Ауыл шаруашылығы



Дата24.02.2016
өлшемі60.54 Kb.
#17660
Еркиналиев ҚадырбайСарсенұлы 1948 жылы 28 қараша айында, Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық советінде дүниеге келді. 1956 жылы Мұратсй бастауыш мектебіне барып 1966 жылы Т. Жароковатындағы жалпы орта білім беретін мектепті тамадады. 1966 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтына түсіп, 1971 жылы ауылшаруашылық машиналарының инженер-механигі мамандығы бойынша аяқтады. Бітіріп келсімен Ұзынкөл совхозында жұмыс атқарды, 1973 жылы қазан айында Жәнібек аудандық ауышаруашылық басқармасына ауыстып,1978 жылы Т. Жароков совхозында , 1983 жылы Ұзынкөл совхозында, 1986 жылы СОКП – ның 26 партсъезі атындағы сохоздарда бас инженер болып жұмыс атқарды. Совхоз ӨК айналғанда аудандық тұтынушылар одағына ауысып Борсы ауылында нан пісірумен айналысты. 1995 жылдың шілде айынан Борсы ауылдық әкімшілігінің басшысы болып 1997 жылдың шілде айында өз еркіммен босап Г. Қарашатындағы мектепте мұғалімдік қызмет атқарды. 2000 жылы Борсы ауылдық округініңмаманы болып жұмыс атқарды. 2008 жылдың қараша айынан бастап осы ауылдықокругінің әкімі болып жұмыс атқарып келеді.

 

 



Борсы ауылдык округінде 948 адам есепте тұрады. Соның ішінде Борсы ауылында 626 адам ( 126 аула- 150 отбасы), Тегісшіл ауылында 322 адам ( 64 аула- 67 отбасы) тұрады.

 

Құрамдық жас жөнінен: 103-і мектепке дейінгі, 181-і мектеп жасында, 75-і зейнеткер; соның ішінде: 31 мүгедек, 7 мүгедек бала бар. Үш адам кәсіптік-техникалық білім, ал 50 адам орта арнаулы және жоғары білім алуда. адам тұрақты жұмыс істеуде. 10 бала дүниегекеліп, 6 адам қайтыс болды. Табиғи өсім +4.



Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығыауыл экономикасы үшін маңызды сала болып табылады. Оның қазіргі дамуы менжағдайына ауыл тұрғындарының жақсарту үшін, өзімізде өндірілетін мал өнімдері,азық-түлікпен қамтамасыз ету мен өндеу кәсіпорындарының қызметіне және басқа даауыл шаруашылығының аралас салаларына байланысты екені белгілі.

Мал шаруашылығы бүкілшаруашылықтары бойынша 2010 жылдың 1 желтоқсан бойынша 1806 ц ет (тірілей салмақ), 7369 ц сүт, 102908 дана жұмыртқа, 74 ц жүн өндірілді.

2010 жылдың 1 желтоқсанына ауыл округі бойынша ірі қара – 1885 бас, қой мен ешкі – 2730 бас, жылқы – 364 бас, құс – 2109. Олардан тиiсiнше 664 бас бұзау, 1150 қозы мен лақ, 80 құлын, 618 балапан алынды. Қолдағы малтүгелдей 2 мезгіл мал дәрігерлік алдын алу шараларын белгіленген жоспар бойыншаегіледі. 2500 бас ірі қарадан, 4400 бас ұсақ малдан қан алынды. 2010 жылы іріқара бас малдан 101 бас бруцеллезауруына шықты, 101 бас бәрі детапсырылды. Ауруға шалдыққан мал тұрған аулаларда толықтай дезинфекцияжасалды. 2010жылы 500 бұзау, 1000 қой , 80 құлын бірдейлендірілді.

Борсы ауылдық округінде 29 шаруа қожалығы бар, онда 49 адамеңбек етеді. Оларда 473 ірі қара, соның ішінде, 163 сиыр, 559 қой, 137 жылқы, 293 құсбағылады. Олар ауылдық округтің экономикасының дамуына өздерінің үлесін қосып отыр. Күні бүгінге шаруақожалықтарда 25 трактор, 1 комбайн, 11 автокөлік бар.

Ауыл халқының жеке шаруашылығында: 1412 ірі қара, 1716 қой мен ешкі, 227 жылқы, 1816 құс бағылады. Тұрғындар мал шаруашылығыөндірісімен мал өсірумен шұғылданады.

Округ тұрғындары қысқы мал азығын толықтай дайындады. Округ бойынша 60 мың ц шөп дайындалды. Ауыл тұрғындарыныңбасы көпшілігі жеке малдарынан түсетін табыспен күнелтіп отырған біздің ауылүшін ауыл шаруашылық өнімін өндіру, өндеу және өткізу мәселесі. ҚРПремьер-Министрдің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1754 қаулысы бойыншасатылатын төрт-түлік малдарды сою текарнайы мал сою орындарында жүргізілуі тиісті. Біздің округте « Болашақ» ШҚ-ныңбасшысы С.Қ.Еркіналиев мал сою алаңынсалып, малдың бәрі сонда сойылады. Сойылған малды аудандық лабораторияданөткізу ауыл тұрғындарына қиындық тудырады.

Ал мал тұқымын асылдандыру ісі бойынша ауылокругіне берілген ұрық толықтай пайдаланылды, ірі қара малы аналықтарының 125 басы қолдан ұрықтандырылып, жоспар 108,8пайызға орындалды.

Ауылдық округі бойынша 6 кәсіпкер еңбектенуде.

Жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсыкүрес, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларды, зейнеткерлер мен мүгедектерді,соғыс және еңбек ардагерлерін қамқорлыққа алу ауыл әкімшілігінің назарындағыістер. 2010 жылы ауыл округі бойынша атаулы әлеуметтік көмек алған 13 жанұяға 574,5 мың теңге көмек көрсетілді,18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы 136 балаға 1875,5 мың тенгемөлшерінде тағайындалды. Жұмыссыздар орталығында 8 адам тіркелген, 58 адамжұмыспен қамту орталығы арқылы әртүрлі жұмысқа орналастырылды, соның ішінде, 4адам атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Жыл басынан аудандық жұмыспен қамту орталығыарқылы 58 адам әртүрлі ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып тиісті еңбек ақысыналды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 1066,7мың теңге бөлінді, ол ақша толықтай игерілді. «Жол картасы» арқылы 1адам 6 айға әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған адамдар ардагерлердің, жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің үй-қораларынсылап, Қайырымдылық айлығы аясында округ бойынша 67,2мың тенгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Тұрғын үй көмегі 8 отбасыға 69,3 мың теңге мөлшерінде көрсетілді.

Су мәселесі.

Ауыл тұрғындары ауыз сумен Борсы су құбырыарқылы қамтамасыз етілуде 1 куб ауыз судың құны 250 теңге. Су сапасы аудандықсанэпидемтанциясы зертханасынан айына екі рет тексеруден өткізіліп тұрады.



Білім сапасы

Ғ.Қараш атындағы орта мектеп 101 бала, «Тегісшіл» орта мектепте 80 бала білімалып отыр. Былтырғы ҰБТ қортындысы бойынша Ғ.Қараш ОЖББМ-де орташа балл ауданбойынша- 92,0% құрады, бұл көрсеткішпен аудан бойынша мектеп оқу сапасы бойыншабірінші орынға ие болды. Ал, ТегісшілОЖББМ-де 73,4 балл болды. Жоғары оқу орындарына білім грантын жеңіп алғандарсаны 4 адам.

Бүгінгі таңда мектепте физика, химия, биология, лингафон, мультимедия кабинеттері,заман талабына сай жасақталып, қызмет етуде. Округтегі екі мектеп толықкомпьютерленіп интернет жүйесіне қосылған. Мектеп-балабақшада 84 бала ыстық тамақпен оқу жылы бойықамтамасыз етілуде, күніне 1 балаға 120теңгеге тамақ беріледі. 37 аз қамтылған жанұя балалары киім көмегін алады.Балабақшада 25 бала тәрбиеленуде. Балалар үш мезгіл тамақтанады, күніне 1балаға орташа 120 теңгеге тамақ беріледі.

 

Мектеп жанындағы жатақханада тәрбиеленіп отырған 22 балаға бүкіл жағдайтуғызылды. 1 балаға 220 теңгеге тамақ беріледі, оларды мектепке дейін жәнемектептен кері үйлеріне тегін жеткізілуі ұйымдастырылған.



Борсы ауылдық округінде тұрғындар арасындаэлектрондық сандық қолтаңба алу жұмысы бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстарыжүргізілуде. Округ бойынша желтоқсанның 1-іне 249-ы дайын, 40 өтініш «Ұлттықақпараттық технологиялар» акционерлық қоғамына әзірленуде.

Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салтын қолдау мақсатындамектеп спорт залында ауыл жастары сейсенбі, сенбі күндері шұғылданады. Спорттықойындардан жарыс әрбір мереке күндері мекемелер арасында ұйымдастырылады.

ҚР Сарбаздар күні мен ҰОС 65 жылдық мейрамықарсанында ауыл жастарын спортқа баулу мақсатында, ауылда воллейбол, футболойындарын дамыту, спорт арқылы тыл еңбеккерлеріне, еңбек ардагерлеріне құрметкөрсету мақсатында волейболдан және футболдан жарыс ұйымдастырылды. 12 қыркүйеккүні «Дұрыс тамақтан. Спортпен айналыс. Денсаулығыңды сақта» атты денсаулықфестивалі өтті. Денсаулық фестивалінде жүгіру, велосипед тебу және мекемелерарасында қозғалмалы ойындар өткізілді.

23 қазан күні ауылымыздасалауатты өмір салтын насихаттау, ауылдармен достық қарым-қатынас,достастықты нығайтумақсатында жастар (ерлер) арасында волейболдан Жақсыбай, Қамысты, Тегісшілауылдастар турнирі ұйымдастырылды.



Денсаулық сақтау

Борсыда қазіргі заман талабына сайаусымында адамды қабылдайтын дәрігерлік ФАП, Тегісшіл аулында ФП үйденмедициналық қызмет көрсету жұмыстары халыққа қызмет көрсетуде. ауыл тұрғындарытүгелдей туберкулездің алдын алу мақсатында жылжымалы 550 адам флюорографиядан өтті.Жыл сайынғы дәрігерлік тексерістен 1801 адам өтті. Орал қалалық қан қабылдаушымекемесіне 41 адам донор болды.



Мәдени-көпшілік шаралар

Мерекелік шараларға концерт ұйымдастырылады. Мәдениет үйінде ауылөнерпаздары мен студенттердің ұйымдастыруымен « КВН» өткізілді.

8 наурыз, 22 наурыз күндері мәдениет үйіндеауыл өнерпаздарының қатыстырылуымен« Ана ардағым», «Ұлыс күні құтты болсын»атты мерекелік концерттер өтті.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына байланыстыаудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің ұйымдастырумен «Ұлы Жеңіске мыңтағзым» атты мерекелік байқау өткізілді. Ауылдың өнерпаздары Борсы ауылыныңтұрғындарына өнерлерін көрсетіп, аудан саябағында қорытындыланып жүлделі үшінші орынға ие болды.

Тамыз айында ауылжастарының ұйымдастыруымен концерт өтті. Концерт басында ауыл әкімі «Алтыналқа», «Күміс алқа» иелерін құттықтап, оларға салтанатты түрде алқаларын табысетті. Концерт ауыл өнерпаздарының ән, билерімен жалғасты. Жастар арасында қазанайында «Екі жұлдыз» бағдарламасы оздырылды. Жұмаға 2 рет көпшілікке арналған бикештері өтеді.

Байланыс

Округте сымсыз байланыс жүйесінжүзеге асыратын қондырғылар орнатылып, пайдалануға берілді. Бүгінгі күніокругте абоненттердің саны 96, 2010 жылыабоненттердің саны әлі де көбейеді.



Округ бойынша 166 үй газбенқамтылған.

Күні бүгінгеауылда жарықтандыру үшін көшелерде 7 прожектор, 15 лампочка орнатылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет