Аудитория: 223 Курс: 2



Дата01.10.2024
өлшемі29.4 Kb.
#504206
түріСабақ
Айқынжол жоспар



Пәні: Білім туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Аудитория: 223
Курс: 2 6B01502 МФК-233 (20 минут)
Топ: Айқын жол
PhD доктор: Г. К. Шашаева
Сабақ тақырыбы: Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика, оның әдістемесі.
Сабақтың түрі: Іскерлік ойын сабағы .
Құрал-жабдықтар: маркер, жапсырғыш, интернет, телефон



Уақыты

Оқытушының іс-әрекеті

Сабақтың мазмұны мен кезеңдері

Студентердің іс-әрекеті

5 мин

-сәлемдесу;
- студенттердің сабағын қадағалау;



І. Таныстырылым



-сабаққа әзірленеді;
-сәлемдеседі;





6 мин



-Ойын барысын түсіндіру

ІІ. «Ғылымдар байланысы» ойыны
Мақсаты: Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын түсіндіруді әрі бекітуді қызықты түрде ұйымдастыру.

Қажетті заттар:


А4 форматтағы қағаздар немесе карточкалар (әрқайсысында ғылым атауы жазылған: педагогика, психология, философия, социология, медицина және т.б.)


Маркерлер немесе қаламдар.
Ойын барысы:

Топқа бөлу: Ойынға қатысушыларды 3-5 адамнан тұратын топтарға бөлу.


Қағаз немесе карточкаларды тарату: Әр топқа бір карточка беріледі, онда белгілі бір ғылым атауы жазылған.
Тапсырма: Әр топ өздеріне берілген ғылымның педагогикамен байланысын ойлап табуы және 2-3 минут ішінде басқа топтарға түсіндіріп беруі керек. Олар педагогиканың осы ғылыммен қандай байланысы бар екенін және оны қалай қолданатынын талқылайды.
Презентация: Әр топ кезекпен өз ғылымын таныстырып, педагогикамен байланысын түсіндіреді. Мысалы:
Егер карточкада "психология" жазылса, олар педагогиканың психологиялық білімдерге сүйенетінін, мысалы, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру керектігін айтуы мүмкін.

-Берілген тапсырма бойынша терминдер мен анықтамаларды сәйкестендіріп, ортада оқып береді.

5 мин

Презентация

Студенттерге сабақтың мазмұнын презентация көмегімен түсіндіру
Сабақтың тақырыбын, мақсатын, мазмұнын қорғау арқылы түсіндіреді



-Мұқият тыңдап отырады және кері байланыс беруге дайындалады

2 мин

Кері байланыс

<<Фишбоун>> әдісі
Бұл стратегия – проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын қарастыру моделі болып табылады.Бұл сызбаны алғаш болып Каора Исикава ұсынған. Оқыту процесінде бұл әдіс оқушылардың ортақ тақырыпты талқылауына септігін тигізеді.Бұл балық сүйектерін тігінен және көлденең орналастыруға болады.Жазылым қысқаша жазылуы тиіс. Балықтың басына: зерттелетін , қаралатын, талқыланатын тақырып жазылады. Оң жақ қабырға сүйектеріне: анықтаған проблема себептері, тақырыптың негізгі мазмұндары мен түсініктері жазылады. Сол жақ қабырға сүйектеріне: проблемаларды шешу жолдары, қарама-қайшылық тудырушы кедергілер жазылады. Балықтың құйрығына: анықталған жұмыстың нәтижесі мен талданған тақырыптың қорытындылау сұрағына жауап жазылады.


-Кластер құрып;
- Ойына келген пікірді тартынбай жазады;
Тақырыптың басқа қырларынашуға ұмтылу.

2 мин

Қорытынды

Сабақтың мазмұнын қорытындылау









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет