Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімін бекіту және терендету. Осы топтың дәрілерімен танысу, рецепт жазу



бет1/15
Дата11.11.2023
өлшемі48.57 Kb.
#482986
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
f60419404207c60 (2)




Жүрек қан тамырлар жүйесіне әсер ететін дәрілер


Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімін бекіту және терендету. Осы топтың дәрілерімен танысу, рецепт жазу.


Оқушы білуге тиіс: Дәрілердің фармакологиялық тобын, әсерлерің, мөлшерін. Дәрілердің салыстырмалық мінездемелерің, қолдануын, жағымсыз әсерлерін.


Оқушы істей білуге тиіс: Рецепт жаза білу. Дәрілердін нұсқауларымен жұмыс істей білу. Дұрыс мөлшерің табу.

І – Дәріс



Бұл топтың дәрілері жүрек кемшіліктерін емдеу үшін қолданады, жүрек кемшіліктерінің белгілері ағзалар мен ұлпаларда қанның жинақталуы, сондықтан ісіктер пайда болады, жүрек бұлшық етінің биохимиялық процессі бұзылады, жүрек қалыптан тыс соғады өттегін көп қолданады, гипоксия туады. аурудың беті бозғылт тартып, еріні көгереді, ентікпе пайда болады:
а) созылмалы жүрек кемшіліктері ауру белгілері бірте-бірте пайда болып, ұзаққа созылады.
б) жедел жүрек кемшіліктері белгілері тез байқалып, қауыпты жағдай туғызады.


Жүрек жүйесіне әсер ететін дәрілер 5 топқа бөлінеді:

  1. Жүрекке қолданатын гликозидттер (кардиотоникалық дәрілер)

  2. Аритмияға қарсы дәрілер

  3. Коронар қан тамырлар кемшілігінде қолданатын препараттар

  4. Қан қысымын төмендететін дәрілер

  5. Ми қан тамырларының айналымын қалыптастыратын дәрілер

Жүрекке қолданатын гликозидттер алынатын өсімдіктер:
а) оймақгүл – препараттары: дигитоксин, дигоксин, кордигит, целанид.
б) меруертгүл – препараты: коргликон
в) гүлжапырақ – препараттары адонис түнбасы, адонис – бром.
г) строфант- препараты: строфантин-К
Жүрекке қолданатын гликозиттердің әсерлері:

  1. Жүректің соғу күшін және бұлшык еттерңнің жиырылуын күшейтеді, сол себебтен жүректің оттегі қолдануы күшейеді.

  2. Диастола ұзайады сол себебтен жүрек камерларына қан көп құйылады, ритмі сирейеді.

  3. Жүректің импульс өткізу қабілетін бәсеңдетеді.

  4. Жүректің автоматизімін жоғарлатады, көп мөлшерде эстрасистолия болуы мүмкін.

  5. Зәр жүруін күшейтеді

  6. Жүрекке қолданатын гликозиттер – адам организімінде жинақталады.

Жүрекке қолданатын гликозидттің әсерінен жүрек жұмысы күшейіп, қан айналысымы жақсарады, қалыптасады, ісіктер басылып ағзалардың жұмыстары жақсарады.
Ж.Қ.Г. – мөлшерін көп қолданғанда жинақталады, улану белгілері болады: жүрек жәй соғады, қоздыру өткізгіштері күшейгеннен, жүрек тез соғады (тахикардия), жүрекшеден қарыншаның өткізгіштігі бұзылса жүрек тоқтап қалуы мүмкін, елес, сандырақтау, дене тырысуы болады.
Жүрекке қолданатын гликозидттер 3 топқа бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет