Алматы облыстық мәслихатының
ШЕШІМІ
2010 жылғы 12 сәуір №32-192
Алматы облысы әділет департаментінде
2010 жылғы 21 мамырда 2051 номірімен тіркелген.
Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округіндегі
ТСФ (тауарлы сүт фермасы) елді мекенін
ауыл категориясына жатқызып, Төле би
ауылы атауын беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік -аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11 бабының 3, 4 тармақтарына сәйкес, ұсынылған материалдарды қарай келе, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіндегі ТСФ (тауарлы сүт фермасы) елді мекені жер пайдалану шекарасы шегінде ауыл категориясына жатқызылсын.
2. Елді мекенге Төле би ауылы атауы берілсін.
3. Алматы облыстық статистика Департаменті (Б.Төлепбаев) облыс елді мекендерінің есебі мен тіркеуіне тиісті өзгерістер енгізсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Баталовқа жүктелсін.
5. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облысы мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
С.Үмбетов Х.Ахметжанов
Облыстық мәслихаттың хатшысы
А.Сыдық
Достарыңызбен бөлісу: |