Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы



Дата24.02.2016
өлшемі96.33 Kb.
#14241
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы

2006 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында өндіріс орындары қазіргі бағамен 40,0 млн. тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 42 пайыз. Мұның негізгі себебі «Алтын төбе» тау-кен компаниясы аудан территориясындағы жұмысының тоқтауы болып тұр. 


Үстіміздегі жылдың 12 айы ішінде «ВК РЭК» АҚ Семей филиалы 7719 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 73,4% құрайды. Өнімнің төмендеуі кәсіпорынның екі бөлімшеге бөлінуіне байланысты болып отыр.
50-ге дейінгі адамы бар кәсіпорынның 12 айдағы өндірген өнімі 15039 мың теңге болып, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 113% болды.
Қосалқы кәсіпорын 12 айда 16041,0 мың теңгенінің өнімін өндірген, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 185 % болды.

АУЫЛ   ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Аудан бойынша биылғы жылдың 12 айында ауылшаруашылық өнімдерін өндіріумен 589 шаруа қожалығы және 3300 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі: ет – 8288,2 тонна (былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 144,9 %),                сүт – 17138 тонна (былтырғы жылмен 111,6%),  жұмыртқа – 896,3 мың дана (108,8%).
Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің  өскені байқалады. Мал басының өсуіне байланысты мал өнімдерін өндіру өсті. Қой, ешкі малы 25475 басқа өсті немесе 12,9%, мүйізді ірі қара 4275 басқа немесе 14,3%, жылқы 1571 басқа немесе 15,1%.
Мал  тұқымын асылдандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күнге асыл тұқымды мал басы – қой малы 23118 бас, жылқы 20 бас, мүйізді ірі қара 110 бас болып отыр. Бұл өткен 2005 жылмен салыстарғанда қой 146%, жылқы 20%, ірі қара 110% басқа өскен. Мал тұқымын асылдандырумен бүгінгі күні 6 шаруашылық айналысуда.
2006 жылы 5363 бас асыл тұқымды қой малы сатылды, оған 20 млн. субсидия бөлінді.
32 шаруа қожалығы негізінде «Шыңғыстау несие» ауылдық несиелік серіктестік ЖШС-і құрылды. Серіктестік өз жұмысын бастап, мүше шаруа қожалықтарына жыл басынан бастап 52 млн.тенге несие беру жұмыстарын ұйымдастыруда. АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 55 адамға 6,5 млн. тенге несие таратылып берілді.
Биылғы жылы «Дастан» шаруа қожалығы негізінде ауылдық өндірістік коперативі құрылады. Кооперативтің құжаттары әзірленіп, «Аграрлық несиелік корпорацияның» АҚ-нан қолдауы арқылы Қарауыл ауылында мал сою цехы іске қосылады.

Шаруа қожалықтарының өсу қарқыны



Малдың басы



Ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтарының саны



КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

Жасалаған сараптама бойынша 2006 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында аудандық көлікпен 12900 тонна жүк тасымалданған, бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 10 %ке артық. Жүк тасымалдауда жеке кәсіпкерлердің ықпалы басым болып отыр.
2006 жылдың 12 айында 51 мың жолаушы тасымалданған, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 13% артық. Жолаушы тасымалдаудың негізгі бөлігі жеке меншік иелерінің үлесіне тиеді.
Ауданда бүгінгі күні 2108 телефон нүктелері жұмыс істейді, оның ішінде 217 телефон нүктесі мекемелер мен кәсіпорындардікі, 1891 жеке тұрғындар. Осы жылдың 12 айында қалааралық телефонмен сөйлесу көлемі 23229,0 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда болжам 41%ға  артығымен орындалды.
Аудан бойынша жергілікті маңызы бар жолдарды үстауға және  ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10199,0 мың теңге бөлініп, оның 12 айда 10199,0 мың теңгесі игерілді.

ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС.

Ауданның әлеуметтік-мәдени және әкімшілік  нысандарын дер  уақытында  2006-2007 жылдардағы күзгі-қысқы от жағу маусымына дайындау мақсатында тұрақты комиссия құрылды, ауыл әкімдеріне және мекеме басшыларына  нысандарды жылу мерзіміне дайындау үшін нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде:


  1. 12 білім нысандарын, оның ішінде 11 мектеп, 1 балабақша;

  2. 14 денсаулық сақтау нысандарын, оның ішінде 1 емхана, 8-ЖДА, 5-ФП;

-  аудан бойынша 11 жылу қазандығын, 7,5 км.жылу желісін дайындау тапсырылды.  
Қысқа отын дайындау аудан бойынша: 24,694 мың тонна көмір түсуі қажет, оның ішінде:

  1. халық – 15,5 мың тонна;

  2. бюджеттік мекемелерге – 3,494 мың тонна;

  3. басқа  мекемелерге  - 5,7 мың тонна.

Мемлекеттік бағдарламаға байланысты Қарауыл ауылында екі пәтерлі үш тұрғын үй пайдалануға берілді.
Шаруа қожалықтары өз күштерімен тұрғын үй мен мал қораларын салуда. Ауылдық округтерде шағын дүкендер, тұрғын үйлер және наубайханалар салынуда. Жыл басынан бері  жалпы көлемі 2050 шаршы метр болатын тұрғын үй мен мал қоралары салынды. Жалпы аудан бойынша 2006 жылы пайдалы ауданы 2816 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Қарауыл ауылында су құбырын күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 5800,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді.
Сонымен қатар жәке кәсіпкерлерге тұрғын үй құрылысы,  мал қораларын,  шағын дүкен, наубайхана ғимараттарын салу үшін үнемі құрылыс нысандарына рұхсат қағаздары жасалынып отырады. Биылғы жылы Саржал ауылдық округінде қымыз цехы пайдалануға беріліп, мал соятын цех құрылысы қолға алынуда.
Орда елді мекенінде шағын комплектілі мектеп құрылысы салынуда. Биылғы жылы пайдалануға беріледі. Ауданда жанар-жағар май құю бекеттерін салу жұмыстары қолға алынуда. Сондай-ақ, Көкбай ауылдық округінде мешіт үйі салынды. 

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

1 қаңтар 2007 жылға ауданымызда 850 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінен салық түсімі 24771,8 мың теңгені құрады.  Жалпы шағын кәсіпкерлер субъектілерінде 1472 адам жұмыс жасайды. Салалар бойынша: 2006 жылдың 12 айында 589 шаруа қожалығы тіркеліп, 1230 адам жұмыс атқарды және 9670,0 мың теңге салық түсімі түскен. Жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 91 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, түскен салық түсімі 8374,4 мың  теңге. 153 кәсіпкер патент жүйесімен қызмет атқарып, 3426,7 мың теңге салық төлеген. Заңды тұлға ретінде аудан бойынша 12 кәсіпорын қызмет атқарады және онда 177 адам жұмыс жасайды. 2006 жылдың 12 айында бұлардан түскен салық көлемі 3300,4 мың теңге. Ауданымызда шағын кәсіпкерліктің негізгі салалары: сауда-саттық, нан өнімдерін шығару, дәмханалар, жолаушы тасымалдау, шаштараз қызметтері болып табылады.  

БАҒАЛАР


Ауданда апта сайын негізгі халық тұтынатын тауарларға бағаны тұрақтандыру жөнінде талдау жасалып отырады. 2006 жылдың 12 айы бойынша ұнның және ұннан жасалатын басқа да тағамдардың бағасы бұрынғы деңгейден өзгерген жоқ. Еттің бағасы 350-370 теңгені құрайды. Бұл былтырғы 2005 жылмен салыстырғанда арзандап отыр. Май, сүт, сүттен жасалатын басқа да тағамдар, ұннан жасалатын тамақтардың бағалары бұрынғы қалыпта тұр. Ал, жеміс-жидектердің, бақша өнімдерінің қыс айларында бағасы өсуі байқалады. Жанар-жағар майға келетін болсақ, оның бағасы тұрақсыз, өсу тенденциясы қалыптасуда.
Ауданда бағаның өзгеруі, өсуі көбінесе тауарлар әкелінетін Семей және басқа қалалардағы базар бағасының өзгеруіне байланысты болып отырады.

Тағамдардың бағасы



Р\с

Тағамның атауы

өлшем бірлігі

бағалары

2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

1

нан

дана

35

35

35

35

2

ұн

кг

37

39

39

30

3

шәй

қорап

120

120

120

110

4

сүт

литр

30

30

30

30

5

ет

кг

300

400

370

370

6

қант

кг

85

85

85

100

7

сары май

кг

300

300

350

350

8

өсімдік майы

литр

130

130

135

120

9

картоп

кг

35

35

35

70

10

пияз

кг

35

35

55

40

 БЮДЖЕТ

2006 жылдың 12 айында жергілікті бюджетке (субвенция мен ағымдағы трансфертпен қоса) 474106,0 мың теңге түсті, орындалысы 470681,0 мың теңге болды немесе 99,3 %. Орда мектебі құрылысының аяқталмай қалуына байланысты, осы мектепті ұстау үшін бөлінген 2792,0 мың теңге трансферт игерілмей қалды. Жергілікті бюджетке түсетін кірістің жоспары 12 айда 85882,0 мың теңгеге бекітіліп, 100,7 пайызға  орындалды. 12 айдың қорытындысы бойынша салықтың көп мөлшері әлеуметтік салықтан түсіп, 48882,0 мың теңгені құрады, яғни осы салықтың түрінен жоспар 100,2 пайызға орындалды,  сондай-ақ, табыс салығынан жергілікті бюджетке 26508,0 мың теңге түсіп, жоспар 100,3 пайызға орындалды. 


Білім бөліміне жалпы шығыс бөлігінен 294088,0 мың теңге бөлінген болатын. Оның ішінде: 166577,0 мың теңге еңбекақыға жұмсалды, 5623,0 мың теңге оқулықтар алуға, 4418,0 мың теңге күрделі жөндеу жұмыстарына, 21800,0 мың теңге жылуға, 10852,0 мың теңге балаларды қосымша оқыту үшін жұмсалған.          
2006 жылдың 12 айында арнайы мемлекеттік жәрдемақы көлемі 11225,0 мың теңге және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған Мемлекеттік балалар жәрдемақысы 21801,0 мың теңге болып бекітілген.  Бұл жәрдемақылар 12 айда толықтай игеріліп, жоспар 100 пайыз орындалды.
Мемлекеттік мекемелерге 65741,0 мың теңге жұмсалған, оның 1685,0 мың теңгесі күрделі жөндеуге және материалдық-техникалық базаны нығайтуға, жылуға – 3418,0 мың теңгесі жұмсалған.

Аудан бюджеті мың теңге






ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА

2006 жылдың 12 айында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 293 адам өтініш білдірсе, 177 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр. 115 адам квота бойынша жұмысқа орналасқан. 01.07.2006 жылға жұмыссыздық деңгейі 1,4 пайызды құрайды. 186 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 25 адам оқуға жіберілді.  Жұмыссыздық деңгейі былтырғы жылы осы уақытта 2,0 пайыз болды. 


Аудан бойынша зейнеткерлер:
а)   Жасына байланысты зейнеткерлер - 2485 адам,
б)   Мүгедектер  - 588 адам,
в)   Асыраушысынан айырылғандар - 461 адам,
г)   Әлеуметтік жәрдемақы алушылар - 1871 адам,
д)   Ұлы Отан соғысына қатысушылар - 16 адам.
І жарты жылдықта аудан бойынша 532 отбасы мүшелеріне 11255 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. 40 жанұяға 781 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін Мемлекеттік балалар жәрдемақысы 2255 балаға есептеліп, 21797,0 мың теңге төленді.

Жұмыссыздық деңгейі



БІЛІМ


Аудан бойынша 1 бастауыш мектеп-балабақшасы, 5 шағын құрамды мектеп, 3 орта мектеп, 1 гимназия, 1 мектеп-лицей және 1 орталау мектеп жұмыс жасайды. Осы мектептерде жыл басында 3350 оқушы қамтылды. Мектептер бойынша 169 класс, 165 класс комплектісі болып отыр. Кластар бойынша балалардың орташа сиымдылығы 19,43%.
6-17 жас аралығындағы  3971 баланың тізімі алынды. Осының ішінде 3190 оқушы орта мектептерде, 781 ауданнан тыс жерлерде, 301 – облыстың жоғарғы және арнаулы оқу орындарында оқып отырса, 27 бала  сырттай оқиды. Сондай-ақ, 52 бала үйден оқытылады, 17 бала арнайы мектептерде оқиды, 25 бала ауру себепті оқуға тартылмай отыр.
Жайсыз жанұядан – 255, аз қамтылған отбасындағы бала саны - 275, көп балалы отбасынан - 539 бала, жетім, ата-ана қамқорынсыз  қалған бала  7-17 жас -18 бала.
Аудан орталығындағы Б.Байғожина атындағы бастауыш мектептің жанынан 175 балалық 3 бала  бақша тобы жұмыс істеуде. Сонымен  қатар  185 балалық мектепалды  даярлық  топтары  мен бастауыш сыныптары жұмыс істейді. Абай атындағы кешенді мектеп лицейі жанындағы бюджет интернатта 75 бала тәрбиеленуде.
Абай ауданы мектептерінде 546 мұғалім жұмыс атқарады. Оның жоғары білімдісі – 417,   арнаулы орта – 118, орта білімді–11.  Жоғары санатты   14  разряд – 29,  1 санатты /13 разряд/ – 135,  2 санатты /12 разряд/-155,  Санатсыз /6-11   разрядты/ – 227.
Мектептердің барлығы да арнаулы типтік жобадағы ғимараттарға орналасқан. Биылғы жылы Орда ауылында 120 балалық жаңа мектеп ғимараты 2007 жылы салынып бітеді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ауданда  1  орталық   аурухана  мен  8  ОДА,  3  ФП  және  2  ФП  медициналық  ғимаратсыз  жұмыс  атқарып  отыр. 
Аумақтық  бағдарламаға  сай  Абай  аудандық  денсаулық  саласына  күрделі   жөндеуден  өткізу  және   материалды – техникалық  қамтамасыз  етуге   2005 – 2007  жылдарға  бөлінген   трансферттер   2006  жылы  12113,0  мың  теңгені  құрады.   Материалдық – техникалық   базаны  нығайтуға  4113,0  мың  теңге. Бұрында  Даму  Банкісі   бірталай  ОДАға   күрделі   жөндеу  жүргізген.  2006  жылы  Көкбай   ОДА-сына күрделі  жөндеуге  500  мың  теңге   бөлінген.  Орталық емханаға күрделі жөндеуге және лифтіні қайта іске қосуға 5000 мың теңге бөлінді.
2006  жылы  1-ші  жартыжылдықта   облыстық  денсаулық  сақтау  департаменті,   республикалық  арнайы   қаржыдан  (АОЕ  және  8  ОДА)  аудандық  орталық  емханаға  және  8  отбасылық  дәрігерлік  амбулаторияға   медициналық  құрал – жабдыққа   қаржы  бөлді.  Кеңгірбай би ауылдық отбасылық дәрігерлік амбулаторияға жаңа арнайы автокөлік берілді.
Ауданда  санитарлық – эпидемиологиялық  жағдайды  қамтамасыз  ету
Денсаулық  сақтау  бағдарламасын  реформалау   тұрғындарды   ФГ  тексеруімен  мәселелермен  тығыз  байланысты.  Осы  мақсатта  стационарда  ФГ  аппараты  жұмыс  жасайды.  Оның  біреуі   жылжымалы  ФГ  қондырғысы.

ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС

Жыл басынан бері құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысымен ауданда 46 қылмыс тіркеліп, 92,1 пайызы ашылды.  Ауыр қылмыстардан 3 қылмыс тіркелген. Ұрлық жасау былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10,1 пайызға азайып отыр, жалпы ұрлық 20 тіркелді. Басқадай қылмыс түрлерінен де көрсеткішіміз төмен.

ДЕМОГРАФИЯ



Аудан бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштерге келетін болсақ, ауданда халық санының азаюы байқалады. 2006 жылдың 12 айында туылған бала саны – 270, қайтыс болғандар саны – 111 адам, табиғи өсім 159 адам.      1 жасқа дейінгі бала өлімі – 3. Аудан бойынша келген адамдар саны – 164 адам, ал кеткені - 554 адам. Көші-қон сальдосы - 390 адам. Аудан бойынша 01.01.2007 жылға халық саны – 15950  адам.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет