1 тапсырма
|
Ауыл мектептері
|
Қала мектептері
|
Шағын жинақты мектептер
|
Кемшіліктерң
|
бүгінде ауыл мектептерінде педагог мамандардың тапшылығы қатты сезілуде. Әсіресе, математика, физика, химия, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері жетіспейді. Сондықтан мектеп әкімшілігі бос орынға көбіне сырттай бітірген, теориялық білімі жеткіліксіз мамандарды қабылдауға мәжбүр. Демек, бұл жағдайдағы ауыл мектептерін бітірген оқушылардың сапалы, толыққанды білім ала алмайтыны белгілі. Интернет желісіне толық қосылмаған мектептер бар. Ауыл мектептерінің оқу базасы сын көтермейді. Мектеп қабырғасында кәсіби бағдарлама дұрыс берілмеуіне байланысты мектеп бітіруші түлектер жұмыссыз қалып, кейбірі қылмысқа ұрынып жатады. Жергілікті жерлерде «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы өз дәрежесінде жұмыс істемейді. Жоғары оқу орнын бітірушілер ауыл мектебіне барғысы келмейді. Бара қалса, көп тұрақтамайды. Себебі, онда жас маман педагогтарға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасалмаған. Әсіресе, баспана мәселесі күн тәртібінде өткір тұр.
Болашақта ауылда білікті педагог кадрларды тұрақтандырғымыз келсе, ең бірінші, баспана мәселесі шешілуі керек.
Білім негізі бастауышта қаланады. Расында, бастауыш мектепте сабақ беріп жүргендердің көбі сырттай оқу бітіргендер. Олар бүгінгі заманға лайықты білім беруге өресі жетпей, болашағымыздың тамырына балта шауып жүр.
|
Бүгінгі оқулықтар оқушының жас, білім, психологиялық ерекшеліктеріне сай етіп жасалмаған. Ондағы материалдар оқушының түсінуіне қиын, тілі ауыр. Мәселен, бастауыш мектеп оқулықтарындағы материалдар мен тапсырмаларды бала түгілі, жоғары білімді ата-аналардың өздері де түсінбейді. Оқулықтағы баланың басын қатыратын тақырып, шешілмейтін есеп, абстрактілі-теориялық материалдар мен шектен тыс көп тапсырмалар беруді жойып, білім мазмұнының практикалық жағын қалыптастыруға мән берген жөн. Елімізде Конституция бойынша орта білім беру ақысыз, тегін болса да, ата-аналар балаларын жақсылап оқыту үшін репетитор жалдауға мәжбүр болып жүр. Сондықтан оқулық шығару жүйесін қайта қараған жөн.
|
Шағын жинақты мектептің оқу-тәрбие қызметіндегі қиындықтар осы мектептерге, біріктірілген сыныптарға арналған арнайы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың болмауынан туындап отыр. Пән мұғалімдерінің жетіспеуі немесе жүктеменің аздығы салдарынан шағын мектептерде бір мұғалімнің бірнеше пән бойынша сабақ беруіне тура келеді. Біріктірілген сыныптарда мұғалім бір мезгілде екі сыныпқа қатар сабақ өткізеді. Осыған байланысты әр сыныпқа жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім сабақ уақытының белгілі бір бөлігін ғана жұмсай алады. Материалдық-техникалық базасы нашар. Арнайы жабдықталған пәндік кабинеттер, зертханалар жоқ, зертханалық тәжірибелер жасалынбайды. Көрнекі құралдар ескірген. Интернет желісі қосылмаған. Кітап қоры аз. Кадр тапшы және шағын жинақталған мектеп үшін арнайы маман жоқ (қос пәндік, химия-биология, физика-математика т.б) Бір пәннің мұғалімі бірнеше пәннен сабақ береді. Мұның үстіне, бала саны аз болғандықтан сыныптар топтастырылып сабақ өтетіндігін ескерсек, оқушының бағдарламаны толық игеріп, жан-жақты білім алуы қиындық туғызып отыр.
|
Артықшыдықтары
|
Ауыл мектебінің тәрбиелік мүмкіндігі өте зор, олар халық менталитеттерінде: туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, табиғатты ерекше қастерлеу, қорғау, аялау, үлкен-кішіні сыйлау, меймандостық, көңілдің ашықтылығы, адами қатынастар қауымшылдығы, отбасы мүшелері мен ағайын-туыстарға қайырымдылық, өнерді қастерлеу, ар-ұятты ұстау т.б. қасиеттерден көрінеді. Ендеше мектептерін дамытудағы атқарылар шарал
Екіншіден, мәдени орта құрушы тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, демалысын ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беру,
Үшіншіден, жасөспірімдердің өнегелілік қадір-қасиеттерінің қалыптасуына, өзін-өзі шығармашылықпен айналысуға,
Төртіншіден,педагогикалық тұрғыдан жасөспірімдердің ұлттық сана-сезімдерін тәрбиелеу, әлемдік деңгейге бағдарланған өркениетті жалпы орта білім беру
|
мектепте білім алуды ойластырған балалардың саны тоқсан сайын арта бастады. Өйткені біз о баста мектепке сенім артып келген 40 оқушының өзін азсынбай, аса құрметпен қарадық. Мектеп басшылығы оқушылардың жоғары оқу орнына түсуіне, дұрыс таңдау жасауына баса назар аударды. Яғни IELTS, SAT сынды тестілерге дайындықты күшейтіп, оқушылардың шетелдегі жоғары оқу орнында білім алуына жәрдемдесетін дағдыларын дамыттық. Академиялық жазу, креативті жазу, сыни ойлау, еректілер қозғалысы, әлеуметтік жоба, ғылыми жоба, бизнес жобаға мән бердік. Қысқасы, оқушылардың шетелге оқуға түсерде қажет болатын құжаттарын кеңейтуге тырысамыз. Сондықтан оқушыларымыз алғашқы жылдан-ақ жақсы нәтиже көрсетті.
|
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады;
- оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;
- оқушылардың бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырылады;
- үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.
|
2 тапсырма
Жалпы білім беретін мектеп
|
Лицей
|
Гиназия
|
Мамандандырылған мектеп
|
Интелектуалды мектеп
|
Жалпы білім беретін мектеп – жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламасын, сондай-ақ оқитындар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламасын пайдаланатын оқу орны. Жалпы білім беретін мектеп үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң негізгi буыны болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына мемлекеттiк стандарттың шегiнде тегiн жалпы орта бiлiм алудың мемлекет кепілдiк берген құқықты жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады.
|
Лицейде білім беру үрдісінің мақсатын қайта мазмұндау жоспарланған нәтижелерді жаңадан қалыптастыруға жол береді. Оқу үрдісінің басты нәтижесі ретінде, лицей бітірушілерінің өз салауаттылығы, сонымен қатар қоғам салауаттылығы үшін жеке жауапкершілік етуге дайын және қабілетті болуы қарастырылады. Лицейде оқу үрдісінің басты мақсаттары келесідей болуы тиіс:
1) лицеистерде дербестік пен өзін өзі ұйымдастыра білу қабілетін дамыту;
2) өз құқықтарын қорғай білу,құқтық мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру( негізге алынған құқықтық нормаларды білу және Қазақстан республикасының құқықтық жүйесінің мүмкіншіліктерін пайдалана білу);
3) ынтымақтастыққа дайын болу, жасампаздық қызметке қабілеттілігін дамыту;
4) толеранттылық, басқаның ойына шыдамдылық; диалог жүргізе білу, мазмұнды компромистер іздей және таба білу.
|
Бүгінгі таңда гимназиялық білім беру ерекше орын алады, себебі гимназия өз статусына сəйкес оқушыларды жоғары оқу орнында оқуға даярлауды бір міндеті ретінде көрсетеді. Гимназиялар болашақ интеллигенцияны, ой еңбегі адамдарын даярлайды. Сондықтан гимназиялардың, лицейлердің оқушылары үшін тұлғаның интеллектуалдық, шығармашылық жəне адамгершілік дамуы білім берудің əдіснамалық негізінің мəні
|
Мамандандырылған білім беру ұйымдары дарынды балалардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең меңгеруіне бағытталған элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының негізгі мақсаты - серпінді даму ортасында өзін-өзі белсендіруге дайын бәсекеге қабілетті адамды және дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының міндеттері:
1) элитарлық білім беруді іске асыру;
2) елдің зияткерлік әлеуетін сақтау және дамыта түсу;
3) дарынды балаларды даралап оқытуды және білім алушылардың мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын сапалы меңгеруін қамтамасыз ету;
4) дарынды балалардың өзіндік, жобалық және зерттеушілік қызмет дағдыларын жетілдіру;
5) ұлттық мақтаныш, азаматтық қадір-қасиет, Отанына, өз халқына деген сүйіспеншілік сезімі бар азамат пен патриоттың әлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыру. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысаны бойынша мыналарға бөлінеді:
1) мамандандырылған мектептер;
2) интернаттық мекемесі бар мамандандырылған білім беру ұйымдары;
3) мамандандырылған мектеп-кешендер.
|
Аталмыш мектептер экономиканың маңызды салаларында және ел ғылымында қабілетті менеджерлер дайындауды көздейді. Осы білім ұяларының даму бағыттарына келсек, біріншіден, дүниежүзілік сапа және білімнің өтімділігі, екіншіден, дара білім және қабілеттілерді баулу, үшіншіден, жаратылыстану – математикалық бағыттардағы пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы бейінді білім беруді қалыптастыру. Төртіншіден, үш тілді білу үлгісін іске асыру, бесіншіден, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу болып табылады. Барлық мектептер физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттарда сабақ жүргізетінін еске сала кетсек дейміз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |