«Ауылдастар» сөзінде дауысты дыбыстар саны дұрыс көрсетілген қатар



Дата17.07.2016
өлшемі108.32 Kb.
#204958
Бастауыш сынып

1-нұсқа
1. «Ауылдастар» сөзінде дауысты дыбыстар саны дұрыс көрсетілген қатар:

A) 4

B) 3


C) 5

D) 6


E) 7
2. Дұрыс буынға бөлінген сөз қатары:

A) қа-ңыл-тыр

B) қаң-ыл-тыр

C) қаңыл-тыр

D) қа-ңылт-ыр

E) қаңыл-ты-р


3. Біріккен сөз қатары:

A) доп-домалақ

B) Кентау

C) сарғыш

D) педкеңес

E) қала
4. Мағынасы жуық сөздер қатары:

A) ерте, кеш

B) жылдам, баяу

C) әдеп, инабат

D) қауын, қарбыз

E) жаз, қыс
5. Түбірлес сөздер қатары:

A) ойыншы, ойыншық

B) гүлдер, гүлсіз

C) хатты, хатпен

D) балаға, баланың

E) ит, иттен


6. Тәуелденген сөзді табыңыз:

Күтімі жақсы үй қояндары суықтан қорықпайды.

A) күтімі

B) қояндары

C) суықтан

D) жақсы

E) үй
7. Туынды сын есім қатары:

A) айнадай

B) әсем


C) жаңа

D) таза


E) ескі
8. Реттік сан есімге жалғанатын қосымшалар қатары:

A) - лар, -лер

B) - шы, -ші

C) -ға, -ге

D) -ыншы, -інші

E) -да ,- де


9. Туынды етістік қатары:

A) барып келді

B) күл

C) бұрғыла



D) кетті

E) келді
10. Шылауы бар сөйлем:

A) Газет те, журнал да жеткілікті.

B) Келгеннен көзі газет, журналдарда.

C) Газет, журналдарда мақала жеткілікті.

D) Газет, журнал сатып алдым.

E) Журнал, газет сатып алдым.
11. Сөйлемдегі есімдікті белгілеңіз.

Қобыздың сырт пішінінің өзі адамның дене бітіміне ұқсас.

A) қобыздың

B) ұқсас

C) дене бітіміне

D) өзі

E) бітіміне


12. Мекен үстеуінің сұрағы:

A) қайда?

B) қалай?

C) қашан?

D) нелер?

E) нешеу?


13. Сөйлемнің айтылуына қарай мағыналық түрі:

Біз бейбітшілікті сүйетін елміз.

A) сұраулы сөйлем

B) лепті сөйлем

C) хабарлы сөйлем

D) сөйлем емес

E) жай сөйлем


14. Астанадан ағамның достары қонаққа келді.

Сөйлемнің құрамдық түрі:

A) бұйрықты сөйлем

B) құрмалас сөйлем

C) сұраулы сөйлем

D) лепті сөйлем

E) хабарлы сөйлем
15. Сөйлемнің баяндауышын табыңыз.

Ас атасы - нан.

A) ас


B) атасы

C) баяндауышы жоқ

D) нан

E) ас атасы


16. Сөйлемдегі қаратпа сөзді белгілеңіз.

Ине сабақтап берші, қызым.

A) берші


B) сабақтап

C) ине


D) қызым

E) сабын
17. Жері тозып, елі босқан хан жұртта қалған жетім күшіктей ұлып, осы далада азып-тозып өліпті дейді. Содан бері ел-жұрт бұл даланы «Бетпақдала» деп атап кеткен көрінеді.

Шығарманың түрін анықтаңыз.

A) айтыс


B) жұмбақ

C) ертегі

D) жаңылтпаш

E) мәтел


18. Сөйлемдегі негізгі ойды пайдаланып, шығарманың атын және авторын табыңыз.

Қара судан басқа түк татпағанына бүгін үшінші күн.

A) «Дарабоз». Қ.Жұмаділов.

B) «Азаттық жолында». З.Шашкин.

C) «Музейдегі зеңбірек». Ә.Нұршайықов.

D) «Күлпаш». Б.Майлин.

E) «Кедей». С.Торайғыров.


19. Шығарманың аты және авторын табыңыз.

Осы кезде жаныма

Жетіп келді тағы да

Қолжуғыштай батырың...

A) «Кірқоймас». К.Чуковский

B) «Арыстан мен қозы». Леонардо да Винчи

C) «Дельфин». С.Ванчели

D) «Торғай». И.Тургенев

E) «Акула». Л.Толстой


20. Ең үлкен үш таңбалы сан

) A 999


B) 100

C) 900


D) 899

E) 809
21. Дұрыс жауабын табыңыз: 0∙3000=

A) 0

B) 3000


C) 3001

D) 300


E) 3
22. Дұрыс жауабын табыңыз: (490:7∙5+10):9∙3=

A) 110


B) 120

C) 220


D) 210

E) 100
23. Өрнектің мәнін анықтаңыз.

152 мен 48 сандарының айырмасын 8 есе арттыр.

A) 832


B) 835

C) 942


D) 942

E) 823
24. Теңдеудің мәнін белгілеңіз: Х∙7=6006

A) 858

B) 868


C) 848

D) 838


E) 885
25. Дұрыс жауабын табыңыз: 127∙5-207=

A) 428


B) 482

C) 418


D) 528

E) 482
26. Тік төртбұрыш пен шаршының айырмашылығын белгілеңіз:

A) Тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының ұзындықтары тең болады, шаршының барлық қабырғаларының ұзындықтары тең болады.

B) Тік төртбұрыштың 4 қабырғасы, шаршының 3 қабырғасы болады.

C) Айырмашылығы жоқ.

D) Тік төртбұрыш шаршыдан үлкен болады.

E) Шаршы мен тіктөртбұрыштан үлкен болады.
27. Тік төртбұрыштың ұзындығы 14 см, ал ені одан 5 см кем. Оның периметрі -

A) 36 см


B) 56 см

C) 48 см


D) 46 см

E) 38 см
28. Қабырғасы 5 дм шаршының ауданы -

A) 55 дм2

B) 25 дм2

C) 45 дм2

D) 30 дм2

E) 20 дм2
29. Тік бұрышты параллелепипед тәріздес қораптың өлшемдері 6 дм, 4дм және

3 дм. Қораптың көлемі -

A) 82 дм3

B) 72 дм3

C) 70 дм3

D) 80 дм3

E) 71 дм3
30. Сызғыш 27 теңге, ал жай қарындаш одан 10 теңге арзан тұрады.Жай қарындаштың бағасы:

A) 37 тг


B) 17 тг

C) 7 тг


D) 10 тг

E) 30 тг
31. Жазғы демалыстағы саяхат кезінде оқушылар кемемен 236 км жүзуді және поезбен одан 374 км артық жол жүруді жоспарлады.Оқушылар саяхат кезінде жүруге жоспарлаған жол қашықтығы:

A) 946 км

B) 836 км

C) 846 км

D) 848 км

E) 842 км
32. Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреуі 80 км\сағ, ал екінші машина 70 км\сағ жылдамдықпен жүріп, 3 сағат өткен соң кездесті. Екі қаланың арасы -

A) 400 км

B) 435 км

C) 450 км

D) 460 км

E) 430 км


33. Екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан екі салт атты 3 сағаттан кейін кездесті.Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншісінікі 15 км\сағ. Екі ауылдың ара қашықтығын табыңыз.

A) 81 км

B) 79 км

C) 80 км


D) 60 км

E) 50 км
34. Төрттің кубы – ...

A) 64

B) 52


C) 36

D) 68


E) 16

35. Көпжылдық өсімдік -

A) қауын, қарбыз

B) бидай, жүгері

C) емен, қарағай

D) қызанақ, қияр

E) сұлы, арпа
36. Шұбалшынның тіршілік ететін мекен ортасы -

A) тау


B) топырақ

C) су


D) орман

E) құм
37. Жер бетінің су алып жатқан бөлігі -

A) жарты бөлігі

B) төрттен үш бөлігі

C) төрттен екі бөлігі

D) үштен бір бөлігі

E) екіден бір бөлігі
38. Еліміздегі тас көмірдің басты кен орындары -

A) Қарағанды, Екібастұз

B) Алматы, Ақтау

C) Теміртау, Тараз

D) Шымкент, Қостанай

E) Қарағанды, Теміртау


39. Ас қорыту мүшесі -

A) жүрек


B) сүйек

C) бұлшық ет

D) асқазан

E) өкпе
40. Заң шығарушы орган;

A) Үкімет

B) Парламент

C) Халық

D) Министрліктер

E) Үкімет мүшелері

Бастауыш сынып

2-нұсқа
1. Қатаң дауыссыздарды табыңыз.

А) р, л, м, н

В) б, в, г, д

С) қ, т, с, ф

D) о, ы, ұ, ү

Е) і, ы, ө, е


2. Буынға дұрыс бөлінбеген сөзді табыңыз.
А) жа-ра-қат.

В) жа-ну-ар-лар.

С) жаң-ыл-дық.

D) жар-ға-нат.

Е) жо-лау-шы-лар.
3. Қос сөздің екі түрлі сөзден қосарлануын анықтаңыз.

А) екеу-үшеу.

В) гүрс-гүрс.

С) үп-үлкен.

D) тау-тау.

Е) сырт-сырт.


4. Омонимнің анықтамасын белгілеңіз.

А) Айтылуы, тұлғасы бір, мағынасы басқа сөз.

В) Айтылуы, жазылуы бөлек мағынасы бір.

С) Мағыналары қарама-қарсы сөздер.

D) Мағынасы жағынан бір-біріне жақын сөздер.

Е) Ауыспалы мағынасында қолданылатын сөздер.


5. Түбір сөзді табыңыз.

А) ұшқыш


В) қызмет

С) сазгер

D) сулық

Е) бастық


6. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз.

А) кітаптың.

В) кітапта.

С) кітаппен.

D) кітабың.

Е) кітап.


7. Күрделі сын есімді табыңыз.

А) қара қас

В) шабдар

С) қара күрең

D) жирен ат

Е) ақ көйлек


8. Реттік сан есімнің жұрнақтарын көрсетіңіз.

А) -ыншы, -інші, -ншы, -нші.

В) -ыңыз, -іңіз, -ың, -ің.

С) -ыңкы, -іңкі, -ңқы, -ңкі

D) -ым, -ім

Е) -шылық, -шілік


9. Осы шақ етістіктердің сұрақтарын анықтаңыз.

А) не істедім? не істедің? не істейді?

В) не істеп отырмын? не істеп отырсың? не істеп отыр?

С) не істеді? не қылды? қайтті?

D) не істеймін? не істейсің? не істейді?

Е) не істегенмін? не істемекпін?


10. Шылауы бар сөйлемді табыңыз.

А) Қой қотанға келді.

В) Қоңырсыған сүт,қайнатқан қаймақ иісі тәтті.

С) Ыстық қой, шіркін, туған жер!

D) Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз.

Е) Қартқожа туған жерін жанындай сүйеді.


11. Жіктеу есімдіктерінің септелуін табыңыз.

А) ойнады, отыр, құйды.

В) анау, мынау, кім.

С) ол, оның, оған, оны.

D) ешқашан, ешбір, ешкім.

Е) бұл, сол, өзі.


12. Мекен үстеуімен тіркескен сөз тіркесін белгілеңіз.

А) жазғытұрым келді.

В) өте жақсы.

С) балаша мәз болды.

D) төмен түсті.

Е) бостан-бос жүрді.

13. Лепті сөйлемді анықтаңыз.

А) Соқтықпа оған, күйіп қаласың...

В) – Не деп жатырсың, қожайын...

С) Ақша бермесе, қолыңды әуре қып керегі қанша...

D) Мен оны аясам, ол жауынгерлерін аяса, не болмақ...

Е) Адам болаттан да берік, әйнектен де күйреуік...


14. Жай сөйлемді табыңыз.

А) Көрші-қолаң бір-бірін соғымбасыға шақырысда, шуласты.

В) Ойыншықтар балаларға қатты ұнады.

С) Қарлығаш төмен ұшса, күн жауады.

D) Батылдау біреуі, тіпті, алдын орағытып, кес-кестен жүргізер емес.

Е) Тастемір газетті алып қараса, суреті басылған адам аумаған Тастан.


15. Сөйлемдегі бастауышты табыңыз.

Шоқан ақылды да парасатты Айғаным әжесінің бауырында өсті.

A) ақылды да парасатты

B) Айғаным

C) Шоқан


D) әжесінің

E) бауырында


16. Шумақтағы қаратпа сөз санын анықтаңыз.

Күлдірген-ай, Күлдірген!

Жуамын деп еденді

Үйдің ішін бүлдірген.

Әй, Күлдірген, Күлдірген!

A) 3


B) 2

C) 5


D) 4

E) 1
17. Қазақ ертегілерін жинау, басып шығару жұмысы қолға алынған уақыт:

A) ХVII ғ

B) XVIII ғ

C) XIX ғ

D) XX ғ


E) XVI ғ
18. Райымбектің су көзін ашқан құралы:

A) таяқ


B) айбалта

C) найза


D) шоқпар

E) қылыш
19. Балық ішінде саяхат жасаған қалайы солдат туралы әңгіме жазған авторды анықтаңыз.

A) Х.К.Андерсен.

B) Л.Толстой.

C) Ш.Айтматов.

D) Р.Киплинг.

E) Д.Дефо.
20. 105800 санын разрядтық қосылғыштарға жіктелуі -

A) 105000+800

B) 100000+50000+800

C) 100000+5000+800

D) 100000+5000+80

E) 1000000+5000+8


21. Көбейтудің компоненттері

A) Қосылғыштар

B) Азайғыш пен азайтқыш

C) Көбейткіштер

D) Бөлгіш пен бөлінгіш

E) Дәреженің негізі


22. 37907+22093 қосындының мәні:

A) 59900


B) 59990

C) 60000


D) 61000

E) 60010
23. 75·4+48:8 өрнегі:

A) Қосынды

B) Дәреже

C) Айырма

D) Көбейтінді

E) Бөлінді
24. х:20=180 теңдеуінің шешімі:

A) 9


B) 3600

C) 200


D) 160

E) 190
25. 6688:32·57-6176 өрнегінің мәні -

A) 5707

B) 5037


C) 5737

D) 5727


E) 5637
26. Тура теңдік -

A) 9+3=93

B) 9·9·9=93

C) 9·3=93

D) 9:3= 93

E) 9-3=93


27. Үшбұрыш дегеніміз – ...

A) Үш бұрышы бар көпбұрыш

B) Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш

C) Барлық бұрыштары тік төртбұрыш

D) Бес бұрышы бар көпбұрыш

E) Төрт бұрышы бар көпбұрыш


28. Әрбіреуі 8 см болатын бес сынықтан құралған тұйықталған сынықтың ұзындығы -

A) 13 см


B) 40 см

C) 40 см2

D) 30 см

E) 40 см3


29. Ауданы 30 см2 ,ені 5 см болатын тік төртбұрыштың ұзындығы

A) 10 см


B) 25 см2

C) 25 см

D) 6 см

E) 6 см3


30. Тік бұрышты пааллелепипедтің ені, ұзындығы және биіктігі сәйкесінше 2 см, 3 см, 4 см болса, көлемі -

A) 6 см3

B) 12 см3

C) 24 см3

D) 8 см3

E) 24 см2


31.Үйдің биіктігі 8 м,ал қораның биіктігі 4м. Қораның биіктігі үйдің биіктігінен неше есе кем:

A) 8-4=4


B) 8+4=12

C) 8·4=32

D) 8:4=2

E) х:4=8


32. Мына есептің шешімі болмайтын жауапты анықтаңыз.

«Пароход екі айлақтың арасын 20 км/сағ жылдамдықпен 10 сағ жүріп өтті.Қайтар жолда теплоход осы аралықты 5 сағ жүрді.Теплоходтың қайтар жолдағы жылдамдығын табыңыз.»

A) 20·10:5=40

B) 20·(10-5) =100

C) х·5=20·10

D) 20·10: х=5

E) 10:5=х: 20


33. Арасы 27 км екі ауылдан бір мезгілде екі жаяу адам бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шықты шықты.Олар 3 сағаттан соң кездесті.Егер біріншінің жылдамдығы 5 км/сағ болса, екіншінің жылдамдығы -

А) 9 км/сағ

В) 7 км/сағ

С) 4 км/сағ

D) 6 км/сағ

Е) 5 км/сағ


34. Тура теңдікті табыңыз.

А) 300 мм2 = 3 дм2

В) 300 мм2 = 3 см2

С) 300 мм2 = 3 м2

D) 300 мм2 = 1 м2

Е) 300 мм2 = 1 км2


35. Дала өсімдіктері:

A) Ұшқат, ботагөз, теріскен

B) Құрақ, балдыр, ырғай

C) Итмұрын, күреңот, балықот

D) Жұпаргүл, жоңышқа

E) Ботагөз, мың жапырақ, қазжуа


36. Дала жануарлары:

A) Бүркіт, тасбақа, саршұнақ, қасқыр

B) Қасқыр, қарақұйрық, бұлдырақ

C) Киік, бұғы, елік

D) Ор қоян, саршұнақ, қосаяқ

E) Сары шаян, сұр келес, кірпі


37. Ауасыз тіршілік уақытын анықтаңыз.

A) Бір сағат

B) Бірнеше секунд

C) Бірнеше минут

D) Бірнеше сағат

E) Бір апта


38. Түсті металл кендері -

A) Мыс,алюминий,никель

B) Мыс, алтын, темір

C) Алюминий, күміс, темір

D) Боксит, темір, алтын

E) Қорғасын, темір, алтын


39. Адам денсаулығын нығайту дегеніміз - ...

A) Дәрумен, еңбек

B) Ой еңбегі, демалыс

C) Дәрумен, спорт, тағам

D) Дұрыс тамақтану, еңбек, спорт

E) Демалыс, спорт


40. Қазақстан Республикасының Конституциясы - ...

A) Заң, ереже.

B) Ереже, тәртіп.

C) Тәртіп, Ата заң.



D) Жағдаят.

E) Ата заң.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет