Дәріс Топтық жұмысты бағалау әдістемесі Жоспар
Дәріс 6. Топтық жұмысты бағалау әдістемесі
Жоспар:
1. Топпен жұмысты ұйымдастыру
2. Топтық жұмыстың бағалануы.
3. Оқушының жеке қабілетін бағалау.
4. Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы.
5. Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Топтық жүмысты ұйымдастырудың артықшылықтары
Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады
Жаппай оқытуға қарағанда,ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады
Жұмыс атмосферасын қалыптастыру
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады
Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады
Өзіне сын көзбен қараушылық артады,құрбылармен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай және жақсы бақылай алады
Өмірге қажетті дағдыларды үйренеді
Топта білімді бағалау
Бағалау сызбалары не үшін қажет?
1) Біркелкілік - барлығы бірдей өлшемдермен жұмыс істейтіндігін әркім білуі үшін;
2) Сын - не жақсы, ал нені жақсартуға болатынын түсінуге көмектесу үшін;
3) Қарым-қатынас – одан не күтілетіні, неге қол жеткізгені және нені жақсарту мүмкін екендігін әркімнің түсінуіне көмектесу үшін.
Топтық жұмыста өте белсендi оқушылар, әсiресе постер құрастыруда құнды пiкiрлер айтып, көшбасшылық танытады. Оқушылар өздерiн сабақтың кезеңдерi көрсетiлген бағалау критериилерi бойынша бағаласа, ал постердi бағалау кезiнде оқушылар арасында келiспеушiлiктер болады. Сондықтан сабақта постердi бағалау үшiн балалармен бiрлесе отырып, бағалау дискрипторын жасау керек. Ол төмендегiдей болады:
Қатынас: жазбаша және ауызша дағдылар, белсенді тыңдаушының дағдылары мен ауызекі тілін пайдалану
Достарыңызбен бөлісу: |