Қаулы жобасы ақтөбе облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы



Дата13.06.2016
өлшемі58 Kb.
#131381



ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ

Ақтөбе облысының облыстық және

аудандық маңызы бар жалпыға

ортақ пайдаланылатын автомобиль

жолдарын сыныптау тәртібі мен

шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27- бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 13 бабы 1-1 тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:




  1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары бекітілсін.

2.0«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімі А.Мұхамбетов

Ақтөбе облысы әкімдігінің


2015 жылғы «____» _____________
№ _____ қаулысымен бекітілген

Ақтөбе облысының облыстық және аудандық маңызы бар

жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын

сыныптау тәртібі мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Ақтөбе облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.
2. Сыныптау тәртібі мен шарттары
2. Жалпы пайдаланымдағы облыстық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын сыныптау жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Шаруашылық автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн сыныптау жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк уәкiлеттi органға жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзудi келiсуге материалдар жiберуге мiндеттi.

Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар (бұдан әрі - жергiлiктi маңызы бар) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.

Мемлекеттiк уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды. Автомобиль жолын кейiннен жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқару органына жазбаша келiсiм жiберiледi.

Автомобиль жолын жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе

осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттiк уәкiлеттi орган барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.
3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi
4. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс.

Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi.

Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.

Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.

5. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.

Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi «К»-мен белгiленедi.

Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi: бұл жағдайда Ақтөбе облысы «D» әрпімен белгіленеді.
«КD» әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi


р/с



Қазақстан Республикасы

облыстарының атаулары

Индекстегi әріптің атауы

1

Алға

AL

2

Әйтекеби

АТ

3

Байғанин

BA

4

Ырғыз

IR

5

Қарғала

KA

6

Қобда

KO

7

Мәртөк

MA

8

Мұғалжар

MU

9

Темір

TE

10

Ойыл

UL

11

Хромтау

HR

12

Шалқар

SH

Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арқылы өткен жағдайда жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң бiрiншi әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен меншiктеледi.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет