Аудиториялық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
1. Тақырып Жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер..
2.Сабақтың мақсаты: жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер жіктелуін, әсер ету механизмін, қолданылуын, жағымсыз әсерлерін, шығарылу түрлерін үйрету, түсіндіру.
3. Оқытудың міндеттері.
білімділік: Жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілердің жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, жіктелуін, қолдану көрсеткіштерін, жағымсыз әсерлерін, кері көрсеткіштерін, берілген топ препараттарына рецепт жаза білуді түсіндіру, үйрету;
дамытушылық: студенттерге түрлі тапсырмалар бере отырып, танымдық қабілетін және белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін дамыту;
тәрбиелік: болашақ медицина мамандарына науқастарға сауатты кеңес беруге үйрету және сауатты рецепт жазуын қадағалау, медициналық құжатпен жұмыс жасаған кезде ұқыптылыққа, тиянақтылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.
Жүрек гликозидтері, қолдану көрсетілімі?
Жүрек гликозидтерінің әсер ету механизмдері қандай
Жүрек гликозидтерінің жіктелісі қандай?
Жүрек гликозидтерімен улану белгілері және көрсетілетін көмек іс-шаралары
Аритмияға қарсы дәрілердің бөліну топтары. Аритмия түрлері
Препараттарының әсерлері, қолданылуы5. Оқыту және сабақ беру әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.).
Жоспар:
Жүрек –қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер жіктелуі
Жүрек гликозидтері
Антиаритмиялық дәрілер
Тақырып препараттарына зерттеу алгоритмін толтыру.
"Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды" – дейді дана Абай.
Ия, адамның ең аяулы жері – жүрек. Ең тазасы да сол. Жүрек – барлық мүшелерді қанмен, қажетті заттармен қамтамасыз етуші мүше. Одан бөлек, ол – ең нәзік, ең сезімтал.
Жүрекпен сезінеміз,
Жүрекпен мұңаямыз,
Жүрекпен қуанамыз,
Жүрекпен сүйеміз.
Жүрек белгілі бір себептерден әр түрлі ауруларға ұшырайды. Жүрек кейде жәй, кейде қатты соғады. Жүрегіңіз мазасызданбасын десеңіз керексіз дүниелерді қабылдамай, позитивті ойлай біліңіз. Осы кезде бүгінгі сабаққа тиісті тақырып- жүрек– қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер көмекке келеді.
Жүрек гликозидтері айқын кардиотоникалық әсері бар, этиологиясы әртүрлі миокард дистрофиясымен байланысты, жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеуге арналған өсімдіктерден алынған күрделі органикалық қосылыстар. Бұрынғы кезде құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерді медицинада жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеуде қолданған. Олар: оймақгүл (наперстянка), строфант Комбе, меруертгүл (ландыш), жалынгүл (горицвет) және т.б. жүрек гликозидтерінің молекуласы екі бөлімнен тұрады: қантты (гликонды) және қантсыз (агликонды). Жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер ете отырып, миокард жұмысын жақсартып, жіті және созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде белгіленеді. Медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылатын өсімдіктен алынған жүрек гликозидтері:
– Күлгін оймақгүл (Digitalis purpurea) – дигитоксин;
– Түкті оймақгүл (Digitalis Lanata) – дигоксин, целанид;
– Строфантин Комбе (Strophantus Kombe) – строфантин К;
– Меруертгүл (Convallaria) – коргликон;
– Жалынгүл (Adonis vernalis) – жалынгүл шөбінің тұнбасы.
Жүрек гликозидтерінің әсер ету механизмі кардиомиоцит мембранасындағы Na+, K+-АТФ- азаны (жүрек гликозидтерінің рецепторлары) тежегіш әсерімен байланысты, ол жасуша ішінде Na+, онымен қоса Ca2+ иондарының концентрациясы жоғарлауына алып келеді. Саркоплазмада Ca2+ иондарының мөлшері жоғарлауынан кардиотоникалық әсері байқалады. Ca2+ иондары трапонинді кешенмен байланысып, миокардтың жиырылғыш ақуыздың тежегіш әсерін жояды. Ол актин мен миозиннің бірігуінен пайда болған актиомиозин миофибриллдердің (бұлшықет талшықша) тез және күшті жиырылуына алып келеді. Жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |