Сауат ашудың мақсаты



Дата03.01.2022
өлшемі15.24 Kb.
#451906
Сауат ашудың мақсаты


Сауат ашудың мақсаты

Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту, сөйлеуге үйрету балабақшаға арналған бағдарлама мазмұнына сәйкес педагогикалық, дидактикалық принциптерді басшылыққа алып жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың сауатын ашу идеясы педагогтардың назарын ертеден-ақ аударды. Педагогтар, психологтар осы бағытта көптеген тәжірибе жүргізді. Сол тәжірибенің нәтижесінде Сауат ашудың мақсаты балаларды дұрыс оқи білуге үйрету және үйрете отырып тілін дамыту деген қорытындыға келеді. Сауат ашу жұмыстарының басты шарты әріпті таныту болып есептелінеді. Сауат ашу кезеңдерінде бала тіл дыбыстарының әрқайсысының жеке ерекшеліктерін меңгеретін болады. Баланың психикасы ақыл-сезім және ерік қызметінің түрліше формалары арқылы көрінетін бұл процесс психологиялық, физикалық процесс деп аталады. Баланың нерв жүйесі өзін қоршаған ортамен үздіксіз байланыс процесінде дамиды. Оқыту мен тәрбиеде тәрбиешінің басты міндеті баланың саналы қызметінің түрлерін және даму заңдылықтарын білу, сонымен бірге сол заңдарға белгілі бір мақсат арқылы әсер етеді. Олай болса баланың психологиялық дамуы дегеніміз – жалпы алғанда оның қалыптасуындағы сандық және сапалық өзгерістер. Ал жекелеп алғанда балалардың нерв жүйесінің дамуымен байланысты оның көзқарасының қалыптасуы, белсенділігі өзінше әрекет етуінің көрінісі. Мектеп жасына дейінгі баланың сауатын ашу жұмысы бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзіндік даму тарихы бар. Балаларға сөздерді әріптеп оқыту ескі Греция мен Рим империясында басталды. Бұл әдіс бойынша сауат ашу жұмысы 2 жылға созылды. І-ші жылы балалар тек қана әріптердің аттарын жаттады. Ол кезде әрбір әріптің атауы қазіргідей сөздермен берілді. Мысалы: А дыбысы аз, Б – буки, В – веди, Г – глагол т.б.

Ал екінші жылы осы дыбыстардан буын құрастырып үйренеді. Сонда шамамен бала 500-ге жуық буын үйренеді. Осылайша балаларға дыбыстарды, буындарды меңгерту қиынға түсті. Бала букиаз және бір жеке сөздердегі буындарды, дыбыстарды ажыратуда қиналады. ХҮІІІ-ғасырдың басында әріптердің таңбасы жеңілденіп қазірше аталатын болды. Соған байланысты сауат ашу мерзімінде оңайлатылды. Кейіннен жеке дыбыстардан буындар, буындардан сөздер, сөздерден сөйлем, құрастырып оқыту әдісі қолданыла бастады. Сауат ашу жұмысындағы бұл талдау әдісі К.Д.Ушинскийден басталды. Ол бұл әдістің негізгі міндетін төмендегіше көрсетті.

1. Бала дыбысты оқығанда ол дыбыстарды көзімен көріп,

құлағымен естиді.

2. Бала назары сөзге, дыбысқа аударылуы тиіс.



3. Сол дыбыстарға, сөйлемдер құрастырту керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет