Етістер және оның ТҮрлері



Дата01.03.2024
өлшемі53 Kb.
#493613
түріСабақ
Грамматика 11


ЕТІСТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Қимылдың іс-әрекеттің орындаушыға (қимыл иесімен тура істелетін іске) қатысын білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады. Етістер мағынасына қарай төрт түрге бөлінеді:


Өздік етіс: Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н, жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістік түрі өздік етіс деп аталады. Мысалы: Марат ерте тұрып киінді.
2. Өзгелік етіс: Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар: 1)-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, жет-кіз; 2) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, сал-дыр, сен-дір, ас-тыр, тік-тір, кет-ір, ас-ыр; 3) -т; жаса-т, сөйле-т т.б. Мысалы, ол әншіге ән салғызды.
3. Ырықсыз етіс: Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрінеді де, -ыл, -іл, -л түбірдің ішінде -л дыбысы болса -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Мысалы, той басталды.
4. Ортақ етіс: Қимыл іс-әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы, ат салысты.

СӨЙЛЕМ МҮШЕСІ


Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді және сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейді. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Бұлардың ішінен сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүше дейді, өйткені бұл екі тұрлаулы мүшесіз сөйлем құралмайды, ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтаушсыздар сөйлем бола береді, бұлар айтылған ойды толықтыра, кеңейте түседі, сондықтан оларды тұрлаусыз мүшелер дейді.


БАСТАУЫШ

Сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына (қаншасы? нешесі? нешіншісі? қайсы? қандайы? Т.б.) жауап береді. Бастауыш құрамына қарай дара - және күрделі болып бөлінеді. Мысалы,


БАЯНДАУЫШ


Сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше, (1-2 жақта) түрде қиыса байланысып қолданылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейді. Баяндауыш не істеді? қайтті? кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақтар жақ түріне байланысты не істедім? Не істедің? т.б. тұлғаларда да болуы мүмкін. Кейде сөйлемде бастауыш жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.


ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕР

Сөйлемде өзі байланысқа түскен тұрлаулы немесе басқа мүшелерді анықтап, толықтап, пысықтап тұратын сөздерді тұрлаусыз мүше дейді. Тұрлаусыз мүшелер толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып бөлінеді.


ТОЛЫҚТАУЫШ


Сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дедйі. Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? кім? (не) жайында?


Мағынасы мен тұлғасына қарай тура толықтауыш және жанама толықтауыш болып екіге бөлінеді. Табыс септік тұлғасындағы толықтауышты тура толықтауыш, ал атау, ілік, табыстан басқа септіктердің бірінде немесе туралы, тақырыпты, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың тіркесінен болған толықтауышты жанама толықтауыш дейміз. Сөйтіп, табыс септігінің сұрағына (кімді? нені?) жауап беретін сөз тура толықтауыш болады да, барыс (кімге? неге?), жатыс (кімде? неде?), шығыс (кімнен? неден?), көмектес (кіммен? немен?) септіктердің және кім (не) туралы? кім (не) жайында? тәрізді сұрақтарының біріне жауап беретін сөз жанама толықтауыш болады. тура толықтауыш сабақты етістікпен ғана байланысып қолданылады.

АНЫҚТАУЫШ


Сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктілік - қатынастық жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейді. Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткен? не еткен? деген сұрақтардың біріне жауап береді.


Анықтауыш негізгі, туынды сын есімдерден, сан есімнен, есімдіктен, түбір тұлғалы зат есімнен, етістіктің есімше түрінен, ілік септік жалғанған зат есімдер мен заттанған сөздерден болады.
Құрамына қарай анықтауыш бір сөзден болып дара анықтауыш, сөз тіркесі, күрделі сөз бен тұрақты тіркестерінен құралып күрделі анықтауыш болады.

ПЫСЫҚТАУЫШ


Сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені пысықтауыш дейді. Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? Деген сұрақтарға жауап береді.


Пысықтауыш болатын сөз табы – үстеу. Мағынасы жағынан пысықтауыш бес түрге бөлінеді: қимыл-сын пысықтауыш, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, себеп пысықтауыш, мақсат пысықтауыш.
Қимыл-сын пысықтауыш қалай? қалайша? айтіп? неше рет? не арқылы? деген сұрақтарға жауап беріп, көбінесе етістіктің көсемше түрінен, қимыл-сын, мөлшер үстеулерінен, сын есімнен, сан есімнен, көмектес септік жалғаулы сөзден, негізгі сөз бен арқылы шылауының тіркесінен болады.
Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? деген сұрақтарға жауап беріп, мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді сөздер мен тіркестерден, негізгі сөз бен кейін, соң, бұрын, шейін, таман, бойы, былай, сайын, әрі, бері, қарай сияқты септеулік шылаулардың тіркесінен болады.
Мекен пысықтауыш қайда? қайдан? қалай қарай? деген сұрақтарға жауап беріп, мекен үстеулер мен барыс, жатыс, шығыс септіктегі сөздер кейде оларға септеулік шылаулар тіркесінен болады.
Себеп пысықтауыш неліктен? не себепті? не үшін? деген сұрақтарға жауап беріп, барыс, шығыс септіктегі есімше мен есім сөздердің үшін шылауымен тіркесінен болады.
Мақсат пысықтауыш не мақсатпен? неге бола? неге? не үшін? деген сұрақтарға жауап беріп, мақсат үстеулерінен, есім сөздерге үшін шылауының, тұйық етістік пен көмектес септігіндегі зат есімнің және барыс септіктегі сөз бен бола шылауының тіркестерінен болады.
САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрін салалас құрмалас сөйлем деп атаймыз. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты тұлғада келетіндіктен, ол жай сөйлемдерді жеке-жеке де қолдануға болады. Салалас құрмалас сөйлем мағынасына қарай: ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, қарсылықты салалас құрмалас сөйлем, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем, талғаулықты салалас құрмалас сөйлем, кезектес салалас құрмалас сөйлем деп бөлінеді.


ЫҢҒАЙЛАС САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ


Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өз ара мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде, қарым-қатынаста айтылған салаластың түрін ыңғайлас салалас сөйлем дейміз. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (және, да, де, әрі) арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді.


ҚАРСЫЛЫҚТЫ САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ


Құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой екіншісіндегі ойға қарсы мәнді білдіретін салаластың түрін қарсылықты салалас құрмалас сөйлем деп атаймыз. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де, сөйткенмен) арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланысады. Мысалы: Ағам келді, бірақ анам кетті. Ағам келді, анам кетті.Ол ерте тұрды, бірақ сабаққа кешігіп қалды.


ТАЛҒАУЛЫ САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Құрамындағы жай сөйлемнің біреуіндегі ғана іс-әрекет, қимылдың жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіретін салаластың түрін талғаулы салалас құрмалас сөйлем дейміз. Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен әдетте не, немесе, болмаса, не болмаса, не болмаса, я, яки, әйтпесе, әлде шылаулары арқылы жасалады. Мысалы: Ауылға не мен барамын, не сен барасың.


СЕБЕП-САЛДАР САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ


Құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін салаластың түрін себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дейміз. Себеп-салдар салаласта бір жай сөйлем екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдірсе, екіншісі білдіретін ой оның салдары болып табылады. Сөйтіп, салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірі себеп мәнді де, екіншісі салдар мәнді болады. Бірде себеп мәнді жай сөйлем бұрын тұрып, салдар мәнді жай сөйлем кейін тұрса, бірде керісінше салдар мәнді сөйлем бұрын тұрып, себеп мәнді жай сөйлем кейін тұрады.


Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) арқылы да, жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады.
Жалғаулықты себеп-салдар өйкені, себебі деген шылаулар арқылы құрмаласқанда, алдыңғы жай сөйлем салдар мәнді болып келеді де, екінші жай сөйлем ондағы ойдың болу себебін білдіреді. Мысалы: Күн жылы болды, біз серуеге шықтық. Күн жылы болды, сондықтан біз серуенге шықтық.Ол ауырып қалды, өйткені кеше суық балмұздақ жеді.

КЕЗЕКТЕС САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ


Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ойдың кезектесіп келуін көрсететін саластың түрін кезектес салалас құрмалас сөйлем дейміз.Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді шылаулардың қайталанып қолданылуы арқылы жасалады. Мысалы: Бірде аяз болып, бірде қар жауып, күн суытып тұр. Кешке ол бірде кітап оқиды, кейде теледидар көреді.


САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Құрамындағы жай сөйлемнің біреуінің көбіне алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас дейміз.


Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлем баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен ол өз бетімен жеке тұрып сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.
Сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің мағыналық қарым-қатынасына қарай сабақтас құрмалас шартты бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп бөлінеді.

МЕЗГІЛ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС


Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мезгіл бағыныңқылы сөйлем қашан? қашаннан бері? қашанға шейін? деген сұрақтарға жауап береді.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем мынандай жұрнақтар арқылы жасалады:


1.-ған\қан+-да
-ген\кен+-де
2.-ған\қан+-ша
-ген\кен+-ше
3.-ған\ген\қан\кен + кезде
4.-ғалы\гелі
-қалы\келі
Мысалы: Еділ қалаға кеткенде, бауырым төрт жаста еді. Мен келгенде, сен жоқсың және т.б.
МАҚСАТ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтастың түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мақсат бағыныңқылы сөйлем не мақсатпен? не етпек болып? не үшін? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы:


1.-у үшін
2.Бұйрық рай етістігі+деп
Мысалы: Сабаққа барайын деп, автобусқа отырдым.Қазақ тілін білу үшін, көп оқу керек.
СЕБЕП БАҒЫНЫҢҚЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Себеп бағыныңқылы сөйлем неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем мынандай жолдар арқылы жасалады:
1.ған\қан +-дықтан
ген\кен +-діктен
2.-ған\ген\қан\кен + себепті, кейін, соң, үшін
Мысалы: Ақшамыз болмағандықтан, біз киноға бармадық. Ол ауырып қолған себепті, сабаққа келмеді.

ҚИМЫЛ-СЫН БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ


Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлем қалай? қайтіп? не етіп? деген сұрақтарға жауап береді.Қимыл-сын бағыныңқылы құрмалас сөйлем мынандай жолдар арқылы жасалады:


1.-ып\іп, -п
2.-а, -е, -й
3.-атын\йтын +-дай
-етін\йтін +-дей
Мысалы: Жел күшейіп, ауа райы бұзылды. Еділ келмей жұмыс бітті.

ҚАРСЫЛЫҚТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС


Басыңқы сөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қосыла айтылатын сабақтастың түрін қарсылықты бағыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем қайтсе де? не істесе де? қайткенмен? не еткенмен? қайтпесе? деген сұрақтарға жауап береді.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем мынандай жолдар арқылы жасалады:


1.-са\се+-да\де
2.-ған\ген\қан\кен +-мен
3.бола тұра, бола тұрса да, бола, тұра
Мысалы: Сабақ басталса да, студенттер толық жиналған жоқ. Күн жарқырап тұрғанмен, дала суық.

ШАРТТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ


Бағыныңқы сөйлем басқа сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрін шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Шартты бағыныңқылы сөйлем қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпей? не етпей? қайтпейінше? не етпейінше? деген сұрақтарға жауап береді.


Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
1.-са\се+жіктік жалғау
2.-ме\бе\пе +-ген-де
-ма\ба\па +ған-да
Мысалы: Сен ертерек келсең, біз киноға барамыз. Сен келмегенде, мен ренжтін едім.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет