124
түзетіліп, сапасы жақсартылады. Осыған байланысты SYSTRAN
жүйесін пайдалану тәсілімен танысу қажет.
–
жүйенің тираждануы (таратылуы). Аударма жүйесінің
қолдану аясы кең болуы үшін оның программалық және
лингвистикалық құралдары барынша қарапайым түрде болуы
қажет. Сонымен бірге жүйеде басқа тақырыптық аяға және тілдерге
көшу әрекетін жеңілдетуге қажетті
әмбебаптық модельдер орын
алуы керек.
–
жүйенің икемделінуі (адаптациялануы). Машиналық
аударма жүйесінің нақты тұтынушының мұқтаждығына және
өңделетін материалдың ерекшелігіне қарай икемделу мүмкіндігі
болуы қажет.
–
уақытша параметрлердің оптималдығы (ауқымдылығы).
Машиналық аударма жүйесінің
аударма жасау жылдамдығы
уақыт бірлігі ішінде қабылданатын ақпарат көлемімен немесе
жүйені тұтынушы ретіндегі редакторлардың, аудармашылардың,
мамандардың жұмыс әрекетімен сәйкес келіп отыруы қажет.
–
тұтынушыға жайлылық (комфорт). Жүйенің
сервистік
құралдары тұтынушының әрекеттерінің «пакеттік» және диалогтік
режимдері үшін аса қолайлы болуы шарт.
Эксперименттік жүйелерді құрудың мақсаты машиналық
аударманың даму жолдарын зерттеу,
адамның ойлау-сөйлеу
қызметін модельдеу болып табылады. Тек осы аталған тұрғыда
ғана машиналық аударма мен жасанды интеллекттің міндеттері бір-
бірімен сәйкес келе алады. Эксперименттік жүйелер мен оларды
құрастырушы ғалымдар машиналық аударманың көшбастар рөлін
атқарады да, ал олардың қол жеткізген нәтижелері өндірістік
жүйелерде қолданыс табуы мүмкін. Мысалы, Саарбрюкен
университетінің SUSY атты эксперименттік жүйесін құру арқылы
алынған нәтижелері бойынша MARIS атты өндірістік жүйе
құрылуда және SUSANNAH атты
аудармашының автоматтанған
жұмыс орны зерттеліп, жасалуда.
Достарыңызбен бөлісу: