Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 271бұйрығына
1-қосымша
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күн;
Көрсетілген қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұміс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші аталған мерзімде өтінішті одан әрі қарастырудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап береді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімі (бұдан әрі – шешім).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш қабылдау және нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін белгіленеді.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
3) құрамында ауыл және су, қоршаған ортаны қорғау бойынша ауданның жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының қорытындылары және келісімдері болатын бір түрден екінші түрге ауыстыру бойынша тұжырымдамалары және ұсыныстары бар қорытынды;
4) ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға жоспарланған жерлердің экспликациясы;
5) бір түрден екінші түрге ауыстыруға жататын ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңын, пайдалану түрін, ауыстыру себебін көрсетілген далалық зерттеу актiсi және көшіруге жататын анықталған жерлер көрсетілген, келісуші мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің және осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылардың (жер иелерінің) өкілдері қол қойған далалық зерттеу сызбасы;
6) ауыл шаруашылығы жерлерінің сапалық сипаттамасы;
7) жалпы баланстық құндылығы мен ескіру сомасы көрсетілген негізгі мелиоративтік қорларын ары қарай пайдалануға жарамсыздығы туралы актісін қоса суландыру жүйесінің техникалық жағдайы туралы ақпараттар.
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға уақыты мен күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, қызмет нәтижесін алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, талон беріледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол қабылданады.
Шағымда:
1) жеке тұлғалар үшін – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекен-жайы;
2) заңды тұлғалар үшін – оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Ауыл шаруашылығы алқаптарынбір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
___________________________________
ауданының (облыстық маңызы бар ____________________________________қаланың) әкімі
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
____________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
____________________________________
(ЖСН/БСН, жеке немесе заңды тұлғаның
____________________________________ жеке басын куәландыратын құжаттың
____________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
___________________________________
мекенжайы)
Өтініш
_________________________________________________________________ бойынша
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)
орналасқан, жер учаскесінің нысаналы мақсаты____________________________________, кадастрлық нөмірі _____________, алаңы _____________ гектар ауыл шаруашылық алқабын
_________________________________________________________________
(ауыстыру қажеттілігінің себебін көрсету)
ауыстыру шешімін беруіңізді сұраймын.
Өтініш беруші_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңдытұлғаның не уәкілетті тұлғаның атауы,қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |