Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі

10.

Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

11.

Аудан әкімдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi

12.

Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі

13.

Аудан әкімдігінің қаржы бөлiмi

14.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі

15.

Аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі


Ауданның маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдері аппараттары


        1. Жаңатас қаласы әкімінің аппараты

        2. Байқадам ауылдық округі әкімінің аппараты

        3. Досбол ауылдық округі әкімінің аппараты

        4. Жайылма ауылдық округі әкімінің аппараты

        5. Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты

        6. Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты

        7. Игілік ауылдық округі әкімінің аппараты

        8. Қамқалы ауылдық округі әкімінің аппараты

        9. Тоғызкент ауылдық округі әкімінің аппараты

        10. Түркістан ауылдық округі әкімінің аппараты

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

Ш Е Ш І М І

Жаңатас қаласы № 19- 5 19 тамыз, 2013 жыл

(кезектен тыс он тоғызыншы сессия)

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық Мәслихатының жиырмасыншы сессиясының төрағасы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-бабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Бесінші шақырылған Сарысу аудандық Мәслихатының жиырмасыншы сессиясының төрағасы болып № 4 Абылайхан сайлау округінің депутаты Көкебаев Бахыт Керімбайұлы сайлансын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Садуақасов _________Б. Дондаұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет