Шығыс Қазақстан облысы №37 Ақсуат сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты Е. К. Құттыбаевтың есебі



Дата26.02.2016
өлшемі290 Kb.
#26696
Шығыс Қазақстан облысы №37 Ақсуат сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты

Е.К. Құттыбаевтың есебі
№37 Ақсуат сайлау округі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болғаныма да 1 жыл 9 ай уақыт өтті. Менің округіме Тарбағатай ауданы бойынша: Ақсуат, Құмгөл, Екпін, Көкжыра, Серіктес, Мүрсәлім, Қызыл-кесік, Үштөбе және Кіндікті ауылдары кіреді.

Ал, Үржар ауданы бойынша: Таскескен, Шолпан, Қарақол, Алтыншоқы, Науалы, Малақ, Жаңатілек, Жоғарғы Егінсу, Айтбай, Абай, Сартерек, Лайбұлақ, Текебұлақ, Тас арық және Сағат ауылдары қарайды.

Өткен уақыт ішінде сайлаушылар үшін не істедім, нені істей алмадым деген сұрақтарға жауап бергелі отырмын.

Ең алдымен сайлауалды бағдарламамды сайлаушылармен кездескеннен кейін көтерілген талап – тілектермен толықтырдым.

Округке кіретін елді мекендердегі шешімін күтіп тұрған мәселелерді жинақтап, тиісті орындарға (аудандық, облыстық) сауалдар жолдадым.

Азаматтарды жеке қабылдау кестесін жасап, облыстық «Дидар» газетіне жарияладық.

Тарбағатай және Үржар аудандары бойынша өз округімдегі ауылдардың мәселелерін көтеретін «Ел тілегі ескерілсе» атты мақала жаздым. Ол «Тарбағатай» газетінің №59 санында (09.07.2012) жарық көрсе, Үржар аудандық «Уақыт тынысы» газетіне бұл мақаламда басылды.

1 жыл 9 айдың ішінде мәслихаттың 14 сессиясына, 6 тұрақты комиссия отырысына қатысып, халықтың талап-тілегін көтердім.

Аудандық мәслихаттың да сессияларына қатысып, өзімнің пікірімді айтып отырдым.

2012 жылдың маусым айында Таскескен ауылында Үржар ауданындағы сайлаушыларыммен кездесу өткіздім.

Тарбағатай бойынша Ақсуат, Көкжыра, Құмкөл, Екпін, Қызыл-кесік, Кіндікті ауылдарында болып, сайлаушылармен жүздестім.

Қызыл – кесік және Құмкөл ауылдары табиғат зардаптарын шеккенде жағдайды барып, өз көзіммен көрдім және облыста сөз қозғадым.

Сондай-ақ Ақсуат, Таскескен және Құмкөл ауылдарының халқына депутаттық есебімді бердім. Жалпы 36 кездесу өткізіп, 37 сауал жолдадым.

«Депутаттар ролінің көпқырлылығы» деген тақырыпта өткен облыстық семинарға қатысып, сертификат алдым.

Үржар ауданында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өткізілетін мәдени шараға демеушілік, көмек көрсетілді. Облыстық мәслихаттың сессиясында және тұрақты комиссияның отырысында қарауға мәселелер ұсындым. (қосымша №1)

Бағдарламамда қамтылған кейбір мәселелер оң шешімін тапты.

Ең негізгі жұмыс Қаракерей Қабанбайға арналып Боғас бекетінде бір жылдың ішінде алып ескерткіш тұрғызылды. Бұл жұмыс та бағдарламаның «Тарихқа тағзым» атты бөлімінде көрсетілген болатын. Сонымен бірге Қабанбай батырдың 30 жыл серігі болған Қубас атқа да жеке мүсін қойылды.

Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылынан мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Оңалту бөлімшесі» ашылды. Мектеп жанындағы 100 балалық интернат пайдалануға берілді.

Таскескен ауылындағы №18 колледждің күрделі жөндеуіне қаржы бөлінді. Үржар ауданында 2 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр.

Кіндікті ауылында ұялы телефон байланысы орнатылды. Мектеп салынды. Ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Ақсуат - Өскемен бағытында маршрутты автобус жүргізілді.

Алтыншоқы ауылындағы (Үржар ауданы) ауыз су мәселесін шешуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Сатпаев – Ақсуат бағытындағы жол жөнделді.

Тарбағатай және Үржар аудандары бойынша мына мәселелер сауалдар жолдаумен тұрақты комиссияда көтерілуіне байланысты 2013 жылы шешімін табуға тиісті: Шолпан ауылына «Жедел жәрдем» автокөлігін беру, Серіктес ауылынан «Медициналық пункт» ашу мәселелері.

Сонымен бірге ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Т.Т. Ибраев және Н.С.Сабильянов мырзаларға Тарбағатай ауданындағы Тебіске, Базар өзендеріндегі плотина каналдарды қайта жаңғырту (528 млн. 310) (848 млн. 947) жұмыстарына қаржы бөлдірту туралы сауал жолданған.

Соның нәтижесінде 2014 жылы республикалық бюджеттен Тебіскеге 528 млн. 310 мың, ал Базарға 848 млн. 947 мың теңге қаржы бөлінетін болды.

Сондай - ақ ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Жамбылұлы Қаппаровқа Тарбағатай ауданынан аумағы 40.000 гектар жерді қамтитын «Ақжайлау» мемлекеттік Ұлттық табиғи паркін құру жөнінде аудан әкімі және менің атымнан бірлескен хат табыс етілді.

Нұр Отан ХДП – сының «Қазақстан – 2020» бағдарламасы негізінде де жұмыстар атқарылуда. Осы бағдарламаның бір тарауы «Азаматтық қоғам: еркін және жауапты азаматтар одағы» деп аталады. Осыған орай Тарбағатай ауданында ең алғаш рет 2006 жылы «Тарбағатай табиғаты» экологиялық қоғамдық бірлестігін құрдым (ҮЕҰ). Бірлестік жыл сайын жоба жасап, гранттар ұтып халық үшін жұмыс жасап жатыр.

Бүгінгі күні ауданда 12 ҮЕҰ тіркеліп, жұмыс істейді (әр сала бойынша). ҮЕҰ-дар мен қоғамдық ұйымдардың басын біріктіріп аудандық «Азаматтық Альянс» құрып, жұмыс істеудеміз. Жыл сайын азаматтық форум өткіземіз.

«Халықтық IPO» бағдарламасының лекторы ретінде Тарбағатай, Зайсан, Аягөз, Үржар аудандарының халқына лекция оқыдым.

Ауданда жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша да жұмыстар атқарылуда. Жемқорлықпен күрес жөніндегі аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейміз.



Елбасымыз «Қазақстан – 2050» стратегиясында Қазақстанды әлемдегі ең үздік дамыған 30 елдің қатарына ену міндетін қойып отыр. Бұл міндет халықтың әлеуметтік жағдайын шешкенде ғана орындалады.



Е.К. Құттыбаев – облыстық мәслихаттың депутаты

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет