МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1.1 Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы --------------------------------------5
1.2 Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен нышандары-----------7
Негізгі бөлім
2. Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері.
2.1 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы---------------10
2.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні-------------------------------18
2.3 Ақшаның теориясы мен заңдар жүйесі, ақша айналысының түрлері, элементі, негізгі типтері----------------------------------------------------------23
2.4 Қазақстан Республикасында жүргізілген ақша реформасы------------39
Қорытынды
Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесі. (Ұлттық банк қызметі, мақсаттары, міндеттері, ақша-несие саясаты)---------------------------------------45
Қосымшалар
Қосымша
А: Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері
Ә: 2003-2005жылдарға арналған ақша-несиесаясатының негізгі
көрсеткіштерінің болжамы.
Қолданылған әдебиет тізімі
1.1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат),оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып,тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар кажетті тұтыну кұнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді."Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша".
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас кұнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көрптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлышаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақытгарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі кара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе; тундрада - бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда "өгіз" деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі "пекуния" (ақша) "пекус" ("мал") сөзінен шыққан. "Рупа" ("мал") сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы "рупия" негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де "мал" деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген "біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады". Ол кездегі қазынашы "малшы", қазына, қазына жинау орны "мал ұстайтын орын" деп аталынды.
"Капитал" сөзінін шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр турлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі, және т.б.). Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынан орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалардьң қызметін аткарды.
2. Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері.
2.1. Ақшаның қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем кұралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құңының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен кұралған құнды көрсетеді.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында (алтын, күміс, мыс) мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етіп ұстады.
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі -мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ол кұн заңыменен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына (31,1 г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және 1973 жылдардағы доллардың девальвациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейін жетті.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын жоғалтты.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алтып келді.
Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінін тұлынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің кұнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-кол)
ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар ақша белгілері орындайды.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір - несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мумкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-карсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.бірқатар ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:
-
тауарларды және қызматтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
-
еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
-
мемлекеғтке қатысты қаржылық міндеметтемелер;
-
банктік қарыз, мемлекеттік және тқтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;
-
сақтандыру міндеттемелері;
-
әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары;
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана скату – сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерінен айырамашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, онын құн өлшемі және айналыс құралы ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау кызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттілігін азайтады.
Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т - А - Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты "таза қазына" формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға (өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау кызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау кажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды.
Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын реттегіш ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің болуына кепілдеме береді. 1998 ж. 1 каңтарда Қазақстан Республикасы ¥лттық банкісіндегі монетарлық алтынның қалдығы 41781,1 млн тенгені құрады.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде олар қорлану қызметін жүзеге асырады.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
-
кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
-
банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығынын кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.
Бреттон-Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралы келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді.Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР - арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ - еуропалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға тымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі "еуро" айналысқа шықты.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.
Сонымен түйіндейтін болсақ.
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б.
-
Ақшаның қажеттігі және экономикалық мәні
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.
Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектін бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын кайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудын өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да ққнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды ендіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу кажеттігі туындап, айырбас құнының (1 мал = 1 ңап бидайға) ұғымы туындайды.
Айырбас құны - бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу кабілетін білдіреді.
Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның отбасының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жеткілікті. Ал егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.
Сейтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай формаларының қалыптасуына себеп болған:
• Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ, формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек енімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталып отырған. Мысалға, бір мал бір қап бидайға айырбасталды.
• Екінші формасы – бұл құннын толық немесе жалпы формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінін дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтагы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда көбіне бір тауар басқа да көптеген баламатауарлардың айырбасында жүрген. Мысалы:
1 кап бидай - 1 қойға
= 1 балтаға
= 1 құмыраға және т.б.
-
Үшінші формасы — бұл құнның жалпылама формасы.
Әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар рөлін кей халықтарда мал (ертедегі гректе, римдіктерде, славяндарда, монғолдарда және т.б.) аң терісі (Скандинавияда, ертедегі Русьте), шай (Қытайда), тұз (Абиссинияда), пілсүйегі (Оңтүстік Африкада) атқарады. Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу үшін
жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылған. Бірақ аталған тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт
жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмайды және өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалың шартына сәйкес келмейді.
Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде
барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен
ерекше бір тауар - ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін
бағалы металдар: алтын және күміс атқарды.
Сонымен, ақша - бұл барлық, тауарлардың, кұнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналы сының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде ңала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауардардың құнын бейнелеуі, онын ен бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни онын оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалың категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
-
жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
-
айырбас құнының дербес формасы;
-
еңбек өлшемінің заттай (материалдану) фрормасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген
материалдың бағалы затына айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен елшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның түрлері. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық, құнды ақшалар және толық, құнсыз акшалар.
-
Тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
-
мемлекетке катысты қаржылық міндеттемелер;
-
банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;
-
сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни
қағаз және несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық, қорлану формасында;
2) Банктердегі халық салымдарында, облигащияларда жинақталған жеке қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардын пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттың ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «Ақша өзінің ұлттың киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді»,— деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ - доллары, Еуропалық Одақтық қазіргі валютасы - еуро, сол сияқты Халықаралық валюталық қордың СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.
1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастың елдерінде жаңа валюта «Еуро» енгізілді. Еуропалық валюталың Одаққа бастапқыда он бір ел қатынасқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Еуро» қолмақолсыз төлемдер үшін және мемлекеттің жаңа қағаздарын орналастыру үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың 1 қаңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталың одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 ж. 1 шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты.
Достарыңызбен бөлісу: |