Аударымдық төлем және ақша аудару тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде



Дата24.02.2016
өлшемі149.32 Kb.
#14747
Аударымдық төлем және ақша аудару тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде

есеп жасау және есеп беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 3 шілдедегі N 159 қаулысы

(ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34; 01.12.01 ж. N 490 қаулыларымен

енгізілген өзгерістерімен)

ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен қаулының тақырыбы өзгертілді

Қазақстан Республикасының төлем жүйесінде ақша қозғалысына жан-жақты талдау жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы қаулы етеді:

1. Аударымдық төлем және ақша аудару тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесі бекітілсін және тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді өндіріске пайдалануға енгізген күннен бастап күшіне енгізілсін.

2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Төлем жүйесі басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бірлесіп осы қаулыны және Аударымдық төлем және ақша аудару тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.

3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.) осы қаулыны және Аударымдық төлем және ақша аудару тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін, оларға осы қаулыны және бекітілген Ережені екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттесін.

4. Ақпарат технологиясы департаменті (Поликарпов О.Ю.) тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және оның филиалдарына 1999 жылғы IV тоқсанда өндіріске енгізуді қамтамасыз етсін.

5. Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасы (Ғалиева Д.Т.) Ақпарат технологиясы департаментімен (Поликарпов О.Ю.) бірлесіп 1999 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері бойынша түзету жасаған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылғы бюджетінен (шығыстар сметасынан) тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қажетті ақша қарастырсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.

Ұлттық Банк



Төрағасы



















Г. Марченко

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

1999 жылғы 3 маусымдағы

N 159 қаулысымен бекітілген



Аударымдық төлем және ақша аудару тәсілімен төлем айналымын

бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесі

ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен тақырыбы өзгертілді

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34; 01.12.01 ж. N 490 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Осы Ереже екiншi деңгейдегi банктердiң және "Казпочтабанк" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - банктер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жүйесі бөлімшелеріне (бұдан әрі - бөлімше) аударымдық төлем және ақша аудару (бұдан әрi - төлем айналымын бөлу жөнiндегi есеп) тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру тәртібін белгілейді.

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда; ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. Банктер төлем айналымын бөлу жөнiндегi есептердi осы Ережеге N 1 қосымшаға сәйкес, Ұлттық Банк белгiлеген нысандармен және байланыс арналары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей ұсынады.

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34; 01.12.01 ж. N 490 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді

3. Банктің төлем айналымын бөлу есебін бөлімшеге дұрыс әрі уақтылы тапсыруына жауапкершілік банктің басшысына және бас бухгалтеріне жүктеледі.

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34 қаулысымен 4, 5, 6-тармақтар алынып тасталды

4. алынып тасталды

5. алынып тасталды

6. алынып тасталды

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда; ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді

7. Аударымдық төлем және ақша аудару тәсiлiмен төлем айналымын бөлу бойынша есеп Қазақстан Республикасының төлем жүйесiне және облыстарына қатысты Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын төлем құжаттарын және төлемдердi жүзеге асыру тәсiлдерiн көрсетуге арналған.

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34; 01.12.01 ж. N 490 қаулыларымен 8-тармақ өзгертілді

8. Төлем айналымын бөлу есебінде Қазақстан Республикасының аумағында төлемі мен ақша аударымын жүзеге асырудың мынадай әдістері қарастырылуы тиіс:

1) Төлем тапсырымдары;

2) Төлемдік талап-тапсырымдар;

3) Чектері;

4) Тікелей дебеттеу әдісі;

5)


6) Инкассалық нұсқаулар.

Төлем айналымын бөлу бойынша есеп мыналарды пайдалана отырып төлемдер мен ақша аударымдарының санын және сомасын көздеуi тиiс:

1) Вексельдер;

2) Төлем ордерлерi;

3) Банктiк есепшот ашпай аударым жасау;

4) Ақша аударуға арналған өтiнiш;

5) Халықаралық почта аударымдары;

6) Аккредитивтер.

ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен 9, 9-1, 9-2-тармақтар алынып тасталды

9. алынып тасталды

9-1. алынып тасталды

9-2. алынып тасталды

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда; ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді

10. Төлем айналымын бөлу бойынша есеп жасау кезiнде әр бағанда орындауға қабылданған құжаттарда көрсетiлген саны және сомасы көрсетiледi. Бұл орайда шетел валютасымен орындауға қабылданған құжаттар банктiң ақы төлеген кездегi бағамы бойынша теңгемен көрсетiледi.

ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен 11-тармақ алынып тасталды

11. алынып тасталды

ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда

12. Чектердi пайдалана отырып төлемдердi жүзеге асыру тәсiлiмен есеп жасаған кезде чектер бойынша төлемдердiң, оның iшiнде есеп айырысу чек кiтапшаларының чектерi бойынша, кепiлдiк берiлген, жол чектерi бойынша чектердiң жалпы саны және сомасы көрсетiледi, бұған қолма-қол ақша алуға арналған чектер кiрмейдi.

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34; 01.12.01 ж. N 490 қаулыларымен 13-тармақ өзгертілді

13. Банктік есепшотты тікелей дебеттеу тәсілімен төлем жүргізу бойынша есеп жасаған кезде банктiк есепшоттың тiкелей дебеттеу шартына сәйкес орындалған төлем құжаттарының жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.

ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен 14-тармақ алынып тасталды

14. алынып тасталды

ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді

15. Инкассалық нұсқаулар бойынша есеп жасаған кезде банк орындаған инкассалық нұсқаулардың жалпы саны мен сомасы көрсетіледі.

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34 қаулысымен 15-1-тармақпен толықтырылды

15-1. Вексельдер бойынша есеп жасаған кезде банкте есепке алынған вексельдердiң жалпы саны және сомасы, сондай-ақ өтелген вексельдердiң жалпы саны және сомасы көрсетiледi.

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34 қаулысымен 15-2-тармақпен толықтырылды

15-2. Төлем ордерлерi бойынша есеп жасаған кезде орындалған төлем ордерлерiнiң жалпы саны және сомасы көрсетiледi.

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34 қаулысымен 15-3-тармақпен толықтырылды

15-3. Банктiк есепшот ашпай аударым жасау бойынша есеп жасаған кезде қолма-қол ақша қабылдау үшiн пайдаланылатын есепшот-хабарламалар мен басқа құжаттар, қолма-қол жарнаға берiлген түбiртектер, хабарландырулар негiзiнде банк (филиал) жасаған төлем құжаттарының жалпы саны және сомасы көрсетiледi.

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34 қаулысымен 15-4-тармақпен толықтырылды

15-4. Ақша аударуға арналған өтiнiштер бойынша есеп жасау кезiнде банк қабылдаған және орындаған ақша аударуға арналған өтiнiштердiң жалпы саны және сомасы көрсетiледi.

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34 қаулысымен 15-5-тармақпен толықтырылды; ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен 15-5-тармақ өзгертілді

15-5. Халықаралық почта аударымдары бойынша есеп жасаған кезде "Western union", "Money gram" жүйелері және басқа да осындай жүйелер бойынша жөнелтiлген жiберiлетiн аударымдар жалпы саны және сомасы көрсетiледi.

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34 қаулысымен 15-6-тармақпен толықтырылды; ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен 15-6-тармақ өзгертілді

15-6. Аккредитивтер бойынша есеп жасау кезiнде банк ашқан және орындаған аккредитивтердің жалпы сомасы және сомасы көрсетіледі.

16. Осы ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

Ұлттық Банк



Төрағасы
















Г. Марченко

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының

1999 жылғы 3 шілдедегі N 159 қаулысымен

бекітілген

Аударымдық төлем және ақша аудару

тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде

есеп жасау және есеп беру ережесіне

N 1 қосымша

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда; ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда

Төлем айналымын бөлу жөніндегі есеп

20__ ж. "___" ______________

(есепті кезең)

Банктің ББК _________________

Банктің атауы

(бірлігі және мың теңге)



N



Облыстың

атауы


Төлем

тапсыр.


масы



Төлем

талап-


тапсыр.

малары


Чектер



Банктік

есепшотты

тікелей

дебеттеу



Инкас.

салық


өкім.

дер


Төлем

ордері


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

 

 

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

1 Ақтөбе

2 Ақмола

3 Алматы

4 Атырау

5 Шығыс

Қазақстан



6 Жамбыл

7 Қарағанды

8 Қызылорда

9 Қостанай

10 Маңғыстау

11 Павлодар

12 Солтүстік

Қазақстан



13 Батыс

Қазақстан



14 Оңтүстік

Қазақстан

Барлығы



Вексельдер

Банктік

есепшот


ашылмаған

аударымдар





Ақша

аударуға

өтініштер


Халық-

аралық


почта

аударым-


дары

Аккредитивтер

есепке

қабыл-


данғаны

өтелгені

ашылғаны

Орын-

далғаны




15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Банктің басшысы __________________ (аты-жөні)

Бас бухгалтер ____________________ (аты-жөні)

Орындаушы ________________________ (аты-жөні) Тел. ______

Ескерту: С-саны

С-сомасы


1-қосымшаға ескерту

Төлем айналымын бөлу жөнiндегi есептi осы банк филиалдарының тұрған орнында облыстардың шеңберiнде банк жүйесi бойынша тұтастай жасау қажет.

"Төлем тапсырмалары"

Форматтың 3, 4-бағандарында банк орындаған, клиенттiң төлем тапсырмаларының жалпы саны мен сомасы және төлемнiң бастамашысы банктiң өзi болатын төлем тапсырмалары көрсетiледi.

"Төлем талап-тапсырмалары"

Форматтың 5, 6-бағандарында ақша жiберушi банк орындаған, төлем талап-тапсырмаларының жалпы саны мен сомасы, оған қоса банкке ұсынылған орындалған төлем талап-тапсырмалары көрсетiледi, бұған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi банктiң есепшотына ұсынылған төлем талап-тапсырмалары кiрмейдi.

"Чектер"

Форматтың 7-бағандарында чек берушi банктiң чек ұстаушыға тауар және көрсетiлген қызмет үшiн төлеген чектерiнiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Бұл бағанға сондай-ақ банктiң төлемге қабылдаған жол чектерiн де көрсету қажет. Шетел валютасымен эмиссияланған жол чектерiн осы чектердi төлеу күнiндегi банктiң теңгемен бағамы бойынша көрсету қажет.

"Банктiк есепшотты тiкелей дебеттеу"

Форматтың 9, 10-бағандарында банктiк есепшотты тiкелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыру шартына сәйкес банктiң жүзеге асырған төлемдерiнiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Тиiстi төлем құжаттарын пайдалана отырып жүргiзiлген бұл төлемдер бағандарда көрсетiлмейдi.

"Инкассалық өкiмдер"

Форматтың 11, 12-бағандарында ақша жiберушi банк төлеген инкассалық өкiмдердiң, оған қоса банкке ұсынылған орындалған инкассалық өкiмдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Бұған банктiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi корреспонденттiк есепшотына ұсынған инкассалық өкiмдерi кiрмейдi. Банк инкассалық өкiмдердi iшiнара орындаған кезде инкассалық өкiмдердiң нақты төленген сомасына төлем құжаттарының санын көрсетедi.

"Төлем ордерлерi"

Форматтың 13, 14-бағандарында банк орындаған төлем ордерлерiнiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.

"Вексельдер"

Форматтың 15, 16-бағандарында банктiң есептеуге қабылдаған вексельдерiнiң жалпы саны мен сомасы (есептеуге вексель ұсынған тұлғаға төленген сома) көрсетiледi.

Форматтың 17, 18-бағандарында өтелген вексельдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.

Вексельдердi есептеу және өтеу жөнiндегi операциялар тиiстi төлем құжаттарын пайдалана отырып жүргiзiлген бағандарда көрсетiлмейдi.

"Банктiк есепшот ашылмаған аударымдар"

Форматтың 19, 20-бағандарында төлем хабарламасы негізінде банк орындаған төлем құжаттарының жалпы саны мен сомасы көрсетіледі. Банктiк есепшот ашпай банк орындаған шетел валютасындағы ақша аударымдарының сомасы ақша аудару күнiндегi банктiң теңгемен бағамы бойынша көрсетiледi.

"Ақша аударуға өтiнiштер"

Форматтың 21, 22-бағандарында банк аударған ақша аударымына өтiнiштердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Шетел валютасымен орындалған ақша аударымына өтiнiштердi ақша аудару күнiндегi банктiң теңгемен бағамы бойынша көрсету қажет.

"Халықаралық почта аударымдары"

Форматтың 23, 24-бағандарында "Western union" "Моnеу gram" жүйелермен және осы сияқты жүйелермен жiберiлген халықаралық жiберу аударымдарының жалпы саны мен сомасы көрсетіледі.

"Аккредитивтер"

Форматтың 25, 26-бағандарында есептi кезең iшiнде ашылған аккредитивтердiң (аккредитив бойынша баланстан тыс есепшотқа кiрiске алынған міндеттемелердiң және талаптардың) жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Бұл бағанды аккредитив бұйрығын берушiнiң өтiнiшiне сәйкес аккредитив ашқан эмитент банк толтырады.

Форматтың 27, 28-бағандарында есептi кезең iшiнде орындалған аккредитивтердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Бағанды аккредитивтi орындаған банк толтырады. Бұл төлемдер тиiстi төлем құжаттарын пайдалана отырып жүргiзiлген бағандарда көрсетiлмейдi. Орындаушы банкке өтем жасау сомасын аудару, бағанда осы кезде пайдаланылатын төлем құжатына сәйкес көрсетіледі.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының



1999 жылғы 3 шілдедегі N 159 қаулысымен

бекітілген

Аударымдық төлем және ақша аудару

тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде

есеп жасау және есеп беру ережесіне

N 2 қосымша

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда; ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен 2-қосымша алынып тасталды

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының



1999 жылғы 3 шілдедегі N 159 қаулысымен

бекітілген

Аударымдық төлем және ақша аудару

тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде

есеп жасау және есеп беру ережесіне

N 3 қосымша

ҚР ҰБ Басқармасының 14.02.01 ж. N 34 қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда; ҚР ҰБ Басқармасының 01.12.01 ж. N 490 қаулысымен 3-қосымша алынып тасталды

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет