«Ауыз қуыстағы патологиялық үрдістер кезінде кездесетің микробты флорасы»



Дата01.07.2016
өлшемі170 Kb.
#171006

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ МОДУЛІ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА




Модулі - Терапиялық стоматология пропедевтикасы.

Пән ,пәннің коды –Ауыз қуысының биологиясы

Мамандық : 051302 «Стоматология»

« АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ БИОЛОГИЯСЫ»

БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМАЛАР


Тақырыбы : «Ауыз қуыстағы патологиялық үрдістер кезінде кездесетің микробты флорасы» .

Оқу сағат көлемі1 академиялық сағат


Курс: 2

Семестр - 4


Алматы, 2012 ж

Құрастырушы : м.ғ.к., доцент Баскакова И.В., м.ғ.к. доцент Сагатбаева А.Д.

Аударған асс. Уразбаева Б.М.


Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің отырысында талқыланды

Хаттама № 1 «__31 » __тамыз__ 2012 ж.

Бекітілді:

Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің

жетекшісі м.ғ.д. проф. __________________Баяхметова А.А.

1.№5 Тақырыбы: «Ауыз қуысының қалыпты жағдайдағы микробты флорасы».

2. Мақсаты:

А) Білімін қалыптастыру:


  • Қалыпты жағдайдағы ауыз қуысындағы тұрақты микрофлорасы,

  • Қалыпты жағдайдағы ауыз қуысындағы тұрақсыз микрофлорасы

  • Қалыпты жағдайдағы ауыз қуысындағы микрофлоралардың қалыптасуы,

  • Қалыпты жағдайдағы ауыз қуысындағы микрофлоралардың жағдайы.

Б) коммуникативті дағдыларын қалыптастыру:

  • Жаңа түсініктер мен терминдер: « ауыз қуысының микрофлорасы», «резидентті микрофлора», «транзитті микрофлора», « ауыз қуысының биотопы », «тіс тоғасы»,

  • вербальді және вербальды емес коммуникативті дағдыларды бір-бірімен сөйлесуде қалыптастыру;

  • Жазбаша, ауызша сұрау, топпен жұмыс жасаудағы дағдыларлрды қалыптастыру;

  • аргументация және интервьюрирвті дағдыларды қалыптастыру

В) Студенттің мотивациясын жетілдіру:

Ауыз қуысының микрофлорасы, соның ішінде «ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы »



3. Оқу міндеттері:

1) ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы қарастыру;

2) ауыз қуысының тұрақты микрофлорасы қарастыру, маңызы.

3) ауыз қуысының тұрақсыз микрофлорасы қарастыру, маңызы

4) ауыз қуысын микрофлорасын қалыптастыруда әсер етуші факторлар.

5) ауыз қуысын микрофлорасын анықтауда әсер етуші факторлар.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы , құрамы, қасиеті.

2) ауыз қуысының негізгі биотопы ауыз қуысының микрофлорасының ерекшеліктері

3) ауыз қуысының микрофлорасын өсуіне әсер ететін факторлар .

4) ауыз қуысының тұрақты микрофлорасы а.

5) ауыз қуысының тұрақсыз микрофлорасы.

6) тіс тоғасы , механизмі, пайда болуы, тіс тоғасының өсуіне әсер ететін факторлары .

7) тіс тоғасы орналасуы, ауыз қуысындағы микрофлоралардың тіс тоғасыны әсері


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: сурау,тапсырмаларды альбомдарға және жұмыс дәптеріне жазу, коммуникативті дағдыларын тікелей бақылау, кері байланыс
Оқу түрі: фантом блокте, муляжде, демонстрация, микротаблица, мультимедиялық презентация «ауыз қуысын микрофлорасы».


п/п

Сабақ кезеңдері

Мазмұны

Оқыту тәсілі

Бақылау түрі

(оқытушының қалауы бойынша)

Кезеңге бөлінген уақыт

1.

Кіріспе

Амандасу, тақырыппен танысу,сабақтың мақсаты мен міндеттері, сипаттамасы.

-

-

5 минут

2.

Білім денгейін бақылау

Білім денгейін бақылау, анықтау

-

1.ауызша сұрау

2.жазбаша сұрау

3.тығыздалған сұрақ

4.Блиц-сұрақ

5.Тесттеу


30 минут

3.

Негізгі кезең

1.оқытушы ауыз қуысының микрофлорасы кестесін құрылымын түсіндіреді және көрсетеді

Түсіндіру.

демонстрация,







15 минут







2. оқытушы тіс тоғасы және онық қалай пайда болатынын құрылымын түсіндіреді және көрсетеді

Түсіндіру ,

демонстрация












Үзіліс




10 минут

3.

Негізгі кезең

3. Студенттер альбомда ауыз қуысы микрофлорасының қалыпты және тұрақсыз емес түрлерінің суретін салады.

4. студенттер дәптерінде тіс тоғасының механизмін кесте құру



Тапсырма бойынша альбомда сурет салу

Тікелей бақылау

30 минут

4.

Сапасын тексеру кезеңдері

1.Қортынды бақылау



Блиц-сұрау



10 минут

2.кері байланыс







3 минут

3.бағалау (чек-парақ), баллдарын есептеу.







3 минут

4.бағаларымен таныстырып журналға қою.







2 минут

5. келесі үйге берілетін тақырыппен таныстыру.







2 минут




Қортынды

110 минут (2 академиялық сағат 50 минут =100 минут, үзіліс – 10 минут).


Білім берудің және оқытудың әдістері: сұрау және тест түріндегі есептерді шығару.

Әдебиеттері:

  1. Боровский Е.В., Леонтьев В.К. Биология полости рта.- Москва., Медицинская книга 2001г.-301с.

  2. Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология. 3-е изд., перераб и доп.- М., 2002. – 544 с.

  3. Боровский Е.В. Фантомный курс - Москва, 2005 . – 250 с.

  4. Борисенко А.В. Кариес зубов. – Киев: Книга плюс, 2005 – 344 с.

  5. Магид Е.А., Мухин Н.А. Атлас по фантомному курсу.- М.Медицина.- 2005. – 342 с.

Қосымша :

  1. Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология. 3-е изд., перераб и доп.- М., 2002г.- 544с.

  2. Зеленова Е.Г., Заславская М.И. и др. Микрофлора полости рта: норма и патология.- Издательство НГМА, Нижний Новгород, 2004г.-157с.

  3. Зазулевская Л.Я. Практическая пародонтология. Алматы, «Верена»., 2006г.,-346с.


7. Бақылау

7.1 когнитивті құзыреттілігін бағалау:

Сұрақтары :

  1. ауыз қуысының қалыпты микрофлорасын қандай факторлар әсер етеді?

  2. ауыз қуысының тұрақты микрофлорасы құрамы қандай?;

  3. ауыз қуысының тұрақсыз микрофлорасына қандай түрлері жатады?

  4. Метаболизм үрдісі кезінде қандай бактерия түрлері ауыз қуысының РН жоғарылатады?

  5. Ауыз қуысындағы қандай бактериялар тотығу-тотықсыздандыруды төмендетеді ?

  6. Ауыз қуысындағы коккты микрофлорасының ролі ?

  7. Ауыз қуысындағы лактобацилл микрофлорасының ролі

  8. Ауыз қуысындағы икрофлоралардың көп жиналатын аймағы

  9. Ауыз қуысындағы қарапайымдылар микрофлорасының шамадан көп болуы нені айтады?

  10. Тіс тоғасы – анықтамасы

  11. Ауыз қуысындағы коккты микрофлораның тіс қағынан тіс тоғасына айналуына әсері?

  12. Ауыз қуысындағы сапалық қалыпты микрофлораның болуы неге байланысты?

Тест тапсырмалар

1 тапсырма

Қалыпты жағдайдағы микрофлорасының құрамына төмендегі аталғанды түрлерінің барлығы жатады, ТЕК МЫНАДАН БАСҚАСЫ:

1) патогенді емес түрлері

2) патогенді түрлері

3) автохтонді түрлері (резидентті)

4) аллохтонді түрлері (транзитті)

5) шартты-патогенді түрлері

2 тапсырма

Қалыпты жағдайда микрофлорасының құрамында болуы мүмкін:

1 ) симбионт-микробтары

2) шартты-патогенді микроорганизмдер

3) облигатты паразиттері

4 ) транзитті микробтар

5) сапрофиттер

3 тапсырма

Ауыз қуысынында микробтардың ең көп жиналатын жерлері қандай?

1) микробты тоғы

2) ұрттың кілегейлі қабығы

3) сілекей

4) таңдайдың кілегейлі қабығы

5) қызыл иек наусы

4 тапсырма

Ауыз қуысының сүтқышқылды бактерияларына жатады:

1) энтерококктар

2) лактобациллалар

3) бактероидтар

4) нейссериялар

5) стрептококктар

5 тапсырма

Асқорыту жүйенің микробтары КӨБІРЕК контаминирленген бөлігіі (микробтардың КӨБІРЕК шоғырланған бөлігі):

1) өңеш


2) асқазан

3) ауыз қуысы

4) ащы ішек

5) тоқ ішек

6 тапсырма

Ауыз қуысының облигатты анаэробтарына қандай бактериялар жатады?

1) клостридиялар

2) энтерококктар

3) бактероидтар

4) лактобактериялар

5) нейссериялар

7 тапсырма

Ауыз қуысының микрофлораның қалыптасуына әсер етенің факторлары:

1) темекі шегу, арақ ішу

2) РН, құрамы, сілекейдің буферлі сыйымдылық

3) радиация әсер етуі

4) адамның тамақтану сипаты

5) антибиотиктерапиясы

8 тапсырма

Ауыз қуысының турақты микробиоценоздың құрамына кіретін бактерияларға төмендегі аталғандардың барлығы жатады, ТЕК МЫНАДАН БАСҚАСЫ:

1) стрептококктар

2) лактобациллалар

3) эшерихиялар

4) клебсиеллалар

5) псевдомонадтар

9 тапсырма

Резидентті тобының қандай бактериялары көпшілік құрайды?


  1. Кокктар

  2. Фузобактериялар

  3. Актиномицеттер

  4. Вейллонеллалар

  5. Спириллалар және вибриондар

7.2 Операциональды құзыреттілігн орындалған тапсырмалар қортындысымен бағаланады :

1. ауыз қуысының қалыпты және транзитті микрофлорасының кетесін құру



2.тіс тоғасының даму механизмін кесте құру

7.3 аксиологиялық құзыреттілігін бағалау (коммуникативті дағдылары)) – Жаңа түсініктер мен терминдер: « ауыз қуысының микрофлорасы», «резидентті микрофлора», «транзитті микрофлора», « ауыз қуысының биотопы », «тіс тоғасы»,қортындысы бойынша бағалау



беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет