Сонымен, инициаторлы кешеннің түзілуіне ГТФ-тің бір макробайланысының энергиясы пайдаланылады.
Инициаторлы кешен түзілгеннен кейін оған рибосоманың үлкен суббірлігі (60S – эукариоттарда, 50S - прокариоттарда) байланысады. Байланысу ГТФ энергиясының есебінен атқарылады. Рибосома толық жинақталғаннан кейін инициация факторлары рибосомадан бөлініп шығады.

Бұл үдерістер рибосоманың қызметтік орталықтарында өтеді, ал, бұл орталықтар рибосоманың суббірліктерінің түйісу беттерінде орналасқан. Трансляцияның инициациясы біткен кезде рибосоманың П-орталығында – аРНҚ-ның инициаторлық кодоны (АУГ) және сонымен байланысқан инициаторлы Мет-тРНҚфМет болады.